Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Білім беру салалары: "Шығармашылық", "Қатынас"
Бөлімі: "Сурет", "Музыка"
Мақсаты: қыс мезгілі және қыста мекендейтін құстардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дәстүрден тыс сұқ саусақпен сурет салу арқылы дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: қыс көрінісі суреттері, құстар, жемсауыт суреттері.
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Билингвальді компонент: құстар - птицы.

Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог балаларды ортадағы безендірілген шырша жанына шақырады.
- Біз балабақшада қандай мерекені өткіздік?
- Мерекеге кімдер келді?
- Не алып келді?
- Жарайсыңдар, балалар, бізге Аяз ата шырша сыйлаған екен.
- Балалар, егер шыршада аяқтары болса, бізбен бірге топ - топ билер еді, шамдары жанып, ойыншықтары жарқырар еді, бізге міне, Аяз ата осындай әсем шырша әкелді.

Ұйымдастырушылық - ізденіс
- Балалар, біз Аяз ата әкелген шыршаны қалай безендіргенімізді қонақтарға көрсетейікші.
Саусақ жаттығуы.
1, 2, 3, 4, 5 (саусақтарын санайды).
Шыршаны безендіреміз (қолдарын басына қояды).
Біз шарлар ілеміз (қолдарын жоғары көтеріп, дөңгелетеді).

Жарқыраған жалтырақтар ілеміз (қолдарын жоғары көтеріп, қозғалтады).
Олар алтын шарлар (қолдарын ашып - жұмады).
Біз де қуанамыз, қорқақ қояндар да қуанады.
(қолдарын басына қойып, қоянның құлақтарын көрсетеді).
- Ал енді, балалар, бәріміз шыршаны айнала "Шырша" әнін айтайық.
- Балалар, алыста орманда ерекше шыршалар өседі екен, олардың жанында құстар ұшып жүреді. Сол орманға барғыларың келе ме?
- Олай болса, балалар, барлығымыз шанаға мініп, әндетіп құстарға барайық.
"Сели на саночки" әні орындалады.

- Балалар, қараңдаршы, енді біз залда емес, орманға келдік, орман жай орман емес сиқырлы орман екен, шыршалар да, қояндар да, аққалалар да бар екен, оларды қар басқан, ғажап екен.
- Мұнда құстардың шыршасы да бар екен. Шыршаға жемсауыт жасаған екен, қараңдаршы, құстардың түрі көп: ақсағал да, торғай да, бозшымшық құсы да қонып отыр.
Бірақ шыршаға көп құс қонып отыр, ал жемсауыттағы нан қиқымы көп құсқа жете ме?
- Олай болса барлығымыз мына тұрған жұмыс жасайтын орнымызға жақындап, жемсауыттағы қонып отырған құстарға жем шашайық, балалар.
Сөздік жұмыс: жемсауыт.

- Тамаша, балалар, әдемі құстарға мол жем шаштық, енді осы құстарды санап көрейікші.
- Құстарды таныдық па, қандай құстар?
Билингвальді компонент: құстар - птицы.
- Балалар, енді барлығымыз шырша жанына барайық, құстар әнді жақсы көреді ғой, барлығымыз құстар туралы ән айтайық.
- Балалар, қараңдаршы, құстар қуанып қалды, бірақ құстарға ескертіп қояйық, жақын жерде мысықтар жүреді, олар құстарды ұстап алғысы келеді, сондықтан да сақ болыңдар.
(Мысық мияулайды).
- Ой, қане, балалар, тездетіп ағаш бұталарына қонайық.
Таңғажайып сәт.
Залға мысық кіреді.
Қимылдық ойын: "Мысық пен құстар"

Рефлексиялық - түзетушілік
- Балалар, бізді мысық ұстай аламай кетіп қалды. Кәне, барлығымыз шырша құстарын көрейік олар қуанды ма екен?
- Балалар, құстар бізге риза болып, бізге тікенекті шырша бұтақтарын әкеліпті, олар жәй бұталар емес сиқырлы екен. Қане, барлығымыз бірге "шырша бұталары шырша сыйлықтары болыңдар" деп дауыстайық.
Педагог балаларға конфеттер сыйлайды.
Мадақтайды, мақтайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілі және қыс мезгілінде тіршілік ететін құстардың тіршілігін;
Нені түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екендігін;
Нені меңгереді: дәстүрден тыс әдіс сұқ саусақпен сурет салуды;

Атырау қаласы,
МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Байбулатова Гулбаршын Жолдыгалиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама