Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Нан қайдан шығады?
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.
Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан.
Тышқан сатушыға келді.
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
- Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп.
- Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы.
Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр-көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып - жұмғанша қап - қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайншы, комбайыншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.
- Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ нан таба беремін, - деп қутың - қутың етті тышқан.
- Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы.
Сол - ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама