Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Рационал сандарға амалдар қолдану
Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану (презентациясымен)

Білімділік мақсаты: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін саралау, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: танымдық қызығушылығын, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа, оқуға ынтасын тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, карташалар, деңгейлік есептер топшалары, тест тапсырмалары

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең
А) оқушылармен сәлемдесу;
Б) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ертеде бір патшалықта «Рационал сан» атты патша өмір сүріпті, ол патшаның «Оң сан» және «Теріс сан» атты екі ұлы болыпты. Ұлдарының ақылы көркіне сай болса да, өздерінің патшалықта алатын орны мен маңыздылығы жөніндегі даулары бітпепті. Екі ұлының дауынан шаршаған патша оларды шақырып:
- Екеуіңе үш үлкен сынақ беремін, қайсың содан сүрінбей өтсең, патшалықтың мұрагері атанып, бар байлықты иеленесіңдер депті. «Оң сан» мен «Теріс сан» нөкерлерін жинап сайысқа кірісіп те кетеді.
Мен сіздерге бағалау парағын таратамын, бүгінгі ертегілер әлеміне саяхатымызды осы парақ арқылы бағалайтын боламыз.
1). «Шешендік өнер»
Оқушыларға карташалар таратылады. Оның жартысында ережелердің басы, қалған жартысында соңы жазылған. Оқушылар сәйкес ережелерді құрып, ауызша айту керек.
№1
Екі теріс санды қосу үшін:
алдына минус таңбасын қойып, қосылғыштардың модульдерін қосу керек.
№2
Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін:
алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қойып, үлкен модульден кіші модульді азайту керек.
№3
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін:
көбейтіндінің алдына «-» таңбасын қойып, сандардың модульдерін көбейту керек.
2) «Өнер»
«Графикалық диктант»
Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Егер тапсырманың жауабы дұрыс болса кесінді, қате болса бұрыш салу керек. Тапсырма орындалғаннан кейін тақтадағы сурет бойынша суреттері тексеріледі. Неше сурет дұрыс болса, сонша ұпай қойылады.
1. - 13+29=- 16 --------------- 6. - 5 - 8 - 15 - 12=- 40
2. - =- 1 ------------------------- 7. 18*(- 3)=- 54
3. 3 - 5, 8=- 2, 8 --------------- 8. *(- 2)=- 1
4. 2 -(- 9)=- 7 ------------------ 9. (- 2) 3=- 8
5. 0 - 19=19 -------------------- 10. - 7:( - 14) =0, 2

Дұрыс жауаптар санына қарай ұпай қойылады.
ІІІ. «Күш сынасу»
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей:
1) Есепте:
А) - +(- )
Б) 7+(- 7)
В) 9, 3+(- 10)
г) - 45 -(- 20)
д) - 5 *(- )
е) - 7, 2: (- 9)

ІІ деңгей:
2) Есептемей салыстыр:
А) - 5, 9+3, 6 және 5, 9+(- 3, 6) Ә) 4, 5+(- 1, 6) және 1, 6+(- 4, 5) Б) - 7+(- 3, 2) және 3, 2+(- 7)
3) Өрнектің мәнін тап:
А) (6 - 15):(7 - 2, 5)
ә) (- 0, 25)*(- 7)*(- 4)
ІІІ - деңгей:
4) Өрнекті ықшамда: А) а+(- в)- 2а
б) - а+(- в)+2а - в
1деңгейдің әр есебіне 1 ұпайдан, 2 деңгейдің әр есебіне 2 ұпайдан, 3 деңгейдің әр есебіне 3 ұпайдан қойылады.
ІУ. Тест жұмысы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама