Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір қазақстандықтарға табыстарды көрсету кезінде анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Комитеттің мәліметінше, камералдық бақылау нәтижесінде жалпы белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің табыстарын толық көрсетуде сәйкессіздіктер анықталған. Сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер де қателіктер жіберген. Бұл 2025 жылғы кезеңге қатысты.
«Сәйкессіздіктер салық нысандарының, электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ), екінші деңгейлі банктердің ақпаратының (POS-терминалдар мен мобильді төлемдер) және өзге де ақпарат көздерінің деректерін зерделеу мен талдау негізінде анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді», — делінген ресми мәлімдемеде.
Комитетте салық төлеушілердің сәйкессіздіктерді өз бетінше жою мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Хабарламаны алғаннан кейін оны орындауға 30 жұмыс күні және шамамен 45 күнтізбелік күн беріледі.
«Егер сіз сәйкессіздікпен келіссеңіз — қосымша салық есептілігін тапсырып, өзіңіз есептеген салық сомаларын төлеңіз. Егер бұзушылық жоқ деп есептесеңіз — негіздемемен түсініктеме беріңіз. Бұл хабарламаны орындаудың баламалы тәсілі», — деп қосты салық қызметі.
Хабарламаның бар-жоғын салық төлеушінің жеке кабинетінде тексеріп, оны орындауға болады.


