Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу
Қызылорда облысы,
Арал қаласы «Жазира» балабақшасы
І санатты тәрбиеші Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы

«Балдәурен» ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Балалардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Қалдық материалдармен жұмыс істей білуге қызығушылығын арттыру.
Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қ. Баянбаев суреті, Құстар туралы слайд, үнтаспа, бос қораптар, қайшы, желім
Сөздік жұмыс: Пәтер, тұрағым, қонақтау.
Билингвизм. Птенцы – балапандар, Птицы – құстар, Ұя – гнездо, Скворечник - қараторғай ұясы, Скворец - қараторғай.

Мотивациялық - қозғаушылық
«Шаттық шеңбері»
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарымызға шашайық.
Дос дегенің өмірдегі – тірегің,
Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!
Достық туралы тілектер айту.

Ұйымдастырушы ізденушілік
Балалар бүгінгі іс - әрекетімізді бастамас бұрын «Көктемде» суреттер бойынша сөздік ойынын ойнап жіберейік. Күн, Қар, Құстар, Ағаштар, Гүлдер, Жаңбыр суреттерін көрсете отырып, «Көктемде» сөзінен кейін сурет бойынша сөйлем құрату.

Жұмбақ:
Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Балалар, көзімізді жұмып, еркін отырып, үнтаспаға құлақ түрейік:
Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдау.
- Балалар ненің дыбысын естідіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілінде жылы жаққа ұшып келген әнші қараторғайдың дыбысы екен.
Олай болса балалар біз бүгінгі көркем әдебиет оқу іс - әрекетінде ақын жазушы Қастек Баянбаев ағамыздың «Қараторғайдң ұясы» өлеңін жаттап, жыл құстары жайлы әңгімелесетін боламыз.
Біздің жеріміздегі құстардың көпшілігі - жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді, ал күзде қайтадан ұшып кетеді. Сондықтан да оларды жыл құстары деп атайды.
- Жыл құстарына: аққу, тырна, көкек, қарлығаш, қараторғай және тағы басқа құстар жатады.
- Жыл құстарының қандай пайдасы бар?
(Зиянды жәндіктерді құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды.)

Суретпен жұмыс:
Жыл құстарының бірнешеуіне түсінік беріп, олардың тіршілігі, ұқсастығы, дыбыстауы жайлы түсіндіру.
Жұмбақ:
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
Қарлығаш - өте киелі құс. Қарлығаш - құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс. Ұясын адамдар үйінің маңына салады. Оның құйрығы айыр. Сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады.
- Балалар, қарлығаш қандай ертегілерде кездеседі?
- Қарлығаш қалай дыбыстайды?

Жұмбақ:
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей. (Тырна)
Тырна - сирағы ұзын, мойны ұзын ірі жыл құсы. Ұясын судың жиегіне қалың шөп арасына салады.
- Балалар, тырна қандай ертегілерде кездеседі?
- Тырна қалай дыбыстайды?

Жұмбақ:
Су бетін сызып, Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)
Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Аққу ұясын су жағасындағы қалың шөп арасына салады.
- Аққу қалай дыбыстайды?

Жұмбақ
Қулығын асыратын,
Жұмыртқасын өзi баспай,
Басқа ұяға жасыратын,
Өзiн - өзi әйгiлейтiн,
Қандай құс? (Көкек)
Көкек ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды.
- Көкек қалай дыбыстайды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама