Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Моғолстан

Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі — Моғолстан мемлекеті (XIV -XVI ғғ.). Ол XIV ғасырда Шағатай ұлысының құлдыраған кезінде пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген. Мемлекет «моғол», «моғұл» тайпасының аталуымен байланысты.

Моғолстан мемлекетінің кұрамына Жетісу аймағы және Шығыс Түркістан кірді.

Моғолстанның алғашқы билеушісі — Тоғлұқ Темір хан. Ортағасырлық тарихшы Хайдар Мырзаның пікірінше, ол Шағатай ұрпағынан шыққан. Темір ханның басты атқарған істері — Орта Азияны өзіне бағындырып, Шағатай ұлысын қайтадан біріктіруі және моғол тайпасы арасында ислам дінін орнатуы.

Моғолстан тұрғындары көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Бұл жерлерде дулат, жалайыр, үйсін, қаңлы және басқа түркі тілдес тайпалар мекендеген.

Моғолстанның күйреуіне әсер еткен басты тарихи оқиға — XV ғасырдың ортасында оның батыс бөлігіне Шығыс Дешті Қыпшақтан тайпалардың келіп орналасуы. Бұл тайпаларды Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек бастап келген болатын. Олар Моғолстанға келген соң шамамен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрған еді.

Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін батысында Әмір Темір мемлекеті, шығысында Моғолстан пайда болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама