Кешкі уақытта Алматының бір шағын ауданында қала тұрғынына шабуыл жасалып, оның ұялы телефоны жоғалған. Оқиға Құнаев көшесінде болған, зардап шеккен адам дереу полицияға хабарласқан, деп хабарлайды infohub.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Медеу ауданының алты патрульдік экипажы жедел жеткен. Тәртіп сақшылары маңайдағы аумақты тексеріп, қылмыскерлердің ықтимал қашу жолдарын анықтаған.

Көп ұзамай алғашқы нәтижелер пайда болды: ізін суытпай, белгілері бойынша екі күдікті анықталып, ұсталды. Одан әрі жедел іс-шаралар барысында ұрланған телефонды үлгеріп сатып жібергендері белгілі болды. Полицейлер ұялы құрылғыны сатып алған адамды анықтап, оны тәркілеп, қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттерінен кейін процессуалдық тәртіппен иесіне қайтарды.

Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады полиция.