Мақтанышым туған ел, Қазақстан! Дара
Сабақтың тақырыбы: Мақтанышым туған ел, Қазақстан! Дара
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының жері, рәміздері, көп ұлтты халқы, мәдениетін түрлі тапсырмалар арқылы үйрету. Сын есімнен алған білімдерін толықтыру, жетілдіру.
Тәрбиелік: Өз Отанын қазақ жерін, халқын, тілін сүюге тәрбиелеу. Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын арттыру. Ұлтаралық қатынастарды сақтауға, отанды сүюге, оны қорғауға шақыру. Отанын қорғайтын ұл - қыздарды тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімі мен белсенділігін арттыру, тілдік шеберлікті қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше ізденушілік қабілетін арттыру. Тұжырымды пікір айтуға үйрету, ұйымшылдық, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: тәрбиелік, пікір алмасу, деңгейлеп, түсіндірме, сұрақ - жауап, аударма, өз ойын әңгімелеу, мәнерлеп оқу.
Оқыту технологиясы: деңгейлеп, саралап, дамыта оқыту, рейтингі, модулдік.
Сабақтың міндеті: сөйлем құрау, мәтін құрау, мәнерлеп оқу, тақтамен жұмыс жүргізу, грамматикалық тапсырмаларды орындау, дәптермен жұмыс, сөздік жұмыстарды.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, ән, Қазақстан тарихы, орыс тілі.
Көрнекілігі: ОТҚ, Қазақстан картасы, Қазақстан рәміздері, ой толғау, сөзжұмбақ.
Сабақты ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жұппен.
Бөтен елде жүргенде,
Қарсы келіп көшеде,
Кездесіп қалған бәз біреу,
- Қайдан келдің?- десе егер,
Кідірместен айтарым
- Қазақпын мен,
Қазақстан - туған елім байтағым!
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару /ҚР мемлекеттік әнұранын орындау.
б) Кезекшілік қызмет.
Қызығушылық / мотивация
Сұрақ - жауап
1. Қазақстан Республикасының президенті? - Н. Ә. Назарбаев
2. Қай жылы сайланды? - 1991 жылы 10 желтоқсан
3. ҚР қандай мемлекет? - Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел.
4. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?- 1991 жылы 16 желтоқсан
5. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата - ту, елтаңба, әнұран.
6. Қазақстанда қандай қалалар бар? - Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда т. б.
ІІ. сабақ мақсатын қою.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Қазақстан Республикасының жері, халқы, рәміздері, мәдениеті, астанасы туралы білімдеріңді жетілдіресіңдер, салауатты оқу және жазу, мәнерлеп оқу, дағдыларымызды қалыптастырамыз.
ІІІ. Жаңа мағлұматтарды түсініп қабылдау кезеңі.
Лексикалық тапсырмалар: Қазақстан.
Грамматикалық тақырыбы: дара және күрделі сын есімдерді қайталау, дәптерлерін ашқызып, күн ретін, тақырыпты жазғызу.
Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа Қазақстан туралы бейнеленген үлкен сурет беріледі. Оқушылар осы сурет бойынша сын есімдерді қолдана отырып, дәптерде мәтін құрастырады. мәтіндегі сын есімдерді тауып, оларды жекелеп оқиды.
IV. Бiрiнші түсініктерін тексеру.
1. Рәміздері.
2. Қазақстан картасы.
3. Мәдениеті
4. Астанасы
1. ҚР - ның рәміздері
Тапсырма: Екі топ оқушыларына сөзжұмбақ беру. Компьютерден рәміздерді көрсетіп қою.
1 топқа"Ту"
2 топқа"Елтаңба"
2. Қазақстан картасы
Тапсырма: Екі топқа Қазақстан картасын беру. картаның бетіне қалаларды, көлдерді, өзендерді, тауларды, далаларды және шекаралас мемлекеттерді көрсету.
3. Көру жатқа айту, жазуы.
Тапсырма: Оқушыларға Абайдың "Желсіз түнде жарық ай"өлеңі беріледі. Олар өлеңді 1 минут мәнерлеп оқиды, содан кейін қағазды жауып қойып, жатқа жазады. Сын есімдердің астын сызады.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
V. Ойын"Мақалды қуаласпақ"
Тапсырма: Оқушылар көп нүктенің орнына сын есімді тауып жазып, мақалды толықтырады.
Өнер алды...
Отан оттан да...
Жолдасы... жолдас қалмас.
VI. Мәтінмен мәнерлеп оқу.
Қазақстан Республикасы
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен көршілес орналасқан. Қазақстан жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық далалар, көлдер мен шөлдер бар. Республикамызда 4750 түрлі өсімдік өседі. Сондай - ақ жан - жануарларға өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады. Қазақстаның ауа райы құрғақ, таулы аймақтарда ылғал молдау.
VII. Сөздік жұмыс "Әрі оқу, әрі ойын"
Тапсырма: Оқушыларға сөздер беріледі, олардың аудармасын жазады.
Туған жер -
Кең байтақ -
Отан -
Өлке -
Көршілес -
Өсімдік -
Ауа райы -
Шекаралас -
Құрғақ -
Ылғал -
VIII. Қорытындылау.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
1. Ата заңымыздың қай тарауында және қай бабында рәміздер туралы айтылған?- Ата заңымыздың бірінші тарауының 1 бап пен9 баптың аралығында рәміздер туралы айтылған болатын.
2. Қазақстаның қалдарың білесің бе?-...
3. Облыс орталығы қай қала?- Көкшетау
4. Қазақстаның астанасын ата.- Астана
5. Мемлекеттік тіл қандай тіл?- Қазақ тілі
IX. Үйге тапсырма.
Қасым Аманжоловтың"Туған жер"өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде, өстім өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
X. Бағалау.
XI. Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұрау