Мен өміріме, өз мамандығыма қажеттілігіме – жауаптымын

Мақсаты: Педагогтың жауапкершілік түсінігімен жан – жақты ақпараттандыру, әрекеті мен өз өміріне, кәсібіне жауапты, екендігін ұғындыру, жауапкершілік дағдысын меңгерту.
Сәлемдесу.
«Менің есімім және танымалдылығым» техникасы - өзін Қазақстанның бір жұлдызына теңеп есімін айтады. Мысалы: Менің есімім Фарида. Мен әнші Бибігүл Төлегеновамын.
1. Жауапкершілік жөнінде әңгіме – сұхбат жүргізу. Ол төмендегі сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
- Жауапкершілік дегеніміз не?
- Оны қандай уақытта сезінесіз?
- Жауапкершіліктің адамда жағымды қасиетті қалыптастыруға әсері бар ма? Қандай?
- Өз өміріне жауапкершілік алу дегенді қалай түсінесің?
- Жауапкершілік ала білетін адамның бойынан қандай қасиетті байқауға болады?
2. Жауапкершілік жөнінде қысқаша лекция оқу. (5 – 7 мин)
Жауапкершілік – бұл адамның өз әрекетіне жауап беру, міндетін орындау қабілеті.
Ондай адамға сеніп іс тапсыруға болады, ол оны ойдағыдай орындап, адамды ұятқа қалдырмайды.
Адамда үнемі таңдау болады. Сіз өзіңізге жауапкершілік ала аласыз немесе өзгені кінәлауыңызға болады. Мұндағы ең негізгі сөз: «Өміріңде кез келген міндетті орындауды, бақылауды өз мойнына алғың келмесе де, оның соңғы нәтижесін өзің көресің». Әлемде нақты бір заңдылық бар. Оны сен білсең де, білмесең де ол жұмыс істейді.
100 пайыз жауапкершілік алу қаншалықты маңызды? Адам өз өміріне толығымен жауапкершілік ала білсе, ол болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап, соған сай әрекет етеді. Оның нәтижесін де дұрыс болжай алады. Бақылау мен жауапкершілік ала білген адамның өмірінің сапасы да жоғары болады.
3. «Соқыр мен жетекші» жаттығуы.
Мақсаты: Өзіне жауапкершілік ала білуге үйрету.
Қажетті құрал: Орындықтар, көз байлайтын орамал.
Нұсқау: Жұпқа бөліну. Орындықтарды Жылан іспеттес ирелеңдетіп қойып, оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өткізу қажет. Кезекпен қайталайды. Орын алмастырады.
Жаттығу жасалынып болған соң талқылау жүргізіледі.
- «Соқыр» рөлін ойнағанда қандай күйде болдың?
- Жетекшіңе қаншалықты сенесің?
- Өзіңнің қайда екендігіңді білдің бе?
- Сен өзіңе жауапкершілік алғанда қандай күйде болдың?
- Досыңның саған қорықпай сенуіне қандай жағдай жасадың?
- Сен өзіңді қай уақытта жақсы сезіндің? «Соқыр» рөлінде ме, алде «жетекші рөлінде ме?
3. Жауапкершілік» жаттығуы.
Қажетті құрал: Сөйлем жазылған ақ парақ. (қатысушы санына қарай)
Нұсқау: Сөйлемді аяқта.
- Жауапты адам болу дегеніміз......
- Жауапты адам мен жауапкершілігі жоқ адамның айырмашылығы..........
- Мен өз жауапкершілігімді............. көрсетемін.
- Мен үшін ең қиын жауапкершілік, ол..........
- Жауапкершілігі бар адамды мен.......... танимын.
- Менің жауапкершілігім көбейген сайын, өзімді.............. санаймын.
- Мен мынадай.............. жауапкершілік алудан қорқамын.
- Мен өз өміріме жауаптымын, себебі..........
- Мен өз мақсатыма жету үшін мен........... жауапкершілігін ала аламын.
4. «Мен өз әлемімнің қожайынымын» жаттығуы.
5. Мақсаты: Өз - өзіне деген үлкен сенім туғызу, жауапкершілікті болуға дағдыландыру.
Нұсқау: Қазір бір – бірлеп орнынан тұрып, омыртқаны тік ұстап, екі иықты түзулеп, үлкен қуаныш және мақтанышпен: «Мен - өз әлемінің қожайынымын. Өмірімнің әр сәтіне жауапкершілік пен алдағы арманымның да жүзеге асуын өз міндетімен аламын.» - деген сөзді айтып, алдыға бір қадам жасау керек.
6. «Портрет» ойын жаттығуы.
Мақсаты: Адамды тану жеке қасиеттерін бағалау, көзқарасты анықтау.
Нұсқау: Араларыңыздан бір қатысушыны орталарыңыздан есіктің сыртына шығарып жібересіздер. Және осы қалған қатысушылар іштеріңізден біреуді таңдап ол туралы әртүрлі пікір айтып яғни мінездеме айтып сол адамның портретін жасайсыздар. Содан соң есіктің сыртында тұрған қатысушыны шақырып одан кімнің портреті екенін табуын сұраймыз.
7. «Арманға апаратын басқыш» медитациясы.
Нұсқау: Баяу ән қойылады. Ыңғайлы отыру. Арқаны орындық арқалығына сүйеуге де, бос ұстауға да болады. Көзді жұму. Мұрынмен тыныс алу, қолды іштің тұсына қойып, онда ауа толтырылғанын сезіну. 3 секундқа ауаны ұстап тұру. Сосын мұрын арқылы тыныс шығару. (Жаттығуды 3 реттен жасау, екіншісінде 5, үшіншісінде 7 секунд ұстау) Көз алдыңызға 10 басқышты елестетіңіз. Оның ең жоғарғы жағында сіздің арманыңыз тұр. Әр басқышта жазылған сөз ол сіздің арманға жетуде қуат беріп, көңіліңізге сенім ұялататын ғажайып сөздер. Қане өз арман тілегімізді іштен ойлайық. Міне арманның төріне де шығу! Барлық зал сіздің жетістігіңізге қол соғып қошеметтеп жатыр. Сіз бүкіл технологияны меңгеріп астанадан білікті тәрбиеші педагог деген марапат алып келдіңіз. Осы армандарыңыз айна қатесіз жеңіске апарады. Олай болса өзіңіз сенген армандарыңыз міндетті түрде болатынын іштей сенімді қалыптастыру керек.
8. «Тілек торы» жаттығуы
Қолымда дөңгеленген жіп сол жіпті тілек айтып біреуге лақтырсам ол адам келесі адамға өзщ тілегін айтып лақтыру қажет. Сол кезде бізде тор пайдак болады.
Осылай әр қашанда татулығымыз артып кәсібімізді осы тор сияқты бір – бірімізбен байланыста болып одан әрі жетілдірейік, ал жақсы педагог болу үшін ең бастысы жауапкершілік екенін ұмытпағайсыздар.
Тлеумбетова Фарида Абелхановна