Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында жоғары мәртебелі қонақтар, оның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңғажайып тағамдармен сыйланды, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Instagram-да мемлекет басшылары орналасқан ложадан бейне жариялап, VIP-тұлғаларға арналған мәзірді көрсетті.
Салқын тағамдар мен салаттар қатарында: жабайы лосось және ысталған форель, көкөніс мозаикасы, фермерлік ірімшік қосылған үйрек бауыры террині, дәстүрлі ысталған ет өнімдерінің ассортисі, сондай-ақ жаңғақ қосылған маусымдық көкөніс композициясы ұсынылды.
Негізгі тағамдар қатарында құрт соусы қосылған як равиолиі, үйрек консомесі, бекіре уылдырығы қосылған сибас және қара трюфель қосылған бұқтырылған сиыр қабырғасы болды.
Десертке қонақтарға шырғанақ муссы қосылған ванильді крем-брюле ұсынылды.
Сонымен қатар, жиналғандар кештің концерттік бағдарламасын тамашалай алды.
Еске сала кетейік, кеше Қырғызстан астанасында 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Салтанатты ашылу рәсімі «Бішкек Аренада» өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстан құрамасын құттықтады.


