Семейде жаңа аспалы көпірде бір адамның өмірін қиған жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, ал Абай облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 23 тамызда сағат 23:00 шамасында болған. Mitsubishi Pajero және Lada Priora көліктері соқтығысқан.

«Алдын ала деректер бойынша, Mitsubishi Pajero жүргізушісі басқаруды жоғалтып, қоршауға соғылып, содан кейін қарсы бағытқа шығып, Lada Priora көлігімен соқтығысқан», — деп хабарлады Абай облысы ПД.

Жарияланған кадрларда көліктің бүйіріне аударылғаны көрінеді. Полицияның түсіндіруінше, апат салдарынан Mitsubishi Pajero жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу және процессуалдық іс-әрекеттер кешені жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.