«Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш)
Ойын - сауық
«Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш)
Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуына және бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік рухани сапасын қалыптастыру. Коммуникативтік – тілдік басқа балалармен, ересектермен қатынасты құра білуінің қалыптасуына жағдай жасау.
Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, ұлттық ою - өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т. б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.
Ою - өрнектер туралы тақпақ, жұмбақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.
Көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық бас киімдері үлгісі, әзір ою - өрнектер, аяқ киімдер үлгісі, фольга, біздер, шаблондар (ою - өрнектің), тақтайшалар, стандарттық емес жабдықтар, екі есікті үйдің макеті.
Кейіпкерлер: Айсұлу, Дәу, қоян, қасқыр, (ата – аналардың қатысуымен)
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгінгі «Шеберлер еліне саяхат» атты сауық кешімізге қош келдіңіздер.
Енді осы қызықты кешімізге қатысушы «Бәйшешек» тобының балаларын ортаға шақырайық. (қол шапалақтау)
(Балалар сазбен кіріп 2 - ге бөлініп тұрады)
Балалар, біз бүгін қызықты ертегілер еліне саяхатқа шығамыз, онда бізді әртүрлі қызықтар күтіп тұр. Жолымызда біз ертегі кейіпкерлерін кездестіреміз. Олардың бізге беретін тапсырмалары болуы мүмкін. Сапарға шыққыларың, қызықты нәрселер көргілерің келе ме? (иә) Онда басталық.
(Балалар сазбен айналып келіп, үйдің алдына тоқтайды). Есікті қағамыз (Ару қыз Айсұлу шығады)
Айсұлу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер кімсіңдер?
Балалар: – Біз №27 «Жігер» балабақшасының «Бәйшешек» тобының балаларымыз, ал, сіз кім боласыз?
Айсұлу: - Менің атым - Айсұлу. Мен қазақтың айдай сұлу қызымын. Балалар, мені патша сарайға қонаққа шақырған еді, бірақ үстіме киетін әдемі, ұлттық киімім, асыл бұйымдарым жоқ, мен сондай көңілсізбін. Не істеймін?
Балалар: – Сіз мұңаймаңыз, үйіңізге барып, өз ісіңізбен айналыса беріңіз, біз сізге көмектесеміз.
(Айсұлу үйіне қайтады)
Балалар жүрулерін жалғастыра, алдарында даяр үстел, отырғыштары үстінде «Зергерлік шеберхана», «Киімдер», «Етік шеберханасы», «Бас киімдер» шеберханасы деген таблицалары бар. Үстелдерде жапсыру, сурет, қолөнеріне арналған құрал - жабдықтар бар.
Тәрбиеші: - Балалар, біз жаңа ғана Айсұлуға уәде бердік, енді сол уәдемізді орындауымыз қажет. Қараңдаршы, бүгін бізде 3 шеберхана жұмыс жасайды. Әр шеберхананың өз шеберлері болады. Шеберлер сендерге қалай жұмыс жасау керектігін үйретеді. Кәне, балалар, өз қалауларыңмен бөліне қойыңдар.
(балалар шеберханаларға бөлінеді, тәрбиеші әр шеберхананың жұмыс міндетін түсіндіреді)
1. Зергерлік шеберханасы
«Білезік, алқа, сырға, шашбау жасау»
Барысы: Балалар алдын - ала әзірленген, қиылған (фольгадан) үлгі бетіне шаблон арқылы ою - өрнек түсіріп, ( фольга бетіне қойылған ою - өрнегі бар слюданы қарындашпен жүргізу) айналасын біз немесе ұшталған қылқалам таяқшасымен жиі - жиі басып өтеді.
2. Етік шеберханасы
«Етік, кебіс, мәсі т. б. аяқ киімдерге ою - өрнек жапсыру»
Барысы: Үлгілерге ортасы, жиегіне ою - өрнек жапсыру. Желімді дұрыс пайдалану, ою - өрнекті дұрыс орналастыра білу.
3. Киімдер шеберханасы
«Бешпет, көйлек, жеңсіз, шапанды әшекейлеу»
Түрлі - түсті қарындаштармен балалардың өздеріне белгілі қызғалдақ, қошқармүйіз, құсқанаты ою - өрнектерін киімнің етегіне, жиектеріне салу.
Сыздықова Айсұлу Қайроллақызы
«Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш). жүктеу