Сәлем - сөздің анасы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК
Орындаған: Қ-46 топ студенті Қожан Оралхан Қожанұлы
Жетекшісі: Парманкулов Канат Жаксымбекович
МАЗМҰНЫ
1. Мақсаты
2. Көрнекілігі
3. Сабақтың барысы
3.1 Кіріспе сөз
4. Негізгі бөлім
4.1 Тіл қатынас құралы
4.2 Ой қозғау
4.3 Жақсы сөз, жарым ырыс
4.4 Пікірлесу
1. МАҚСАТЫ
Қазақ халқының терең тамырлы, өнегелі, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени-мұрасын оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерін іс-әрекетпен ұштастыру, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілерімен халықшылдық, имандылық, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу.
2. КӨРНЕКІЛІГІ
«Әдептілік ережесі», «Даналық әліппесі», «Тыйым, ырым сөздер», «Әдептілік және әдепсіздік туралы топтастыру стратегиясы» және «Адам бойындағы мінез-қасиеттері» туралы слайд, гүлдер мен шараларды безендіру, қазақтың ұлттық қоржынынан сұрақ пәкеттерін алу.
3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ
Ойқозғау
4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
4.1 Кіріспе сөз
Үлкенге ізет, кішіні өмір шыңына шығарар ұлағаттық деп бүгінгі «Сәлем –сөздің анасы» тәрбие сағатымызды қатар құрбыны оқшауламас, алаламас кең пейілдік. Барға қанағат, жоққа апшымас жайсаңдық. Айтыс – тартыстан аулақ, астамшылыққа аяқ баспас адалдық. Сыпайылықтың қазақы бір танымы негізінен қыз-келіншекке тән ибалық, ерен ұстамдылық, иман жүзділік, жылы лебіздік.
5. Негізгі бөлім
1. Қыз және ұл-баланың әдептілігі туралы
2. Сәлемдесу мәдениеті туралы
3. Көрініс: «Тәрбиедегі қателік»
4. Құпия хаттарға жауап беру
5.1 Әдептілік туралы
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесімен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.
Әдептілік ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Әдептіліктің бір үлгісі биязы сыпайылық. Өмір қалпының тәлімді қарапайымдылығы. «Сары майдан қыл суырған» тазалық пәктік. «Сыры кетседе сыны кетпес» сұлу сәнділік. Жан-жаралар, бет жыртар бөгде сөзсіз «Біз, сіздік». Шаршау шығармас сыр түйінділігі, ілтипаттық, тәртіптілік, құрметтілік. Ұят, ұяттық – арлы мінез көркем мінез-адамның эстетикалық – этикалық сәнімен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.
Ұлың өссе, күндей болсын деп тіле,
Қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле.
Қыз және ұл-баланың әдептілігі туралы.
Әдепті бала - әдемі. Әдептілік дегеніміз - өзін-өзі кез-келген орта әдепті де, мәдениетті ұстай білу, қарт кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, олардың амандығы мен денсаулығын сұрай білуі. Амандасудың да адамгершілік, ілтипаттылық, әдептілік, имандылық мәні зор. Иманы жоқтың – ұлты жоқ.
Ұл-бала – шаңырақ иесі, ер – азамат, ата-ананың отын тұтатушы. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындасына қамқоршы, ел қорғаны болуға міндетті. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлай білген. «Қызың өссе, қызы ибалы мен көрші бол» деген бабаларымыз айтқан.
«Қыздың жолы жіңішке» демекші, - қызды қазақ жат жұрттық, үйге қонаққа санаған. Осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп, тіл тигізбей тәрбиелеген.
«Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей қыздарымыз инабатты, өнегелі нәзік болып өссе екен дейміз.Тіршіліктің қысыны тәртібі, әдебі бар. Кез-келген адамның негізгі тіршілікте: ұйықтау, ояну, киіну, еңбек ету, тынығу. Әбір тіршіліктің өз мәні бар, өз тәртібі бар. Сен өз-өзіңе қызмет ет. Сен өз басыңа қызмет ете алмасаң, яғни өмірге қалыптасқан қағидалар мен әдептілік орындалмай опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет, өз-өзіңді бағалай біл.
Ата-анасын сыйламаған адамда адамдық қасиет жоқ. Ең әдепті бала ата-анасының алдында әдеп-ғұрыпты сақтап, ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтай білу керек, аяулы анаң ас әзірлеп, дастархан мәзірін жасағанда көмектесіп, әкесін тамаққа шақырып, алдымен әке татқан соң ғана басқа балалары әдеппен, «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл – ұлттық әдеп.
«Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса, ол – ауру. Кез-келген әдепті адам уақытында жатып, уақытында тұрып, тіршілігін жасамаса адамдық қасиеттен айырылап қалады. Халық салтында үлкенге жол беру, орын ұсыну, үлкеннің алдында әдеп сақтап, ізетті болу жеке адамның парызы болып қалыптасқан халықтық дәстүрді қастерлей білмеген бала әдепсіз бала.
Әдептілік, имандылық амандасудан басталады.
Адам баласының рухани қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу.
5.2 Сәлемдесу мәдениеті туралы
Сәлеметсіз бе? «Сізге сәлем жолдаймын» немесе тәуліктің мезгіліне қарай, «Қайырлы түн», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздерді айтып амандасады.
Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу керек. Тіпті ең жақсы досыңа да қолыңды немесе қалпағыңды бұлғай, көшенің арғы жағынан «сәлем» деп айқайлауға болмайды. Әдетте қарсы келе жатқан адаммен қатарласуға бірнеше қадам қалғанда амандасады.
Ұлбалдар жанынан өтіп бара жатқан қыздармен немесе өздерінен жақсы үлкен кісілермен амандасқанда орнынан тұрады және қыз бала мен әдеттегідей, басын иіп, ал жақсы үлкендермен иіліп амандасады. Қол алып амандасқанда орнынан тұру дегеніміз құрмет көрсету. Егер сізге мүлде басқа адам сәлемдескен жағдайда жауап қайырып, оған өзінің қателескенін аңғартпау керек. Егер сіз сәлміне жауап қайруға үлгермей қалсаңыз, онымен келесі кездескенде кешірім сұрауыңыз керек. Танысыңызды жиі көрсеңізде міндетті түрде амандасып тұру керек. Егер жағдай мәжбүр ертпесе, танысыңызды аңғармаған түр көрсету әдептілікке жатпайды. Ереже бойынша, өзіңізге таныс адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Бірақ өзіңіз сөйлесіпүлгермеген болсаңыз, яғни жұмысқа бара жатқанда, дүкендерде немесе басқа жерлерде жиі кездестіретін адамдармен де амандасуға болады.Сіз ол адамдармен ешбір таныстығыңыз болмаса да бөтен адаммен амандасқан қателік емес-деп ойлаймын.
Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс. Бірақ екінші адамның қолын қатты қысу немесе ұзақ жібермей тұру орынсыз. Стол үстінде қол ұсынбайды. Қол алысу үшін ұсынылған қолды алмау-қорлағандық. Егер сіз қандайда бір себептермен қолыңызды бере алмайтын болсаңыз мұны айтып, сыпайылықпен кешірім сұрауыңыз керек.
Бас киімді шешіп сәлемдесу - әдемі – ғұрып, бірақ көрегенділіқ қалпақтың қаншалықты көтерілгендігі арқылы емес қайта адамның бүкіл мінез-құлқы арқылы, атап айтқанда оның амандасқан кезіндегі бет әлпетінің кескіні арқылы да анықталады. Бас киімді алмай-ақ сыпайы амандасу болады. Әдептіліктің өзі сәлемнен басталады. Сәлем – сөздің анасы.
Білгені жөн әр қазақтың баласы – дегендей әр халықтың өмір сүруіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу әдептері де әр-түрлі болады.
Күншығыс елі жапондықтар бір-біріне иіліп,екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп жымиа күледі. Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл басымыз аман болсын дегені. Ертедегі қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқпа?» деп сұрайды.
Ал бізде ше? Ассалаумағалейкум ата? (Сізге амандық тілемін)
Уағалейкумсалам, балам! (Сізге де амандық тілеймін!)
Деніңіз саума? Аман-есенсізбе?
Құдайға шүкір, балам. Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.
Сәлем бердік әже! Бақытты бол! Көп жаса! Өркенің өссін!
Үй іші, бала шағаңыз аман ба? Тәңірге тәуба, барлығы күйлі қатты аман есен.
5.3 Көрініс: «Тәрбиедегі қателік»
Сахналық қойылым. «Тәрбиедегі қателік»
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегін.
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезіңде,
Сыйлы болмақ өзі де.
5.4 Құпия хаттарға жауап беру
Қазақтың ұлттық қоржынынан сұрақтарға жауап беру.
Мектепте шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істер едің?
Көшеден біреу жөн сұраса не істерсің? Автобус не троллейбуста егде адамды көргенде не істейсің? Қандай жағдайда орыннан тұрып басын иіп амандасу керек?
Үлкен кісі мен қалай сөйлесу керек? Қалай амандасу керек?
Сен «әдептілік-әдемілік» дегенді қалай түсінесің? Жүгі ауыр қарт кісі алдыңнан шықса не істейсің? Мүгедек адам жолдан өте алмай тұр, не істейсің?
6. ҚОРЫТЫНДЫ
Болсын елім тыныштықтың тұрағы,
Жас ұландар болсын мәңгі қырағы
Сендерсіңдер жаңа ғасыр жастары
Болашақтың мәңгі өмір шырағы.
Дей отыра «Сәлем сөздің анасы» деп аталатын тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет айтамыз.
7. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар. Кезекті басылымдар
- Интернеттегі материалдар
- Ұстаз жаршысы газеті