Мен - табиғаттың бір бөлшегімін
«Мен - табиғаттың бір бөлшегімін»
Мақсаты: оқушылардың табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бір - бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыра отыра экологиялық білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: эмблема, плакаттар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қымбатты ұландар!
- Балалар біздің республикасымыз қалай аталады?
- Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Ағаштардың алуан түрі кездеседі. Табиғат адамға баға жетпес байлық, сондықтан табиғат - Ананы қорғап, аялауымыз қажет.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Мен - табиғаттың бір бөлшегімін» деп аталады.
Күн сәулесі: Сәлем, достар!
Көзімді таңмен ашамын,
Әлемге нұрын шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін.
Сендер маған қуаныштысыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, қуаныштымыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі мерекеміз «Мен – табиғаттың бір бөлшегімін»деп аталады. Сен «Күн»әлемінен келіп, біздерге жылулық пен мейірімділік сыйлайсың.
Күн сәулесі: Мен - күн әлемінің сыйлығымын. Достар, мені ұстап көріңдерші. Көздеріңді жұмыңдар, бастарыңды көтеріңдер, мен сендердің беттеріңдемін. Мені сипап көріңдер.
Енді мұрындарыңа жеттім, мұрындарыңды сипаңыздар. Көздеріңдемін, бастарыңдамын. Жарайсыңдар, достар!
Жүргізуші: Қызықты сергіту жаттығуы ұнады ма?
Ал енді барлығымыз бір - бірімізге күлкілерімізді сыйлайықшы. «Сәлем, досым» деп қолдарымызбен амандасайықшы;
Күн сәулесі: Достар, мен аспан әлемінен келіп жер табиғатын көрейін деп едім.
Жүргізуші: Жақсы, дала аруының елшілігіне аттанайық. Тез жету үшін бізге ойын көмектеседі. Барлығыңыз тұрыңыздар, ойын ойнайық.
1) Асфальтпен жүреміз (аяқтарымен тарсылдатады).
2) Енді құмдақ жерге келдік (аяқтарын тырпылдатады)
3) Алда өзен, жүзу білесіңдер ме? Ал жүзіп көрейік. Шаршадыңыз ба?
4) Енді қайыққа отырайық, есуді бастаймыз.
5) Желкеннің көмегімен жүрейік, желкенді көтерейік.
6) Барлығымыз желге көмектесейік, үрлейміз.
7) Дүрбімен қарайық.
Қараңызшы, бір елге де келіп қалдық.
Дала аруы шығады.
Дала аруы: Мен - Дала Аруымын! Қош келдіңіздер! Менің қойнауымда тау, өзен, су, жануарлар мен аң, құстар, адамдар мен жансыздар бар! Енді менің төрт құдіретіммен таныс болыңдар.
Күн: Әлемге қуатты,
Су: Өңірдің өзені -
Өмірдің өзегі.
Сусыз жер - өмірсіз
Нусыз өр, өңір түз.
Ауа: Жер шары - «дәу» әлем
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.
Жер: Аялар анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырған тірлікпен
Жарық күн - көрік нұр.
Жер құтты гүл біткен.
Алып күн беріп тұр.
Сәуле мен шуақты
Күн – барлық тіршілікке нұр - сәуле шашып тұрған құдіретті күшті от. Халқымыз Күнге қарап мезгілді анықтап, уақытты мөлшерлеген, келер күннің ауа райын болжаса, айға, жұлдызға қарап жол жүрген, оған тәу етіп, өз бойына ерекше бір күш алып отырған.
Жер: Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жері үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені өткен тарихтан аян.
Су - жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажет қымбат, әулие екендігі барлығына мәлім. Халық судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ» деп бекер айтпаған.
Ауа – барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа - өмір тынысы» деп бекер айтпаған.
Дала аруы:
- Жақсы, рахмет құдіреттеріме.
Жүргізуші:
Дала Аруы, төрт құдіреттеріңмен таныс болдық. Ал жағдайын қалай?
Дала Аруы:
Уа, адам баласы,
Құлақ салшы сөзіме.
Мен шаршадым,
Осы менің жайымнан
Боларсыңдар хабардар.
Жүрегімнің дүрсілін
Естіңдер, адамдар.
(жүрегінің дүрсілі естіледі)
Күн сәулесі шығады: Сонда қалай? Неліктен?
(екі оқушы шығады)
Салима:
Адам, адамдар кінәлі! Олардың рахымсыз істерінен қоршаған орта зардап шегуде. Қамқорлық жасағанды табиғат та түсінеді, рахымшылығын жасайды, шапағатын береді.
Диас:
О, табиғат! Сен не деген жомартсың, Ата - бабалардың өсиетін сақтап, сені қорғауға, сақтауға, еңбекпен жақсылықтар жасап, сенің жанашырың болуға барлық балаларды шақырамын.
Күн сәулесі:
Сендер кімсіңдер?
Салима:
Біздер – жас табиғат қорғаушылармыз. Табиғат қамқорлықты ең әуелі балалардан күтеді. Балдырғандарға арналған «Балалар әлеміндегі пайдалы істер»бағдарламасының «Жасыл әлем» бағыты жас экологтарға арналған Біздің мектептерде «Жас эколог» топтары құрылып жұмыс жүргізуде.
Табиғатты қорғауға, экологияны жақсартуға көңіл бөлуде балдырғандар мен ұландар өз үлестерін қосуда.
Диас:
Табиғаттың бауырысың, досысың,
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің арандағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.
Дала Аруы:
- Рахмет, балалар! Сендерге сенім артамын, балалар, сеңдерсіңдер - болашақ, сеңдерсіңдер - келешек. Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау екенін естеріңізден шығармаңыздар! Аман - сау болыңыздар!
(Дала Аруы кетіп қалады)
Жүргізуші:
Достар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Енді табиғаттың тоғыз емшісімен таныс болайық.
Мұратбек:
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық - зор байлық,
Жан саулық – мол байлық.
Амандық үшін де
Адамдық ісіңде
Қолданып ел сынар,
Табиғи емші бар.
Тайыр:
Егер денім сау болсын десең...
Егер көңілім жай болсын десең...
Табиғатқа табын адам!
Күн:
Нұр сәуле шуақты,
Беретін қуатты
Ұлы емші анамыз
Күннен күш аламыз
Жылытып, қыздырып,
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
Ауа:
Болмасын ауа ешкімнің арман - мұңы,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы, кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Су:
Сусын да, әрі дем
Су емші бәрінен.
Суынан берді жер, жуынсаң сергітер,
Су - өмір жүрегі, денсаулық тірегі.
Альбина: Бойды тік ұстау.
Тік ұстап денеңді сапқа тұр сен енді,
Жанға сеп шынығу, жаттығу, тынығу.
Сымбатты болу да өзіңнің қолында.
Мадияр: Дене жаттығулары
Спорттық ойын да күш берер бойыңа,
Спортта ем болар, жаттықсаң ем қонар.
Илан: Ашығу.
Ас же, сіміріп, асқазан сіңіріп
Жақсартып қаныңды, жақсартар жаныңды.
Асқазан жұмысын аяла бұл үшін.
Ас ішсең аптықпа, кейде көн аштыққа.
Талға да бір сәтті, тазала құрсақты.
Ас ішсең толасың, аман - сау боласың.
Жаңагүл:
Жеміс пен көкөніс,
Нан, сүт, ет берер күш.
Витамин тағам - нәр,
Оны жұрт бағалар..
Ас - адамның арқауы, аспен күш артады.
Тағам іші жағымды, тазартар жаныңды.
Дертіңді қуады денеңнің қуаты.
Айнұр:
Еңбекпен шынықтың, сен енді тынықтың
Серги біл, құр жатпа, сейілде гүл бақта.
Ұйқыны қоя тұр, көр кинотеатр,
Жаназық әманда күш берер адамға.
Сабира:
Ой салып ақылға, оң істі мақұлда.
Табиғат сайлаған емдерді мақұлда.
Талпынсаң құрыспай емдерді пайдалан.
Ие боп атаққа, жетесің мақсатқа.
Анель: Табиғатегіз адаммен,
Ұқсастық табам мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
ЖЕР АНА, КӨЛ, ТЕҢІЗДЕР!
КӨРІНІС
Айым:
Бүгінгі мерекеде табиғат туралы көп айтылды. Ал осы отырған қатысушылардың пікірін қалай білсек екен?
- Қазір мен тілші болып, бірнеше адамнан сұхбат алайын.
1 с. Сен өзің табиғатты қорғауға қандай үлес қостың?
2 с. Денің сау болу үшін не істеу керек?
3 с. Жиналған балаларға, жас табиғат қорғаушыларға не тілер едіңіз?
Салима:
Мен түсіндім: еліміздің әр азаматы «Мен табиғаттың бір бөлшегімін» деп сезінсе, қоршаған ортаға жақсылықпен қараса, тіпті бүгінгі мерекеге келген балалар өздеріне кішкентай түсінік алып, табиғатқа қамқор болуын түсінсе, ол да өз үлесін қосқаны болып саналады.
Сахнаға глобуспен 3 оқушы шығады:
Мұратбек:
Жер шары - глобусқа мен қараймын,
Кенеттен ол мұңайды жаны бардай.
Материктер маған сыбырлайды:
«Аяла, сен біздерді, аяла!»
«Аялаймын мен сіздерді, аялаймын!»
Айзада:
Балаларға сол бақыт -
Болса Отаны аман - сау.
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса асқақтап Алатау.
Жапырақтарын жайнатып,
Әлдилесе бақша - бау.
Балаларға сол бақыт
Жаз орманда жақса алау.
Желге қарап сыбырлаймын:
Жүргізуші: Табиғатпен үндесе өмір сүрейік!
Күн сәулесі: Әрқашан күн сөнбесін!
Қош, сау болыңдар! Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»