Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы,
педагогика және психология магистрі.
Р. Т. Булебаева.

Танысу.
«Есімдер аллитерациясы» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады. Жүргізуші бастайды: «Менің атым гүлдей Гүлнұр». Екінші қатысушы жалғастырады: «Мен сіздерге гүлдей Гүлнұрды таныстырамын, менің атым ақкөңіл Ажар». Осылайша барлық қатысушыға дейін жалғасады.
Кіріспе сөз:
Мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы керек. Осындай ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Аталған міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі уақыттағы топтық тренинг тәжірибесі қолданбалы психологияның қарқынды дамушы саласы болып табылады. Тренингтер баланың өзін - өзі тәрбиелеуіне қызықтыруы және түрткі болуы мүмкін. Оқушының өзін дамытудың дұрыс жолдарын тауып, саналы қолдануына көмектеседі, өмірлік маңызды дағдылары қалыптасады: қарым - қатынас жасау қабілеті, тұлғаралық қарым - қатынас құра білуге, эмоцияларын меңгере білуге, шешім қабылдауға үйренеді.
Тренингтер әрбір оқушының өзінің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін білуге, өзін - өзі тануға, өзін - өзі жетілдіруге, өзін - өзі белсендіруге көмектесіп, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптестерін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлелдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйренеді, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады.

«Ұғым мәнін айқындау» жаттығуы.
Ұғымның мәні – бұл нақты тұлға сонымен байланыстыратын ассоциациялар.
- «Тренинг» сөзі нені білдіреді?
- «Тренинг» сөзінің қатысы жоқ бірнеше затты атаңыз.
- «Тренинг» сөзін түсіндіретін бірнеше затты атаңыз.
- «Тренинг» сөзін қандай ұғымдармен байланыстырасыз.
- «Тренинг» сөзі неге ұқсайды?
- «Тренинг» сөзі несімен ерекшеленеді?
- Басқа адамға «Тренинг» сөзі туралы түсінігіңізді қалай жеткізер едіңіз?
- Сіздің «Тренинг» сөзі туралы анықтамаңыз сізге еркін болуға, өмірде жетістікке жетуге қалай көмектеседі?
- «Тренингтік» әдістің маңызы мен көмегі.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренинг оқу - тәрбие процесінде XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап қолдана бастады.
Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы бар:
1. мақсаты шектеулі – алдына шағын мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін ғана жұмыс жасайды;
2. өзіне ілестіру бағыттылығы – кең көлемде білім бермесе де, қандай да бір мәселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады;
3. қолданбалық сипаттылығы – оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда, алған білімнің өмірге тікелей пайдалануымен ерекшеленеді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама