Павлодар облысында 15 тамызда іздеулі болған 47 жастағы ер адамды іздеу аяқталды. Бүгін оның мәйітін құтқарушылар Ертіс өзенінен тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

1979 жылы 28 шілдеде туған Юрий Солдатенконы іздеу туралы ақпаратты волонтерлер таратты. Ер адам 2026 жылы 15 тамызда сағат 11:40 шамасында Сычевка ауылының маңындағы Ертіс өзенінде болғаны айтылды. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз болды.

«Ер адамның туыстары оның тірі екеніне үміттенеді», — деп көрсетті волонтерлер.

Бүгін облыстық ТЖД мамандары Павлодар ауданында құтқарушылар іздеулі болған адамның мәйітін тапқанын хабарлады.

«18 тамызда Сычевка ауылының маңындағы Ертіс өзенінде ОСО құтқарушылары 1979 жылы туған ер адамның мәйітін тауып, судан шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 тамызда шомылуға тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Павлодар облыстық ТЖД мамандары төрт күндік іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар қайықпен Ертіс өзенінің оң және сол жағалауының 83 шақырымын тексергенін атап өтті. Эхолот көмегімен акваторияның 16 900 шаршы метрі зерттелді. Жағалау сызығының 10 шақырымы жаяу жүріп өтілді. Сүңгуірлер 34 нүктелік сүңгу жасап, өзен түбінің 3 400 шаршы метрін тексерді.