Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қабанбайдың бас қолбасы болып, «Дарабоз» атануы

Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасапты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасырынып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы «жау қашты» деп бейғам болады. Сонда қалмақтар үңгірден шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман болыпты дейді. Бірақ жұрт ес жиып, соғыса бастағанда қазақ көп болғандықтан, қалмақтар қайта қашып, үңгірге кіріп алыпты. Сонымен, бекініп жатып садақ атып, Абылайға алғызбай қойыпты. Көп адамы қырылып, ашынған Абылай қолдағы батырларына жар салыпты: «Кімде-кім ерлік етіп, айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дәрежені үнемі сол кісіге бұйырамын!» — депті.

Сонда Абылайға ерген көп батырлардың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпен көміп, қалмақты тұқыртып отырып, әлденеше күн аштықтан тұралатады. Сөйтіп, артынан жеңістің тойын тойлағанда, Абылай Қабанбайды қасына алып отырып:

— Бар батырдан сен оздың, жеке дара шығып, озып тұрсың. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы! Қайратың үшін бұдан былайғы жорықта ұдайы қолбасы сен боласың және бұдан кейін сенің атың Қабанбай емес, «Дарабоз» болсын! — депті.

Оқуға кеңес береміз:

Қабанбайдың батасы

Қабанбай батыр

Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама