Қазақстанда «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына қатысты ұстаулар жалғасып жатыр: бұл жолы қордың тағы бір қызметкері тергеуге ілікті. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

NUR.KZ тілшісіне «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі мәлім еткендей, қор қызметкерлерінің бірі ұсталды. Қор өз қызметкеріне қатысты тергеу іс-әрекеттерінің жүргізіліп жатқанын растап, оның ұсталғанын нақтылады.

«„Самұрық-Қазына“ АҚ қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірі қызметкерінің ұсталуы оның бұрынғы еңбек қызметіне байланысты мән-жайларға қатысты екенін және оның қазіргі лауазымдық міндеттерін атқаруына қатысы жоқ екенін хабарлайды. Қазіргі таңда уәкілетті органдар тиісті тергеу іс-әрекеттерін жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын хабарлаған болатын. Көп ұзамай «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Осыдан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Кейін қор АҚ және қор тобының барлық өзге компаниялары өз қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Кеше «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті соттың қамауға алғаны белгілі болды. Сонымен қатар Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қор басшылығы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады.