Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасады. Бұл жолы алаяқтар өздерін бақсы-балгер, көріпкел ретінде таныстырып, адамдарды алдап жүр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, интернетте «емші», «көріпкел» немесе «бақсы» деп танылатын алаяқтар адамдарға «балаңызға қатты көз тиді» деп, ақшаға «емдеп, көз тиюін алып тастауды» ұсынатын жағдайлар жиілеген.
ІІМ түсіндіргендей, алаяқтар адамдардың жақындары үшін қорқынышы мен уайымын пайдаланады. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы құрбандарымен байланысып, түрлі «белгілерді» сипаттап, жағдайдың ауырлығына сендіреді. Содан кейін «емдеу жүргізу», «көз тиюін алу» немесе «қажетті заттарды сатып алу» сылтауымен ақша аударуды сұрайды.
Полиция қазақстандықтарға интернеттегі бейтаныс адамдардың «емдеймін», «көз тиюін аламын» немесе «сұқтан арылтамын» деген уәделеріне сенбеуге, белгісіз адамдардың шоттарына ақша аудармауға, жеке деректерін, банк карталарының деректемелерін және SMS-хабарламалардағы кодтарды ешкімге айтпауға, қорқыныш пен үрейге берілмеуге, ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеруге, сондай-ақ хат-хабарлар мен аударым түбіртектерін сақтауға кеңес береді.
ІІМ алаяқтар адамдардың сенімін, олардың жақындары үшін қорқынышы мен уайымын пайдаланатынын атап өтті. «Көз тию», «сұқ», «сиқыр» және осыған ұқсас тақырыптарды сылтау етіп ақша талап ету — алдаудың бір тәсілі болуы мүмкін.


