Парасат биігінен көз жазбаған қаламгер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Тақырыбы: Білікті маман, баспагер - энциклопедист, жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Парасат биігінен көз жазбаған қаламгер»
Мақсаты: Тілеухан Жұмаханов жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, ұлы тұлға шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.
Білімділік: Жазушы шығармаларының тақырыптары және олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту;
Дамытушылық: Өз бетімен ізденуге, ой түюге баулу, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету;
Тәрбиелік:Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, шығармаларынан жазушы өмірінен үлгі өнеге алу, ұлтын, елін сүюге және туған елінің азаматы болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Ізденушілік, ой қозғау сұрақ-жауап, шығармашылық талдау
Түрі: Конференция
Типі: Өнеге
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жазушы шығармалары,(доклад) баяндамалар
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Конференцияның жұмыс тәртібі
Конференцияға қатысушылардың келуі
1.Конференцияға қатысушыларды тіркеу
2. Мәжілістің ашылуы
3. Пленарлық мәжіліс
4.Үзіліс
5. Секциялар жұмысы
Қорытынды пленарлық мәжіліс, конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюциясын қабылдау
Баяндама регламенті
Пленарлық мәжілістегі баяндама 7-10 минут
Секциядағы баяндама 5-7 минут
Жарыссөз 3 минут
Пленарлық мәжіліс
Құттықтау сөз
Қош, келдіңіздер, конференцияға қатысушылар!
Құрметті 10-сынып оқушылары бүгінгі Сыр өңірінің азаматы ойшыл, дарынды аудармашы баспагер , көрнекті жазушы, Тілеухан Жұмахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған
«Парасат биігінен көз жазбаған қаламгер» атты конференцияға хош келдіңіздер!
«Тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады, ұлттық сана арқылы ұлтжандылық, отаншылдық, патриотизм қалыптасады»,- деді бүгінгі авторымыз. Сіздерді бойларыңызда ұлтжандылық, отаншылдық сезім болсын.
Бүгінгі айтқалы отырған жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірімен шығармашылығы туралы ойларыңыз сәтті шықсын. Ізденіс ойларыңызға сәттілік тілеймін
Баяндамалар тақырыптары
1. Тілеухан Жұмаханов қазіргі заманғы зиялылар ортасында өз қатарластарынан оқшау көзге түсетін дара тұлға.
Оқитын: Қожақ Гүлдана
2. Тілеухан Жұмаханов көркем - әдеби ғылыми-танымдық кітаптардың авторы.
Мыңтай Ақмаржан
3. Тілеухан Жұмаханов білікті, дарынды, ойшыл - энциклопедист «Қазақстан»атты коп томдық энциклопедиялық шығармалары.
Қалмырза Нұрсұлу
4. «Қасым хан»тарихи баяны - әдебиетімізден орын алған шығарма.
Кеңес Абай
5. Тілеухан Жұмаханов –талантты аудармашы.
Роллан Нұргүл
Қорытынды
Құрметті оқушылар!
Көрнекті жазушы, журналист, баспагер атпал азамат, ұлы тұлға Тілеухан Жұмаханов өмірі мен шығармашылығы оқырман қауымға үлгі-өнеге жазушы әдебиет, өнер, тарих философия мәселелеріне, тіпті жаратылыстану ғылымдарына жан-жақты білімдар болған.
Ол барша күш-қайратын жұрт жұмысына, ұлт қамына арнады: руханиятымызға олжа болып қосылған төл энциклопедияларымызды жарыққа шығарды жастарға көркем мұра қалдырды.
Өзгелерден пікірі бөлек еді. Өзгелер өз пікірін қилы тұрғыдан, қилы есеппен айтса, ол өз пікірін тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана айтатын.
Оның Қазақстан энциклопедиясына сіңірген еңбегі, мәдениеттануға, әдебиеттануға тарих салаларына арналған түрлі анықтамалықтары - өзіндік бір ұлттық нақышымен ерекше дүниелер.
Жазушы ерекше қарапайым кішіпейіл ақ жарқын мейірімді азамат болған. Оны сүйген халқы, оқырмандары ерекше құрмет тұтады. Үзіліс
Теңіз перзенті.
10-сынып оқушысы Қожахмет Гүлімай
Тілеухан Жұмаханов Қызылорда облысы, Арал ауданы , Ұялы ауылында 1956 жылы 15мамырда өмірге келген.
Т.Жұмаханов 1971-1972 оқу жылы бұрынғы №420 қазіргі №70 мектепке 9-сыныптан бастап, бұрын Бекарыстан би ауылында оқыған. Ауылдық жерден келген оқушының қалада оқып жүрген оқушыларға қарағанда өзінің зейінді, білімді, тиянақтылығы арқасында қабілетті болды. Ол гуманитарлық сабақтар тарих, әдебиетке бейім болды. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өте байсалды, бір сөзді,тапсырманы дер кезінде бұлжытпай орындайтын, ақылды, парасатты оқушы еді.
Ол қай сабақта болсын үлкен дайындықпен келетін, әсіресе тарих, әдебиет пәндерінен асықпай сөйлеп, ойлы пікірлер айтатын. Ол кітапты көп оқыды. 10-сыныптың комсоргы болған. Кластастары оның келешегіне үлкен сеніммен қарады, сол жылы ҚазГУ-дың филология факультетіне оқуға түсті.
Ол жанға жайлы мінезі, досқа деген, туысқа деген жанашырлығы, жанұясына деген берік махаббаты кімге болса да үлгі еді...
Адамның асылы еді
Омар Сымбат
Жазушы өмірінің аспандатып айтатындай ешбір ерекшелігі жоқ. Қатарластарынан қалмай мектепке барған, парталастарынан оқшауланып, кітапқұмар болған, шығарма жазғанда әдебиетші ұстаздарын тамсандырып, назарына іліккен.
Осы құштарлық арманы асқақ балаң жігітті қазақтың қара шаңырағы атанған әйгілі Қаз ГУ-ға әкеледі.
Аймаңдай академиктер мен ақ шашты профессор-ұстаздары оның өршіл ойларын ұштай түседі. Әңгімелері республикалық газет-журналдарда бірінен кейін бірі жарияланады.
Жазушыны таралымы 450 мыңға дейін көтерілген «Қазақстан әйелдері» журналына жұмысқа шақырады.
Сөзі қандай орнықты болса, жүрісі де сондай салмақты жазушы көзілдірігін бір көтеріп қойып, басылуға берілген кітаптың бір бетіне өзгеріс енгізеді. Күнде бір жаңалығы, жақсылығымен зымырап өтіп жатқан уақытта ойына қозғау салған материал еніп қалса екен деген шынайы көңілі жаңа басылымнан кедергісіз өрнек табады.
Өмірлік тәжірибесі, бастан кешкені бір бөлек өзіне жетерлік азаматтың уақыттың қадірін білетін, елдің бәрі де өзім секілді деп ойлайтын ерекшелігі де тәнті ететін еді.
Елін сүйген ұл
Өмірзақов Дінмұхамед
Жазушы Тілеухан Жұмахановтың білімдарлығы мен біліктілігі, рухани байлығы мен ой -өрісі қандай кең десеңізші! Оның ғылыми дәрежесі болмады.
Өзінің білімділігіне сенгендігінен өте принципшіл болған. Өз пікірінің дұрыстығын ғылыми дәрежелі ғалымдардың алдында да дәлелдеп шығушы еді. Оның тағы бір қасиеті-қарапайымдылығы. Жазушы қаламынан қалған көркем туындылары, аудармалары, әр жылдары қағазға түскен, мерзімді баспасөзде жарық көрген ой-толғамдар жинағы, өзі тікелей араласқан, басшылық жасаған қаншама басылымдар, барлығы енді туған әдебиетіміздің, туған руханиятымыздың ертеңіне қызмет жасайтындығы көзімізге медеу.