Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзіңді - өзің тексер (қайталау сабағы)
Тақырыбы: Өзіңді - өзің тексер (қайталау сабағы)
Мақсаты: 1. Оқушылардың қыстырма сөз туралы алған білімдерін тиянақтау. Өткен сабақтан алған білім - біліктерін арттыру.
2. Өз ойын толық, жүйелі айтып, таза, сауатты, көркем жазуға баулу. Бір-бірінің жауабын зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңберін» құру
- Әрбір қасымызда тұрған досымыздың, жақсы қасиеттерін, ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.
- сен нағыз доссың
- ең әдемі қызсың
- мейірімдісің
- өте ұқыпты баласың
- адал доссың
- қайырымдысың
- әдептісің
- өнерлісің
- еңбекқорсың
- ақкөңілсің
- Жарайсыңдар, балалар! Сендердің достарыңызға деген жылы лебіздеріңізді естіп қуанып тұрмын. Енді мына үлестірмелі қағаздардан алып, түстеріне қарай топтарға бөлінеміз де, сабағымызды бастаймыз.

ІІ Үй жұмысын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
(әр топтың оқушыларына оқыту)
«Кім көп біледі?» ойынын ойнату арқылы өткен сабақты еске түсіру.
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- Сөйлем мүшесі деген не?
- Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері дегеніміз не?
- Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Қыстырма сөздер дегеніміз не? Түрлерін атап, мысал келтіріңдер.

ІІІ Жаңа сабақ
- Оқулығымыздың 82 бетіне назар аударамыз.
1 - жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жазу.
- Өлең не туралы?
- Өлеңнің авторы кім?
- Көркем жазу минуты
- Олай болса күз сөзінен пирамида құраймыз.
Күз, сары, бидай, салқын, жапырақ
- Күз туралы кім әңгімелеп береді?
- Өлеңдегі қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаймыз және сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеміз.
Тақтаға жазып талдау жасау.
Қалай? қайда? не? Не істеді?
Мұңайып үй артында терек тұрды.
2 - жаттығу Мәтінді көшіріп жазу
- Мәтіннен құрмалас сөйлемді табу. Осы сөйлемдегі бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесіндегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету.
Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалар бар.
Олар тау – тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

ІҮ Шығармашылық тапсырма
1 топ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді жаз.
2 топ Берілген сөйлемге тиісті тыныс белгісін қойып, оқы тыныс белгісінің қойылу жолын айт.
3 топ Берілген қыстырма сөздерден сөйлем құрау.

Ү Сергіту сәті:
4 - жаттығу Берілген сөздерден жаңылтпаш құрау. Жатқа сұрау.
Боз ат мінген бозда атам,
Боздап жүрген бозда атан.
5 - жаттығу «Сыңарын тап» ойыны
Шарты: Мақалдың екінші жартысын тауып жазу, мағынасын түсіндіру.
1. Малды теппейді, ақты төкпейді.
2. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
3. Жақсыны арман оздырар, Жаманды құлқын тоздырар.
4. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.
5. Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.
6. Ұстаның бізі сүйкімді, Жақсының ісі сүйкімді.
Тапсырма: бесінші мақалды сөйлем мүшесіне талдау.
Кімнің? Несі? Не? Не істеді? Кімнің?
5. Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.

ҮІ Сабақты қорытындылау.
Семантикалық карта
Өзіңді - өзің тексер (қайталау сабағы). жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама