- 05 нау. 2024 02:45
- 207
Шерменде өткен өр тұлға (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
51. Шерменде өткен өр тұлға
52. Мұхтар Әуезов
53. Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы
54. Айтыс шебері – Жамбыл
55. І. Есенберлин (1915 - 1983)
Сабақтың тақырыбы: Шерменде өткен өр тұлға.
Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында тарихи тұлғаны сомдауы, талант пен дарынсыздық тартысын, Ақанның трагедиялық образ екендігін және дәуір шындығын ашуы.
Тәрбиелік мәні: саңлақ сазгер, дүлдүл әнші, елінің еркесі Ақан серінің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, қызғаншақтық, күншілдік, көреалмаушылық сияқты жаман мінездерден сақтандыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру. Ашық, еркін сөйлей білуге баулып, тілін дамыту. Басқа да өнер иелерінің қиын тағдыры туралы айта келіп, «Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қорыту, сын тұрғысынан ойлау.
Түрі: сабақты қорытындылау және білімді жүйелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні.
Көрнекілігі: Ақанның портреті.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап алу.
1. Ақын «Құлагер» поэмасын қалай жазды? Негізгі тақырыбы, идеясы.
2. Поэмада ащы сатира, улы ирония бар ма?
3. Құлагер мен Ақан трагедиясы поэманың қай бөлімінде шешіледі?
4. Поэмадан өзің ұнатқан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқы.
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар, біз кейінгі ұрпаққа заман сырын терең ашқан «Құлагер» поэмасымен таныстық. Бүгінгі сабақта Ақанның трагедиялық образ екендігін ашуымыз керек.
Кезінде Мәшһүр Жүсіп «Ақан – заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деген екен. Заманынан озып туған дүлдүл әнші, майталман орындаушы Ақан сері неге трагедиялық образ болады? Саңлақ мініп, сұлу сүйген Ақанның трагедиясы неде? Сол бір келмеске кеткен дәуір шындығын ашуымыз керек. Сабағымыздың негізгі түйінін ашып, ойымызды топтастыру әдісімен жинақтайық.
Ақан – трагедиялық образ. Трагедиясы неде?
↓
Қара күште, сұм заманда, күншілдікте, қайсарлығында, әділетсіз орта, Құлагердің мерт болуы, сүйгенінен айрылуында, дарынсыздар талантты тұқыртты, Ақандай өнер адамын бағалай алмауында
Жігіттің бағланы, жұртының ардағы, тіл біткеннің шешені, суырылып сөйлер көсемі болған Ақанда теңіздей терең ой қалды. Ақанның трагедиясы қара күште, сұм заманда, пасық жандарға бас ие алмаған қайсарлығында.
- Қалай ойлайсыңдар, қазіргі өнер адамдарына қастандық жасала а?..
- Біз өнер адамдарын бағалаймыз, олармен мақтанамыз.
Аяқ - қолы байланған Біржан сал, кісен салынған Құрманғазы, Жаяу Мұса, Мәдидің тағдырлары да аянышты.
«Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.
Ребус шешу. «Құлагер».
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. С. Жүнісовтің «Ақан сері» романын оқу.
2. Шығарма жұмысына дайындық.
Толық нұсқасын қарау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Толық нұсқасын қарау