Павлодардың 44 жастағы тұрғыны, бірінші топтағы көру қабілеті бойынша мүгедек Мадина Әбдіғазизова ұзақ уақыт бойы ресми жұмыс таба алмай жүр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Павлодарлық әйел ресми жұмыс істегісі келетінін, дипломы бар екенін, бірақ әзірге кездейсоқ табысқа қанағаттануға тура келетінін айтады. «Биыл мен "мейірбике ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық колледжді бітірдім, массажист біліктілігі бар, грант бойынша оқыдым, стипендия алдым. Мен 20 жылдан бері массажбен айналысамын. 1999 жылы курстарды бітірдім, енді жұмысқа орналасқым келгенде, маған медициналық білім керек деді. Қазір менде медициналық білім бар, барлық құжаттарым бар. Үлкен өтініш - мені тыңдаңыздар! Мен жұмыс істегім келеді», - деді Мадина Әбдіғазизова.

Ол ұлымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуы бойынша берілетін 158 мың теңге жәрдемақыға әрең жететінін айтады. «Мен Павлодардағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіндім, есепке тұрдым, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Емдік массаж, балалар массажы, аппараттық массаж жасаймын. Менде сөйлейтін тонометр бар, оны интернет-дүкеннен сатып алдым. Қарт адамдарға массаж жасамас бұрын, қан қысымын өлшеймін. Мемлекет маған ноутбук берді, телефон берді, бәрі бар, маған тек өмір сүру үшін жұмыс істеу керек», - деді павлодарлық.

Павлодардағы Мансап орталығында қазіргі уақытта оларда жұмыссыз ретінде 185 мүгедек адам тіркелгенін атап өтті. Қазір мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша 69 ұйым кірген тізім бекітілген, онда барлығы 212 квоталық орын қарастырылған. Жұмыс әртүрлі. Негізінен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында.

«Егер Мадина Әбдіғазизоваға қатысты айтатын болсақ, біз бұл секторда бірнеше рет жұмыс ұсындық, ол жолдама алды, бұл сауықтыру кешені. Қазір ол резервте, оған жұмысқа орналасуға көмектесу үшін субсидияланатын жұмыс орнын қарастыруды жоспарлап отырмыз. Өз тарапымыздан оған барынша көмектесуге тырысамыз», - деді Павлодардағы Мансап орталығының директоры Қарлығаш Асаимова.

Сондай-ақ мұнда күн сайын еңбек нарығын және жұмыс берушілердің өзекті бос жұмыс орындарын бақылап отыратынын қосты. Жалпы жыл басынан бері 54 мүгедек адам тұрақты жұмыс орындарына, 12-сі квоталық орындарға ресімделді. Мадина Әбдіғазизова жақын арада өзі де осы тізімге енетініне үміттенеді.