Күләш
Ана тілі (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Күләш» Қ. Байсейітов
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Оқушыларға «Қазақстан бұлбұлы» атанған Күләш Байсейітова өмірі жайлы әңгімелей отырып, білімдерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
ә)дамытушылығы: Оқушылардың қиялдауын,туғызу, жаңа әдістер арқылы ой-өрісін, сөздік қорларын байыту.
б)тәрбиелеу: Оқушыларға әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыппен таныстыру
Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, топтастыру,сұрақ – жауап, БҮҮ
Сабақтың көрнекіліктері: Өнер жұлдызы Күләш Байсейітованың суреттері, сызбалар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу;
Үлкеге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
Ә) Оқу – құралдарын шығару;
Б) Сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
-«Боз бие немесе тың көтерген жыл» Қ. Мырзабеков
Өлеңді жатқа айтқызу.
Өлең мазмұнын қара сөзбен айтқызу.
Сұрақтар бойынша үй тапсырмасын бекіту. Сұрақтар:
1. Елімізде қай жылдары тың игерілді?
1954 жылы Орталық Комитеттің «Астық өндірісін ұлғайту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдап, егіс көлемін 28-30 млн га-ға дейін жеткізуді міндеттеді. Бұған Қазақстанның солтүстік аудандарын, сібірдің, Оралдың, Солтүстік Кавказдың тың және тыңайған жерлері тартылды.
2. Қандай жақсы, жаман жақтары болды?
А) жаңа жерді игеру уақытша азық – түлік мәселелерін шешті.
Ә) зардаптары да аз емес еді.жер қыртысының бұзылуына себеп болды.
Б) жер жырту салдарынан жайылымдар азайды.
3. Ұлттық дәстүрге қандай зияны болды?
Халықтың түпкір – түпкірден ағылып келуі ұлттық дәстүрдің жойылып, қазақ тілі рөлінің төмендеуіне әкелді. Қазір сол зардаптан айырыла алмай отырмыз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты таныстыру:
Сөз жұмбақ
1. Евгений Григорьевич Брусиловский кім?
2. «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған кім?
3. Операда не болу шарт?
4. «Қыз Жібек» операсының басты әуені қай ән?
-------КОМПОЗИТОР
-----МҮСІРЕПОВ
------ЛИБРЕТТО
-----ГӘККУ
-----ШЫҒАРМА
Осы сөзжұмбақты шеше отырып, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып алдық. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қанабек Байсейітовтың «Күләш» әңгімесі.
Кесте толтыру
Кесте
? – білмеймін
+ V білемін
№ Өтілетін материал
1 Қанабек Байсейітов
2 Күләш Байсейітова
3 Күләш Байсейітованың өмірбаянын
4 Күләштің ойнаған рөлдерін
5 Күләштің орындаған әндерін
Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар махаббат тақырыбына құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты эпостың жырлары кең тараған. Көптеген жазушылар мен композиторлар осы шығармаларды негізге ала отырып, әдеби – музыкалық шығармалар жазған.
Композитор Е.Г.Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазған. Опера ең алғаш рет 1934 жылы орындалды. Операны ең алғаш Күләш Байсейітова орындады. Күләш Байсейітова 1912-1957 жылдар өмір сүрген Байсейітова Күләш Жалыңқызы қазақтың әншісі, қазақ опера өнері негізін салушы, қоғам қайраткері.
1934 жылы Қазақ музыкалық театрының әншісі болды.
Ол Жібек, Ақжүніс, Сара,Пүліш, еңлік, Айман, Шұға, Хадиша, Айша, Ажар, Наргиз, Зере партияларын ойнаған. Бұлбұл, Гауһартас, Қазақ вальсы, Гәкку әндерін, Жалбыр, Ер Тарғын, Алтын астық, Гвардия алға, терең көл операларын орындаған
Ұлы Отан соғысы жылдары майдандарда жүріп, жауынгерлерге концерт қойды. Еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қаз КСР-нің жоғарғы кеңес депутаты, Бейбітшілікті қорғаудың қазақстандық комитетінің мүшесі, 1936 жылдан КСРО Халық артисі болды.
Алматыда Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училище, көше бар. 1980 жылдан бері қазақ әндерін орындаушылардың Күләш Байсейітова атындағы республикалық бәйгесі 4 жылда 1 рет өткізіліп тұрады.
Күләш Байсейітованың негізі 4 қызы болған Қазіргі кезде 2 қызы Раушан мен Қарлығаш өмірде бар, Алматы облысында тұрып жатыр.
Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазайық. Қанабек Байсейітов «Күләш»
Әңгіменің авторы туралы түсінік беру.
Қанабек Байсейітов
↓
1905-1979 ж. өмір сүрген
Күләш Байсейітованың өмірдегі, өнердегі серігі
Алматы облысы, Қаратал ауданы
Опера режисесері
Операда басты рөлдерде, кинофильмдерде ойнаған
әнші
актер
драматург
Оқушыларға мәтінді түсіндіру:
Оқушыларға оқыту:
Бекіту сұрақтары:
1. Шығарма кім туралы?
2. К.Байсейітованың ән-күйге әуес болып өсуіне кімдердің ықпалы болған?
3. Мәтіннен Күләштің қандай рөлде ойнағанын білдің?
4. Ол өзінің ерекше талант иесі екенін қай кезде көрсетті?
«Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесін есімізге түсірейік, көз алдарыңа Күләштің Қыз Жібекті ойнағанын елестетейік.
Суретін көрсету
Қыз Жібектің дидары –
Қоғалы көңілдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң –
Нұр қызының шырағы.
Дүр жауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы.
Бой нұсқасын қарасан.
Бектер мінген пырағы.....
«Қыз Жібек» операсындағы басты әуенді кім орындап бере алады?
Оқушылардан сұрап, ән шырқату.
«Гәкку» әні.
Топтық жарыс:
І топ: Күләш Байсейітова туралы топтастыру:
ІІ топ: БҮҮ
Өнер туралы мақал мәтел білеміз бе? 2 топ ары қарай жарысады:
1. Өнерлі өрге жүзер.
2. Өнерлінің өрісі кең.
3. Өнер бар жерде – жан күйер бар.
4. өнер алды – қызыл тіл.
5. Өнерлінің қолы алтын.
6. Асыл тастан бітеді, өнер жастан бітеді.
7. Өнер алды бірлік, Ырыс алды тірлік.
ІV. Қорытындылау:
№ Өтілетін материал. Сабақтың басында. Сабақтың соңында.
1. Қанабек Байсейітов
2. Күләш Байсейітова
3. Күләш Байсейітованың өмірбаянын
4. Күләштің ойнаған рөлдерін
5. Күләштің орындаған әндерін
Оқушыларға гүл таратып беріледі, артында сұрақтар жазылған. Сол сұраққа жауап бере отырып, гүл құрастыру.
1. Күләш өнеріне халық қандай баға берді?
2. Мәтінде Күләш Байсейітованың мінезі жөнінде не жазылған?
3. Күләш Байсейітова қандай рөлдерде ойнаған?
4. Күләш қандай ән орындады?
5. Ол «Қыз Жібек» операсын қай жылы орындады?
6. Оның отбасы жөнінде не білдің?
Мұғалімдерге гүлдерін тарату.
V. Үйге тапсырма беру: «Күләш» мәтінін оқу, мазмұнын айту. Өнер туралы мақал – мәтел жазып келу.
VI. Бағалау.