Түркістан облысының Ленгер қаласында әйелге қатыгез шабуыл жасалды: бірнеше бетперделі адам жеке үйге кіріп, таңға дейін оны ұрып, азаптаған. Зардап шеккен әйел аман қалғаны ғажап, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Интернетте әйелдің денесінде көгерген жерлері мен жарақаттары, ісінген беті көрінген кадрлар тарады. Этикалық себептермен редакция бұл материалдарды жарияламайды.

Түркістан облысы полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түнгі уақытта тұрғын үйге белгісіз адамдар кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салып, оның ұялы телефонын иемденген.

Қазір әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Полиция күдіктілерді тез арада ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.