Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында тұрғындар аюлардың ізін жиі байқай бастады. Қала әкімдігінің мәліметінше, жыртқыштарды іздеу үшін жедел жауап беру тобы жіберілген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Риддер тұрғындары тапқан аю іздерінің фотосуреттерін Instagram-дағы noks_oskemen парақшасы жариялады. "ГЭС артындағы бақшалар ауданындағы топырақ жолдан аюдың жаңа іздері табылды", — делінген жазбада.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, азаматтардың өтініші бойынша 25 тамыздан бастап Риддерде орман және аңшылық шаруашылығы жедел жауап беру тобының екі экипажы жұмыс істеп жатыр. "Елді мекендерге жақындаған аюларға қатысты рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Бұл бағытта арнайы құралдар: дрондар, тепловизорлар, арнайы көліктер қолданылуда. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Бұл жұмыс күздің соңына дейін жалғасады. Тұрғындармен сөйлесеміз, аюлар туралы ақпарат аламыз, осы ақпарат бойынша сол ауданды өңдейміз", — деді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысында аюдың адамға шабуыл жасағаны белгілі болған еді. Куәгерлердің айтуынша, омартада жұмыс істеген 58 жастағы ер адам зардап шеккен. Кейін зардап шеккен адамның өзі болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.


