Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қандай мамандықтарға химия қажет

Қажет ғылым

XIX ғасырдың басында (ал Либих гимназияны 1819 жылы аяқтаған) химик мамандығы танымал және беделді мамандық болмаған. Бірақ, химияның арқасында адамзат металдар ғасырына жетіп, таптырмайтын басқа да материалдарға қол жеткізді. Ойланып көрсеңіз, айналамыздағы пайдаланып жатқан материалдардың барлығы дерлік химиктердің арқасында. Химия арқылы маталар, киімдер, аяқ киімдер, жиһаз, ыдыс-аяқ, жуғыш және жарылғыш заттар, бояулар, құрылыс материалдары, косметика, электротехника, тасымал құралдарының барлық түрлері және тағы да басқа қажетті, пайдалы заттар шығарылады. Химияның деңгейін М.В. Ломоносовтың сөздері айқын көрсетеді: «Адам өмірінде химия қолын кең жайған».

Ал химик болса әлемді өзгертуде. Химик қарапайым минералды шикізаттан жаңа заттар және композитті материалдар шығарады, табиғи құрауыштарды адамға қажетті жүздеген, мыңдаған заттарға айналдырады. Қазіргі таңда адамзатқа 10 млн-ға жуық химиялық қосындылар белгілі, ал сіз тұңғыш ашушы болып бұл көрсеткішті арттыруыңызға болады. 

Сізден химик шыға ма?

Бәлкім тап қазір химиямен өз өміріңізді байланыстыру қажет пе, бұл салада керемет жетістіктерге жетуге қажетті қабілеттерім бар ма деген мәселелерді ойластыруда шығарсыз. Академик Д.А.Эпштейн химик болу үшін екі нәрсе қажет деп сенген «химиялық бас» + «химиялық қол». Оны қалай түсінуге болады? Адамда логикалық, ассоциативті және бейнелі ойлауы жақсы деңгейде, абстракциялаушылық және жинақтаушылық қабілеттері, терминологиялық жады болса, ода  «химиялық бас»  бар деуге болады. (Бұл қасиеттерге ие адам кез-келген жаратылыстану ғылымында – биология, физика немесе географияда жетістікке жете алады.)

Бірақ нағыз химик болу үшін – заттар мен олардың айналу процесстеріне және олармен жұмыс істеуге деген қызығушылық болу қажет.  Химиялық ойлаудың ерекшелігі зат туралы бейнелі және модельді ойлау және микроәлем деңгейінде айналуларды елестете білуде. Осындай ойлау қабілеті бар адамда, сонымен қатар, қолдары ұқыпты,  сезімтал болса – онда ол туа біткен химик-синтетик немесе аналитик деген сөз.

Танымал химия кемеңгерлерінің өмірбаяндарын қарастырған кезде, балалық шақтарында заттардың айналу үрдістері олардың қызығушылығын тудырған. Д.И.Менделеевтің балалық балалық шағы әйнек зауытында өткен болса,  Ю. Либих әкесінің дәріханасында дәрілердің қалай жасалатынын аса қызығушылықпен бақылаған, В. Оствальд фотосуретпен айналысқан, оны әсіресе айқындағыш, бекіткіш ерітінділері және қағаз бетінде суреттің шығу үрдістері аса қызықтырған.

Басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады, бірақ негізгі мәселе анық – жақсы химик болу үшін, сізді үрдістердің химиясы қызықтыру қажет. Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді толықтай тексеріп, химия ғылымымен және химия өндірісімен толық танысқыңыз келсе, В. Лисичкин және Л. А. Коробейникованың «Химик болуға жарайсыз ба?» деген кітапты оқысаңыз болады.

Қауіп-қатер

Жұмыс орнында химик әрдайым улағыш, күйдіретін, тез жанғыш заттармен жұмыс істейтін болғандықтан, бұл мамандыққа байланысты қарсы көрсетілімдерді ескеру қажет.

Сезім мүшелерінің жетілмегендігі (дене түйсігі арқылы, яғни көз, иіс сезімі), жүйке жүйесінің бұзылуы (бас айналу, қолдардың дірілдеуі), жүрек-қан тамырлары мен дем алу жүйесінің аурулары, алаңғасарлық, нашар зейін, аллергиялық реакцияларға бейімділік.   

Осының барлығы мамандық бойынша жұмысқа кедергі болады.

Қазіргі химиктің хал-жайы, күйі жаман болады деп те ойламау керек. Қауіпсіздік техникасын сақтау, заманауи қорғаныс құралдарын пайдалану денсаулыққа тиетін зиянды болдырмайды, ең болмағанда минимумға келтіреді.

Үш жол

Химик болуды шешкен адамға білімді негізгі үш бағытта алуға болады, таңдаған бағыт болашақ жұмыс орныңызды да анықтайды.

Ғылыми қызмет

Нақтылы химия білімін классикалық университеттің химия факультетінде алуға болады.

Мұндай маман иесі өз мүмкіндіктерін химик-зеттеруші ретінде жүзеге асыра алады.

Егер сізді ғылыми зерттеулер қызықтырса, химиямен қосымша айналысқанды ұнатсаңыз, химиядан олимпиадаларда жетістіктерге қол жеткізіп,  адам өмірінде химияның алатын орны ерекше деп түсініп, нобель сыйлығы туралы армандайтын болсаңыз, бұл қызмет саласы сізге арналған.

Болашаққа үлкен үмітіңіз бар. XXI ғасырда шешілуі қажет болған 14 негізгі қолданбалы мәселелердің ішінде (2006 жылғы АҚШ-тың Ұлттық инженерлік академиясының есептемесі бойынша) үшеуін шешу міндеті химиктерге жүктелген.

Зерттеуші-химикке жоғарыда айтылған «химиялық бас» + «химиялық қол», ақиқатқа жетуге деген құштарлық және зерттеу жұмыстарына деген қабілеттілік қажет болады.

Заманауи химиялық зертханалар көптеген күрделі құралдармен жабдықталған, бірақ оған қарамастан зерттеуші-химик қолмен жақсы жұмыс істей білу керек.

Еңбектің негізгі жемісі – ғылыми ақпараттың жиналуы, ғылыми журналдарға шығу, патент.

Егер сіз химиямен ғылыми тұрғыдан айналысқыңыз келсе, жұмыс орны ретінде ЖОО зерттеу зертханалары мен ҒЗИ (ғылыми зерттеу институты) сізді күтеді.

Педагогика

Педагогикалық химиялық білімді классикалық университеттің химия немесе биология факультеттерінен алуға болады, сонымен қоса педагогикалық институттың химия немесе биология-химия факультетінен алсаңыз болады. Мұндай оқу орнын бітірген маман мектепте химия пәнінен сабақ бере алады немесе училище мен техникумдарда химияны оқытуына болады.

«Химиялық бас» және «химиялық қолмен» қатар педагогикалық қабілет қажет, себебі бұл жағдайда алдымен «адам-адам» қарым-қатынасы бірінші орында, кейін ғана – «адам-зат» және «адам-табиғат».

Химия пәнінің оқытушысы ретінде, оқытушы мамандығын ұнатсаңыз (қазіргі мұғаліміңіздің орнына өзіңізді қойып көріңіз) балаларды және табиғатты жақсы көріп, мектепте химия пәнінен мадақталсаңыз бұл мамандықты таңдауыңызға болады.

Оқытушының негізгі еңбегі – химияны оқыту, еңбегінің негізгі жемісі – оқушылардың химиялық білімдерін және экологиялық мәдениеттерін көтеру болып табылады. Ескеретін жағдай оқытушы қызметінде жүрген химиктің қауіпті заттармен түйісуі ең аз, яғни жарақат алу қатері немесе уақыт өте созылмалы ауруға душар болу қауіпі жоқ.

Технолог

Технологиялық химиялық білімді мамандарды техникалық ЖОО-ның химия-технология факультеттері шығарады.

Ол жерде білім алған маман химия өндірісінде инженер-технолог жұмысын атқара алады. 

Технологтың негізгі атқаратын қызметі – «адам-техника» және «адам-зат», техникалық ойлау, өнертапқыштық қабілеттер де артықшылық етпейді, жұмыс орындары – зауыттардың цехтары және өндірістік зертханалар (жұмыс ғимаратта немесе «химиялық микроклимат» жағдайында ашық ауада).

Химик-технолог мамандығы пластмассаны өндіру және өңдеу өндірістерінде, лак және бояу, тыңайтқыш жасау өнідістерінде, мұнай химиясы зауыттарында сұранымға ие.

Химик-технологтың негізгі жұмысы берілген қасиеттер бойынша жаңа құрам дайындау, ұтымды шикізатты зерттеп, таңдау, жаңа өнімдерді шығару технологияларын енгізіп ол үрдістерді қадағалау, алынған заттардың қасиеттерін зерттеп олардың сапасын арттыру мақсатында рецептерді түзеу.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама