Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигураларды салыстыра отырып көлемін табуға үйрету. Есептерді сурет бойынша құрастыруға баулу. Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырма, карточкалар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру, салыстыру

Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
Мұғалім:
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау:
Тірек білімдерін белсендіру.
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады? (сол санның өзі шығады)
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5. 2 - ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6. 2 - ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
Топқа бөлу:
Ұзындық - L
Аудан - S
Көлем - V
Қызығушылықты ояту
Ұзындықтың өлшем бірлігі не? – Аудан ның өлшем бірлігі не?- Көлем өлшем бірлігі не?
Жаңа сабақ
Түсіндіру:
Шамалар әр түрлі болғандықтан олардың өлшем бірліктері де әр түрлі болады.
Ұзындықтың бір өлшемі, ауданның екі өлшемі, көлемнің үш өлшемі бар.
1 - тапсырма(ауызша)
А). Сымның ұзындығын см - дің көмегімен анықтауға болады.
Ә). Тік төртбұрыштың ауданын квадрат сантиметрмен анықтауға болады.
Б). Көлемді табу үшін куб сантиметрмен анықтауға болады.
2 - тапсырма.»Ой қозғау»
Фигуралар неше текшеден құрастырылған?
«Ойыңды дәлелде»
1. Текшенің неше жағы бар? - 6 жағы бар
2. Текшенің неше қыры бар? - 12 қыры бар
3. Текшенің неше төбесі бар? - 8 төбесі бар
4. Текшенің әрбір жағы қандай фигура? – Шаршы
5. Текшенің әрбір қыры неден құралған? – Кесінді
6. Текшенің әрбір төбесі неден құралған? - Нүкте.....
3 - тапсырма. «Ойлан, тап»
Ыдыстардың әрқайсысына неше литр сұйық құюға болады?
Олардың әрқайсысының көлемі неше куб сантиметр?
10см*10см*10см= 1000(куб см.)- 1л.
10см*10см*20см= 2000(куб см.)- 2л.
10см*10см*30см= 3000(куб см.)- 3л.
Сергіту сәті
4 - тапсырма( топтық жұмыс)
1 - топ.
1 л майдың бағасы - 360 тг х2?
1 л айранның бағасы - 250 тг х2
Ш: 360*2+250*2=720+500=1220
Ж: Айдос барлығы 1220 тг төледі
2 - топ
1 л шырынның бағасы - 300 тг х3?
1 л қаймақтың бағасы - 200 тг х2
Ш: 300*3+200*2=900+400=1300
Ж: Ербол барлығы 1300 тг төледі
3 - топ. Қосымша тапсырма
5 - тапсырма. (өзіндік жұмыс)
1 - топ.
8*8+6*5=94
9*9 - 7*6=39
70*5 - 40: 2=330

2 - топ
(8+6): 2=7
(37 - 9): 4=7
(48 - 13): 5=7

3 - топ
(86 - 50): 9=4
(37+19): 8=7
(125+235): 6=60

тақтада
(13+77)*4=360
(89 - 80)*7=63
117 - 83)*9=306

6 - тапсырма «Кубизм» әдісі
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар текше тәрізді, тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттардың суретін салады.
Ұзындық тобы – текше тәрізді заттар (құрастырғыштар, шақпақ қант, иттің үйшігі т. б.)
Аудан тобы – тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттар (үй, шкаф, сандық, сыйлық т. б.)
Көлем тобы - жолақша тәрізді заттар ( сызғыш, жіп, сым, лента...)
Үйге тапсырма
7 тапсырма 28 бет.
Бағалау

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
"№10 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулара Ибрахимовна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама