- 14 қаз. 2020 00:00
- 266
Қазұу жаңа ғылыми инновациялық даму жолындағы бастамалары
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазіргі кезде өзіндік тарихы мол, қара шаңырақ ұғыммен бірге жаңа ғылыми инновациялық даму үрдісі кеңінен қолға алынуда. Бұл ең алдымен жаһандық даму жүйесіндегі бәсекеге қабілетті заманауи озық жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарына суырылып шығуымен тікелей байланысты. Осылайша университетіміздің ең алдымен инфрақұрылымдық деңгейі жаңғыртылып, жаңа ғылыми – зерттеу орталықтары гуманитарлы және технарлы бағыттарда да көптеп шоғырлануы, ондағы жаңа инновациялық технологиялар мен жаңа идеяларының әсері, жылда өткізілетін Әл-Фараби оқулары немесе Сәуір конференцияда мақала, баяндама түрінде тіпті, жаңа форматтағы слайд-шоу, презентация түрде көрсетілуі ғылыми инновациялық дамуын айқындап отыр.
Сонымен бірге, қазіргі таңда гуманитарлы бағытының оның ішінде Тарих ғылымына қатысты, Тарих, Археология және Этнология факультетінің профессор мұғалімдерінің жаңа инновациялық даму жолында айқын көрініс тауып отыр. Мәселен, т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б. Б. және де т.ғ.д., профессор Омарбеков Т. сынды тәжірбиелі мұғалімдерінің жаңа көзқараста яғни ұлттық көзқарас принципі негізінде тәлім алсақ, т.ғ.д.,профессор Т.Төлебаев, т.ғ.д., Жарқынбаева Р. С. сынды оқытушылардың жаңа батыстық инновациялық ғылымның аясында жаңаша бағыттың «пәнаралық бағыт», жаңаша методологиялық бағыттарының «феноменология», «этнометодология» сынды бағыттарының тиісінше танып оның отандық тарих зерттеулерге оңтайлы түрде қолдануымыз, жаңа ғылыми инновациялық даму деңгейін жаңа сатыға көтереді деп санаймын. Осылайша, пәнаралық тіпті ғылымаралық бағыттың дамуы, нақты тарихпен ғана айналыспай зерттелу шеңберіміз кеңейіп, басқа да проблемаларды жан-жақты талдап қарастыруға мүмкін болады. Ал, осы мәселелерді өзіндік ұлттық көзқараспен бекіту арқылы, тарихи синтезінің толық көрінісін ала аламыз. Аталған жаңа инновациялық бағыттың тек қана біздің Тарих, Археология және Этнология факультетіне ғана емес, басқа да факультеттерінде өзіндік жаңа ғылыми инновациялық даму жолдары жасалуда. Мәселен ИТ, Механика-Математика, сынды факультетінің өзара бөлінуі өзіндік кикілжін емес, керсінше тереңдетілген мамандықты одан әрі тереңдете оқытып, замаңға сай жаңа ІТ- маман иелерін даярлауға бағытталған, ал осы даярлау барысында тәжірбиесі мол ұстаздар мен жаңа амбицияға толы жас мұғалімдерінің ықпалы тікелей маман даярлауда әсер етеді. Ал осы аталған мәселелердің барлығына ортақ обьект ол әрине Қаз ҰУ кітапханасының орналасуы. Яғни өзіміздің жеке кітапханамызда сирек кездесетін ғылыми кітаптар немесе танымал ғылыми-әдеби кітаптардың орналасуы студенттер, магистранттар, докторанттар үшін өте маңызды. Және де, өзімнің қосар ұсынысым қазіргі әлемдік жаһандық деңгейде ғылыми-инновациялық даму үрдісі көп жағдайда практикалық көрсеткішті талап етуде. Яғни осыны ескере отырып, ғылыми ізденістерінің нәтижелерін немесе қорытындыларын жалпы қоғамға жаңаша тұрғысынан көрсету, дәлелдеу. Мысалы: кішігірім видео немесе кино арқылы қызықты етіп, әрине ғылымилығын көрсете отырып, тіпті нақты мамандыққа қатысты сол ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін практикалық тұрғысынан көрсетуі ең алдымен жастарымызды ғылымға баулаға, екіншіден сапалы ғылыми базаны қалыптастырамыз.
Кәрібаев Б. Б. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Исахов Е. А. тарих, археология және этнология факультетінің Ғылыми тарих – мамандығының 2 курс магистранты