22 тамызда Алматыдағы Mega Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында өрт дабылы қағылып, келушілер эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары келді, деп хабарлайды infohub.kz.
Эвакуация процесі түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тез тарады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінде шақыртудың жоғары дәрежесі расталмағанын, ашық жану анықталмағанын хабарлады.
«Ашық жану анықталған жоқ. Ал автоматты өрт дабылының неге қағылғанын мамандар анықтайтын болады», — деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.
Mega Alma-Ata-ның ресми Instagram-парақшасында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені, ал сауда орталығының өзі әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланды.
«Құрметті келушілер! Mega Alma-Ata-да өрт дабылы қағылды. Жағдай бақылауда, барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сауда орталығы жұмысын жалғастыруда. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір біз тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет», — делінген сауда орталығының хабарламасында.
Дабылдың қағылу себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін «Курсив» Mega Alma-Ata-да эскалаторда Өрмекші-адам костюмін киген он шақты адамның бейнежазбасы пайда болғанын хабарлаған еді. Бір тәулік ішінде бейнеролик 54 мыңнан астам қаралым жинады.


