Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі
І нұсқа

1. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар:
А) Р. Гук В) А. Левенгук С) Янсендер Д) Шлейден
2. Ең күрделі ұлғайтқыш құрал:
А) микроскоп В) тұтқалы қол әйнек С) ұлғайтқыш қол әйнек
3. Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауы:
А) айна В) окуляр С) объектив Д) бұранда
4. Жасушаның тығыз, сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі:
А) цитоплазма В) ядро С) жасуша мембранасы Д) вакуоль
5. Тек өсімдік жасушасына тән денешік
А) цитоплазма В) ядро С) пластид Д) вакуоль
6. Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа:
А) түзуші В) жабын С) тірек Д) бөліп шығарушы
7. Өсімдіктің жер асты мүшесі:
А) сабақ В) жапырақ С) гүл Д) тамыр
8. Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері:
А) тамыр оймақшасы В) сору С) өсу Д) өткізу
9. Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасатын қабат:
А) қабық В) өзек С) сүрек Д) камбий
10. Сабақта су мен минералды заттар қозғалатын қабат:
А) қабық В) өзек С) сүрек Д) камбий
11. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс:
А) судың булануы В) фотосинтез С) өсу Д) тыныс алу
12. Жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен:
А) сабақ В) гүл С) жеміс Д) тұқым
13. Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады:
А) аталық В) аналық С) күлте Д) тостағанша
14. Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі:
А) аузы В) мойны С) жатыны
15. Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік:
А) күнбағыс В) бидай С) алма Д) шие
16. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы:
А) тозаңдану В) фотосинтез С) ұрықтану Д) жеміс түзу
17. Жүзім жемісінің атауы:
А) дәнек В) қауашақ С) жидек Д) сүйекті жеміс
18. Қос жарнақты тұқымда ұрықтың қорек заттары жиналатын орын:
А) тұқым жарнақ В) эндосперм С) қауызы Д) ұрығы
19. Тұқымның алғашқы тамырша, сабақша мен бүршікшеден тұратын бөлігі:
А) қауызы В) тұқым жарнағы С) ұрық Д) эндосперм
20. Аталықтың жіңішкерген бөлігі:
А) тозаңқап В) жіпше С) аузы Д) мойны

Өсімдіктер дүниесі
ІІ нұсқа

1. Жасушаны ашқан ғалым:
А) Р. Гук В) А. Левенгук С) Янсендер Д) Т. Шлейден
2. Өңді құрайтын ұлпа:
А) түзуші В) жабын С) тірек Д) бөліп шығарушы
3. Өсімдік «қаңқасын» құрайтын ұлпа:
А) түзуші В) жабын С) тірек Д) бөліп шығарушы
4. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлігі:
А) айна В) окуляр С) объектив Д) бұранда
5. Жасушаның желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтығы:
А) цитоплазма В) ядро С) жасуша мембранасы Д) вакуоль
6. Тамырдың түктер орналасқан бөлімі:
А) тамыр оймақшасы В) сору С) өсу Д) өткізу
7. Тамырдың жас жасушалары бөлінбейтін бөлімі:
А) тамыр оймақшасы В) сору С) өсу Д) өткізу
8. Жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент:
А) калий В) азот С) фосфор Д) кальций
9. Өркеннің орталық тірек бөлімі:
А) қабық В) өзек С) сүрек Д) камбий
10. Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат:
А) қабық В) өзек С) сүрек Д) камбий
11. Жай жапырақтың тақта саны:
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4
12. Жіпше мен тозаңқаптан тұрады:
А) аталық В) аналық С) күлте Д) тостағанша
13. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса:
А) екі үйлі В) бір үйлі С) дұрысгүл Д) бұрысгүл
14. Жай шатырлы өсімдік:
А) күнбағыс В) бидай С) алма Д) шие
15. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым:
А) Тимирязев В) Навашин С) Янсен Д) Гук
16. Бұршақ жемісінің тобы:
А) шырынды В) құрғақ
17. Дәнек қай өсімдікте болады?
А) күнбағыс В) бидай С) алма Д) шие
18. Аналықтың ең жуан бөлігі:
А) аузы В) мойны С) жатыны
19. Жазықтығында бірден артық сызық жүргізуге болмайтын гүл:
А) бұрысгүл В) дұрысгүл
20. Жүгерінің аналық гүлі қандай гүлшоғырға жатады:
А) жай шашақ В) күрделі шашақ С) собық Д) масақ

Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама