Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шығанақ

БІРІНШІ БӨЛІМ

БIРIНШI ТАРАУ

АДАСУ

1932 жылдың көктемі. Күн ұясынан жаңа ғана шыққан, аспан шайдай ашық. Сонау қырқада бұлдырап бара жатқан шоғырмақ Олжабектің көші. Оның жүрісі ондай шапшаң, бейнесі ондай көркем болмаса да сағым көтеріп құлпыра түседі, заулап бара жатқандай шапшаң көрінеді. Таң құланиектене бастағанда кешкен еді, қазір «Сарыадырдан» асты. Алдарында күнге шағылысып, айнадай жарқыраған Қурайлы көлі жатыр.

— Соға жүрсек пе екен, бұрылып кетсек пе екен? — деді ОлжабеҚ көлге көзі түскенде. «Қурайлы» басқа болыстың жері, «Ықлас» колхозынан 40 километр. Олжабектің сонда да сақтанғысы келіп еді, Жамал ұнатпады.

— Тіпті, елдің бәрінен қашамыз ба!

— Біреу бірдеме деп жүрмесе?

— Қойшы, немізді біледі олар.

«Сарыадырдан» көлге қарай тура тартқан қара жолды қалдырып, қамшылар жақтағы жам жолға таман Олжабек ойысса да, Жамалдың сөзімен қайтадан жолға келіп түсті. Жамал бұған қуанып қалды:

— Бәсе, елді аралай отырғанымыз жөн. Жайлы жер кездессе мекен етерміз, — деді Олжабекке, сен қалай көресің деген пішінмен.

Олжабектен жауап қайтпады, басын шайқады ма, жоқ әлдеқалай қозғалды ма, әйтеуір тымағының құйрығы шошаң еткенін Жамал анық көрді.

Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:

— Әй, егеуді қалдырма, егеуді!

— Тоқта, доғарылып қалды!

— Аналар барып жырта бастады...

— Мәулікейді оятыңдар, Мәулікейді!

Eгіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай қарап келе жатқан Олжабек қабағын бір шытып күбір етті:

— Жұмыстарында өнім жоқ.

Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Егіншілердің көлігі бастықпай, өздерімен өздері әуре болып жүр, бұларға қапелімде қарай қойған жоқ. Олжабек көзі көліктерде.

— Ана сиыр бұзау бере ме, енді! Обал-ай... — деген ойда тұрғанда:

— О, жігітім, жол болсын, — деді егіншілердің ішіндегі селдір сақал біреуі. Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек:

— Ассалаумәлейкім, — дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті. Егінші де күліп жіберді.

— Е, бәсе, жасың кіші көрінеді ғой, шырағым, — деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға: — есенбісің, балам. Ал, жөніңді білдір. Танымадық, — деді Олжабекке.

Олжабек жөнін жөнді айтпады. Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «пышақшы Мешел» дейтін адам еді, білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...

— Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.

— Иә, шырағым, әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой, тәңірі тек оңын берсін.

— Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?

— Колхозсыз жер бар дейсіз бе? Әлде, сіздің жақ болыңқырамай келе ме?

— Кім қалпында отыр дейсіз.

— Бәсе, ел-елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.

— Дегенмен, «Ортақ өгізден, оңаша бұзау» жақсы да.

— Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме? Заманына қарай амалы да бар емес пе?

Олжабек көп әңгімелесіп тұра алмады. Даладағы егіншілерді аралап құйғытқан екі атты осылай қарай ойыса шапты. «Белсенділер екен» деген ой келді Олжабекке. Бар пәле белсендіде деп білетін еді. Жүрегі қобалжи бастаған соң, отағасыға жауапты келтесінен қайырды да, жөнеліп берді. Екі көзін аттылардан әлі алған жоқ. Ештемеден қаперсіз бара жатқан сияқты. Бірақ оның жүрегі сескенген аттылардың деңгейінен өткен соң, да артына қиғаштай қарай беруі сездірерлік еді. Егер аттылар осылай қарай тура беттегенде, Олжабек сасқанынан «ал, Жамал, ұсталдық» деуге де бейім еді. Олар өз бетінше кетті. Олжабек демін күрсіне алды да, тымағының құйрығын түре киіп, ерге бір жамбастай отырды. Жолындағы ауылдардың біріне соқпастан, келді жиектей жүріп келеді. Беті елсіз дала...

Аралары таяқ тастам ауыл, ауыл маңы өрістеген мал, қаптаған егінші, тынымсыз қыбырлаған жұрт, қалың ду¬май — бәрі артта қалып барады. Жамал шыдай алмады:

— Олжеке-ау, енді алдымызда ауыл көрінбейді ғой...

— Көрінбесе мейлі.

— Орнын, күреулі тұрғандай кідірместен тартып барасың, елді аралай отырып. мән-жайын білу керек еді ғой.

— Бәрін көріп келем. Өзіміздегі колхоз. Өзіміздегі белсенді.

Өздеріндегі колхоз, өздеріндегі белсенді екенін Жамал да біліп келе жатыр. Бірақ Олжабектің іздеген елі қай жерде екенін ойлап-ойлап таба алмады. Жамал түгіл Олжабектің өзі де ондай елдің қайда барын білген емес. «Сұрай-сұрай Меке барады» демекші, әйтеуір совет қол астында бар болса сұрастырып таппақ. Бар болу кереҚ «ел ала, бұлт шола» дейді ол. Егер жоқ болып шықса қайтем? — деген ойға онша тоқталмады, тек Жамал ғана мұны көбірек ойлады. Әсіресе, мынау елді аралап өткен соң Жамал бұрынғысынан әрі күдіктене түсті. «Елдің бәрі колхоз болған ғой», — деген қорытындыға келіп те қалған еді, сондықтан Олжабектің аужайын тағы да бір байқап өтті:

— Олжеке, елден ала-бөтен не іздеп барамыз, осы?

Олжабек артына бұрылып, Жамалдың бетіне алара бір қарады. Жауап қайырған жоқ. Оның осы қарасы ауыздан емес, жүректен қайтқан жауап екенін Жамал жақсы ұғынды. «Ұнатпай қалды-ау» деді ішінен. Бірақ, оны кек қылмады, жымың ете түсті де Олжабекті сөзбен түрткілей берді:

— Тым құрғанда бір әңгіме айта жүрші енді. Кешеден бері жөнді тіл қатпайсың, ашуың әлі тарқамай келе ме?

Шынында оның бойынан түндегі ашудың зардабы шығып болған жоқ-ты. Ол тосын көзге қойдан қоңыр көрінгенімен, көңілі бір қайтса жуықта қалпына келе қоймайтын, томырық жігіт. Сонысына қарай бетінен де қайтпайтын мінезі бар. Ата мекенін, бірге өсіп, біте қайнаған елін тастап, құла дүзге шығып кетуі осы мінездерінің бойлауық асаудай ырық бермегені ғой.

Осындай иі қатты Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал. Жамалға ол сенеді, жанындай жақсы көреді, әлі күнге қамшымен бір тартып, не ашуланып, кісі көзінше бір ұрысқан емес. Ең мықтағанда көзін аларта қарайтын да қоя салатын.

— Тыныштық іздеп барамыз, — деді әлден уақытта ОлжабеҚ ақырын ғана күрсініп қойып. Әңгімені тыныштықтан бастағанымен, айтайын дегені әуелі тынышсыздық жайында еді, сөзі үзіліп қалды. Жамал күліп жіберді.

— Ол қайда бар екен?

— Дүние кең ғой, соның бір жерінде бар шығар әйтеуір...

— «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», — деген қайда?

— Колхозға еріп солар-ақ қарық болсын, — деді Олжабек. Оның даусы сөзінің ақырында қатулана шықты. Өйткені, осы ұзақ сапарға аттанар алдында өзінің немере інісі Кәмеш үш-төрт кісімен келіп, бірқатар әурелеген болатын. Жалынған, ақылын айтқан. Әбден болмаған соң: «мен сенен бездім, бірақ ұмытпа, «азды аяған көптен құр қалады», — деп тұра жөнелген-ді.

— Безсең безе бер. Безбегенде сенен көргенім белгілі. Комсомол болғанда, колхоз бастығы болғанда мен үшін болған екенсің ғой. Ой, сасық неме? Маған «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық». Аспан асты кең, — деп безере түскен еді Олжабек. Ашуланғаны сонша, қой көзі қып-қызыл болып қанталап, өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды. Әншейінде басалқы айтатын Жамал, бүл жолы бірдеме деуге батылы жетпеді.

— Молдажан-ау, саған не болған, Молдажан, — дей берді Кәмешке.

Осы әңгіменің артынан, ел жата, Олжабек отауын жыққан да көше жөнелген. Жаңағы сөзінен сол өткен түнгі ашудың зардабы әлі көрініп тұрса да, Жамал өз ойын оның алдына ептеп тарта берді.

— Зады, колхозсыз ел естідің бе, Олжеке?

— Бұлт ала, жер шола емес пе, неге болмасын?

— Қай жерде екен?

— Білсем әлдеқашан айтпайым ба? Кім біледі қайда екенін. «Сұрай-сұрай Меке барады» деген, табармыз сұрастырып.

— Табылған уақытта да біз ол елге кірмеміз ғой. Кірменің күні белгілі еді-ау, Олжеке?

Жамалдың кейінгі сөзіне Олжабек кепке дейін жауап қайтара алмады. Бай билеген ескі ауылда кірменің күні қараң екенін жақсы біледі ол. Өз елінен, колхоздан сырғақтап, басқа бір елдің шетіне барып отырғанда көретіні кезіне елестеді... Күркетауықтың құйрығындай, одырайып тұрған тымағының құйрығы желп етіп түсіп кетіп еді, оны қайтадан қайыру да есіне келген жоқ... «Қазақ аулында кірме деген бұралқы иттей, оған кім қоқаңдамайды. Жалғыз биенің қымызын елдің аузына тосасын, жалғыз түйені кім көрінген жайдақтайды. Сөйтіп жағынбасаң есігіңді түріп қойып, шауып алудан да тайынбайды қазақ. Бұның несі тыныштық? Бірақ колхозға енсең, кәретінің онан да сорақы... Құдай-ау, ойдан-қырдан жиылған қырық құрақ ел еншілес болмақ түгіл, бір әкеден туған ағайынды адамдардың да еншісі бөлек-ау!..» — деген ойда келе жатты.

— Рас, кірменің де күні қараң. Бір беделді адамды сағалармыз. Мынау «күшік» аман тұрса, құда-жекжат, тамыр-таныс болып кетпейміз бе, әлі-ақ.

— Осы заманда құдалық бар ма, тәйірі. Тал қармағаның ғой, — деп Жамал күбір ете түсті. Олжабек сөз таластырған жоқ. Торыны сипай қамшылап, төңірекке көз жіберді...

«Сарыадыр» арт жақтарында көз ұшында қалыпты. Қурайлы көлінен ұзап кетсе кереҚ мүлде көрінбейді. Одан бергі жер мидай жазық дала, жұпар исі аңқып, масатыдай түрленіп түр. Гүл қуған көбелек төбеден түйілген құладыннан басқа бұл даланы сайрандаушы жоқ тәрізді. Тек қана бозторғайдың көкте тұрып шырқаған әні естіледі. Денесін түйе тербеген Жамалдың көңілін торғайдың әні тербеп, баяулатып әндете бастады:

Ертістің аржағында бір терек сай, Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай, Басына миуа ағаштың қонып алып, Сайраған таң сәріден қара торғай. Қара торғай, ұштың зорға-ай, Бишара, шырылдайсың жерге қонбай...

Тамылжыған дала, жібектей жұмсақ ән, жым-жырт тыныштық — Олжабекті де әлдилеп келе жатқан сияқты еді, Әлден уақытта «уһ» деген даусы артта келе жатқан Жамалға естілді. Ерінің ішінен шыққан ыстық леп, Жамалдың нәзік әнін су құйғандай басып тастады.

— Олжеке, бір жерің ауырып келе ме?

— Жоқ, әлгі антұрғанды айтамын-ау, әншейін.

— Әлі де Молдажанмен болып келемісің? Комунес болған соң айтады да.

— Мен үшін болған ғой, сасық неме! «Құтырған ит иесін қабады», — деп маған тап бергені несі екен!.. Ал, орныма бияз ексін, енді.

— Әй, Олжеке-ай, түбінде соның айтқаны келер деймін.

— Не білуші еді ол. «Колхоз, колхоз»... деп қоймайды, баяғыдан бері колхозсыз да күнелтіп келген жоқ па жұрт.

Алдарындағы биік жонға ерлі-зайыпты екеуі осындай шыңсыз қағысумен жетті. Жонның арғы беті қаптаған егінші, одан арғы жазықта қаптаған ел көрінеді. Жел айдаған қаңбақтай, жөн-жосықсыз көше беруге жалыққан Жамал. Олжабектің іздеген елі осы болғай-ақ деп дәмелене қараса да, көзіне өзгеше ештеме түспеді. Жонның бетін жапатармағай жосылта тілгілеп жатқан жұртты қақ жарып, Олжа¬бек бөгелместен тарта берді. Екеуінің де көзі егіншілерде. Бұларды өткізбеске әдейі жасаған бөгет секілді, алдарында айдап тастаған жалпақ тың жатыр. Жебелей басып бір жаяу, қызыл дәнді қара жерге серпе шашып, осылай қарай өрлеп келеді. Алты өгіз жеккен бір сабан, алдын бастаған қаршадай бала, артын ұстаған дода сақал қара кісі жер қыртысын таспаша тіліп, қара шымды төңкеріп барады. Олпы-солпысыз теп-текше, бір жал қалмай, шымдары қолың саласындай болып жатқан жалпақ тыңнан Олжабек көзін алған жоқ. Аузын бір тамсанып, Жамалға қарады:

— Сен анау бастан айналып өт. Мен мыналарға соға жүрейін, қазақ па, мұжық па өздері.

— Шын тани алмадың ба? — деп Жамал езу тартты.

— Жұмыстарын айтам... — деді Олжабек кетерде.

Анда-санда шыбыртқысын үйіріп, шарт еткізіп қойғанда «соп-соп» деген даусынан басқа дыбысы шықпаған дода сақал сабаншы, Олжабектің берген сәлемін ішпен ғана алды. Өкпелі адамша Олжабекке тура қарай қойған жоқ, екі көзі бороздада, ішкі өгіздің бірі аяғын шалыс басып еді, шыбыртқысы шарт етті, өгіз бір қайқаңдап бороздаға түсе қойды.

— Отағасы, бұларыңыз колхоздың егіні шығар, ә? — деді Олжабек біраз еріп отырған соң. Сабаншы жауап қайтармағанға «құлағының мүкісі бар ма?», — деп дауыстағалы келе жатыр еді:

— Өз егінім, — деді сабаншы. Даусы тым нық шықты. Олжабек аңырып, өгізге бір, сабаншыға бір қарай берді.

— Япырмай, ә?.. Осыншама жер... колхозға қалай енбегенсіз?

Сабаншының аузына телміре қалса да, жуырда жауап ала алмады Олжабек. Мазасын кетіре берсе шыбыртқымен тартып жіберетіндей көрінді шал. Түсі суық, аузы ауыр болғанмен, шал ондай оспадар адамға ұқсамайды. Топырақ түсіп қызарыңқыраған көзінің құйрығымен бір қарағанда-ақ Олжабектің ішін шолып өтсе кереҚ «сендей еріккенмен әңгімелесуге уақытым жоқ» дегендей пішін көрсетті де, сабанның құлағын ырғап жіберді. Шайқала басып келе жат¬қан алты өгіз таспаша созылды. «Со-оп» деген сабаншының даусымен қоса, тобылғының түбірлері бырт-бырт үзілді. Шалдың айызы қанғандай, құшырланып, тісін басып-басып қояды.

Олжабек ере беруге жалықты. Берген сұрауына жауап қайтпаған соң өз сұрауына жауапты өзі берді де, кетуге оңтайланды:

— Отағасы, жай айта салдың-ау деймін, колхоз егіні болар бұл? — деп, атының басын бұра бергенде ғана, шал оған шүңірек көзін қадап, тура қарады.

— Колхоз егіні өз егінің емей немене? Салуын мен салып, өн'мін сен жемек пе ең?

— Жарықтық-ау, мен жеймін деп қашан айттым, сізге?!

Олжабек сасыңқырап қалды. Шал онысын сезді де, жылы шырай берді.

— Түсінбей тұрсың, шырақ. «Еңбексіз жейсің» деп байларды құртып жатқанда, еңбек істеуші өз еңбегінің игілігін өзі көреді де. Өз егінім дегенім сол. Колхоздың егіні сонда біздікі болып шығады.

Олжабек бәріне түсінген кісідей ыңылдады да, «қош» айтып жүріп кетті. ішінен «нағыз белсендінің өзі екенсің» деп бара жатты. Шал да оған артынан бір қарап, басын шайқады.

Бұл кезде Жамал егіншілердің арасынан шығып қалған. Ауыл жақ шетте біреулер жер жыртып жүр, солардың қасынан өте бергенде кенеттен бір жанжал көтерілді.

— Неге ұрасың?!

— Неге айдамайсың, бос келеді!.. — деп, керілдесіп тұрған екеудің жанжалын Олжабек тыңдамай кете алмады. Жамалды артынан қуып жеткені сол еді.

— Тұра тұр, мыналар қайтер екен, — деді атының басын тарта қалып.

— Қойшы, елдің жанжалын тыңдағалы жүр ме едің. Жылжи берейік онан да, — деген Жамалдың сөзіне құлақ қоймастан, көзін бағжитып егіншілерге қарай қалды.

Егіншілер дабырласып жатыр... Сөз әлпеттеріне қарағанда ұрысарлықтай ештеме көрінбейді. Ортаға қатар жеккен екі өгіз екі кісінікі екен, екеуі соған шайырмалдасыпты.

— Мал-екеш малды да алалайсың, мал көрмегір!

— Арам қатқырың аяғын бір баспайды, бәрін менің өгізіме тартқызбақ па едің?!.

— Ау, жарқыным, бастапқы иесі сендер болғанмен, қазіргі иесі колхоз ғой осы көліктердің, қойсаңдаршы!.. — деген басалқашыларға егескен екеу жуырда ырық берген жоқ.

— Ортаға салуын салдым, бірақ өз малыма өзім көз боламын.

— Бәрібір өзің билейтін болсаң, онда ортаға салғаның қайсы?

— Өйтіп ақжүрексімеңдер, білдің бе, қайсыңның болса да, жайың белгілі. Бірер қара қымқырмаған кім бар? Айтшы кәне! Дәл өзіңнен тауып берейін мен!..

— Таба алмассың, — дегенде тәпелтек сарының дауысы бәсеңдей шықты. оның міңгірлегені басқалар түгіл өзіне де түсініксіз болғанмен, бір кілтипаны бары түсінікті-ақ болды. Олжабек те соны сезгендей, торыны тебініп қалып, жүріп кетті.

Ауылға қарай кетіп бара жатқан жалғыз жаяуға жете жүріп ел жайын сұрай барғысы келді Олжабектің. Жол бойы кездескен екі егіншінің келбеті оған екі түрлі көрінді. Алғашқы дода сақал сабаншы қарттың жұмысынан мін таба алмаса да, «белсенділігі» жуып кетті. Кейінгі кездес¬кен егіншілерге үйірін көрген жылқыдай шұрқырай қалса да жұмыстарына қарап, «айтып ем ғой, құр әуре» деп, бұрынғы ойына кетті. Осы өзі көрген екі түрлі еңбектің түбінде қайсысы жеңерін анық болжай алмады. Бірақ дода сақал жүрген сонау беткейден бастары сынық сүйем, араларынан ит тұмсығы өткісіз егін тоғайы көзіне елестей береді...

— Әй! — деді бір уақытта, ойға батып келе жатқан Олжабек.

— Әу, — деді Жамал.

— Шіркін-ай, жаңағы бір егінді ұқсатып-ақ жыртқан екен, байқадың ба?

— Е, жақсы көрінеді. Бәрі көңіл қоюдан да, әйтпесе оқуы бар деймісің оның. ...

— Иә бәрі көңіл қоюдан, — деп Олжабек демін ішіне молырақ тартып алып, аздап шығарды да сөзін соза түсті:

— Егер жұрттың бәрі жаңағы шалдай пейілімен істесе, бұл колхоз дүрілдеп-ақ кетер еді. Бірақ не кереҚ жанның бәрі бірдей емес, біреу олай, біреу бұлай, көрмейсің бе, жаңағылардың жанжалын... Сонсоң екі арада момын сорлайды. Әйтпесе...

Алдарындағы жаяуға жетіп қалған екен, Олжабек сөзін аяқтамай тоқтады.

— Ассалаумәлейкім, — деді жаяу, болдырған қасқырша артына алара қарап, алқынып тұрып. Аяқ басысы тым-ақ сылбыр тәрізді еді, мұнша деміккені тіпті ерсі көрінді Олжабекке.

— Әликсәлем, — деді жаяудың бетіне таңдана қарап. — Жүре сөйлесейіҚ құрбым, егіс қалай, бітетін бе?

Жаяу алқынған қалпында жауап бермей жүріп отырды да:

— Бір бітер әйтеуір, салып жатыр ғой, — деп күңк ете түсті. Бұдан әрі Олжабек пен жаяу бұрыннан сыралғы адамдарша жампаңдасып кетті. Сөйлескен сайын Олжабек жанамалап таяна береді де, жаяу алқынуын қойып, сөзін ширата береді.

— Осы отырған елдің бәрі колхоздасты ма?

— Есебі, бәрі.

— Малдың бәрі ортада ма?

— Ортада болғанмен қазақ қазақшылығын істемей отыра ма? Бармақ басты, көз қысты бар ғой.

— Ат аяғы жетер жерде колхозсыз ел естіле ме, сірә?

Жаяу жігіт үндеместен, жіпсік көзін сығырайта, алдындағы ауылдардың басынан аса қарады. Көз ұшында бірдеме көрінгендей, таяқпен солай қарай нұсқап тұрып:

— Мынау елдерде, — деді мүдіріңкіреп қалып. Оның «мынауы» жақынға, ал таяғының тым жоғары көтерілуі алысқа сермегендей еді. Олжабек қайсысын ұстарын білмей, таяқтың ұшына бір, жаяудың бетіне бір жалтақ-жалтақ қарай берді. Жаяудың одан арғы сөзі Олжабекті тіпті шатастырды.

„ Әуелде осындай колхоз болған екен, ештеме шықпайтын болған соң таратып жіберіпті ғой.

Қай елдер? — деп Олжабек елең ете түсті.

— Осы мына Кіші жүз. Білгіштері көзін тапса керек. Япыр-ай, анық хабар бар ма?

— Жел соқпай шөп басы қимылдай ма?..

— Солай-ау.

— Колхоздың жұмысы көп. Осы телегей-теңіз даланы да есептеп, жоспарлап жатыр... Байқасам, тіпті биыл бітер емес... Бір жоспардан соң, бір жоспар... Сонсоң ауырдым деп қайтып кеттім, — деді жаяу. Оның алғашқыда екі иіннен демін алып алқынғаны, Олжабекті осы елдің адамы деп «ауырғаны» екен, енді мүлде сауығып кетті. Манадан бері екеуінің әңгімесіне құлақ қойып үндемей келе жатқаң Жамал, жаяудың айласын естігенде еріксіз күліп жіберді.

— Япыр-ай, өтірік ауруыңыз шын ауруға бергісіз екен. Екі өкпеңізден қысып, жаныңыз мұрныңыздың ұшында тұрғандай болдыңыз ғой, жаңа.

— Өйтпесең нана ма? Бір жайлы болғанша, өстіп күнелте тұрамыз да.

— Ауырдым дегенге босатқандары жақсы екен.

— Е, ауруды босатпай, сонша нағыпты.

— Ауырдым деп әркім сіздей кете берсе, жұмысты кім істемек. Түбінде «ауруға» да бір тексеру болатын шығар.

— Әркімнің басынан бұл айла шыға бермейді, құрбым. Сонсоң жұрттың өзі колхозға көндігіп қалған түрі бар. Жалғыз апамды алған осында бір жездем болатын, өзі комсомол да емес, қолына «ағауыз» шығып, жұмысқа бармай жатушы еді, е, құдая, тоба, «жат» деп қанша қақсасам да болмастан, сол өзінен-өзі жұмысқа кетіп-ақ қалғаны. Не дерсің енді оған...

— Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой, — деп Жамал даусын солғындау шығарды. Сол кезде оның көзі ауыл жақтан келе жатқан құлақасқа аттыда еді. Жаяу да көрген екен, өңі өзгеріп дем алысы тағы да жиілей бастады.

Олжабек ештемені байқаған жоқ, «колхозын таратып жатқан елге барсам ба, жоқ әлде осы маңның өзінде айналсоқтап жүре тұрып, колхоздың тарауын күтсем бе...» деген ойда келе жатты. Бірақ ол ойын аяқтатпай, жаяу бұзып жіберді.

— Мынау келе жатқан, біздің колхоздың бастығы.

— Ә, солай ма? Қош болыңыз, ендеше. Жаңағы айтқан еліңізге қай тұспен асуға болады.

— Мынау қоңырды бетке ұстап жүре беріңіз, — деді жаяу, иегін көтеріп қойып. Ол иегінің астына ала сөйлеген қоңыр шоқы кемінде түстік жерде тұр. — Алдыңыздан үлкен қаражол кездеседі, сол жол қалың елді қақ жарып отырады да тура Кіші жүздің ішіне енеді. Қош, жолдарыңыз болсын, — деп жаяу жөніне кетті.

Олжабек пен Жамал қоңыр шоқыны бетке ұстап тарта берді Ақылдарына әлі үйір салған жоқ. Бірақ, екеуінің де көңілі көтеріңкі. Әлдеқайда алыстан бұлдыраған үмітке лезде ақ жетіп қалған сияқты. Өкпелеген советке де, араздасып айрылған Кәмешке де Олжабектің іші енді бұрынғыдай бұра бастады.

Бұның тәртібіндей тәртіп бар ма, шіркін! — деді ол, шырт түкіріп тастап. Көңілдене сөйлегенде түкірігін тісінің арасынан атқытатын, бұл жолы тіпті әсем атқытты. Жамал оның түкірісінен көңілді екенін, «бұның» дегені — совет екенін түсіне қойды.

— Ұрыға, байға қандай қас. Момынды сүйейді-ақ қой.

Жәрдемін бір жағынан беріп жатады. Обалы не «қара бұқараның табанына қадалған тікен, маңдайыма қадал», — деп отырады. Жайсыз тигені осы бір колхозы еді. Байқамаған ғой, елдің бәрін бір қазанға қаратамын деуін қойғаны жақсы болды. Илаһи тек рас болсын. Әлгі бір антұрғанмен де түс шайысып қалдым. Оған да кінә жоқ, коменес қой.

— Енді неге қайтпаймыз?

— Қоя тұр. Көз әбден жетсін.

— Өзің көзі жеткен кісіше сөйлеп келесің.

— Қисыны солай. Қазақ — қазақ болғалы енші бөліскені болмаса, енші қосқанды көрген де емен, естіген де емен.

— Алда-жалда осы хабар бекер болса қайтеді?

— Мына екі-үш қараны бағып-қағып отырамыз.

— Елдің бәрі колхоз болса қайда отырасың?

— Аспан асты кең.

Жамал ернін бір тамсанды да, Сағынтайды аймалай бастады. Пыс-пыс ұйықтап жатқан бөбектің келешегі неше қилы боп елестеп кетті оған.

II

Шаңқай түс. Балбыраған жерге күн нұрын құйып тұр. Қаулаған көк қызулы нұрды құшқан сайын құлпыра түседі. Манадан бері басын жерден алмаған екі жылқы, бір түйе Қарыны шеңбірек атып, ыңқ-ыңқ етеді. Тымық далада баяулап ұшқан көк түтін басылған. Екі керегеден жасалған итарқаның ішінде, екі қолы екі жақта, шалқасынан түсіп Олжабек қор-қор ұйықтап жатыр. Қалыңдау жауып жатқызған Сағынтайдың танауы тершіп, қып-қызыл боп күреңітіп кеткен. Тек Жамал ғана әлі тыныштық алған жоқ. Ол сонау иірімдегі қарасудың жағасында, аппақ төсі күнге шағылысып. қара шашын тарап отыр. Оның айнасы алдындағы көк мөлдір су. Судан өзінің кіршіксіз тәнін айқын көрді... Бетін жел қағып, күнге күйіп күреңітсе де, жаудыраған ботакөзі өзгерген жоқ, іші-тысын бірдей көрсететін айна сияқты. Денесі қандай ақ болса, жүрегі де сондай ақ екенін, су қандай мөлдір болса, ойы да сондай мөлдір екенін жаудыраған ботакөзі айтып түр. Арқасын жапқан қалың шашы күннен қандай қорғаса, ардақтап сақтаған ар-ұяты жамандықтан сондай қорғап тұр. Сонда да ол адалдықтың шыңына жете алмадым-ау деп, күрсінеді. Кезінен жас шықпаса да, кең кеудесін өкініш кернеп кетеді. Жамалдың көз алды. нан сонау алыстағы күндер өтіп жатыр... Онда қыз кезі, Бірақ Олжабекке атастырып қойған. Екеуінің әкесі қалыңмал жөнінде түс шайысып, бір жылдай қарым-қатыс суысыңқырап кеткен болатын. Жамалдың онда өмірлік жарынан да әкесін жақсы көретін кезі. Содан ба, жоқ әлде сүйікті жеңгесі Әйімкүлдің азғыруынан ба, әйтеуір Бәкенмен кетуге бір ауытқыған. Ол екі арада екі құда табыса қалды, Бәкен жайына кетті. Бірақ осы Бәкен мен Жамал өңінде бір көрісіп, екі ауыз сөзге келіспесе де, түсінде бір төсекте жатқаны бар.

Міне, Жамал соны ойлап күрсінеді. Күнә деп біледі. Олжабектен оны әлі күнге жасырады. Көлденең адамға бұл күлкі боп көрінсе де, Жамал бұны опасыздық, жасырғанын арамдық деп біледі. Сонда да айтқан емес. «Айтсам көңілі қалар» дейді.

Шашын өріп болған кезде Жамалдың бұл ойы да жинақталып сыр сандығына қайтадан салынған еді.

— Ойбай, қайдасың, Жамал! — деген ащы дауыс құлағына саңқ ете қалды. Жүрегі алып-ұшып, жаппаға қарай жүгірді Жамал. Жаппаға келсе қолын ұстап Олжабек зар қағып отыр екен.

— Не боп қалды?!

— Жылан шағып кетті!

— Жасаған-ай, жапан далада қақсатайын дедің бе?!

Жамал еңіреп келіп камзолының ішкі бауын үзіп алды да, Олжабектің қолын шынтақтың тұсынан тас қып таңып тастады. Жылан тісін май алақаннан салған екен, лездің арасында ісік шынтаққа барып қалыпты. У жайылып, күптей болып талауратқан алақанды дәл жыланның тісі тиген жерінен Жамал тілімен сора бастады.

— Уы аузыңа жайылар, сормашы, сорма! — деді Олжабек. Жаны сауға іздеп отырса да Жамалды аяп кетті. Жамал онысын тыңдаған жоқ.

— Сенен жаным артық па! — деді, уды сорып алып бір түкіріп тастаған кезде. Тағы да сора берді.

Олжабектің даусымен шошып оянған Сағынтай тыным таппай шырылдап отыр. Қаны қашып, сұп-сұр болған ОлжабеҚ маңдайынан шып-шып шыққан суық терді сау қолымен бір сыпырып тастап, баланы бауырына тартты.

— Бишара, құдай бірдеңе білдірді ме саған, — дегенде дірілдеңкіреп, қарлыға шыққан даусынан аяныш пен қорқыныш бірден сезілген еді, кідірмей көзінен жас та парлап кетті.

— Шырылдамашы, балапаным, ештеме етпейді — деді Жамал. Баланы жұбатқаныменен өзін жұбата алмады. Екі көзі бұлаудай, бірақ даусын шығарған жоқ. Алақанды тілі ауырғанша сорды да, дереу Олжабектін, ерінің терлігін әкеп суға салып қайната бастады.

— Әй, әттегене-ай, жыланнан айрылып қалғанымызды қарашы! Табылмас па екен? — деп жаппаға тұра жөнелгенде:

— Әуре болма! — деді Олжабек. — Ол кәпірдің көз байлайтыны бар ғой. Тапқызбайды.

Жамал Олжабекке көңілдене қарады. Өйткені, бұл жолғы даусы сауындағыдай естілді.

— Көңілің қалай, тәуір ме азырақ?

— Шүкір. Алғашқыдай емес.

— Қап, ұстап алып, буындырып аспанға аса қойғанда, уыты тез қайтады деуші еді. Ояу ма едің, қалай шақты өзі?

— Ұйықтап кеткен екем. Бұл бейнетті қойсаңшы, қолыма сұп-суық бірдеңе тигенін сезіп жаттым. Сөйткенше болмады, тісін салып алғаны.

— Сол жерде жібермеу керек еді.

— Қайдан жібермейсің, есім шығып кетті.

Сақырлап қайнай бастаған терлікті Жамал қазаннан алды да терлікпен Олжабектің қолын орап, байлап тастады.

Әжем марқұм, тер сіңген терлік бұған мың да бір дауа дейтін. Қозғалмай отыр. Терлесең тіпті жақсы, жантайсаң жастық әкеп берейін.

— Әуелі сусын берші. Күпімді ала кел.

„мал жаппаға еніп кетіп, құрымдай қара сүйретпені шайқап-шайқап жіберді де, шайқалып келген уыз қымыздан шүпілдетіп бір аяқ қымыз әкеп берді, Олжа бек тастап алған соң аяқты Қайта ұсынды. Оның маңдайынан бұрқ еткен терді көріп:

— Тағы да ішесің бе — деді Жамал. әкелсең әкел.

Қымыз екінші рет келгенде бетінде қалқыған қара түйір. шік майларына қарап отырып, Олжабек көтеріле сөйледі:

— Жарықтық, жіліктің майындай екен. Қымызға ас жете ме, тәйір! Елден бекер кеттік дей бересің, кетпегенде бұл ерніңе жағуға жоқ еді ғой...

— Қойшы, бәрінен де бас амандығы, ел іші жақсы да, — деді Жамал. Биеге қарай тұра жөнелді де, қайта айналып келіп Олжабектің, үстіне күпісін жапты. — Биенің сауыны асып барады екен, сауып келе қояйын. Қолыңды ішіңе алып жат.

Олжабек қолын ішіне алып жатып, ұйықтап кеткенін сезбей де қалды...

III

Алыстан қарағанда жасыл нұрға бөленген асқар тау, қасына келе бөлек-бөлек қызылшақа тас болып кетті. Мал жерлік түбірі, тіс шұқырлық қылтанағы шамалы. Бірсыпыра ел сонда да осы тауды жастана етіпті. Құрт жеген мұрындай опырылып жатқан әр бөктерде бір тас кепе, тасмола, қу сүйектер кездеседі. Бұл жердегі ел мұрасын іздеген адам осылардан өзге ештеңе таба алмас. Бұл тау тек тағылардың ғана мекені болып қалған сияқты. Тас түбінде бұғып жатқан түлкі әне жерден де, мына жерден де бұлаңдап тұра жөнеледі. Аспанда қалықтаған қыран оқтай зулап жеткен шақта, түлкі қалың тастың арасына сүңгіп жоқ болады.

Аңның ойнағы болып қалған осы иесіз тауда таяуда ғана салынған жаңа белгілер бар. Сонау бір биіктің басына керегекөз ағаш, мұнара орнатылып қалыпты. Мына бір тұмсықты үңірейтіп, қазып тастаған. Қазушылардың жұрты да жасырылған жоқ, таяуда ғана көшкенге ұқсайды. Бөтелкенің сынығы, қаңылтыр сауыттар жатыр.

Олжабек бәрін керіп келеді. Тау іші әзір оған тамаша бір сайран тәрізді. Туып-өскен жерінде жай белес, адырлар болмаса, мұндай үлкен таулар болмайтын, жазық, өзенді, көлді, құйқалы дала болатын.

— Әй! — деді бір уақытта атына оңдала отырып. қаттырақ шыққан даусына Жамалдан бұрын жартастар қайырды жауапты.

— Айта бер, — деді Жамал, солғын дауыспен. Таудың ішіне енген сайын елегізіп келе жатқан Жамалдың көзі жан-жақта, көңілі алабұртуда еді.

— Сонау биіктің басындағы мұнараны орнатқан, мынау тұмсықты қазып тастаған кім болды екен, ә?

— Орыстың жер зерттеушілері шығар.

— Япырай, зерттемейтін жері болсайшы солардың. іздемпаз халық. Жаңа кен көздерін таппақ қой.

— Талай белден асып, көпті көрдік. Менің жүре-жүре басым айналды. Қайда шығып кеттік осы! Әнеугі оңбағанның айтқан елі қайда?

Олжабек Жамалды жұбата-жұбата ұялды білем, үндеген жоқ. Бұлар әлі баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді. Елден шыққалы бүгін бір ай он жеті күн. Талай өзеннен өтті, жоталы жондардан асты. Соның бірінде де іздеген елі жоқ. Оңтүстік-батысты бетке ұстап тартып келеді. Жер реңі де, әуе райы да өзгеріп барады. Енді алдынан таулар кездесті. Олжабек осы таулардан үмітті. «Жуықта аяқ жетер жер емес екен. Колхозсыз ел бір болса, осында», — дейді ішінен.

Жөн-жосықсыз «аспан асты кен,», «жер ала, бұлт шола» деп шығанға шығып кеткен еріне Жамал енді қауіп-қатерді көрсете сөйледі:

— Бұл тек аңдардың, ұры-өтіріктің жүретін жері екен, Олжеке.

— Ұры деген құрып кеткен жоқ па, тәйір! Бір болса осы таулардың ішінде болады колхозсыз ел.

— Қойшы, жалықтырды ғой осы жүріс. Ит-құсқа жем болмай, әйтеуір бір елге жетсек екен.

Олжабек үндемеді. Тау жүрген сайын жиіленіп, іріленіп кетті. Қайдан келіп, қайда бара жатқандары белгісіз. Төбеде түндіктей ғана аспан қалды. Аспанға тілдесе қабат-қабат қоршаған заңғар тау кез тосып, өзінен өзгені көрсетпейді. Сай-саланы өрмелей, тар кезеңдерден асып келеді Олжабек. Тасырқаған торыға бір кезең бір күндік жолдай, жалыққан Жамалға бір күн — жылдай. Сонда, сонау жас баланың халі нешік? Олжабек осыны сезсе де морт мінезі бой бермеді.

Мұның ар жағы не болды екен? — деп бір қылтадан қылт еткенде, бес адам тап берді. Бесеуінің де сойылы иығында.

— «Бас көзіңді», — деуге-ақ келді. Олжабек сойылын көтергенше олар сарт-сұрт ұрып өтті...

Одан әрі не болғанын білмеді Олжабек. Көзін ашып алса, жалғыз өзі жатыр. Қараңғы түн, түнерген тау ғана көрінеді. Денесі зілдей, қозғалтпайды. Басынан аққан қан ұйып қалыпты. Есін жиса да, ақылын, күшін жия алмады. Таң атқанша жатты. Құланиек таңды, шашырап шыққан күнді оған биік таулар көрсетпеді. Тек дүние жарық болғанда ғана таң атқанын біліп басын кетерді. Мең-зең. Орнынан тұрып жүре бергенде аяғы сынып кете жаздады. Тізеден, қызыл асықтан да ұрған екен. Отыра кетті. Қазір бір арманы бір жұтым су.

— Ит, құсқа жем болды деген осы, ә! — деді ОлжабеҚ тар кезеңде жападан-жалғыз шошайып отырып. Көзіне өлім ғана елестеді.

Күн көтерілген кезде, мойнында мылтығы бар бір адам келе жатыр еді. Ат аяғының тықыры естілгенде ғана артына жалт қарап, қолына тас алды Олжабек. Бұл тас алғанда, ол мылтығын алды. Бірін-бірі көзбен жесіп, тағыдай арбасып тұр.

— Ат! Ат! — дейді Олжабек.

— Үр! Үр! — дейді анау.

Екеуі де батпады.

— Кімсің? Жөніңді айт, жалғыз жаяу.

— Білмей тұрған шығарсың?

— Әй, есің дұрыс па? Қаның не?

— Бәсе, осы қан не? Мал-мүлкім, қатын-балам жетпеді ме? — деген кезде:

— Ой, бейшара! — деді атты кісі. Атынан түсіп келе жатып.

Олжабек ел екеніне, жау екеніне әлі де көзі жеткен жоқ. Тас қолында еді.

— Өлтіргім келсе осылай тұрып-ақ атып тастамаймын ба? — дегенде ғана тасын лақтырып жіберіп, еңіреп қоя берді.

— Ойпырай, қыдырмысың қолдауға келген!

— Қыдыр емен. Бірақ қолдан келгенді аяман.

Екеуі шұрқырасып жатты. Олжабекті тыңдап болғаннан кейін, мырс-мырс күлді, бұл адам.

— Атым менің Шығанақ, — деді содан кейін, — талай шығанға шығып едім, сен менен өткен кезбе екенсің. Екі кезбе кезең үстінде кез болдық. Енді ел ішіне барайық. Сен колхоздан қашсаң мен колхозға қашам. Осы тау ішінде кен зерттеушілерге еріп біраз жүріп қалдым. Бұл қайтып бара жатқан бетім. Мін артыма. Тауып алған олжам демеспін. Таңдап алған досым дермін.

Олжабек мінгесіп кете барды...

ЕКІНШІ ТАРАУ

АШЫЛҒАН БЕТ

I

Үй орнындай ғана қуысқа көп назары ауып тұр.

Құлаш мойнын қызыл нар таңертеңнен талтүске дейін тыныстамады. Жер қапқан қос. тегершік қозғаған сайын жерге еніп бара жатқан сияқты. Бұған таңулы жуан бөрененің бір басын нар тартса, екінші басы нарды тартып, таспаша созылады жануар. Бұйра жүннен мөлтілдеген суық тер әлі бір дегдіген жоқ. Беліне шелектер тізген дәу дөңгелеҚ нардан тер бір тамғанда, бір шелек суын айғыржапқа азар құяды. Жылап аққан арық суын жалаңдаған сары құм жалмап алып, түк көрмегендей сазара түседі. Тоймай жер әлем, тойғыза алмай нар әлек.

Тамшылаған терге шелектеп су алған Олжабек шыбыртқысын беліне көлденең ұстап сіленіп тұр. Осы саудасына ырза боп тұрғаны, наза боп тұрғаны белгісіз. Төбесін күн, табанын жер қарыған ыстыққа маңдайы да тершімеген. Үндемейді, қозғалмайды. Екі көзі тегершікте. Айқасқан ағаш азулар шықырлап, өткен күннің көйгейін тынымсыз тарта б.ереді. Көзі байлаулы қызыл нар, тері тамшылап, бір ізбен айнала береді...

— Су, су!..

— Кеуіп барады, cу!.. — деген дауыстар естіледі. Олжабек шыбыртқысын үйіріп қояды. Нар шіреніп үзіліп кете жаздайды. Тегершіктер шарт сынып кете жаздайды.

— Кеуіп барады, cy! — деген дауыстар тынбайды.

Олжабек бөрененің бір басынан тартып нарға көмектескенде, ернеуден Амантай мен Жанбота секіріп түсіп Олжабекке көмектесті.

Қыз күнгі қауқарың осы болса, кемпір болғанда қайтесің?

— Жігіт күнгі қауқарың осы, шал болғанда қайтесің?

Битемін! — деді де, кеуденің қалың жерінен бір нұқып, Амантай тұра қашты. Жанбота тұра қуды. Олжабек маңдайы тершіп тұрып қалды.

— Су, су!

Кеуіп барады, су! — деген дауыстар кең даланы күңіренте бастады.

Манадан бері жасқап тұрған Олжабек қатуланып, шыбыртқысын шарт еткізді. Нар бар етті де, жата кетті. Әлдеқайдан бір дауыс саңқ етті:

Ұрма, жануарды!

Қайта көтерілген өткір шыбыртқысы түйеге тимей тоқтады. Қуыстан шығарылған ернеудегі үйінді топыраққа қара сақалды, қара кісі келіп шықты. Сақалынан мұрны қомақтырақ, қалың, қабағы жауар бұлттай түнеріп кеткен. Төмендегі түйеге, оған төнген Олжабекке көз қырын бір тастап, малдасын құрып отыра берді де...

— Доғар! — деді. Тым ақырын айтты. Бірақ салмағы зілдей, іштегі ауыр ойдың ағып түскен бір кесегі секілді. Сабылған түйеге қынжыла тағы да бір қарап, сайқын cap далаға жіберді көзін...

— Тауы жоқ, кедір-бұдыр жусанды далада, көк өрімдей Ойыл жатыр. «Тап бабымды, босат жүйемді, сонда ғана еміренем» деп дала жатыр. Дала жоғары. Ойыл төмен, шапшыса да өрге шыға алмапты. Көні кепкен осы күнқақты даланың қайсарлығы сонша.

— Өзегің болайын, қорегің болайын, — деп күлім қаққан көк Ойылды төсіне бір шығармаған. Ен даладан тұрақ таппай Ойылы барып Жыңғылға құйған. Осыған талай жылдар өтсе де, талай арна бұзылып, талай қауым келіп кетсе де, екі тентекті ешкім бағындыра алмапты. Осы отырған қара шалдың, өзінің де істемегені қалмады. Көп жылдар Ойылды түйемен қайырды. Даланы ағаш соқамен айырды. Ырық бермеген соң, бүгін аруананың өзін әкеліп салған еді. Көзінен жас парлап, пұшпағынан тер сорғалап, қуыстан азар шығып бара жатқанын көргенде, тұңғиық қарт тарс айрылып кеткендей болды:

— Тарам құйрық, тұтам емшек аруана! Бұтын, бұлақ, үстің соққан жел еді. Сені әкеліп жеккенде, кезерген жер кекірік атар, тегершіктер зыр қағар деп едім, жер тұтқасы ма еді, бүл шіркін? Қозғауға ғана жарадық-ау! Толарсақтан құм кешкен шөлдерде көсіле жорытқан жануарым, үнің шығып, адымың қысқарған емес еді, сыр бердің, бе? Ырзамын сонда да. Айуандағы арудың жеткен жері бұл болса, бұдан әрі өнер аруына аяқ артар Шығанақ.

Аруананы көзімен ұзатып сап, тіл кескендей үнсіз отыр. Тіл тоқтағанмен ой тоқтаған жоқ. Ой толқынымен алысып отыр. Түйені доғарып, жайлап келіп, айналсоқтаған Олжабек бетіне жапақ-жапақ қарап тұрғанын байқамады. Әлден уақытта жөтеліп қойғанда ғана бетін Олжабекке сәл бұрды.

— Неге ұрасың аруананы! Барын ол қамшысыз да береді.

— Босаңсып қалды.

Көтерілем дей ме?

— Білмеймін, сөйлескем жоқ.

— Сөйлеспедім дегенше, түсінбедім десекші, «Табақтай тегершігің діңкеме тиді, тарт әрі!» — деген жоқ па?

— Қойдық ендеше, доғарып келдім.

— Тарылар құп алды ма оныңды?

Қайдан білейін.

Сенің де білер күнің болар ма екен! — деп кейіп қалды Шығанақ. Олжабек қырындай отырып, күңк етті:

Білсең айта берсеңші.

Айтсам, машинаға аяқ артпай ойдағы Ойыл ермен, — дейді соңынан. Қанатымен су шашқан қарлығашша, шелекпен құйған суына сусаған жер тойман, — дейді. Жер тойғанда ғана тоқ екеніңді білесің бе?

Олжабектің бүл сан рет естіген сөзі. Естісе де естімей кете баратын. Шығанақ шұқшия сөйледі. Жауап күтіп, төніп қапты. Олжабек қипақтап қалай бұрылса, ол солай бұрылады.

— Осы ел баяғыдан бері осымен келіпті ғой, — деді де қисая кетті Олжабек. Егер бұрынғысындай «мен сөзден аулақ» деп тұра жөнелсе, Шығанақ мырс-мырс күлген болар еді. Күлмеді. Налып қалды. Талпынған талапты Олжабектің «баяғысы» табандап тартып тұра қалғандай болды.

— Әй, ОлжабеҚ бері қарашы! — деді әлден уақытта. — Рас, баяғыдан бері түйе шығырмен келдік. Онда бір шығырға үш-төрт үй қарайтын. Енді алпыс-жетпіс үй қарады. Бұны неге ойламайсың. Шығырың колхоздың жұмырына жұғын бола ма?

— Тәңір берсе, жалғыз шығырға қарап отырмыз ба?

— Сондағы сенгенің қырдағы егіс пе? Аспанға қарап көз ағарды ғой, жердегі Ойылмен неге кенелмейміз?

Бұл жақтың аспанынан Олжабек те көп мейірім күтпейтін сияқты. Ақ қалпақтың ернеуінен шаңытқан аспанға түйсіне бір қарады да, жерге үңілді. Ыстық топырақты саусағымен сызғылап отыр. Түкіріп қалса топырақтан бу шығады.

Соның сырын кім білген, қыруар пұлға бір дүлейді алғанша, ептеп осының өзін қозғай берсе қайтеді. Май емес — деді Шығанақ... — Ол еңбек аруы — мәшине.

Тілін, білсең балдай тәтті сөзі бар, тылсым бұзарлық күші бар. Осы дала тылсым сияқты. Сазарады да жатады. Өмір бойы емсең де өздігінен иімейді, тап бабын,

Сонда ғана еміренеді. — Су су! — деп жатыр, кереңбісің, Олжабек!?

— Құдай тойғызбағанды мен қалай тойғызам?

— Сен тойғызбасаң, сені ол да тойғызбайды. Өзіңе-өзің істеп отырсың.

— Сондай сөз не кереҚ өзінен-өзі аяна ма кісі?

— Аянбасаң машинеден неге безесің?

— Өзің ілік іздеп отырмысың? — дегенде Олжабектің көзі төңкеріліп кетті. Басын көтеріп алды. Шығанақ қырындай беріп күліп жіберді.

— Әлі қашасың колхоздан, соғысқан төс, алысқан қол қайда?

Олжабек ренжіп қалды. «Қашқын» деген шамы, «достық» — мәртебе еді оған. Шығанақ екеуін бірдей қозғады. Елсіз тауда Жамалдан айрылып, жау соққысына жығылған жерде табысқан досы тым қатты айтты. Сонша неге қатты кеткеніне түсінбеді. Томсарып отырып-отырып?

— Машина менің қолымда ма? — дегенде, Шығанақ:

— Сенің қолыңда! — деп шұқшия түсті.

— Көптің бірі сен емес пе? Саған өтпеген сөз кімге өтеді?

— Мен сөз білмейтін қазақ. Билей бер, саған деген жаман ойым жоқ.

— Жарыққа шықпаған жақсы ойыңды қайтейін? — деді де, Шығанақ кейіп, теріс қарады.

Олжабек: — осы менің кінәм не? — деп аң-таң. Ол Шығанаққа түсінеді, дүлей машинеге түсінбейді. Шығанақпен ойын қосады, сөзін қоспайды. «Сөз басқанікі, жұмыс менікі. Әркім өз баққанына ие» — деп біледі. Сөз сонда да соңынан қалмайды. Олжабек қаша береді. Жамалға үйлене барғанда балдыз, жеңгелері түйгіштеп отырып сөйлеткен еді. Шыға¬нақ шындап отыр. Бәрінен де «жарыққа шықпаған жақсы ойын» қабылдамағаны батты. Тар кезеңде төс соғысқан досы қолын төбеге қойып безгелі тұрған сияқты. Сөзге сенбей — отқа енгелі тұрған сияқты.

Шығанақ досының осы мінезін біле тұра қинады. Қинамасқа болмады. Ойына сөзі жете алмай, сөзіне көпті ерте алмай жүр. Бірнешеуі қосылып үн қосса, салмақ болатынын жақсы біледі. Біртіндеп тартып, біразын көндіріп те қойды. Бірақ көп алдында көріне шығатыны аз. Әрқайсысы бір ауыздан сөз айтса, үлкен пікір құралғалы тұр.

— Мен сөз білмейтін қазақ, — деді тағы да Олжабек. Білген сөзінің өзін айтуға жүрегі дауалмайды. — Тіпті ата-бабамыз кәсіп қылған нәрсе емес, жақпайды өзі.

— Бәйгілі жерде бір-ақ ауыз сөз айт. «Машине керек бізге» де жүре бер.

— Көп алдында соны да ұмытып қалсам қайтесің? Сөзден сөз туып көбейіп кетсе қайтесің?

— Өзім жөндеп жіберем, тек сонда басыңды изей бер.

Мені бір шешен деп пе ең, осынша неге жабысасың?

Шығанақ үн-түн жоқ орнынан тұрды да жүре берді.

— Қайда кеттің? Ырза шығарсың маған?

Шығанақ жауап бермей кетті. Олжабек оңаша қалған соң көп ойланды. Төбеден күн, төменнен жер қарығанда жіпсімесе де, Шығанақ сөзі маңдайынан тер шығарды.

Япыр-ай осының көңілін қалдырман деуші едім, ауыр айтты-ау... «жарыққа шықпаған жақсы ойыңды қайтем?..» — деді, ә? Пай-пай тереңін-ай, — деп басын шайқап қояды. Арт жағынан ептеп басып кеп, тыңдап тұрған Амантайды байқаған жоқ. Алдында үлкен топ көреді.Топ алдында өзін көреді...

Олжабек осы жасқа келгенше топқа түскен, сөзге енген пенде емес. Достың көңілін қимай бір ауыз сөз айтпақ. Өмірінде екінші рет қысылуы бұл. Қалыңдық ойнай барғанда Жамалға жақындасар сөз таппай, ол бұның ойын таппай, бір қиналған. Енді Шығанақ қинады. Өзінен-өзі күбір-күбір сөйледі. Анда-санда «машине керек» дегені естіледі. Жаттап отырған сияқты. Әлден уақытта бөркін қолына алды. Жағасын дүзеп, сақалын сипап, тамағын кенеп те қойды.

— Машине керек! — деді сонсоң естірте. — Ақырындау шықты білем, дауылдап отырған жұрт ести ме мұнымды. Қаттырақ айтып көрейін: машине керек! Aha, дұрыс шықты енді. Бірақ топ алдында осылай шыға ма? Көп алды қатты ғой. Мәселен: мынадай қоршап отырған жұрт, анау жерде бір үзім отырады. Бұл «президиум» дегені еді. Жоғарғы жақтан біреулер келіп қалмасын кім біледі. Мен былай, орнымнан тұрам, елдің көзі маған қарап жаудырап тұр.„ Әлден-ақ жүрегімнің алып-ұшуын қарашы. Не де болса айттым: — машине керек бізге!.. Ту, маңдайымнан тер бұрқ етті ғой... — деген кезде манадан бері бақылап тұрған Амантай қарқ-қарқ күліп жіберді. Олжабек ұялғаннан жерге еніп кете жаздады. Аузына келгенді айта берді:

Амантай! Жәй әншейін, әншейін жәй тұрмын...

— Қалай тұрсаң олай тұр, мен мұныңды ұзын елдің үйіріне қысқа елдің қиырына жаям.

— Қой, антұрған, қой!

— Жоқ қоя алмаймын.

— Қалсын осы арада, не қыласың...

Дәл осы арадан алтын тапсам қалдырармын, мынаны қалдыра алмаспын.

— Ал сонда не таптың, ал!

— Өле-өлгенше өзім күлем, елді тағы күлдіріп өтем. Одан артық не керек маған.

— Ту, соққанның ойын-ай! Мә, насыбай атшы өзің.

Амантай өмірі қалтасына шақша салмайды. Насыбайды елден атады. Олжабектің қалтасынан насыбай кетпейді, бірақ елге бермейді, өзі атады. Бұдан бір ай бұрын Амантай бір атым насыбайын ұрлап атып, екеуі дүрде-араздау еді, енді өзі ұсынды. Амантай шап еткен жоқ, шақшаны қолына алған соң, да біраз ұстап отырып барып атты. Бұл тоқмейілдігі емес, «мұнымен құтылмайсың» дегені. Олжабек түсіне Қалып:

— Салып ал азырақ, — деді.

Амантай газетті жайып қойып, қара шақшаны қотара бастады. Өңінде әлі де ырзалық белгісі көрінбейді. Тегін топырақтан алып жатқан сияқты. «Насыбай лықсыған сайын Олжабек те лықсып қояды. «Болар» деуге дәрмен жоқ. Амантай оны сезсе де сезбейді.

— Мінеки шақшаңыз, үйге барған соң, үгіп аласыз ғой, — деді де жүре берді.

— Тоқтай тұр, неге асықтың?

— Жаңағыны баяндай берейін, — деп едім елге.

— Ту, нағыз оңбаған екенсің. Әлгі қызды да өстіп қорқытып жүрген шығарсың сен.

— Дұрыс, оныңызды да Жанботаға жеткізермін.

— Насыбайымды алып, өзімді масқаралап кеткенін қара. Кірме деп басынғаны-ау, бұл, — деп Олжабек налыған кез¬де Амантай қайта оралды.

— Жанбота мен Қабыш та кірме ме? Ағалығыңызды сыйлап та, қимай да келдім. Өмірлік азығым еді, өзіңіз бірдеме деңізші.

— Ал, насыбайын, менен, бұдан былай.

— Қап, болмас енді, тастадым.

Бірақ кепке жеткен шай мен шұбаттың көзі қайда екені белгісіз. Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты.

Бәйбіше бүгін екі дүркін қонақ жөнелтіп, жаңа ғана жантайып еді, дабырлаған дауысқа жұмулы көзін ашып алды. Елеусін екен жұмыстан қайтқан, жолдастары ере келді. Бәйбіше басын көтеріп тағы да самауырға ұмтылғанда:

— Жата бер, апа, шаршап қапсың ғой, — деді Елеусін.

— Ештеме етпес, мен үйдемін ғой, — деп орнынан тұрған бәйбішені Елеусін қайта жатқызды.

— Мені күтіп қайтесің, шалды күтіп, қонақ жөнелтіп отырғаның аз ба, тынығып ал осындай толаста.

Елеусіннің шашында әзір ақ жоқ. Сондығы болмаса, бәйбішеден сегіз-ақ жас кіші. Екеуі жиырма-жиырма бес жыл бір отасып келе жатқан абысын болса да, апалы-сіңлілі кісідей тату-ақ.

— Өмір қызығы сыйласу, бір үй толған жансың, бір-біріңе қонақсың, — деп отырады үй қожасы Шығанақ. Бәрі осыған ұйыған. Бірін-бірі сыйлаймын деп, жалпы адам сыйлауға жаттығып алған.

Елеусін жолдастарының бетіне көз салса, ауыздары томсара қалыпты. Жанбота ернін жалап-жалап, күліп қояды.

— Шөлдеп отырсыңдар ма, Бота?

— Білмейсіз бе, шөлдеген ауыз жай тұрмайды, тойған ауыз томсарады.

Әрқайсысы-ақ тілін жалақтата бастады. Елеусін кішкене бөшкені шылдыр еткізгенде, қасына Жанбота жетіп барды.

— Мен аяқшы болайын.

— Болатын да ештеме қалмапты.

— Амантай бар болғыр оңаша қалып еді, ішіп кеткен ғой, — деп бәйбіше басын бір көтеріп жатты.

— Таңертең емес пе еді, оның келгені.

— Тағы да келген.

— Амантайдың бір басқан жеріне бір айға дейін шөп шықпайтын. Екі келгенде не қалдырады дейсің, — деді Жанбота. Ду күліп жіберді бәрі.

Қасында бес-алты кісі бар, үйге Шығанақ кірді. Келгендер ауданның, ауылдың бетке шығарлары: Ержан, Төкен' Шәңгерей, Амантай, ОлжабеҚ ішінде Қабыш та бар.

Аудандық жер бөлімінің басшысы Ержанның ерні тым көнтек. Амандықты шолақ қайырып, шымшып тіккен толы қаптай тырсия қалыпты. Отырмастан ерсілі-қарсылы жүріп

Оқтын-оқтын, үзіп-үзіп сөйлейді.

— Мүлде жөнсіз... Әлі киіз үй, көш, бесбармақ, тазалық жоқ! Жұмыс жүрмей жатыр...

Ержанның сырты қалың болғанмен, іші тым жұқа еді, Бастықпаған жас колхозды жайсыз жағынан көріп, жарылып кете жаздады. Саңғыраған контор, түзу көше, тізбектелген көркем үйлер жоқ. Қызу жұмыс мол өнім, әдемі киінген адамдар жоқ. Мәдениетті, ауқатты колхозды іздейді Ержан. Соған жету жолын көрсетпейді, бірақ көрмейсіңдер деп басқаны тықсыра береді. Одан да одағай бір мінезі, көзі көргенді ойымен айыра алмай, қағазға қарайтын. Қағазда ең ақыры күнде мініп жүрген астындағы торы-аланың да погоннайы жазулы. Бір күні сол торы-аланың шоқпардай кекілін тарап алып, атшысы алдына тартқанда, Ержан жалма-жан погоннайына қарап, жер тепкілеп ұрысыпты атшыға:

— Есалаң, әлдекімнің атын әкеп тұрсың?..

— Құдай ақына, өз атыңыз.

— Кекілін көрмейсің бе, ақмақ!..

— Ойбай, өзім тарағам, тым қалың болған соң...

Атшысы сөйтіп азар дегенде сендіріпті. Ержан қазір соншылап тұр. Ауқат, мәдениет оның ойындағыдай толық күйінде келіп тап етпеген соң, там-тұмдап, келгендерін танымай, тырс-тырс етеді. Жаңада келген басшыларын колхозшылар да түсіне алмай, біріне-бірі қарайды. Су маманы Төкен де бұрынғысындай жайдары емес. Екеуінің ыңғайымен өзгесі бой бағып, тым-тырс отыр. Сол тыныштықты жастықтан басын жаңа көтерген бәйбіше бұза бастады. Әрқайсысымен қысқа-қысқа амандасып, орнынан тұрды да сары самауырды көтере жөнелді.

— Біз шайға қарамаймыз, — деді Ержан.

— Неге асықтыңыздар, лезде қайнайды! — деп ықлас білдірген бәйбіше ырзалық күтіп тұрып-тұрып, самауырды орнына қайта қойды. Қонақтардың жайласуын күткен Шығанақ әңгімесін енді бастай берді:

— Міне, отыр ғой жұрт, сұрай беріңіздер, — дегенде Төкен салған жерден сөзді бөліп әкетті:

— Не сұрайтыны бар, машине ойыншық емес. Әуелі жерді білу керек.

— Жерді білеміз, су сұрайды, су машине сұрайды.

— Халық астық сұрайды, берері бар ма жеріңнің?

— Ала білсеҚ берері көп.

— Әлі күнге бергені жоқ, не керек соқыр үміт! — деп Төкен қолын сермеп тастады. — Машине жұмысы өнімді екенін әркім біледі. Жері келіскен күннің өзінде оған кадр, май мастерской... керек Мұның бірі бар ма сенде? Қаңыраған далада машиненің соқа басы сояудай боп немді бітірмек? Құр далбаса. Бұл — малдың даласы, құм...

Шығанақ үмітін қылтанақтап келе жатқанда, Төкен ескектеп жұлды. Әрқайсысы өз ішіне үңіліп, осының сөзінің, де жаны бар-ау деп отырған сияқты. Ойыл даласын керіп тұрып қарсы жауап айту қиын-ақ еді. Шығанақ ширай сөйледі:

— «Қалауын тапса қар жанады». Бабын тапса құм да жанады. Осы қазақ жердің бетін'көріп, астын әлі көрмей жүр. «Төкен, Төкен» дегенге лепіре бермей, артыңа, мына бізге де бір қарашы! Ел аузындағы аруана алты атаға барғанда туады. Еңкейген кәрі — еңбектеген жасты ержетеді деп қуанады. Машине жемісінің пісуі осыдан ұзақбоп па? Әйтпесе, жақсылық, тіпті, жақын көрінеді маған. «Ақыл ойдан артық емес», көре келе осы отырғанның бәрі машиненің құлағында ойнайды. Бір қаупің май болса, анау тамның түбін тартып қалшы, май атқып кетеді. Бәрін айт та бірін айт, тәуекелді айт. Сенін, тәуекелін, жетпесе, Олжабек екеуміздікі жетеді. Солай емес пе, Олжабек?

Олжабек уәде бойынша басын изеп-изеп жіберді. Томсарып қалғандардың, бірсыпырасы томағасын алғандай жайраң қағып, оңдалып отырды. Төкен мырс етті:

— Қызыл езу, құрғақ тәуекелден не шығады!

— Тәуекелді де суарамыз ба енді? — деді Амантай қалжыңдап. Өзгелері күліп жіберді.

Сары Төкен қып-қызыл боп кетті.

— Не күлкі! «Еркектің қоры күлегеш, әйелдің қары күлегеш».

Төкен Амантайды түйреймін деп, бәрін бір-ақ түйреді. Жанботаның дәл жүрегінен қадалған тәрізді, қынжылып отыр.

— Ақсақал құсып жіберді ғой! — деп сүрте бастады үстін.

Күлкі қайта көтерілді. Шығанақ маңындағы Амантай, Жанбота сияқты өткір жастар, Қабыш сияқты жатып атар егде адамдар қыңыр сөзге келгенде жайнап кетеді. Шығанақ жөн сөзді өзі басқарып, қыңыр сөзді соларға беріп отырады. Кекеп, тықыртпақ болған Төкен қақпақылға түсе бастаған соң, бетін Ержанға бұрды.

„ Бұлар жұмыс жасамайды, ылғи осындай қылжақ жасайды, Ержан жолдас!

— Қалжың ғой, — деді Ержан, іші кен, адам сияқты. Кеңдігін білдіргендей қасын керіп, баппен сөйледі Шәнгерейге. — Шәңгерей, сен не айтасың? Мынау шалдарың қыңқылдай береді, артельге жауапты кісі сен түбінде.

Шәңгерейдің жауабы дайын екен, ұстата қойды:

— Мен Төкеннен артық не білем, ештемеге көз жетпей колхоз ақшасын шаша берсеҚ алдымен мені табады. Төкен екеуіңіздің айтқаныңызға мен де қол қоямын.

— Өз ойын, жоқ па?

— Мен ертеңгі құйрықтан, бүгінгі өкпені артық көрем.

Шәңгерей колхоз бастығы оның беті қалай ауса, Ержанның да беті солай аумақ еді, Қабыш ыңыранды. Бұл не айтар екен деп аузына қараған жұрт, түсіне алмай аң-таң.

— Шәңгерейдікі айтарлық сөз, — деді Қабыш ыңыранып, — қазына мүлкіне мұқият болмаса бола ма? Шығанақтікі де дұрыс, көптің қамы ғой, айтқаны. Төкен де алысты болжап отырған сияқты. Алдын көрмей шаппайын деп отыр ғой түрі.

Сонда теріс кім? Талас неден шықты? Қабыш кімді қостады? Жұмыр ойға түсіне алмай домалатып отыр әрқайсысы. Амантай күліп жіберді:

— Қабекең мысықтан да епті, сыбдыр етпей өте шығуын қарашы.

— Түйеден де аңқаусың, — деді Жанбота, — «рит соқ» деп отырған жоқ па ол кісі.

Бұдан әрі Қабышты Шығанақ өз қолына алды:

— Жанбота тапты. «Сенікі де дұрыс, сенікі де дұрыс, қай жеңгенің менікі», — деп отыр Қабыш. Сөзі жұмыр болғанымен өзі сопақ сорлы ғой, ұстатып алды. Қабыштың ұсталғаны жалғыз бұл ма, осы шіркіннің ойнап шалатынын, шын шалатынын білмеймін. Білдірсе екен бетін.

Шығанақ қалжыңмен айтса да, шын айтса да Қабышқа ауыр тиді. Темен қарап салбырап кеткен басын көтеріп алды.

— Ендеше сенікі теріс! Баяғының мәңгісіндей оймен байымай, қоя қой. Қолқам осы сенен.

— Көп қой десе қолқасыз да қоярмыз. Арманды атқа, көпті етке айырбастайтын күн өткен. Ендігі сөз көпке берілген сияқты.

Қабыштың ерте кезде елубасы, ауылнай болғаны бар еді. Жұмған аузын аша алмады.

— Ал, көбің не айтасың? — деп Ержан көпке қарады. Көп біріне бірі қарады. Сен айт, сен айтпен іштен тіресіп

Амантай соны аңғарып, ел көзін Олжабекке аударды:

— Олжекеңе бердік сөзді.

Осы сұмдықтың боларын алдақашан сезіп, Олжабектің жүрегі дүрсілдеп отыр еді, енді тура аузына келіп тығылды Қаша жөнелуге қадалған көздер жіберер емес. Қысылғанынан қызыл нарттай болып, көзі шарасына сыймай бара жатса...

Ержан:

— Сөйлеңіз! — деп қыса түседі.

Ұстап берсе де, араға Амантай түсті:

Азырақ тойпаңы бар еді, сабыр етіңіздер.

Тойпаңы жазылып, сөз бітетін де уақыт өтті. Олжабектің жүрегі әлі орнына келген жоқ. Ержан тықбалатып барады.

— Енді қашан? Бөгемеңіз жұртты.

Құтылмасына көзі жеткен соң, Олжабек қалпағын қолына алды. Өткен жиылыста облыстан келген бір уәкіл бөркімен тұрып сөйлегендерді сөккен. Содан бері оған шақырайған күн, сақылдаған аяз болса да, сөйлеушінің жалаңбас тұруы парыз сияқты еді. Қалпағын қолына алысымен ұшатын құстай қомданып тұрып:

— Машине керек! — деді де шыға жөнелді.

— Олжабек кетсе де оның шып-шып терлеген тақыр басы, алақтаған үлкен көзі, жуан дауысы Ержанның есінен кетпеді. Ел адамдарының ішкі сарайына енбеген Ержан, Олжабекке ашуланып кетті, бұл колхоз шетінен қыңыр екен деп қалды. Жол бойы Төкеннің айтқаны расқа айналып келеді. Тәртіпке шақырмаса болмас деп отырғанда, Амантай ол ойын тағы ушықтыра түсті.

— Олжабек айтпақшы машине кереҚ — деді Амантай. Шәңгерейдің шекесі зырқ етті:

— Иә, машине істеп береді, жатыңдар бәрің.

— Әй, Шәңгерей! Осы егіннің өзін салатын болсақ көкесін танытып салайық. Әйтпесе бұл не әуре! Алпыс үй ала жаздай алты гектар жер шұқылаумен болады. Ол шыққанда кімді жарытады, шықпағанда кім мұқайды?

— Олжабек екеуің айтты деп, Шәңгерей шекке қол қоя алмас.

— Көп айтса қайтесің? — деді Шығанақ.

— Онда көрерміз?

— Тәуекел! Шақыр ендеше жалпы жиналысыңды. Мына кісілер де ішінде болсын.

— Тағы да тәуекел? — деді Төкен кекесін күлкімен. Шығанақ шамданып қалды. Мұрты сербиіп, шоқша сақалы қозғалып кетті.

— Иә, «тәуекел дариясына салдым кеме, кемесіз ол дариядан өтем деме!» Сен оқыған қазақсың ғой. Оқысаң да ұсақсың. Ұсақтығыңды мен көргелі қашан!

— Қойыңызшы, Шықа! — деді Амантай, Төкенді қостаған болып құтырта түсті. — Осы кісінің денесі колхоздың қара бурасындай-ақ емес пе!

— Рас, денесі, тартыншақтығы келеді. Тақыстығы одан артық. Көкжар бекінісінде көп аңдысқан антұрған, сол күндерді әлі ұмытпай ма, — дейім.

Ержан бөліп жіберді. Ызбармен айтқан екі сөзінде үйдей екі пәле жатыр.

— Тереңге бойламаңыз, шығалмай жүрерсіз!

Шығанақ сөзден тоқтап, сол тереңге бойлап кетті...

Ойылдың кең даласы ерте кездерде Кіші жүздің бірсыпырасына жайлау болған. Бай руынан тараған он екі рудың бірсыпырасы, әсіресе Адайлар жыл сайын Ойылдың көк мөлдіріне бір шомылып қайтатын. Көптің суаты болған өзенді патша өкіметі де ескерусіз қалдырған жоқ. Соның жағасындағы көк жарға Ойыл қаласын салдырды. Ойыл әуелгі кезде қазақ даласын бағындыратын әскери күштің бір бекінісі болса, кейінгі кезде бай саудагерлердің қаласына айналды. Ойыл жәрмеңкесіне толықсып келген Адайларды жалақтаған саудагерлер сүліктей сорып, тырсия қалатын. Төкен осы Ойылдың бел баласы. Шығанақ оның төңірегіндегі жатақтың бірі. Көп ішіндегі жалғыз Төкенді Шығанақ жақсы біледі. Кебеже қарын, салпы бұғақ байбатша, біресе жуан жұдырық Төкен бүгін маман болып тағы да әмір етсе, Шығанақ шыдар емес. Сламғали марқұмның бір сөзі осы арада есіне түсе кетті.

— Дұржығүл, Жүсібәлілермен кескілесіп жүріп, Төкенмен тату қала алмайсың. Бірі тау қасқыры, екіншісі орман қасқыры. Айырмасы не? Ұлысады да табысады, — деген еді ауырып жатып.

Дұржығүл, Жүсібәлі дегендер Шығанақпен аталас, қаламдас шонжарлар. Штат сайлауына жатақта жатқан кедейлердің көнбегенін қамшымен әкелетін. Үш баласымен Берсе қарт қана қарсы тұрды. Үлкен баласы Шығанақ жас кезінде дойыр соғысына талай кірген кісі. К0ЛЬ1 тым қатты болса керек:

— Өліп кетпесін! — дейді екен әкесі. Жұмысқа да апат сияқты.

— Ой, мұрныңды ұрайын түрікпен мұрын, төбемді бұлтқа тигізесің бе? — деп бір көпенені бір-ақ түйреп лақтырған баласына, арба үстінде тұрып мақтанады екен қарт. Он жа- сында атқа мініп, ағаш соқамен алғашқы борозданы тартқан жерде:

— Балам, сенен бірдеме шығар, — депті Берсе қарт, оқтай дүзу бороздаға сүйсініп.

— Болатын бала алдымен әке-шешесіне, үй-ішіне, одан ауылға ұнайды, — дейді. Бірақ елуден асқанша Шығанақтың, аты ауылдан алты шақырым ұзамапты. Сламғали енді көрем деп жүргенде қайтыс болды. Шығанақ тұрған колхоз сол Сламғали Құрмановтың атымен «Құрман» колхозы аталады. Қабыры да сол маңда. Жалындаған жас комиссар алаштың бір ордасы болған Ойылдан Досмұхамбетовтерді қуып шығып, Ревком орнатады да, өзі басқарады. Бірақ ұзақ жасамай, 1923 жылы құрт аурудан қайтыс болған.

Шығанақтың еске түсіріп отырғаны осы Сламғали, осы Төкен. Ержанның «Тереңге бойламаңыз» дегенінен қорқып тоқтаған жоқ Шығанақ. «Осының өзі тау қасқыры» емес пе? деген ой келіп қалды. Ол ойының ұшығы таптырмаған соң, әңгімеге қайта оралды.

— Ал, жиналысыңды шақыр, Шәңгерей.

— Шақырамыз, ат үстінде бітетін әңгіме емес қой бұл.

— Созбұйдамен күн өтіп барады, — деп Шығанақ Ержанға қарады. — Осының бір тынымын істеп кетіңіз. Әйтпесе менің көңілім жай таппайды.

— Әуелі өздеріңіз бір пікірге келіңіздер! — деді Ержан. Сенделе-сенделе аяғы талса кереҚ жантая кетті. Бір қолымен шынтақтап, екінші қолындағы қамшысын екі бүктеп, өз аяғын өзі сабалап жатыр. Аяқ жағында керіле ұйықтаған сұр тазы, қамшы сартылдаған сайын көзін бір ашады. Қонағы қырындау келсе де шынтағына жастық қоймақ болған бәйбіше, қабылдамаған соң қайта алып қойды.

Шығанақ дағдарған кісідей сұлық отырып, күрсініп алады да:

— Мен түсіне алмадым онда! — деді. Өңінен де, лебізінен де іштегі өзгеріс байқалып тұр. Сырмінез болған Амантай мен Жанбота біріне-бірі қарады. Ержан «көрейін күшіңді» дегендей тиісе сөйледі.

— Түсінбесеңіз, түсінгеніңіз де оңып тұрған жоқ. Әлі күнге бір рет су жүрмеген атыздар бар. Белгілеген срок өтіп кетті. Сіз әлі қияспен жүрсіз.

— Мен мерзімге қарамаймын, тарының райына қараймын. Тары судың райына қарайды.

— Агрономдар білмей белгілеген ғой онда?

— Білгенінен білмегені көп сияқты. Маған қалай суаруды үйреткенше, су берсеңіздер екен тезірек.

— Өзіңіз нағыз бунтарь екенсіз! — деп, Ержан ежірең ете түсті.

— Морт сындың-ау, шырағым! — деді де Шығанақ Амантайға қарады. Амантай Жанботаға көзді бір қысып қалып, іліп әкетті сөзді:

— Келгенде-ақ шатынап тұрған.

— Онысын білгенде ептеп ұстау керек еді, — деді Жан¬бота, — әлі де септеп көрсе қайтеді?

— Қысқарт! — деп, Ержан басын көтеріп алды. Қамшысы арт жағындағы сұр арланға барып тиді. Арс етіп ала түсті арлан. Көзі қып-қызыл боп, жеңінен қапсыра тістеп қатып қапты. Амантай кеп арашалап жүр...

— Қой, әй, СұркиіҚ қой деймін, бізден көреді... Кет енді антұрған! — дегенде, тазы бір күр етіп үйден шыға жөнелді. — Қап, боқтап кетті-ау қонақты!

Ержан алқынып отыр. «Әттен, 20 жыл-ай» — дейді ішінен. Әкімшілік құралының қайсысын алса да бір сілтеуге жарамады. Соттауға қылмысы жоқ, шайқалатын бақ, дәулеті тағы жоқ, кетпен көтерген өңкей кедейге не істерін білмей:

— Көрсетермін екеуіңе, тұра тұр! — деді де Шығанаққа ауды беті. — Шал, сен жақсы ұсыныс жатпайды дегенге көки берме, өнерін, сыймай бара жатса көрерміз. Әзірге айтқанды істемесең, шоқ басқан тайлақтай боласын,!

Сөзін бітірер-бітірместен Ержан тұра жөнелді, Төкен қоса жөнелді. Амантай мен Жанбота есікті бермей Ержанның, алдынан келіп тұрды.

— Немене?

— Әлгі көрсетем дегеніңізді көріп қалсақ деп едік?

— Түу, жалықпайды екенсіңдер! — деп күліп жіберді Ержан.

— Онда қойдық, — деді де есік ашты екеуі. Ештеме болмағандай ойнап-күліп, қонақтарды аттандырғалы барады.

Шығанақта үн жоқ. Өзі қара кісі, әңгімеден кейін тұңғиық қара судай түнеріп қалыпты...

ҮШІНШІ ТАРАУ

АҚТӨБЕ САПАРЫ

I

Жаман айтпай жақсы жоқ. Олжабек екеуміз аурып

қалсақ, не ажал келсе, біздің орнымызға кімді қоясың, Шәңгерей?

— Амантай мен Жанбота тұрған жоқ па?

Манадан бері отырғанда екеуінің сөйлескен сөзі осы-ақ. Шәңгерей шығып кетті. Шығанақ түйілген қабағын әлі жазған жоқ. Анада Ержан, Төкен болып бәрі бет ашқаннан кейін сөйлемейтін болған. Шәңгерейдің кеткенін де байқамады. Маңдайын ұстап, төмен қарап шұқшиып отыр. Бір қолымен анда-санда шоқша сақалын қайырып әкеліп, ернімен тістелеп қояды. Әлден уақытта белін ұстап керіліп, жоғары қарағанда ғана үй ішінде өзінен өзге жан жоғын білді. Арт жағында сүйеулі тұрған көне домбыраны алды. Тартып қалып, бұрап күйін келтірді де, құлаққа жайлы бір қоңыр күйді шерте берді...

Күндегі әдетінше жұмыстан қайтқан ауыл адамдары біртіндеп келіп жатты. Жұлқыса-жұлқыса Жанбота мен Амантай да жетті. Олжабек пен Кәрібай келді бір кезде, Шығанақ домбырасын сүйей салып, күліп жіберді. Келемеж күлкі емес, сүйкімді баланың мінезін, тілін қызықтағандай, жаны жай тапқан күлкі. Олжабек бала сияқты. Шығанақ оған әке сияқты болып кеткен. Сонау тау ішіндегі тар кезеңде жалғыз қалған Олжабекті ит-құсқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам осы Шығанақ. Морт мінез Олжабек — осы Олжабек. Жамалдан әлі дерек жоқ. Емендей қатты — бір сынғанда екі сынды: колхозсыз ел таппай колхозға қорғалап, колхоздың адамы саналды. Жаудың таяғынан ба, Жамал мен жалғыз баланың қайғысынан ба, кім білсін, сөзден, топ-жиыннан ат-тонын ала қашатын, үндемес беріҚ момын болып барады. Адалдық, ұстамдылық мінездері беки түсті.

Осы жайдың бәрін білетін Шығанақ, Олжабекке жан теңгермейді. Ақылы жетіп тұрса да, ақылдасып, қалжыңдасып отыратын әдеті еді. Тағы да қолға алды.

ОлжабеҚ екеуміз кезеңді жерде кездесіп едік. Тағы Да бір кездескелі тұрмыз, — дегенде Олжабек аржағын айтқызбай зыр қақты:

Қой, қой, жетті, Шығанақ!

Ендігің тіпті жеңіл. Қағазға қол қоя саласың.

— Ойпыр-ай, енді, қағазға іліктірмекпісің! — деп Олжабектің, көзі бақырайғанда, бәрі ду күлді.

Күлкі басылған соң Шығанақ сөзінің салмағы Кәрібайға ауды. Кәрібай парторг, әрі мұғалім. Осы ауылдың алдын болжап, жоғын жоқтап отыратын ақылшы адам. Шығанақ оған тек бала оқытушы деп қана қарамайды. Жаңа заманның ой-қырын, оң-солын көбінесе содан сұрап, қанып отырады. Ержанның бетін көрген соң: осы менің өз бетім дұрыс па? — деген ойға да келген еді. Шығанақ қазір сол ойын тексергелі отыр.

— Мен талпынғалы қай заман, — деді Кәрібайға. Ойына алыста қалған бұлдыр күндер елестеп кеткен сияқты. — Талабым бір жанбайды. Қостаушым кем бе, қолдаушым жоқ па? Әлде өзімнен бе кінә? Көзің ашық, көңілің а дал, көлденең адам едің, бетіме айтшы!

Жайдың бәрі таныс Кәрібай, Шығанаққа сабыр сала сөйледі:

— Сабыр етіңіз. Жеткенше сол боп жатқан шығар.

— Е-е-е! Сабырменен сақал, шашты ағарттық қой. Осы менің жолым дұрыс па? Соны айтып берші. Коммунист едің.

— Ол не дегеніңіз. Еңбек өнімін арттырамын, колхозды ауқатты, мәдениетті тұрмысқа жеткізем деген теріс болушы ма еді?

— Ендеше, Шығанақ 60-ты қусырып тастады. Ендігі шыдамдылық — ездік-тағы. Бес ұл, үш қызым бар. Көзім өлі жоғалса да, тірі жоғалса да нәсілім жоғалмайды. Қатты кеткелі отырмын. Тән көмілсе — тәңір ісі, ой көмілсе — адам ісі. Ауданның аузы қисық келді. Облысқа жүрем, қалай қарайсың?

— Колхоз жіберсе, оның ешбір айып шамы жоқ.

— Ондық еркім болмаса колхоздың керегі не маған? Қағаз жасап бер жалғыз-ақ. Мені қостайтының — сол қағазға қол қой.

Бұл сөз Қабышқа ауыр тигені сонша, — ер батқан аттай кіржің-кіржің етті. Шығанақпен әзілі келіскен құрбы болса да, өрелі іске келгенде ол ел бетін бақылайтын. Бірақ, оның елі — басшылар. Ержанның, Төкеннің, колхоз бастығы Шәңгерейдің ыңғайын көрген соң, қағазға қол қоюға батпады. Шығанақтан тағы да аса алмай отыр. Мұндайда қолданатын екі әдісі бар: не жылға қуалап жылжып кетеді, не таразының басқан жағына шығады. Әзірге таразының қай басы басары мәлімсіз. Қабыш жылжытпалай бастады.

— Қағаз жасау қиын емес. Әуелі Шәңгереймен келіссеңші — дей бергенде Амантай киіп кетті:

— Созбұйданы соз, Қабеке!

— Қап, үзіп жібердің ғой! — деді Жанбота.

Қабышты екеуі біраз созғыламақ еді, Шығанақ оған келтірмеді.

— Кәрібай, қағазыңды жаз. «Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды». Қорыққаның Қабышқа қосыл, қорықпағаның маған қосыл.

Кәрібай жазуға кірісті. Өзгесі оны айнала қоршағанда Қабыш пен Олжабек қана оқшау қалған еді. Олжабек те қосылып кеткен соң, Қабыш амалсыз қосылды. Жабырласып жатыр:

— Жаз! қатырып жаз!

— Ауданның өзін түйрей жаз!

— Азар болса көшке берген тайын алар.

Шығанақ өз ойымен болып отыр: «Көк Ойылды қоныс еткен көп жатақ, ауызың мүлде кепкен бе? Көптен бергі арманға артель жеткізер, артельге енгенде асығым алшысынан түсті ме деп едім, әлі де асулар жатыр ғой алдымда...»

II

Екі аяқты арбаның төріне қатар отырған Шығанақ пен Олжабек Ойыл өзенін өрлеп келеді. Өзенді жағалаған құм жол екі айрылып, бірі — сол жақтағы аудан орталығы — Көкжарға бұрылғанда, екіншісі — оң жақтағы Барқынды жұлықтай тартты. Делбе Шығанақтың өз қолында еді, оңға бұрылды. Өзгерген ойын айтқан жоқ. Қалаға алаңдап қиқаңдаған тортөбелді қамшымен тартып қалғанда, қалғып отырған Олжабек шалқасынан түсе жаздады. Көзін ашып алып жан-жаққа қарады.

— Теріс кеттік.

— Соқпай-ақ қояйық.

— Райкомға кірем, — деп едің ғой.

— Райком Ержанды білмейді деймісің.

Құланиек таң, Барқынның сүйір құмдарынан аса қара". батысқа қарай ығысқан түн қалдығын ысыра түсті. Себелеп тұрған салқын леп бір лып етті де, тына қалды. Тып-тыныш, маужыраған дүниеде құм жолды тіліп бара жатқаң екі дөңгелектің ызыңы ғана естіледі. Басқаның бәрі тұнып тұр. ТеҚ сырты тыныш Шығанақтың іші дөңгелекке Үн қосады. Оның ойы да осы кең далада құм кешкен арбадай өрде аяңдап, ылдида желіп, ішкі дүниенің ұшығына жете алмай келеді. Көкжиектен күн шашырап, сағым сәулеттене бастаған кезде, Шығанақ Мұхиттың «Айдайына» басты. Селт етіп оянып кеткен Олжабек өкінішпен көзін қайта жұмды. Жап-жаңа шұрқырасып табысқан Жамалы сағымша сылаңдап, алыстан ғана керінді енді. Көруге бар, құшуға жоқ, әдемі елеске елітіп Олжабек көп отырды...

Ой басқан Шығанақты Мұхит сергітсе, елеске ерген Олжабекті жақсы жора сергітті. Екеуі әңгімеге жаңа ғана келді.

— Жамалмен өңімдегідей кездесіп, Сағынтайымды маңдайынан сипап тұр едім... Сенің дауысыңмен оянып кеттім.

— Аман-есен табысады екенсіңдер. Таңертеңгі түске сене бер.

— Айтқаның келсін.

— Мен түсті ояу отырып көрдім. Қара машинаны Ойыл жағасына орнатып қойып күмп-күмп біскенімде, қайсар жер көпіршіп шыға келді.

— Сен осы машинаға қайдан үйір болдың?

— Дүниені мен де кезгемін біраз, — деді Шығанақ тортөбелге шыбыртқысын үйіріп қойып. — Өзіңмен кездесетін тар кезеңге кезіп жүріп барғанмын. Сенің мұнда келуіңе мен себепкер болсам, менің іле қайтуыма машина себепкер болған. Машинаны сол сапарда көргенмін. Оның өзі онша үлкен нәрсе көрінбейді, ел босқа қорқады. Бірақ тым шымыр, тым шапшаң. «Ойыл жағасына орнатсам» деген арман бастан кетпейді.

— Иә, иә, жол бойы айтып қоймап едің.

— Енді соны алып қайтсақ тымақты алшысынан киеміз, — деп Шығанақтың көңілі алдағы үмітпен көтеріле түскенде, Олжабек тез ойын білдіріп күңк етті.

— Бас арманы болмаса, мал арманын қойшы!

Бұл сөздің астында не жатқаны Олжабекке қандай айқын болса, Шығанаққа да сондай айқын еді. Екеуінің де ойына Жамал, Сағынтай, тар кезең елестеді...

«...Мөлдір көзі жаудырап, жібек мінез Жамал қашқындардың қолында кетті. Кіршіксіз таза арна, аш қасқырдай сұғынған адамдар жара салмай қояр ма? Шыдар ма соған Жамал? Әлде, періштедей таза жан арам удың зәрінен жан берді ме, біржола? Апалаған нәресте қай көденің түбінде қалды екен, шырылдап!.. Әлде... Әлде... әбден күдер үзген соң...»

Олжабектің ойы осыған дейін келді де тұрып қалды. Одан әрі беттер емес. іші оттай жанып кеткен сияқты. Қызғаныш пен аяныш екі жақтап қысқан адал жан, бір тыныс іздегендей ауыр күрсініп Шығанаққа қарады.

Жол қысқарсын бір әңгіме айтшы.

— Кезгенді айтайын ба, төзгенді айтайын ба?

— Бәрекелді! Екеуін де айт. Сынған көңілге сеп болар ма екен.

Шығанақ әңгімені тым әріден бастады:

— Мен 1881 жылы туыппын, — деді де өткен өмірдің, жүйесін іздеп аз мүдіріп қалды. — Есімді жия бастағанда біздің, үйде жеті жан бар еді: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі мен менің інілерім — Тақатар, Түнқатар. Кедей-ақпыз. Оның үстіне әкем бір кіндіктен жалғыз. Бала жас, мал табуға ұзап кете алмайды. Мен он жасымда әкеме көмекші болдым. Әлі есімде, әкем бір жақтан келді де:

— Азық әзірле! — деді шешеме. Шешем үндемейтін кісі еді. Сол күні бір дорба тарыны қайнатып, қуырып та үлгірді. Ертеңіне түске жеткізбей түйіп, ақтап болды.

Екінші күні таңертең әкем атта, мен азық-сайман артқан түйенің үстінде келе жатырмыз. Осы. сапар өзгеше бір қызық боп көрініп, түн бойы ұйықтамай шыққан едім. Сөйтсем, азап екен: түйе тербетіп «ұйықта» — дейді. Жыртық бешпеттен кеулеген өкпек жел ұйықтамақ түгіл ояу да отырғызбайды.

— Тоңдым, — дедім әкеме. Әкем сырт киімін шешіп бер¬генде камзолының жыртығынан иығы шығып тұрды.

— Қайтсін бишара, аяп кетті ғой баласын! — деп үндемей отырған Олжабек тағы да бір күрсініп қойды.

Шығанақ әңгімесін соза берді.

— Кешке жақын егіншілерге жеттік. Бізде баспана жоқ. Басқаның не қосы, не үйі бар. Ершабар деген кісінің үйіне паналадық. Біреу жыртып, біреу сеуіп, елдің бәрі тырбанып жатқан кезі. Менің әкем, қолында шапашот, бір ағашты тықылдатып шабады да отырады.

— Бұл не? — деймін әкеме.

— Соқа, — дейді әкем. Ағаштың басына темір кигізіп, шегелеген соң, соқа дайын болды, балам, — деді.

Осы соқамен егінге шықтық. Егіннің де, соқаның да, әкемнің де сырын білмеймін. Үшеуі де маған ғаламат болып көрінеді. Сол ғаламаттың қызығымен соңдарынан ере бердім.

Әкем бірде қатал, бірде мейірбан. Қаталдығы да, мейірбандығы да мен күтпеген жерден кездесіп отырады. Шабан көкті делбелеп жеккенде «құтылдым ба» деп едім. Егін басына келген соң мені көк шолаққа көтеріп мінгізді де:

— Анау шиге қарай тура тарт! — деді.

Жалғыз тіс, көк шолақ жалғанды жапырып келе жатқан сияқты. Қызығын көруге артыма жалт қарағанымда, әкем ақырып қойды.

— Алдыңа қара!

Алдыма қарап тарта бердім. Қызықтың бәрі артымда. Әкем бір уақытта тағы да айғайлады.

— Қайта оралғанымда, әкем жылы жүзбен қарап тұр екен маған. Жылы жүз, алғашқы тартылған борозда көңілімді көтеріп жіберді.

— Мен ұстайыншы соқаны, — дедім.

— Ұстарсың, балам, ұстарсың, — деді әкем, бірақ ұстатпады. — Тілім тасқа тисін, алғашқы тартқан бороздам оқтай түзу шықты. Бетің дұрыс екен, балам, — деп маңдайымнан сүйді. Сөзінен қуаныш, өңінен аяныш көрінеді. Сүйгенде, көңілi бұзылып, аузы кемсеңдеп кетті. Енді ойласам, өз өміріне налып, менің өміріммен жұбанған сияқты.

— Міне, менің диқаншылығым осылай басталды. Егінді қанша ұқсатып салсаң да, аспаннан тамбаса еңбегің еш. Ол күндерде суарып салуды білмейді. Сендерді әлі күнге аспан асырайды. Сарыарқаның қасиеті осы ғой. Біздің жақтың аспаны жерінен де құрғақ. Еңбек жанар жер іздеп дүниені біраз шарладым сонысын...

Оқаптардан шоқалақтап келе жатқан қосаяқ арба тыр-тыр еткенде, тортөбел тұра қалды. Әңгіме де бөлінді. Шығанақ пен Олжабек атып түсіп, арбаның екі жағына шықты. Ондай ештеме көрінбейді. Арбаның жәшігі кейін ығысып, қалпақ темір дөңгелекті басып қалған екен.

— Әй, осы жақтың жолы-ай! — деді Олжабек. — Жол емес.

Кейіп тұрған Олжабекке Шығанақ сылқ-сылқ күлді.

— Е-е, саған арқасыз жер, Жамалсыз әйел ұнар деймісің.

— Шынында әйелдерің де тым күйкі.

— Сыртын айтқанша, ішін айт. Жанботалар жанып тұрған от емес пе, шіркін.

— Оның рас, — деп күмілжіп қалды Олжабек.

— Алар ма едің, тисе?

— Қой, бір жерге жығып кетер.

Жәшікті орнына қайта келтіріп, қайыс шылбырмен таңып алды да, екеуі жүріп кетті.

— Онда, он бес-жиырма арасындағы кезім, — деп бастады Шығанақ ендігі әңгімесін. — Егіннен еңбек еш бола берген

соң, Гурьевке тарттым. Екі жүз жиырма шақырым жер елсіз. Терлікбай екеуіміз жаяу. Сағыз бойындағы ел қасқыр дегенде ішкен асын жерге қойып отырған. Айтқанындай үш қасқыр солбаң етіп алдымыздан шыға келді.

— Таянбайды-ау, — деді Терлікбай. Күлдіргі жігіт еді, таяғын мылтық қылып кезеп-кезеп қояды. Қасқырлар одан сескенбек тұрсын, тақала түсті. Ақырып ұмтылсақ ожырайып бетімізге қарайды, ұлиды.

— Ох, антұрғандар, үйір шақырады ғой — деді Олжабек әңгіменің осы арасына келгенде.

— Иә, үйір шақырған екен. Ұли-ұли қасқыр сегіз болды.

— Ал, енді шабады.

— Шаба қойған жоқ. Біресе мына жағымызға, біресе мына жағымызға шығып, қарды бората береді.

— Сол шабар алдындағы айбаты.

— Біз де айбат көрсетіп, бастырып кеп бердік. Біреуі бұлаңдап алдымызға түсе жөнелгенде, екеуі артымызды айналды. Өзгесі тамашалап қарап түр. Күн батып кеткен, Қасқырлар жүргізбеуге айналды.

— От неге жақпайсыңдар?

— От қайда, отын қайда? Бірі де жоқ бізде. Сөйтіп алпарысып келе жатқанымызда Терлікбайдың етегінен келіп алды біреуі. Таяқпен жіберіп қалдым. Терлікбайдың етегі қасқырдың аузында кетті. Енді састық. Бір қара көрінеді Содан жанымыз қала ма дейміз. Сөйтсек ол жол аузындағы мола екен. Мола да болса Қорғады. Қасқырлар қуып тықса да, молаға енбей тұрып қалды.

Сілеміз құрып, келісімен жатып қалдық.

Таңертең абайласақ моламыз бір керемет. Көлемі алты қанат үйдей, үй бейнелес кірпіш күмбез. Дәл ортада нән қабыр жатыр. Қабыр шәйі шымылдықпен қоршалған, ашуға батпай айнала сығалап біраз жүрдік. Төр алдында ақ киіз, оның үстінен кілемдер жайып тастапты. Самауыр, шай жабдықтарына дейін бар. Тот баспаған ақ семсер, қаны жуусыз, дүзі жоғары қарап ілулі тұр. Оның қасында желекті көк найза, бір дәу дойыр ілулі тұр...

Жапан даладағы салтанатты жалғыз қабырды тамашалап көп тұрдық. «Жазатайым мерт кеткен біреудің жалғызы ма? Жауымен жағаласқан бір елдің ері ме екен? Неге ардақты бұл өлім?..» — деген ойлар келеді. Сол ойдың шешімін таппай дағдарған бізді бір нәрсе тағы шатастыра түсті. Қабырдың екі басында жыландай асылып екі бұрым жатыр. Қап-қара, жарым құлаш қолаң шаш үш тілдеп өрілген де, дәл түбінен кесілген. Осы кесіндісі, осы жатысы ғана жалын жүректі, сұлу сымбатты жардың жарық сәулесін түсіріп тұр. Неге кескен? Неге жатыр? Қабыр иесі өзі ме, әлде жанына балаған жары ма? — дейміз. Нан ізде. ген екі жас, ішпей-жемей болдық мас...

— Ойпырай, тамаша екен! — деп Олжабек ырғалып қойып көтеріліп отырды. Оның, ұшығына жеткенше асығып отырғанын сезген Шығанақ, қасақана зарықтырғысы келді ме, әлде әңгіменің бір өрі кездесті ме, бөгеліп қалды. Олжабектің үлкен көзі жалтаңдаған сайын Шығанақтың ерні жымырая береді.

— Енді қашан? — деді шыдай алмай Олжабек.

— Нан іздеген екі жас, ішпей-жемей болдық мас. Айықсын солар.

— Ту! — деп Олжабек қолын сілтеп тастағанда ғана Шығанақ әңгімесіне кірісті.

— Айтайын, айтайын! Ашуланба, аға баласы! Жұмбақ қабырдың жайын ол арада білмегенмен, кейін естідім...

Кіші жүзді білген ел, алдымен Адайды біледі. «Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын», — дейтін адайлар. Бай ұлының он екісінің ішінде анайы емес, әкесі белгісіз, олжа бала деседі. Біреу құндақтапты да, қызылшақа күйінде жолға тастап кетіпті. Кіші жүзден тарағанның көбі де, ері де сол. Адай. Рас-өтіріктігін кім білсін, өзара қалжыңда Адай ұрпақтарының оқыс мінездері көп айтылады. Әлім руының бір үйіне бір Адай кіріп келсе, жаңа бұзаулаған сиыр тұр екен. Шошып кетіп, дойырын көтеріп алыпты да:

— Әй, мынау итің қаба ма? — депті жаңағы. Адай. Шығанақ осыны айтқанда, көп күлмейтін Олжабектің қатты күлгені сонша, арбадан ауып түсіп қала жаздады.

— Мынау, мал көрген неме ме, жаным-ау! — деп күледі.

— Мал көргенде қандай! Шіріген бай, — деді Шығанақ. — Бірақ сиыр ұстамайды екен ертеде. Көшпелі жауынгер ел бопты. Патша отрядымен де, іргелес отырған түркпендермен де талай шабысқан. Сол шабыстың бірінде оттай жанған жас жігіт аты жығылып, жау қолына түседі. Құтқаруға ешкімнің күші де, айласы да жетпей дағдарып тұрған кезде, көк бестіге ер салып, көк сүңгіні қолға алып, бір қыз жау соңынан жалғыз шауыпты. Дәл әлгі мола тұрған белесте масайрап жатқан жауға түнде жетеді. Жетісімен:

— Ояу ма едің қара жау! — депті анадай тұрып. — Көтібардай күшім жоқ, Махамбеттей жүрекпен келдім. Ер олжаға сыйған ба, мә, керек болса мені ал. Мақпал қарағым бар, әрбір талы бір-бір мал. Қарақаттай көзім бар, ашығынан от лаулар. Сөзім шекер, тілім бал, лебізімнен ән нәр. Жүзімді айтсам, жаңа атқан таңдай. Сымбатымда мін жоқ, бір — туған нардай. Мінезім керек болса, түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Ел намысына, ер намысына бәрін бердім. Жалғыз ғана жүрегімді алып қалам.

Жеңген жау асыл сөзді, ару қызды ұқпай, ожар күшпен лап береді. Қыз мінген көк бесті Мұзбүйрек деген жүйрік екен, ұзақты күн шапқанда бір ғана бүйрегі жібіпті деседі. Біріне шалдырмай шығып кетіпті.

Жете алмай жау қайтқан соң, таң ата қайта оралып, қыз тағы да сөйлеседі:

— Айтқаным айтқан, есің болса — ел болмайтын ерді алма. Жат үшін жаралған қызды ал! — дейді. Сұлудың жүзін жаңа ғана көрген жау осыған көне қалыпты. Жігітті байлаудан босатады. Оқшау тұрған қызға жігіт жалғыз келіп:

— Әттең, дүние-ай, семсер асынғанша, мылтық, найза асынбай! — дегенде.

— Еркек болсаң ол да бар. ізімнен адаспа. Ұзамай табасың — депті қыз.

Жігіт көк бестіге мініп, кеткелі тұрғанда қызға бір-ақ нәрсені ескертіпті.

— Шонжар Қарадан сескенем.

— Мен, қорқақ жүректен сескенем. Менің жауымды сен жеңсең, сенің жауыңды мен жеңер ем.

— Тұрдым осыған, — деп жігіт қол алысыпты да жүріп кетіпті.

Тапжылмай тұрып қалған қызға, жуықтап ешқайсысы келе алмапты. Әлден уақытта, басқан жері майысып, қызға Қарай Шонжар Қараның өзі жүреді. Бурасынды шіркін, өңін жылытпай, тіл қатпай келіп қыз белінен семсерді қолымен алады. Қыз сонда күліпті.

Тал бойымнан таңдағаның осы ма?

Ала берем осылай!

Ендеше, атап ал дер едім?

Сенбеймін семсерге, сонсоң алдым.

Онда әуелі жүрегімді ал.

Күш жеңбеген батыр жау сөзден жеңіліп, семсерді қызға қайта береді. Бір күңк етіп, құшағын жайып жібереді де:

— Әкел жүректі! — дейді. Жайылған құшаққа қыз барып ене, қойған жоқ. Енбеймін де деген жоқ. Алпамсадай антұрған ашуланса бүлдірер деді ме, емексіте сөйледі.

— Семсер алудан жүректі алу қиынырақ. Сабыр, батыр, сабыр.

— Маған бәрінен де сабыр қиын қазір. Келер болсаң дереу кел, жайылған құшақ жиылмай!

— Қазір алсаң міне семсер, жарып ал. Сабыр қылсаң, әлі де айтар сөзім бар?

— Айтшы, бол!

— Атам қазақ әдеті — ел көзінше ер құшағына қыз кірмейді.

— А? Жүр ендеше тасаға, жүр? — деп тарта жөнеліпті Шонжар Қара. Екеуі аулаққа ойпатқа кетіп барады.

Олар кетісімен көк белден шаң бұрқ ете түсті. Әбігер болған жау ат, қаруын ала батырға шабады. Келсе батыры жайрап қапты. Қыз қолындағы көк семсерден қан тамшылап тұр. Ызалы жаудың бірі сөзге де келместен, дәл жүректен қызды түйрепті. Жығылған қыздың тұлымын бірі кесіп әкетті. Батыры өліп, сағы сынған жау одан әрі сабыр таппай қаша берді. Көк найзаны төсей, көкбестімен зулатып жігіт жеткенде қыздың жаны әлі кеудесінде екен. Сол қалпында жігітті құшақтап жатып жан беріпті.

Міне, біз көрген там, осы Адай қыздың тамы. Оны.салдырған өзінің сүйгені. Көкбесті астына, көк найза қолына тиген соң жауын да жеңіпті, жарына да ескерткіш қалдырыпты, — деп Шығанақ әңгімесін аяқтады.

— Жамалымның өлігі табылса, барлық еңбек күнімді берсем де, мен де бір ескерткіш орнатам... — деген ойда келе жатты Олжабек.

III

Жусанды далада ойқы-шойқы ауыл отыр. Бір шеті мен бір шеті атшаптырым. Екі үйінің арасынан ел көшіп өтеді. Құрым қос, ши туырлықты киіз үй, құм басқан кірпіш үй — бәрі араласып кеткен. Киіз үй, құрым қостар бұрынғыдай алысқа көшпесе де, айнала жылжуын әлі қоймапты. Олар бір шеттен бір шетке жылжыған кезде, өзі сирек ауыл, тіссіз ауыздай опырыла қалады.

Бұл ауылдың сиқы өзгерумен қабат, аты да өзгерген. Колхоз деп аталады. Шынында колхозға, ауылға ұқсайтыны да, ұқсамайтыны да көп. Елдің ауыл қалпынан колхоз қалпына келіп жатқан кезі ғой. Бір көш қуантады, екінші көш ренжітеді. Қуансаң — қызыл езу даңғой, ренжісең — кертартпа, қырсық атанасың. Үндемесең — ішінде үйдей пәле жатыр деп тағы күдіктенеді. Ел мінезі осылай. Есіргенді де, өкінгенді де, үндеместі де жаратпайды. Қуаныш, қайғыға бірдей төзімділі Қашық ой, қажымас қайрат — ел.

Осы елдің бір жерінен шыққан Шығанақ дәл осы колхозға келгенде күнді батырды. «Қонақ таңдап қонады». Шығанақ таңдап келеді. Еңсесі көтеріңкі бір үйге жеткенде тұра қалады.

Берген бар ма? Бергенді көрген бар ма? — деді дауыстап. Сиыр сауып жатқан жас әйел аузын аңқита қарады да, үндеген жоқ.

Шығанақ екінші үйге келгенде сол сөзді тағы да айтты. Есік алдында қамыт жамап отырған шақшадай шал:

— Не іздеп жүр, осы? — деп бір шықылық етті де басылды.

Шығанақтың не іздегенін басқалар түгіл қасындағы Олжабек те түсінбеген екен. Ат басын бұрарда:

— Қонуға осы үй дұрыс, — деп күңк етіп еді.

— Тарта бер! — деді Шығанақ.

Қаракердің аяң жорғасымен келіп түсе қалған көселеу жігіт, осылай беттеген Шығанақтарды күткендей, үйіне енбей тұр. Ауыл қыдырған екі аяқ арбаның бір өзгешелігін сезіп тұрған сияқты. Шығанақтар бері бұрылғанда, сыртта тұрып үй ішіне хабарлады:

— Қонақ келеді.

Шығанақ келген жерден-ақ белгілі сөзін айтты:

— О, шырақ, берген бар ма, бұл маңда? Бергенді көр¬ген бар ма?

— Берген де бар, бергенді көрген де бар. Қош келдіңіз, — деп аттың шаужайына оралды жігіт. Шығанақ сонда ғана арбадан түсті.

Жұпыны ғана үй екен. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастық екеуі қонақ шынтағында. Ерлі-байлы екі адам бірі оны, бірі мұны істеп, екеуі де қонақ жабдығында жүр...

Амандықтан кейін тым-тырыс отырып қалған қонақтар жай отырған жоқ, іштей бәрін байқап отыр. Үй адамдары ұнағанмен, үй іші сұйықтау. Қонақасының қалай келері белгісіз. Кереге басында тұздаулы жалғыз ғана төстіҚ белдеуде әлі күнге дейін ағытылмаған торы құлын тұр. Құлын тым кесек. Төстік тым ұсақ. Басқа ештеңе көрінбейді. Шығанақ торыққандай, сүйеулі домбыраны алып шерткенде, Олжабектің көзі ілулі тұрған дырау дойырға түсті. Топшысын, алақанын қорғасындап, сабын шандып тастаған жуан Дойыр, бір заманның мықты қаруы болса да, қазір көрмеге қалған. Ешкім ұстамаған соң, өрімдерін көк шалып, сабы керегеде, тұмсығы жер иіскеп жатыр.

— Мынау ат ұрғыш па? — деді Олжабек таңданып. Өз елінде ол болмайтын.

— Жоқ, кісі ұрғыш! — деді Шығанақ. — Осымен бір тартайын, мықты болсаң жығылмай кет.

— Қой, қой. Түрі бұзық екен.

Осындай бұралқы әңгімемен отырғанда дастарқан жайылды. Алқынып ақ самаурын, жалаулап қара таба келді. Қаймақ құйған қою шайды, майға илеген талқанмен сіміре бастады қонақтар. Басқа ел арақ, қымыз. сыра ішкенде жадыраса, бұл ел шай ішкенде жадырайды. Жол соғып келген Шығанақ, шай ішіне барған соң ғана үй иесін жоқтады. Шай құйып отырған қара торы әйел:

— Келеді. Іше беріңіздер. — дегенде, тор құлынды ноқтасынан жетелеп жер ошақ маңына барған үй иесін көріп қалды Шығанақ.

— Шақырыңызшы.

— Келеді. Келеді ғой.

— Жоқ, шақырыңызшы.

Әйел орнынан амалсыз тұрды. Үй иесі келсе де отырған жоқ. Түрегеліп тұрып:

— Айыпқа бұйырмаңыздар. Мен бір жұмыс жасағалы жатырмын, — деді де шығуға бой ұрды.

— Тоқташы, шырағым! — деді Шығанақ. Жігіт тұра қалды.

— Атың кім?

— Қали.

— Азғана отыршы қасыма келіп.

Қали қасына келіп отырған соң, Шығанақ мәтелдей жөнелді.

— «Қаз орғанына семіреді. Қарақұс тойғанына семіреді». Біз қара құс емеспіз. «Асқанды айтпа, сасқанды айт». «Етті айтпа, ниетті айт» деген. Бәрі де болды. Енді орныңнан қозғалма.

— Оның бәрі қонақ ырзалығы. Маған арнап бірдеме айтпасаңыз тоқталмаймын.

— Сенің іздегенің қонақ ырзалығы емес пе? Өзің жегің келсе, қарагер биені қоса сой.

— Ол не? — деп елең ете түсті Олжабек. Бәрі күліп жіберді. Күлкі Олжабекті одан ары таңдандырды.

— Бұл арқа жақтікі еді, — деді Шығанақ. — Олардың салтында қонаққа соятын малды әкеліп бата сұрайтын көрінеді. Сен бата сұрамаған соң, торы құлынның сойылғалы жатқанын сезген жоқ.

— А, солай ма! — деп Олжабек жаңа ғана түсінді.

Торы құлынды соя алмай, басқа ештеңе таба алмай, ер көңіл Қали ойын әржаққа жүгіртті.

Енді жайын айта бастады...

— ...Колхозға биыл ғана ендім. Төрт-бес қараны ортаға беріп, әрі мінгіш, әрі сусын болар деген оймен, қарагер биені меншігіме алып қалған едім. Оның құлынын сыйғызбадыңыз. Қонақасы сұйықтау болды. Колхозымыз да жаңа колхоз. Жаңа қоныс боп жатқан кезі ғой елдің. Айыпқа бұйырмаңыз, отағасы. Жоғары көңілге қысқа қол жете алмай тұр...

Айтпаса да Қалиға Шығанақ риза еді. Риза емес кісідей, үнсіз отырып қалды. Бұл мінезді бұрын сезген Қалидың әйелі Шығанаққа шайды баса құйып:

— Ішіңіз, ата, ішіңіз, — дей береді. Шығанаққа бір қараса, күйеуіне екі қарап, әйел қызара түсті. Шығанақ та мұны сезіп, алысқа кеткен ойын қайырып алды. Үлкен орамалымен бетінің терін сүртіп тастаған соң:

— Қонақ таңдап қонады, — деді, — бірақ қазақтың қай үйіне барсаң да тостағандай қарын тояды. Көлдей көңіл тола бермейді. Мен көңіл тойымын іздегем. Рақмет, шырақтарым, көңілім көрген жерде тойған. Сенің бір сөзің ой қозғап, бір қатар жерге барып қайттым.

— Қай сөзім? — деді Қали.

— «Жоғары көңілге, қысқа қол жете алмай тұр», — дедің ғой. Мен де соған жете алмай жүргеннің бірімін. Қайтсек жетеді?

— Сол шіркін жеткізбес, сірә.

— Жоқ, жеткізеді. Мынау жеткізеді! — деп Шығанақ майға илеген тары талқанды сұқ қолымен көрсетті.

— Осының өзі жеткізбей келеді ғой.

— Дұрыс айтасың. Әкем Берсе сақал, шашы ағарғанша Қуды. Өзім он жасымнан бері қуып келемін. Құйрығын ғана шалдырады. Талай отырғызып кеткен уақыттары да болды. Онымен адастырған жоқ. Қайда барар дейсің бұл шіркін. Осы сапарда бір жүйрік мініп қайтсам, тары құтылмас менен.

" — Оныңыз қандай жүйріҚ — деген сұрауына Шығанақ машина жайында ұзақ әңгіме айтты. Табадағы шоқ үш рет жаңартылды. Самауыр екі рет еселенді. Шай әлденеше рет салынып жатыр. Әңгіме сонда да біткен жоқ. Терлеп алған

Шайқұмарлар сөзден шаршар емес. Олжабек атын әлдеқашан доғарып келіп, жантайып жатыр.

— Машина, машина дегенмен, ол бәрін бітірмейді,-дейді, бір уақытта Шығанақ. — Машина тек су тарту үшін керек. Сусыз егін жоқ. Бірақ су да өздігімен жарылқамайды. Тарының дәні қандай көп болса, бабы да сондай көп. Бабын тапсаң — бермегенді береді. Сонда «жоғары көңілге қысқа қол да» жетеді.

Қали аз сөйлеп, Шығанақты көп тыңдады. Тыңдаған сайын құлақ құрышы қанып, үлкен мұрын қара шал оған түпсіз терең көрінді. Тыста, алғашқы кездескенде, сөзіне қарап, ескі сөзді, ескі әңгімешіл адам болар десе, енді ескі мен жаңаға бірдей, өз ойы, өз жолы бар, сирек кездесетін қарт екен, — деді. Ол қарттың, қарт мұның аты-жөнін, егжей-тегжейін әлі сұрасқан жоқ. Бірін-бірі жүрекпен танып, ұзақ әңгімеге кіріп еді.

Қали енді ғана:

— «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деп еді. Атыңыз қалай, отағасы? — деді.

— Әкем аты Берсе. Өз атым Шығанақ.

— «Аты шықпаған кісі ме? Мен естімедім бе?..» — деп ойланып қалды Қали.

— Қай русыз?

— Ақ кетеміз.

— Оның қайсысы?

— Жұлдыз боламыз. Жұлдыз болғанда Ойыл бойын¬дағы жатақпыз.

— Ағайын боп шықтыңыз ғой тіпті — деп Қалидың көзі күлімдеп кетті. Бірақ ағайынын әлі біліп болған жоқ. Екеуі де Жұлдыз болғанда бес-алты атадан қосылады. Қоныстарының арасы күндікке жетпейтін жер. Қали Шығанақтың аржағында күндік жердегі адамдарды, Шығанақ Қалидың аржағындағы күндік жердегі адамдарды біліп отыр. Бірін-бірі білмейді. Шығанақ сонсоң өзін-өзі міней қалжыңдады:

— Ертеде бір ауылдың тұсынан өтіп бара жатсам, бір жігіт бір ақсақалды сыбап жатыр: «Алпысқа келгенше алты шақырымға атың шықпаған көк төбет», — деп боқтайды әлгі антұрған. Сол сияқты мені де боқташы, Қали, — деп сылқ-сылқ күледі.

Әңгіме осымен аяқталғандай болды. Дастарқан жиылған соң Қали домбырасын алып шертті. Айтуға тіл жетпейді, жүрек қана сезетін бір күй, жанды шығанға алып шығып барады. Алдында алып дала, тебіренбестен ұйықтап жатыр.

Асау бұлақ бауырында ойнап, асқар тауы аспанмен сөйлесіп тұр. Жер бетін желпіген самал леп, әлде не деп сыбырлайды. Тыныш жатқан айдын көл ақырын ғана жыбырласа, меңіреу орман бас изеп мақұлдайды. Өлі жерден өзгенің бәрі бірдеме сезгендей, күткендей елең етіп, тын, тыңдап тұрған шақта, әлдеқайдан еміс-еміс үн келеді. Көз ұшында ноқаттай қара көрінеді. Сол үнмен ноқатқа қадалған жан алуан-алуан күйге түсті. Сүтке тойған сәбидей, уілдейді де күледі. Ботасы өлген іңгендей, боздайды да жылайды. Қырандай қалықтап көкке де шығады. Қияндағыны көріп, темен де құйылады. Біресе қалың, орманға сүңгіп кетіп, бұлбұлменен үн қосады. Біресе, қара бұлтты отқамшымен айдаған, қара орманды қалтыратып, теңізді торсықтай шайқаған дауыл болып ызғырады....

Жанды сонша құбылтқан осы үн, осы ноқат, міне, сары даланы гулетіп, қақ алдыңнан өтіп барады. Аяғында кісен, қолында домбыра, қияқ мұрт қарасұр кісі, кісені сылдырап, домбырасы зарлап барады. Домбырасын қалдырып, өзі бел асып, көзден таса болды...

Қали тартқан жанды құбылтқан осы адамның күйі еді.

— Күй иесі — Кұрманғазы! — деп домбырасын сүйей салды Қали тыңдаушылар сонда ғана өзіне-өзі келгендей болды.

— Жаталық! — деді Шығанақ.

IV

Шығанақ пен Олжабек үш күн жүріп, облыс орталығына жеткенде тортөбелдің қылшығы да сынған жоқ. Екеуі де мал қадірін білетін адам, қалаға келген соң, да көліктің, жүдемеуін ойлады. Шығанақ күндіз мекеме аралап кеткенде, Олжабек тортөбелді Елек жағасына алып кетеді.

Електің ойында бақша, қырында дәнді егіс. Бақша баққан, егін еккен жұрт құмырсқадай қыбырлап жүр...

Өзгеден оңаша өзен жағасында, баурын көкке төсеп жатып, Олжабек бүгін өзімен өзі көп сөйлесті. «...Бұл маңның жер реңі Ойылдай емес, біздің жаққа ұқсайды екен. Бұтасы кемдеу, әйтпесе кәдімгі шалғын, бетеге, шымайт емес пе °сынау жерлер. Трактор дегенді көргенім осы. Мына біреуінің соңындағы соқада тіс нешеу? Бір, екі, үш, төрт, бес... '"ер шыдамас мынаған. Мен келгелі айдағаны бұрынғы бір ауылдың егісі. Ойыл бойына осынын, бірі барса, жетіп тұр екен. Сөйлесейінші», — деді де, аяңдап тракторға келеді.

Аю көргендей таңданып, о жағына, бұ жағына бір шығады. Тракторист шылымын саспай орап, жымиып тұр.

— Әй, жолдас, бұл неге қалшылдайды?

— Мотор істеп тұр.

— Ол немене?

Қалай ұғындырарын білмей:

— ЖүреҚ — деді тракторист.

— Жүрек? Мұның да жүрегі бола ма?

— Болады, жолдас.

— Көрсетші, кәні?

Тракторист қақпағын ашып моторды көрсетті. Мотордың атқаратын қызметі жайында біраз түсінік берді. Қаншасын ұғынғанын кім білсін, бәрін ұққандай, Олжабек басын шұлғып тұр.

— Қайдан алдыңдар мұны, базарда сата ма?

— Заводтан келеді.

— Завод қай жерде?

— Мұнда жоқ. Харьков қаласында.

Алыста екенін Олжабек жақсы түсінді. Өзіне ол дүниедей көрінетін Ақтөбе, енді онша болмай қалды.

— Біздің Ақтөбеден де үлкен болды-ау, ол?

— Иә, үлкен, — деді де, шылымын табанымен бір таптап, тракторист орнына барып отырды. Олжабектің әңгімелескісі келіп барады.

— Әй, тамыр, сатасыңдар ма, осыларыңды?

— Не берер едің?

— Сұрашы кәні?

— Он мың сом, — деп жүріп кетті тракторист. Оның күліп бара жатқанын Олжабек байқамады. Ере түсті де, тортөбелдің қасына келіп қайта жантайды. Тракторды қуған ой талай саққа жүгірді. «...Советтің ақылы да, айласы да асты ғой, — деді Олжабек өзіне-өзі. — Жауға бұйырған екі-үш қараны алып қашамын деп, ақыры мынау...»

Өткені есіне түсіп кетіп, Олжабектің ойы ауырлағаны сонша, қапелімде іші елжіреп, еріп бара жатқандай еді. Әрі-беріден соң өкініш оты қозданып, адал көңілді алай-түлей етті. Жанған жанға, басытқы көз жасы, тартылған демге зар болды. Жер бауырлап жатып зарлады, көз жасын көл қылды.

— «...Жібек мінез Жамалым. «Олжеке» деген назыңды қайтып есітер күн болар ма? Жаудыраған ботакөз қай сай¬да, қай үңгірде, тора түскен тұйғындай шерменде боп отырсың... «Көкелеген» Сағынтай, табаныңа қадалған шөгір, маңдайыма қадалсын деуші едім. Бір иіскер күн болар ма!

Жаратқан-ау, қатын-баласы қасында, ала қайғыдан аман, ел қатары еңбек еткеннің де арманы бар ма екен! Қорқытқан колхозың осы ма? Құшағын жайып қарсы алды. Ержан мен Төкен болар бір мықты. Тайталасып қалаға келдік. Мендей момын қашан жетіп еді осыған...»

Олжабектің жанған ішін алдағы өмірдің нөсері ғана сөндірді. Бұрынғы алды тап-тақыр, айналасы астан-кестен болып көрінсе, ендігі алды жаңбырдан кейінгі жердей күлімдеп, сол жерге ел жайланып қонған сияқты. Әуелде оның басына сыймаған бірлестік еңбеҚ ортақ енші, — берік дәстүр, белгілі әдетке айналған сияқты. Басы осы болса, аржағы «қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын» әділ, молшылық заман екеніне Олжабек күманданған емес. Міне, сол сенбегеніне сеніп, сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады.

«...Жамалым тірі болса, бір табылар. Өлі болса, — қара жер кімді алмайды. Әйтеуір заман түзеліп келеді. Момынның, адал еңбектің күні туды. Әлі-ақ теңеліп кетпеймін бе? Қазірдің өзінде үш жүздей еңбеккүнім бар. Өзімнен ешқайсысы артық емес. Абыройым жақсы. Атым газетке де шықты. Кісі түсетін үй болғалы-ақ тұрмын. ТеҚ Жамалға қарайлап...»

Олжабек Жамалға келгенде жөн таппайды. Көңілі қалмаған сүйкімді жардың қайдағы қылығы есіне түсіп кетеді. Әлі бір әйелмен жылы сөйлескен жоқ. Оны құдай алдында да, Жамал алдында да кешілмес күнә деп біледі. Әйтпесе, жасы қырық шамасында, тепсе темір үзерлік қайраты бар. Елуге келгендердің де кейбірі өкшесі сартылдап, кеудемен соғып жүрген жоқ па?

Бірақ көксеген ой кейінгі кезде бір жосық тапқандай, алабұртады. Астамдықтан емес зәруліктен, кезі келген жесір әйелмен ойнап-күлсе тәңірдің өзі де кешіреді-міс. Осы ой Олжабекті ойыстырып келсе де, Жамалға үйренген ,көз олай-бұлай әйелге тоқтамай жүр еді. Арт жағынан сыбдыр еткенге жалт қараса, бүлдіршіндей бір келіншек қасына келіп қалыпты.

— Жоғары шығыңыз! — деді Олжабек қапыл-құпыл тұрып жатып. Көрген жерден жүрегі бүлкілдеп кетті. Келіншектің қара көзі күлімдеп тұр.

— Жоғарыңыз қайсы, төменіңіз қайсы? — деп жұғыса сөйледі. Даланың төрі, босағасы бар ма, сөз таппаған Олжабек қара мұртын дамыл-дамыл сипай берді. Келіншек тақымдай түсті.

— Мұртыңыз сонша бұла ма, сипай бересіз!

— Иә, бұла.

— Қырыққа келгенше, бұла болса, бұдан былай ештеме шықпас, — деді де келіншек кетпенін иығына салып жүре берді. Сабырлы Олжабектің, сасқаны сонша, орнынан ұшып тұрды.

— Тоқтаңыз, тоқтаңыз! — дегенде келіншек қайта оралды

— Не айтасыз?

— Асықпаңыз, азырақ әңгімелесейік. Жөн сұрасайық.

— Ал айтарыңызды айтып, сұрарыңызды сұрай қойыңыз, — деді де келіншек тақала отырды. Олжабек ойындағысын тура айта алмай, бұрмалап келтіруге ебін таппай, өрескелдеу бір сұрақты қойып қалды.

— Жолдасыңыз бар ма?

— Е, жолдассыз кісі бола ма?

— Күйеуіңіз бар ма? — деймін.

— Әлі күнге қыз деп пе едіңіз?

— Жоқ, қазіргісін айтамын.

— Қазір жалғызбын ғой, көріп отырсыз.

— Мынау бір теріс азу болмаса еді, — деді Олжабек ішінен. Кезіне көзі түсіп кеткенде жүрегі тулай түсті.

— Неге жасырасыз? Мен шын сұрап отырмын.

— Сұрады екен деп ашып салуға бола ма, аға-ау, — деп келіншек әсем күлкімен сылқ-сылқ күлгенде, Олжабектің ішінде махаббат ұшқындары шашырап жатты. Дәл сол сағатта Олжабек қандай сөз таппаса, сол халді жазып отырған автор да Олжабектің жүрек күйін толық айтуға сөз таппады. Күн батып, елдің бәрі жұмыстан қайтқанша одағай сөзбен ойқастаған Олжабек келіншектің жесір екенін ғана ашты.

— Сонша ежіктерлік күйеуімде неңіз бар еді? — деді бір кезде келіншек.

— Бос болсаңыз бірдеме айтар едім.

— Ал боспын, айта қойыңыз! — дегенде, Олжабектің бетіне қан ойнап шыға келді. Үлкен көзі жаудырап келіншекке қарай береді. Келіншек қараса жымың-жымың етеді. Салқын денені қызу кеулеп, сонша аласұрғанда тапқан сөзі:

— Ойнап-күлсек қайтеді?

Келіншек сақ-сақ күліп жіберді. Олжабек қоса күлсе де, қай күлкі екенін аңдамады.

Неге күлдіңіз?

— Күлейік деген соң күлдім, ал, ойынды сіз бастаңыз,; — деп келіншек томсара қалды. Олжабек олай бір, бұлай бір

дөңбекшіп отырып, келіншектің бәтеңкесінің тұмсығын ұстады

— Аузын ашып тұр ғой.

Келіншек сақ-сақ күліп жүріп.кетті...

Олжабек өңкиіп отырып қалды...

V

Шам жағылған уақыт. Үш бөлмелі үйдің, орталығында, диванда Шығанақ ояу жатыр. Жалғыз өзі. Үн жоқ. Көзі бір жерге қадалған. Анда-санда келтелеу қара сақалын тарамдап, сипап қояды. Төргі бөлмеде қатты ұйықтаған Сағындықтың, қорылы, көшеден өткен машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры солғын естіліп тұр. Форточкеден еніп қалған қанатты қоңыз күж етіп, терезені кейде бір сүзіп кетеді. Мұның, бірі де Шығанақтың, ой өрмегін бұзған жоқ. Бір кезде елең етіп басын көтерді.

— Жаным-ау, Олжабек қайда?!

Кешікпей Олжабек кіріп келді. Екеуінің, даусымен оя-нып кеткен Сағындық төргі бөлмеден шықты.

— Жай кешіктің бе? — деген Шығанақтың, сұрауына Олжабек жауапты күлімдеп қайырды.

— Жай.

— Қой, сенде бір сыр бар, күлесің ғой?

— Огород басындағы әйелдермен әңгімелесіп қалған шығар, қайтесіз ежіктеп, — деді Сағындық. Олжабек үндемейді, жымыңдай береді. Шығанақ шын күдіктенді.

— Құдай ақына, сенде бірдеме бар?

— Онда досыңызбен оңаша сөйлесіңіз, — деді де, Сағындық шығып кетті. Бірақ Шығанақ одан әрі бұл әңгімені Қудалаған жоқ. Басын ұстап, төмен қараған қалпымен отырып қалды. Күнде бұл уақытта қысқа қалжыңмен біреуді іліп, біреуді соғыстырып, үй ішін күлдіріп отыратын. Бүгін Қабағы жабыңқы қайтты. Тамақтан кейін көз шырымын да алған жоқ. Олжабек Шығанақтың, бұл күйін көріп өзінше жорыды

— Бір жерің ауыра ма?

— Жоқ, — деді Шығанақ әлден уақытта.

Не бітірдің? Айта отырсақшы.

— Әзір біткен де ештеме жоқ. Ержан мен Төкен осында жүрген көрінеді, — дегенде Олжабек шошып кетті.

" Ойпырай, ә?

" Кім біледі, өз жұмыстарымен келді ме? Әйтеуір қырын келіс қой бізге.

Әңгіменің ар жағын екеуі ішінен жүйелеп отырғанда ас үйден жылап шыққан Ерік Шығанаққа келіп мұңын шақты,

— Мама ұрды, ата.

Шығанақ үн-түн жоқ киіне бастады. Жылап тұрған бала да, тұнжырап отырған Олжабек те аңырып қалды.

Ас үйден Зибагүл келіп:

— Қайда барасыз, ата? Шай ішеміз, — деді.

— Мен ішпеймін.

— ішіп кетсеңізші. Қайда баратын едіңіз?

— Рақмет. Басқа бір пәтерге шыққалы барам.

Зибагүл жаман састы. Не айтарын білмей, көзі бажырайып сілейіп тұр. Араласып жүрген ауыл адамдарының ішінде, тіпті, жақсы көретін, сыпайы мінезді қарт, күтпеген жерден одағай мінез шығарды. Туған әкесіндей көріп, мәпелеп күткен Зибагүлдің бар жақсылығы зая кеткендей болды.

— Қайтейін енді, қала тұрмысы осынан артыққа жібермейді... — деп келе жатқанда, Шығанақ сөзін бөліп жіберді.

— Шырағым, ол жағын айтпа. Жан-тәніммен ырзамын. Осы жалғыз баланы неге жылата бересің? Саған бір қолқам еді ғой.

Зибагүл қуанып кетті. Жүгіріп келіп Шығанақтың, киіміне жармасты.

— Шешініңіз. Ендігәрі жылатсам менің бетімді көрмеңіз.

Шығанақ шешініп отырып, бала тәрбиесі жайында бірсыпыра сөз айтты.

— Осы шіркіндерге, — деді Ерікті маңдайынан иіскеп, — қол қалай батады екен. Не жазық бар мұнда? Нені көрсетсең соны істейді. Үйретіп аласың да, ұрасың. Әділдік пе сол? Ұрған өзің де, ұрылған бала да кейиді. Дүниесі бар болғырдың басқа кейісі жетпей ме!..

Әңгімені қабақтан біліп, ұрты салбырап, тып-тыныш тыңдап отырған Ерікті Зибагүл өз алдына алып, құшырлана сүйді. Ұшып тұрып сұрағанын да, сұрамағанын да алдына әкеп қойды. Байқап отырған Шығанақ мұны да онша ұнатқан жоқ.

— Баланы тым есіртіп, тым мәпелеу де пайда емес. Ол өскенде не даңғой, не әйеншек болып шығады. Оған дейін өзіңді де мазалап бағар. Нәзік баланың тәрбиесі де нәзік.

Зибагүл үй шаруасында жүрсе де, жап-жақсы оқыған әйел. Әсіресе өнер жағына бейім. Оқымаған Шығанақтың сөзінен көп нәрсені оқып отыр. Таяуда Шығанақтың үйіне барып қайтқан. Екі анадан тараған он шақты жан бір үйде.

Инженер де. мұғалім де, оқымаған агроном, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады. Бәрінен де тамашасы — Осынша көп басты үйде бір ың-жың болсайшы!

— Бұл менің тәрбиедегі табысым, — деген Шығанақ. Зибагүл осыларын еске ала келіп:

— Егер осы кісі оқыған болса, жас шағы болса?.. — деп өкінген-ді ішінен.

Шығанақ Зибагүлдің ол ойын қайдан білсін. Үндемей қалғанға әлгі сөзіме жабырқап қалды ма деп, көңілді бір көтеріп тастағысы келді.

— Зибагүл, қарағым, ән салшы бір, құрысқан көңіл жазылсын.

— Қайсысын айт дейсіз.

— Әуелі «Зәурешті» айтасың да. Шалдың мұңы шалға жақын.

Зибагүл Ерік алдында, кейде теңселіп кетіп, кейде ақырын ғана басын изеп, өзінің бір сыдырғы жақсы, майда қоңыр даусымен, шалдың жүрегімен «Зәурешті» бастан-аяқ айтып шықты. Шығанақтың ылғи айтқызатын, жақсы көретін әні еді.

— Бұл шіркін ауырлата түсті ме ойды, қалай. «Әсетті» жіберші қайтер екен, — деді.

«Әсетті» айтып бітіргенше жарыса сөйлеп отырды:

— Па! Па! Шырқап шыңға, құйылып құзға кетті-ау! Құйқылжыт, ерім!..

— «Әсет» жастың әні емес пе, ата? Сізге қатты ұнады-ау, — деп, айтып болған соң әзілдейді Зибагүл, Шығанақ күлімдеп:

— Атаң да жас болған. Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен. Бағалап отырмын. қызықтауын мынау Олжабек қызықтамаса, біз өтіп кеттік Қой, шырағым, — дегенде, Олжабек тағы да бір жымың ете түсті.

Сағындық келіп Олжабекті қолға ала бастады. Сырын білмеген кісіге оның қалжыңын, шынын айыру қиын. Шай жасауға тұрып бара жатқан Зибагүлді қайта отырғызып, өзін суыта сөйледі:

Шықа, көңіліңізге келмесін, мына жолдасыңыз арам екен. Түнде Зибагүлді айналдырды. Ояу ма екен деп қызметтен Қайтып келе жатып қасына барсам, Зибагүл екеуі Шалқиып, әңгімені соғып отыр. Ат пен арбаны қоса алып кетсе де білетін емес. Бүгін, өзен бойында бір жеңгеймен кездескенін тағы да естіп келдім, — дегенде Олжабек күйіп кетті:

— Ол сені білмейді ғой, тіпті! — деді. Бәрі ду күлді. Ештемеге түсінбеген Ерік те сақылдап күліп тұр.

Жас бала мен сақалды баланың айырмасы тек сақал ғана болса керек. Олжабектің Еріктен оздығы шамалы Шай үстіндегі әңгімеден бәлки Ерік ересектеу ме дерсің.

Көптен бері көлбеңдеген қызықты арман, шай үстінде де Шығанақ алдында түлкіше бұлаңдап тұр еді.

— Осы шіркін, шынымен-ақ ұстатпай ма? — деп күрсініп қойды, Шығанақтың ойындағысын стол үстінен іздеген ОлжабеҚ адасып қалған аш қандала шыға келіп, жалт бер¬генде:

— Ол шіркін, қайда барушы еді, — деді тарпа бас салып, Шығанақ мырс етті де, өз ойын қозғай берді.

— Ауданның қағазы керек көрінеді. Ержан мен Төкен машина алып берер ме бізге.

Олжабек жаңа ғана түсінді.

— Ақшаң жете ме? — деді Шығанаққа.

— Көп ақша да болмай тұр.

— Ақша тапшы. Машинаны мен табайын.

— Қайдан табасың?

— Табам. Мынау өзен бойынан табылатын көрінеді.

— Япырмай, ә? Бағасы не екен?

— Тракторға он мың сұрайды. Сенің машинаң одан қымбат емес шығар.

Шығанақ нанар-нанбасын білмей Сағындыққа қарады. Сағындық күліп жіберді.

— Олжекеңмен ойнаған ғой біреу. Жеке меншікті машина бар ма?

— Бәсе! — деді Шығанақ. — Ал, енді не істеу керек. Қағазсыз машина бермейді. қағазды Ержан мен Төкен бермейді.

Шай құйып отырған Зибагүл ернін бір тамсанып, әңгімеге араласты:

— Қандай адам өздері. Осындай игілікті істі алға бастаудың орнына, кейін тартады.

— Кейін тартпаған болар, — деді Сағындық. Тұйыққа тығылған әңгіменің түйінін шеше сөйлеген тәрізді. — Біздің жас индустрия машинаны әлі жеткілікті бере алмай жатыр. Көні кепкен ел шыққанын қылқып салып, алақанын жаяды да тұрады. Сырт мемлекеттер тебенін теңгеге балап, «Менсіз күнің белгілі» деп тұрған сияқты. Мұндай халде, жаңа туған жас машина мәпелеп ұстап, бар күшін алатын қолға бұрын тиеді. Өнімі көбіреҚ не қалаға ұрымтал жердегі шаруашылықтар алып жатыр қазір. Шынында, дәл бүгін

Ойылға апарған машина айтқаныңызды орындай алар ма екен? — деп ойланып қалды Сағындық.

Шығанақтың Сағындықтан күткені бұл емес еді. Сонау Ойылдан келгенде Сағындықты көңіліне тоқ санап келген. Бір мекеменің бастығы, басқаға да етімді, өз баласындай болып кеткен жігіт, бойын аулаққа салған тәрізді. Мұның себебі не? Машина жайында дұрыс айтса да, машина күшін жете пайдаланып, өнімді көп бергелі отырған адамды неге көрмейді? Маған сенбей ме, жеріме сенбей ме, осылар? — деген оймен Шығанақ көп толғатты. Кімнің де болса бетін ашып, белдесуге шыдаған қарт, көңілге түйткіл қалдырған жоқ. Айтарын айтып салды:

— Жерім жаман ба? Мен жаман ба? Аз да болса, көпке келген үлестен біз неге құр қаламыз?

— Көңіліңізге келмесін, жеріңіз онша емес қой, — деп күлді Сағындық. Шығанақ шамданып қалды.

— Өзің жаман десең шыдармын. Жерің жаман десең шыдаман. Жаман жердің белгісі — жел ғана еседі. Жақсы жерге ел көшеді. Бабамның бабасы мекен еткен, әлі күнге рулы ел қоныс еткен жер. Ол аз болса, атақты ғалымдар ең шыдамды, ең жақсы дәнді біздің жерден тапқан деседі. Америкаға жайылған ақ бидайдың атасы біздің жер деседі Қалай кеміте аласың?

— Сол қасиеті қайда қазір?

— Дәл Ойылда. Мына менің қойнымда.

— Кәне, көрсетіңізші?

— Көрімдігін бер. Әкел машинаңды, сонысын не көрер екенсің. Мен осы жолы алып кетем, не бәріңмен ат құйрығын кесіп кетем.

— Ойбай, Шықаң мәселені қабырғасынан қойды ғой, — деп сылқ-сылқ күлді Сағындық.

Білдірмесе де Сағындық қысылып қалды. Жақсы көретін қарты «көрінер жерің осы» деп отыр. Көріну үшін көз бір нәрсеге жету керек. Досын қасындай сынап, мақұл дегенін маңдайы жерге жеткенше сүйейтін мінезі бар еді. Шығанақтың ойына қосылса да, Ойылды мақұлдау қиын тұр. Жаңа туған жас машинаны бір бораған құм басып, тұншығып қала ма? Жоқ, көк Ойылды сүйреп шығып, қаңсыған даланың сарығын баса ма? Екеуі де мүмкін. Қайсысы болары белгісіз. Тағдыр Шығанақтың қолында. Ол болдырам деп жұлқынады. Сонда көңіліне өнері сай ма? Осы арасына дүдамал Сағындық. Азар болса бір машина өлер, жақсы талапты жақтау керек деген қорытындыға келді ақыры. Бірақ бұл ойын Шығанаққа айтқан жоқ. Тұрып кетіп төргі бөлмеден телефон арқылы біреумен сөйлесіп келді де:

— Ертең обкомға ертіп барам. Сонда сөйлесерсіз, — деді

VI

Елек өзенінің жиегінде түймедей бір төбе тұр. Өзі қораш болса да, осы төбенің аты зор. «Ақтөбе» десе жұрттың бәрі біледі. Ондай ақ та емес. Сонша ағартып, зорайтарлық не қасиеті барын кім білсін, оны қоршай салынған қала да «Ақтөбе» аталған. Қаланың күншығыс жақ шетінде Елек жұлықтай ағады. Күнбатыс жақ шетінен Орынбор — Ташкент темір жолы өтеді. Бір жағы ырғалған көҚ тып-тыныш, Бір жағы — сартылдаған поезд, сары құм. Екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын білмей тұрған сияқты. Алысырақ, жан-жаққа көз жіберсең бетегелі, құмайт жазық дала, жалпақ белдер созылып кете береді. Кен, аспанда еркін самғаған көк қаршығадай, осы далаға көз түскенде, көңіл шіркін де самғап-самғап алады.

Қаланың іші де көңілді. Бір кезгі жалаңаш көше ағаш егіліп, гүлдене бастапты. Ертеректе бұл қалада төбеңнен күн қарыса, табаныңнан жер қаритын. Тымырсық ыстықта тыныс тарылған соң өзіңді сабалап жел іздейтінсің. іздеген желің табылса, азабы ыстықтан да қатты. Құм аралас майда топырақпен қуыс-қуысыңның бәрін бітеп салып, сары боран ұйтқи соққанда, «жанып кетсем де желің құрсын» дейтінсің.

Ақтөбе күні осындай еді. Ол күнге сырмінез қала сыртын төсеп тұрса да, ішінен айласын да істеп жатты. Құм боранды қайта серпетін еңсесі биік ақ үйлердің иығы шыға бастаған. Елек суын жер астымен әкеліп, әр жерден суаттар ашқан. Таз басты емдегендей, тақыр жерді тырмалап көк егіп, тал егіп жатқандар көбейген. Ауыл қандай әбігер болса, қала да сондай әбігер. Жаңа қонысқа жаңа келіп таласа қонған ел сияқты.

Ондаған жылдар саудагер, қанаушылардың қалашығы болған Ақтөбе, қазір социалистік қала болғаны әр адамның сөзінен, әр үйдің өзгерісінен байқалады. Ертеде орнаған әжім бетті ағаш үйде су бастығы Төкен мен жас агроном Сергей сөйлесіп отыр.

— Бұл бір қарындасымның үйі. Қаланы қайта құру жоспары бойынша, бұл жерден көшіруге тура келіп тұрғаны, — дейді Төкен. Әңгімелері ауыл жайында еді. Төкен барлық жайдан торыққанын сездіріп отыр. Астан-кестен бір дүние Аралай берсең бас қатады. Басалқа айтар шама ЛІОҚ- Бас қамын сағалау ғана қалды, — дегенде, бағанадан бері үнсіз тыңдаған Сергей, ез лебізін естіртті:

Бұл ұлы өзгеріс дәуірі. Бас та қатар, жайласар, бірақ басалқы айтар осы шақ. Жайласқан соң айттың не, айтпадың не. Менімше, колхоз барған далаға бәрі бару керек. Бүгін бе, ертең бе, тұтас па, біртіндеп пе... қалай бару керек? Мәселе осында. Бұл әр ауданның жағдайына қарай шешілмек.

— Сол жағдайды айтсақ, бірдемені жапсыра салудан тайынбайды жұрт.

— Сіз одан жасқанбаңыз... Біз ғылым адамымыз. Ғылым турасын айтады.

Төкен жуырда жауап қайырмады. ішінен: шағылмаған албырт жас арындай сөйлейді. Басыңа тас тигенде білерсің — деп отыр. Агроном ішінен: бүрі таусылған кәріге көгергеннің бәрі мұз, — деп отыр. Төкен бір кезде нұры тайған сулы көзін сығырайта түсіп, Ойыл даласын жылан жалағандай тазартып шықты:

— Колхоз дегеннің аты болмаса, заты жоқ. әр жерде бір үй. Жер дегенің жанып тұрған от. Құмайтқа біткен көк жусаннан өзгенің бәрі күйіп кеткен. Мал-жанның сарық басары жалғыз ғана Ойыл. Оны ел аузынан жырып алғанмен, қаңсыған далаға жұғын да болмайды. Сонау Шығанға машинаның соқа басы барғанда не бітіреді?..

— Шынында да бұл ауданның жағдайы өзгеше екен! — Деді агроном. Оның ойысқанын сезген соң Төкен үдей түсті:

— Мен бала күнімнен сол жердемін. Ойылды сағалаған азғана жатақ болмаса, ен далада аңша жортқан ел емес пе? Алыстан орап, еппен қайырмасаң, үркітіп аласың, — дегенде, Сергей бір тойтарды.

— Тым әрі кеттіңіз бе деймін. Тағылық дәуіріне бармай-ақ жаңағы жатақтар маңында айта беріңіз.

— Сол жатақтың өзі әлі жортуын қойған жоқ. Бір тостаған тарыны шашып жібереді де, күзетшіге қара торғайды Қалдырып, көше жөнеледі.

— Шығыршылар ше?

— Рас, азын-аулақ шығыршылар қалады, — деп күмілжіді Төкен.

— Ендеше, ұйтқы сол. Машина орнайтын орын да сол болмақ.

Ал, түйеге теңдеп апарып машина орнаттық. Сол машинаның берерін аташы?

Міне, мәселе осында. Мен жаңа барғалы отырмын. Сіз айтыңыз.

— Менің машинаға қарсы қоятын төрт дәлелім бар, ендеше, — деді Төкен. Дәлел сайын бір саусағын бүге берді. Әдеті ме, әлде әл бермей ме, екінші қолымен мықтап ұстап, басып қалғанда, саусақтары сырт-сырт сынады. — Барған соң бір машина бармайды. Көп машинаға Ойылдың суы жетпейді. Ойыл жері ащылы, құмайт келеді. Су түгіл сүт құйсаң да шарқынан артық берері жоқ. Колхозда бір адам машина тілін білмейді. Мамансыз машина жүре ме? Бір винті ұшып кетсе, Ақтөбеден келгенше тұру керек. Май қайда әлі! Ең ақырғым нағыз ғылыми дәлел. Ойыл даласы жөнді зерттелмеген дала. Әуелі зерттеп алып, сонан соң шаруашылықтың түрін белгілеу керек емес пе?

Төкен дәлелдерін айтып болған соң, бұзып көрші дегендей кезек күтіп тұрып қалды. Агроном ойда отыр. Аяғын айқастырып алған, шашын ширата береді. Кеше оқымаған Шығанақ, бүгін оқыған Төкен кездесті. Екеуі екі жаққа тартады. «Біздің жеріміз тым қатыгез, тым сараң. Бірақ бабын білгенге тым береген, тым мейірбан», — деген Шығанақ. Ол дәлелді ылғи өз тәжірибесінен алған еді. Төкен алыстан тартты да, ауыз аштырмады. Сондықтан, жас агро¬ном жауап қайтармастан орнынан тұрды.

— Мен су маманы. Сен жер маманы. Дегенмен ойымыз үйлесті білем? — деп, жымыңдаған Төкенге агроном қостамай, не қарсылық айтпай, кенеттен бір сұрау берді.

— Сол жердің бір шалы жүр ғой осында. Сіз білесіз бе?

— Қандай шал?

Агроном блокнотына қарады.

— Шығанақ.

— Білемін, — деді Төкен солғын ғана. Суық ой сынаптай ағып келіп, дәл жүрегінің басына тұра қалды. Селт еткен жүрек Шығанақтың атынан шошыса кереҚ атамайды.

— Ол неғып жүр екен?

— Машина сұрап келіпті. Оның айтуы мүлде басқаша.

— Мылжыңдау кісі болатын, — деді Төкен әлден уақытта. іші күйіп бара жатса да, сөзі сұп-суық. Білгісі келіп тұрса да, елемеген болды. Агроном:

— Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді, — дегенде ғана жасанды мінезді жасырын пікір жарып шықты.

— Ол білімін Ойылға көрсетпей, осында әкелген бе? — деп, алтын тісін ақсита күлді Төкен. Агроном қай күлкі екенін түсінбеді. Күлкі мен келемежді айырғысы келгендей:

— Қолынан ештеңе келетін адам ба? — деп еді, Төкен өз бетін ашып салды:

— Бұған дейін ештемесін білмеймін. Жасы менімен шамалас. Өсетін шығар әлі де, машина беріп қараңдар.

— Бір құмның астында қалмаса?

Сақ-сақ күліп жіберді. Төкен. Бойы да, ойы да сергіп кетті.

— Олар, — деді даусын көтере түсіп. — Машина барса, бәрін сол бітіретіндей көреді. Жатып ішеміз, қарық боламыз, — дей ойлайды. Техника сырын қайдан білсін. Надан елдің бір мінезі күйдірсе, бір мінезі өстіп күлдіреді.

— Ендігі әңгімені бара көрерміз, — деді де, агроном сағатына қарап, блокнотын қалтасына салды. Төкен үлкен де болса, кішідей жалпаңдай бастады.

— Сергей Александрович, сонымен қашан жүрмексіз біздің жаққа?

— Көп кешікпеспін.

— Мүмкін, бірге жүрерміз. Бастығымыз да осында. Таныс па едіңіз?

— Жоқ.

— Мен таныстырармын. Өте жақсы жігіт. Адамды ұғына біледі.

— Онысы жақсы екен.

— Әбден, әбден! Бас дегенде, құлақ деп отырса сордағы.

Агроном есіктен шыққанша Төкен қалбалақтап еріп отырды. Қанша баспалатса да айтам дегенін айтып бітірген жоқ. Қол ұстасып тұрып, келешек әңгіменің жобасын көрсетті:

— Кең отырып сөйлесу керек еді. Құдай жазып, біздің жаққа бара қалсаңыз, тура біздікіне келіңіз. Ұялмаңыз. Онда қонақ үй жоқ.

— Құп!.. — деді де қоштасып жүріп кетті агроном.

VII

Шығанақ бүгін ой үстіне ой жамалып, қорғасындай ауыр тұр. Ой әуенімен түні бойы ұйықтамай шықты. СОЛ ойдың Шешілер сағаты қазір соғады. Өмірінде бірінші рет обкомның есігін ашады Шығанақ. Көптен бері қуған араны осынау Сұр үйге келіп енді. Төкенді ертіп Ержан келді. Сағындық пен Олжабекті ертіп Шығанақ келді. Обком не айтар?

Төрешінің алдында сөзді қалай қаттау кереҚ өзін қалай ұстау керек? Көп сөйлеп қашаннан бергі мұңын шақса, Мылжың дер ме? Аз сөйлеп, түйінін айтса, жетпей қала ма? Үлкен қазанға түскелі тұрғаны осы. Қалай қайнары белгісіз. Жүрек құр дүрсілдейді, ой тек күбірлейді. Әділ төрешінің алдын, ойын ешқайсысы айтып бере алған жоқ, Бір ғана тәуекелмен үйге енді Шығанақ.

Атақты үйдің салты да басқа көрінді. Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. Бірақ ете әдепті, ете икем. Өзіне жеткенше үш рет тіл қатты.

— Есікті жаба кіріңіз, — деді Олжабекке. Одан кейін:

— Аяғыңызды сүртіңіз әне сүрткіш, — деді Олжабек аяғын тазартып болған соң, көмейін ашқысы келіп қатты қақырып қалғанда:

— Міне, түкіргіш! — деп лып етті.

Сақ сақшы келушілердің кім екенін күні бұрын білген Сағындықпен бір күбірлесті де, өткізіп жіберді. Оның аузынан шыққан үш сөз, зілсіз, елеусіз болса да, Шығанақ өзіне үш мін қып тақты. Олжабек үшін ұялып келеді. Обкомның ішін аралап келеді. Әр есіктің артында жабулы сыр жатқандай, әр көріністе үлкен мән тұрғандай қадала қарайды. Алдарында қаншама адам отыр. Бәрі де ақырын сөйлеп, әдеппен отыр. Солардың ішінде Төкен мен Ержан да бар. Ауылда дөкей төрелер, Шығанаққа осы арада торғайдай боп көрінді. Ең үлкен адам екі қабат есіктің ар жағында. Елді біртіндеп шақырып, ұзақ ұстайды. Таласа кіріп, шаңқылдау жоқ. Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр...

Көзі көріп, құлағы естігенін ұстап қалған Шығанақ қорыта келіп:

— Тәртібі күшті екен! — деді ішінен. Ұнап кетті. Бірақ сыртқы тәртіп осындай болғанда, үлкен адамның алды қандай? — деген қауіп та күшті, Олжабек қозғалған сайын тақымын қысып қойып, әр минутты санап өткізіп отырғанда:

— Ойыл адамдары, кіріңіздер! — деді хатшы.

Шығанақ пен Олжабек соңын ала кірді. Басқалар жайласып отырып қалғанда, екеуі орын таппағандай тұрып қалды. Әркім өз бойын бағыпты. Сыбдыр шығармай төрде отырған сары кісінің аузына қарайды. Ол кісі кіріп келгенде зілдей ауыр, тым ызбарлы көрінсе де, ұшып тұрып, Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді. Көптің ішінен екеуін жырып алып, көптен көрмеген досындай шүйіркелесе кетті. Күліп те, қалжыңдап та қояды.

— Ойыл тарысы есімнен кетпейді, Олжабек жолдас, тарың болса сал мына араға, бытырлатып бір шайнайық, — дегенде:

— Қап! — деп Олжабек санын бір соқты.

Үлкен кісі аттарын да сұрамай білген. Өзіне сусын құйып жатып:

— Шығанақ қою шай ішетін шығар, — дейді. ішкісі келсе де үндемеген Шығанақтың, ішін біліп, хатшысын шақырып алды.

— Мына екі кісіге шай әкелсін.

Тәтті нан мен қою шай келгенде тағы да бір қалжыңдап қойды:

— Ғафу етіңіздер. Бізде тары жоқ.

Қою шайға терісі жадырап, жылы сөзге жаны жадырап, бұрынғы қалпына келген Шығанақ, ендігі сөзді жесір жіберетін емес. Сөйлейтін жерім жаңа табылды деп отыр. Үлкен кісі де осыны күткендей.

— Жә, бұл не жанжал? — деп Ержанға қарады. Ержан орнынан ұшып тұрды. Ауылда жүргенде шешен, сыншы, зілдей ауыр Ержан, осы арада тасырқаған күйкі торыдай кібіртік-кібіртік етеді. Оның бар сөзінің ішінен:

— ...Бұл кісілердің талабы дұрыс, бірақ жер жағдайы көтермейді, — дегенін ғана секретарь жазып алып сұрақ қойды:

— Жердің өзіне жағдай жасаса қайтеді?

— Оны мына Төкен жақсы біледі.

— Отырыңыз. Сөз онда Төкенге беріледі.

Төкен көзілдірігін киіп, қағазға қарап тұрып сөйледі. Сөзінде жарықшақ жоқ. Бір сөзін алып тастасаң, орны кеміп қалғандай, әр дәлелі зіл қара тастай. Айта берсе кете беретін еді. Секретарь:

— Түсінікті болды, — дегенде ғана, мұрнының ұшына барып қалған көзілдірігін қолына алды. Қанша қисындастырдым десе де, Төкенді де ұстаған екен секретарь. Орнына отыруға үлгіртпей-ақ сұрақ берді:

— Ойыл суы сағатына қанша ағады?

— Оны есептеп айтуға болады.

— Есептемей тұрып жетпейтінін қайдан білдіңіз?

— Жарайды, есептеп айтарсыз. Сіз қазақ психологиясына, қазақ қабілетіне соқтыңыз ғой. Ол қайтсе өзгереді? Әлде өзгермей ме, тіпті?

— Неге, социализм бәрін де өзгертеді?

Сізше, социализм не?

Төкен тағы да күмілжіді. Секретарь тағы да сұрады.

— Сол сараң жерді береген қылатын амал бар ма, жоқ, бітті ме?

— Біткен жоқ, жолдас! — деп, Шығанақ ұшып тұрды орнынан.

— Бітпесе айтыңыз.

— Айтсам, сараң, жерді береген қылатын амал толып жатыр. Жер жайын жорытқан біледі. Мал жайын баққан біледі. Төкен не жорытқан жоқ, не баққан жоқ, қайдан біледі. Әкемнің, әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсе ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым. Осынын, бәрі тарыны көп салып, көп алудың алға басқан амалы еді. Сонда кетпеннен ағаш соқа, ағаш соқадан темір соқа көп бермеді ме? Бұл даусыз болса, енді машинаның, көп беретіндігіне дауласу күлкі емес пе? Күлмей қалай шыдап отырсыздар? — дегенде бірсыпырасы күліп жіберді. Төкен көзілдірік мінген мұрнының жауырын қаси берді. Жұртты күлдіріп алған соң, Шығанақ тіпті көтеріле сөйледі.

— Ойыл өзені қашан жасалғанын, қашан суалатынын Төкен болмаса мен білмеймін. Мен ағызған арық емес, ежелден ағып жатқан арық. Әйтсе де, Ойылдың, талай қауымды суғарғаны, әлі де талай қауымға жететіні күмәнсіз. Бірақ Ойыл да, машина да өздігінен ештеме бітірмейді. Ойыл даласының бабы бөлек. Ойыл даласының дәні бөлек. Соны тапқан адам тарыдан тау жасар еді, тақырға шалғын өсірер еді.

— Кім табады соны? Кім жасайды? — деп секретарь сөзді бөлгенде:

— Астамшылық болмасын, еншалла мен табар едім соны, — деді Шығанақ. — Түрткілеп жатқызбайды бірдеме. Әйтпесе елуден асқан шал ермек іздеп жүрген жоқ. Ойлағаным өз қарным болса, шығырмен құйып та толтыратынмын. Көптің, жұмырына жұғын болатын емес ол. Сонысын келдім үлкен кісі алдына. Жылы дидарыңды көріп, қуат алғандай болып тұрмын. Қара шаңырақтан дәм татып, дәм үстінде бір серт бергендей боп тұрмын. Бабам Махамбет екі сөзді білмеген, сене бер сөзіме! — деді де отыра кетті.

Шығанақ сөзі басқалар түгіл Ержан мен Төкеннің өзін де ойландырып тастады. Енді кім шығары, не айтары белгісіз. Сөз таусылған тәрізді. Сұлқ отырып қалды жұрт.

— Сөйлеуші бар ма? — деді секретарь. Онысы тек ат өтті сияқты еді. Сарындық қайырды жауабын:

— Олжекең бірдеме демесе.

— Е, сөйлесін.

— Жо-жо-жоқ. Шығанақ айтты болды, — деп ыршып түсті Олжабек. Шығанақ:

— Мен сен үшін айтқам жоқ, — дегенде, Олжабек ала көзімен қарады.

— Тек. Тек отырсаңшы!

Олжабектің жайын білген секретарь да тегін қызықты құр жібермеді. Қалжыңсыз айтқан болып күлкіге кәні қылды бәрін. Жайымен отырып:

— Көпшілік ұйғарды ғой. Сөз Олжабек жолдасқа беріледі, — деді.

Олжабек не болғанын білмеді. Көзі алақтап, бойы шымырлап кетті. Біресе қызарад, біресе қуарад. Шығанақ «Бол, бол» деп, тақымын шымшылап бара жатыр.

— Не айтам? — деді сыбырлап. Алқынып демін азар алып тұр. Шығанақ та сасқан болып сыбырласты:

— Ұмытып қалғансың ба, машина керек десеңші!

— Бізге бір машина керек еді, жолдас. Соған бола келдік. Бұйымтайымыз сол. Сонсыз болатын емес. Соны бірдеме қылсаңыз қайтеді. Сонсоң... Сол-ақ енді, — деді де Олжабек отыра кетті. Осы сөзді айтып шыққанша жаны шығып кете жаздады. Бәрі де күлді. Қоса күлген секретарь толғанып та отыр:

«Ысылмаған ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады. Кедір-бұдыр сұр тастан асыл қазына алтын шығады. Олжабек сөзі осы алтын. Шығанақ сөзі сапы алтын. Бірінің ойы да, бойы да ер жетіп қалған. Екіншісі, талпынған жас бала тәрізді. Жаңа дүниені қармайды, қарымына сыймайды. Сол бала тап бергенін тайқалақтап ұстап, уілдесе де, тоңқия құлап жыласа да қызық емес пе? — деп отыр еді секретарь!.. Ойын бөліп, манадан бергі әңгімені түймекші болды. Сөзін халық сүйген адамнан бастады:

— Іргесі бекіген ескіліҚ жаңалыққа жол бере қоймайды. Жаңалық жағаласып жеңіп алады, — дейді Сталин жолдас. Көрдіңіздер ғой, осы арада екі ойдың айқасы өтті. Бірі — жаңа. Екіншісі — ескі. Ескінің бәрі іріп тұрмайды, жаңаның бәрі жарқырап тұрмайды. Айыра білу керек. Мұның ең айқын белгісі сезім. Сол сезім аласұрып алға кетсін, маған десе шарықтап көкке шықсын. Ол жеткенге сен жетпесең де, орныңда тыныш қалмайсың. Алға, жоғарыға

тырмыса бересің. Міне бұл жаңалық. Мынау екі адамнан мен осыны көрдім. Егер сезім кейін тартса, онда да сені Қоса тартады, орныңда қала алмайсың. Сондықтан, алға жолдастар! Алға! Біз жан жүрмеген жаңа сапарға, жаңа Дүниеге шықтық. Абайлау да, ерлік те керек. Бірінсіз бірі жарымжан. Көп созатыны жоқ, берілсін машина! — деді секретарь. Шығанақ ұшып келіп қолын ұстады.

Ит мініп, ирек қамшылап келіп едім, тұлпар бердің астыма. Жетпесем енді маған серт!

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

ЖАМАЛ

I

Сары атан тайталақтап желіп келеді. Желмеске амалы не, өткір қамшы жуан санды тіліп келеді. Алдында не тұрса да тайынған жоқ, тұмсығын қыл бұйда жырып барады. Ор¬таға алған бес қасқыр арсылдап келіп ұмтылғанда аяғы анда-санда бір-ақ тиеді жерге. Епсіз аяқ бір кезде жағадағы тасқа соқты. Ебедейсіз дене тоңқалаң аса құлады. Жамал да, Сағынтай да үстінен ұшып кетті. Сүйір тасқа шаншыла құлаған Сағынтайдан қызыл қан бұрқ етті, жас ұлан шыр етті. Жартас та бір қаңқ етіп, «қош» дегендей болды...

Құлаған жерінен қозғалмай, ыңырсып Жамал жатыр. Есалаң боп сары атан тұр. Томағадай ақ отау күлталқан боп шашылды. Қанша қасқыр болса да, бес қашқын осы арада бір аңырған секілді.

— Қайтеміз? — деді біреуі. Жауап қайтпай тұрғанда, елуге келген қырқылжың аузынан от шаша сөйледі:

— Не бар дағдаратын! Ел емес бұл жатқан! Елге сыйсақ неге жүрміз тағы боп? Тағы тағылығын істейді. Тыға сал ана шарананы бір қуысқа, қайда қалмаған шарана! Мыналардың жарағанын жинап ал. Қатынды түйеге таңып ал, тарта бер сонсоң.

Осы айтқанын бұлжытпай орындады да, қашқындар тар¬та берді. Тар кезең, терең сайдың талайынан етті. Жақпар тас, құз-қияның арасымен жыландай иір-иір жүріп келеді. Жамал, өзіне-өзі әлі келген жоқ. Сары атан теңселіп келеді, жаншылған дене қозғалған сайын жанды жеп барады...

Қайдан келіп, қайдан тұрғаны белгісіз, бір кезде Жамал есін жиды. Қыран ғана шығатын шыңда жатыр. Шыңның беті терең құз. Құздың түбінде емес, кіреберісінде жатыр. Алдына қараса, анау етекте зымырап аққан көк бұлақ сықылықтап күлгендей боп естілді. Артына қараса — қара үңгір, жұтқалы тұрғандай боп көрінеді... Тор астында ақ қоян, босануға дәрмен жоқ, аласұрып тыпырлайды. Жамалда да дәрмен жоқ, ақырын ғана күрсінеді. Жемі дайын бес қасқыр үңгір түбінде қарқ-қарқ күлісіп жатыр.

— Бұл кім болды екен? Сөзге келсе сұрашы! — деді қырқылжың басшы. Баспалап келіп әрқайсысы тыңдайды. Жамал тіл қатпайды, жаудыраған мөлдір көзін ақырын ғана ұзын кірпігімен жаба салады. Аңдушы кетісімен қара кірпік қайта көтеріліп, мөлдір көз тағы жаудырайды...

Осылайша бір күн жатты Жамал. Екінші күні есі де, ақылы да еніп қалған сияқты. Алдымен Сағынтайды сұрады:

— Сақышымды көрсетіңдерші!

Қарақшылар жауап бере алмай, біріне-бірі қарады. Қайсар басшы ойланып қалып, әп-сәтте бір желеу тапты:

— Баланы әкесіне беріп кеткеміз.

— Ә! Әкесі қайдан кездесті?

— Мана Айбас апарып берді.

Жамал нанарын да, нанбасын да білмей, шындықты Айбастың бетінен ғана күтіп, қадалып жатыр.

— Бала өлмей қалған екен әйтеуір. Ауырмап па еш жері?

— Лақтай ойнайды. Өзің тез тұр. Бар тойды бір-ақ жасаймыз, — деді Айбас. Қай той екенін түсінсе де, Жамал алғашқы бетпен ежіктей берді:

— Әкесі бейшара не күйде екен?

— Өлетін емес. Керегі осы еді, басқасы бойыңа судай сіңсін, — деп құшақтай алды баланы.

— Иә, Сақышты жанындай көретін, — деді де Жамал көз жасын бір төкті. — Екі сорлы ит-құсқа жем болып қайда қалар екен? Екеуімен бірге өлсем арман не еді?

Арандаған ақ жанның кейісі қара жүректі де бір шымыр еткізсе кереҚ қарақшылар төмен қарап кетті. Тек қайсар басшы ғана қара үңгірде жылан көзі жылт етіп, басын көтеріп алды.

— Нешедесің, олжа келіншек? .

— Отызға шығамын.

— Ендеше, бала белде, бай жолда, жылама! Бәрінен айрылып, мен де өлмей отырмын.

— Отағасы-ай, сіз де мендей қаралы ма едіңіз! — деп жалт қарады Жамал. іші жылып кеткендей боп мұңды мұңмен жуғанша асықты. Бірақ отағасының мұңы басқарақ екен, айтқан сайын мұздай берді Жамал.

— Әуелі бақты алды. Бақтан кейін жерді алды. Екеуінің, артынан мал кетті. Малмен қоса қатын-бала, ел кетті. Сонсоң, мен тағы болып тауға шықтым, қасқыр болып қойға шаптым...

— Дәулетті адам болғансыз ғой сірә? — деді Жамал ақырын ғана.

— Бір болыс ел Ақмет демей, Ақа дейтін еді.

— Бәсе. Мына кісілер кім? Бәріңіз бір жердікі ме?

— Жоқ, — деді Ақмет. — Анау отырған Айбас, қандыбалақ ұры. Ақаң күнімде ауылымның жел жағынан өтсе жиренетін едім. Енді немді қызғанайын, қасыма қосып алдым. Мынау, кісі қанын ұрттаған Жақып қашқын. Өзім қашқын болған соң, бүдан да қашқаным жоқ. Өзіңе тақау отырған мысық мұрт — колхозды борсықтай сорған Елемес.Жегені желкесінен шығатын болған соң, өзі келіп тапты бізді. Анау, жіпсік көздің кім екенін жақсы білмеймін, әйтеуір түрмеден қашқан. Онымен шыққанда жолымыз бола берген соң, Жолдыаяқ қойдық атын. Әрқайсымыздың басымызда бір-бір қисса бар. Жата-жастана оқырсың, келіншек.

Жамал ішінен: «Құдай сүйер қылықтарың жоқ екен» — десе де, тағылық өмірге қимады. Жалғандағы ең ауырлық — елден кеткен адамның басында деп білді. Егер елде болсам, басқа түскен осы күнді жатып емес, жылай жүре, көңіл шерін шерте жүре бастасыма жеткізер едім-ау! Кімге шағам бұл жерде? — деп бар қайратын жиып жатыр. Айтқаным ем болар деген жоқ, осы ойдың әуенімен аузынан сөз қалай шығып кеткенін аңдамай қалды:

— Әйтсе де бекер кеткенсіздер. Ел іші алтын бесік қой, — дегенде Ақмет ақырып жіберді.

— Тарт! Елің құрсын! Алыстан да, жақыннан да түңілгем. Түңілген көңіл енді қайтып меңіренбес. Бір құлаған бәйтереҚ орнатсаң да орнамас. Колхозсыз ел қалды ма? Мені тонаған колхоз. Сондықтан мен колхозды тонаймын.

— Ойбай-ау, біз колхоз ба едік? Осынша қызыл жоса болғанымыз не? — деп Жамал басын бір көтеріп жатты.

— Қолға түскен соң құлақпын да дерсің, сұм келіншек.

— Бір шыбындай жаным бар. Құлақ та, колхоз да емес едік. Жаратқан-ай, қосақ арасында кетіппіз ғой...

— Орташа болсаң тым жақсы. Бай таңдаған қыздай-ақ қылып едің қылықты!

— Таңдап жүргеніміз жоқ. Колхозсыз жер бар ма деп, шыға қалып едіҚ тап болдық осыған, — деп Жамал күрсінді. Қарақшылар ду күлді. Келемеждеп жатыр:

— Жел жаңа оңынан шықты.

— Аңқау бозбалаға айтып қалған сөзі де.

— Елсіз де жүрген соң ештеме білмейді, — дейді ғой.

— Қайта айтшы, құрбым,. не іздеп шықтық дейсің? — деп Айбас жақындай түсті Жамалға.

— «Жер ала, бұлт шола. Аспан асты кең», колхозсыз жер табылар деп, болмап еді жолдасым.

Қарақшылар тағы да мәз болды. Ақмет сезікті пішінмен көзін қадай отырып сөйледі:

— Күйеуің сондай мондыбас-ақ шығар. Сен бекерге жортпассың. Қазір колхозсыз ел жоғын он жасар бала да біледі. Шыныңды айт, шатылмай!

Жамал шынын қарғанып та, жалынып та айтты. Нандыра алмады. Нанарлық та қисыны ЖОҚ. Бірен-саран жекеше болмаса, ауыл жаппай колхозға енген. Мұны тауда жүрген қашқындар біліп отырғанда, елден келген Жамал білмейді деуге бола ма? Әуел баста үлкен күдікпен шыққан Жамал, көрген мазағы мен азабын осы арада бір өлшеп, бәрін Олжекеңе арта салды. Артарын артса да, иесіз тауда қызыл:ала қан боп, қаңғыған сорлыға Сағынтайдың салмағы да жетер деп қайтып алды. Енді өзімен-өзі болып жатыр. «...Алдымнан да артыма көп қарадым. Жүрек кейін тартты. Мал кейін қашты... Қалғаным жоқ тіпті, Сағынтай ойнаса да, ұйқысыраса да ауылдың әрнемесін айтып, жүйемді босатты... Жалғыз кетіп бара жатқан соң Олжекеңнің көңілін жыға алмадым. Жықсам еді сонда. Жықпағаным осы ма?!. Ел қадірі елсізде, су қадірі сусызда екен ғой. Қанына қарайған қарақшылар қан қақсатпай қояр ма?.. Нанымсыз шындықтан нанымды өтірік өтімді болар ма? Алдап көрейін, арбап көрейін...» — деп Жамал тағы да тіл Қатты:

— Сөзім нанымсыз болса нанбаңыздар, қайтейін. Бірақ, затым әйел еді, не балаңыз, не қарындасыңыз шығармын. Осынша неге қатаясыз, Ақа?! Соққы көтерер не жай бар менде?

Ақмет толған ішін ызалы күлкімен бір босатып, қуысты жаңғырта сөйледі:

— Әйел күлсе, алдайды. Әйел жыласа, арбайды. Дәл өзіңдей нақсүйерім алдаған да, арбаған да. Елден бір көрсем, әйелден екі көргем. Жібімен, жібімен, қызыл түлкі! Қырандай құйылып, екі бүктеп, жылы өкпеңе суық тұмсығым сұғынбай тегеурінім жазылмас.

— Олай болса, тым асқақтама, көк шолақ! — деді Жамал қатуланып. — Мынау отырғанның бәрі қатын болса амалым жоқ, әйтпесе менен саған бұлт жуық!

— Шық! Шығыңдар! — деп орнынан ұшып тұрды Ақмет дәл құтырған иттей көзі қып-қызыл боп кетті. Бәрі атып тұрды. Айбас қана тапжылмай отырып қалды.

Сабыр етіңіз. Ауру адаммен не керек байланысып.

— Шық деген соң, шық! Керек емес басалқаң. Жеке қалам қуыста. Ең болмаса жаныштаймын қара тасқа!.. Тұр, жөнел!

— Адам деген атымыз бар. Айуан болсаң — осында екі бие бар. Бар да шаба бер!

Сескенді ме, ой түсті ме, Айбастың сөзінен кейін Ақмет сылқ отыра кетті. Қара үңгірді қара қайғы басқандай біріне-бірі тіл қатпай қата қалды. Қара тас та үнсіз, қарақшылар да үнсіз. Тек қара бақыр шымыр-шымыр қайнап жатыр. Қақтаған ет үш сойылдың бойында самсап тұр. Көк шалған көне торсықты мойнын көкке қаратып, бір сойылға байлап қойыпты. Осы үйдегі ең қасиетті екі нәрсе — дүмі жарылған бесатар мен қапсыз алтыатар Ақметтің тұсына ілінген. Олжабектің аз дүниесі де Ақметтің астына төселген...

Ауыз жақта жатып бәрін байқаған Жамал, көзі Сағынтайдың жастығына түскенде, көңілі бұзылып кетті. Көз жасын бір іркіп алып, далаға қарады. Дала да жұбата алған жоқ, қайта жасқа жас қосты. Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы тұр екен, көзіне оттай басылды, көңілі сөйлеп жүре берді. «...Жолдасымның жолдасы мұңдасар едіҚ қайтейін, жаның бар да, тілің жоқ. Басыңа дорба іліп ем, арқаңа терлік тігіп ем, танимысың жануар? Жалтақтап неге қарайсың? Қаңтарулы сен тұрсаң, қанталауда мен отырмын. Олжекең мен Сағынтай кетті тентіреп. Қойынында тілім наны жоқ, қолында бір қару жоқ. Қайтып солар күнелтпек?.. Шыбын жан жанып барады, ет жүрек елжіреп барады. Жаратқан-ау, аз ба әлі де! Алсаңшы, алмасаң құтқарсаңшы...»

Осынау құз жартастай ауыр қайғы күрс құлап басып қалған, қыбырсыз, дыбыссыз тұншығып жатқан Жамалға бір сәуле жарқ етті. Ол, торы аттың аржағында тұрған кежімдеулі кертөбелдің маңдайындағы ақ жұлдыз еді. Бағанадан құнысып, ұйықтап тұрған жануар, шірене керіліп, еліре қарағанда Жамалдың көзі алдымен маңдайдағы жұлдызға түсті. Сол жұлдыздан бастап кертөбелдің бар мүшесін сынап шықты Жамал. Көп жылқы бітпесе де, есігінен бір жүйрік кетпеген сыншының қызы: «тегін жылқы емес екен», — деді ішінен. Әкесінің атты көзден таса қылмайтыны, көбінесе кежімдеп мінетіні бұл ойын бекіте түсті. Кертөбелдің үстіне бір шықса, құс боп ұшып, оқ боп зулайтындай көрінді. «Бірақ бесатарды қайтесің? Бұдан артық жүйрік жоғын қайдан білдің? деп қауіп те тұр қылтыңдап. Қайткенмен кертөбелден басқа үміт жоқ. Анықтап біліп, құтқаратын болса, Жамал қашуға бекіді. Денесін де қозғап байқады. Сүйегі аман, еті ауырып қалған тәрізді. Ауырсынады да, Қуанады. Арын ауру алып қалғандай, жанын кертөбел құтқарғандай көреді. Кертөбел қолға түскенше ауыра бермеҚ қолға түскен сағатта міне сала қашпақ. Қайда қашарын, қайда барарын білмейді. Бас айналған, жол белгісіз, солтүстікке қарай тарта берсем, бір ел кездесер деп шамалайды. Оған дейін жапан далада қараңғы түндерде, жалғыз әйелдің көрешегі көзіне елестесе де, көңілі қобалжымады. Дүниедегі бар пәле, бар қорқыныш тек осы үңгірге ғана жиналған тәрізді.

Жамал осылай ойдан өрмек тоқып жатқанда, басқалар да қарап отырған жоқ. Соқыр сонарға шыққандай, әрқайсысы бір сорапқа түсіп кетті. Біреуі соққандай, біреуі шарлап қайтқандай. Енді ғана олжаларын ортаға салғалы отыр.

Айбас cap шақшаны тас қабырғаға тық-тық қағып атқан соң, түнеріп қалған Ақметке тастады. Бұрын көрінбеген тосын шақша алдына келіп топ еткенде, Ақметтің іші жылып та, суып та кетті. Жанжалдан бұрын Жамал бір қозғалып қалтасынан бірдеме алған сияқты, Айбасқа берген сияқты еді, сол осы екен ғой, — деді. Осы екені рас, Олжабек насыбайды екі шақшамен ататын, соның бірі Жамалда кете барыпты. Жамал қабаған итке сүйек орнына тастады. Айбас балға балап алды. Ақмет құр қалғандай іші ашыса да, насыбайдан мейірлене бір атты.

— Қысты қайтеміз? — деді Айбас. Дағдарған түрі бар, кімге айтқаны белгісіз. Ешкім жауап қайырмаған соң әлден уақытта, арнасына түскен Ақметтің солғын даусы шығайын деді:

— Осында боламыз да.

Аржағын өздерің реттей бер дегендей жантая кетті. Бірақ реті келмей жатыр.

— Жан сақтау қиын болар, — деді Айбас. Елемес елпілдетіп тұр бәрін:

— Осы қуыс, суық жібере ме! Аузын бекіте қойса болғаны.

— Малды қалай ұстаймыз? Отын-су қайда?

— Малды бағамыз. Отынды әзірлеу керек.

Осы кезде Жолдыаяқ жолдан қосыла түсті:

— Мен енді отынға бармаймын, жігіттер. Үстімнің пәре-пәресі шықты, көресіңдер ме? Магазин жоқ, алып кие қоятын.Тарамасақ, қысқа қарай тобымызбен күн көру қиын болар, сірә, — деді Жақып.

Ақмет басын көтеріп алды. Ендігі сөзінде ширыққан ыза жоқ, кейіспен қайрау бар тәрізді.

— «Құм жиылып тас болмайды. Құл жиылып бас бол. майды» дегенде, бірлікті айтқан ғой бұрынғылар. Әйтпесе одан-бұдан құралып, езімізді қуған колхоз да отыр. Тобы! мен шұбырып қанды ауыз қасқыр да жүр. Бізді не адам, не аң қылмаған тәңірге не айтарсың! Аңмен отаса алмаймыз. Елге барсақ, терімізді тірідей сояды. Ал, дайын үй, тегін тамақты тастай қашып, сондағы көздегендеріңді көрсетші маған?!

Ешқайсысы жауап айта алмады. Ақметтің кішкене көзі сынапша бір жылп еткенде, өңі түгіл бәрінің ойын да шолып шықты. «Ә, қорғалатқан екем?» — деді ішінен. Бірақ қайта қаша жөнелмесіне сенген жоқ. — Өңдерінде ертеректе болатын ыза, ашу көрінбей, өкініш дағдарыс сезілді. Бұрын, елдің төбесінде ойнақтаймын десе, енді табанына жатуға да разы сияқты. Қайсар Ақмет бұған көне алмады.

— Өздерің біл, жігіттер. Менің үйім де осы қуыс, көрім де осы қуыс. Өмірім жетсе, сонау алыста топтанған бұлтты көріп тұрмын... — деп қайта жантайды. Бір де бірі үн қатпай, қыбыр етпей түнеріп отыр. Құжыр-құжыр нән жартас мықтап астына басқандай...

II

1 аң атады, күн батады. Күн батады, таң атады. Елсіз таудағы айқын көрініс осы ғана.

Жамал әрбір түнмен сырласты, әрбір күнмен ымдасты.

Сырласқан сайын, ымдасқан сайын өзгере берді. Мұны ешкім сезген жоқ. Баяғы Жамал жатады, баяғы таң атады.

Елсіздегі қарақшылар түнде бейқам, күндіз сақ. Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді, Түнде тыныштық алады. Осы тыныштықты ыңқыл-сыңқылмен бұза берген соң, бір жағынан оңашалықтың да бір керегі болар деп, қарақшылар Жамалдың төсегін бұрынғыдан да алыстата түсіпті. Басы қатқан ауру әйел қайда барады дейсің деп ойлайды. Кейде кертөбелді қарай жат деп тапсырады. Кертөбелдің күзеті де бір сылтау сияқты. Соны байқауға түнде тұрып қарақшылар Жамалдың көңілін сұрап кетіп жүрді.

— Етім емес, сүйегім... — деп қақсайды онда Жамал.

Бүгін торықты ма, шаршап қайтты ма, бірде-бірі келген жоқ. Қуыс түбінде қатты-қатты қорылдар естіледі. Біреуінікі тіпті басым, шошқаша қорсылдап, бақаша қақалып жатыр.

Кертөбелді күзетіп, берірек жатқан Айбастікіне ұқсайды бұл қорыл. Атты көбірек күзететін де, Жамалдың көңілін көбірек сұрайтын да сол еді. Жамал шәлісін түріп қойып тыңдады...

— Сол! — деді. Дерін десе де орнынан атып тұра алған жоқ. Шыны ма, өтірігі ме? Бәрі тегіс ұйықтады ма? — деп тыңдай түсті. Бәрі де сірескен тәрізді. Сонда да тұра алмады. Жүрегі тулайды, көңілі құс боп ұшады. «Оянып кетсе» деген қауіп басып алып тұрғызбайды. Өзімен-өзі алысып, көп жатты Жамал. Жеңіскенше қысқа түн шыдамады. «Енді кешіксең қалдың!» дегендей Шолпан жұлдызы шыға келгенде, Жамал сып етіп, кертөбелдің үстіне мініп қалды. Тықыр еткен тұяқ дыбысымен Айбас та оянып кетті. Жастанып жатқан бесатардың бір оғы Жамалдың, құлағынан зу етті...

Тау күңіреніп, тас жанып кеткендей. Арт жақ у да шу. Сатырлатып қуып келеді. Зымыраған кертөбел көңілге қаптал келе алмай, Жамал қамшыны басып келеді. Озып шыққан бір дүрсіл көзігіп алған, қалар емес. Нысанаға іліксе теңгедей жұлып түсірмек. Бесатары қолында, кезеп-кезеп қояды...

Ат жалына жабысып, зулай берді Жамал. Жығылып жазым болмаса, кертөбелге кінә жоқ. Жолындағы қой тастан қояндай орғып келеді. Көлденең жатқан жырадан киіктей орғып өтеді... Жаудың жетері екі талай! Оққа ғана амал жоқ. Басын қорғаса, бөксесі оқтың өтінде, бөксесін қорғаса басы оқтың өтінде, «Оқ өтпейтін бір шапан болар ма еді, тәйір-ай...» деп қояды Жамал.

Міне, күлімдеп таң келеді. Тулаған жүректің арыны басылғандай. Қуғыншы алыстағандай. Қараңғыда қорқытқан күшті дүрсілді жарықта көзімен бір көргісі келіп, артына Қарады Жамал. Ештеме жоқ. Өзіне-өзі сенбей шүйіле қарады, ештеме жоқ. Тау сұйылып, айналасы кеңіп қалыпты. Көңілі жадырап сала берді. «Уһ!» — деді атының басын тежеп.

Айналаға абайлап қарады енді. Беті шығысқа таман ауған екен, солтүстікке, елге қарай тартты. Құлан-текірекке Салып келеді. Бойын жиып алған кертөбел, місе тұтпай ала жөнелсе, тежей түсіп, мойынға қағады Жамал. Жолында, Көз ұшында сонау шоқының басында екі адам көрінді. Жау да ел ме? Неғылған адам? Бірі үлкен, екіншісі кішкене.

Адасып жүрген, Олжекең мен Сағынтай болар ма? — дегенде қолы белбеуіне барып қалды. Ат соқпасқа жақсы, елім тоқ болсын деп, беліне үлкен шәлісін ораған. Шәлінің ішіне тегін еттен де біраз салған. Олжабек пен Сағынтайдың бойын көргендей болғанда, аштық түсті есіне. Неше күндей аш бишараларды осы етпен кәні қылмақ.

Екі адам қозғалмайды. «Жау болса бұғар еді. Сол, солар... Әлі бітіп тұр ма? Мені керіп тұр ма? Құдай-ай, бере көр!» — деп кертөбелдің, тізгінін жіберіп-жіберіп алды Жамал.

Ызғытып адырға жетті. Екі адам, екі оба боп кетті. Лепірген көңіл су сепкендей басылып, аңырып біраз тұрды да, тағы жүрді. Жапан далада, жан-жағына алақтап, жалғыз әйел жорытып барады, жорытып барады. Ой өрмегін тоқып барады, тоқып барады.

III

Бұл кезде тау ішінде үлкен оқиға болып жатыр еді. Ат аяғының тықырымен оянып кеткен Айбас Жамал қашты деген жоқ, сырттан келіп, амалын асырған жалғыз қарақшыны басып салды. Бір-ақ атты. Екінші атуға, бәрінің жан қорғар жалғыз оғын қимай, өзі ұмтылды. Оғы дарымай, өзі жете алмай, «қашып кетті» деудің орнына, «алып кетті» деп бара жатты. Қуыста қалған үш қашқын «қайдалап» артында келеді. Бәрі жаяу. Ойдағы атшыға жетті алқынып. Ол да ұйықтап қалған екен. Ат ұстап, ер салып мінгенше бірталай уақыт өтті. Жамал бірнеше кезеңдерден асты.

— Тоқта! — деді Ақмет, атқа мініп алған жігіттерге.

— Кертөбелге оқ жетпесе не жетуші еді? Әуре болмаңдар, ұзағы кетті.

Сонымен, қумастан тоқтап қалған. Жамал қаша берген. Оның соңынан қуып келе жатқан көп дүрсіл өзгеше естілген бір дүрсіл — бәрі өзінің жүрегі еді.

Кейін қалған қарақшылар өзімен-өзі болды. Әрқайсысы өзінше далбасалап, бірі таппай, терең сайда дағдарып тұрғанда, Ақметтің ойына Жамал түсті.

— Ауру қатын қайда осы? — деді жұлып алғандай.

— Жатқан шығар, — деді Айбас жай ғана.

— Көргенің бар ма?

Көруші қайдан болсын, дүдәмал оймен қуысқа келгенде, Жамалдың жоқ екенін бір-ақ білді. Санды бір-ақ соқты. Содан былай Ақмет ешкімге тіл қатқан жоқ, ұрты суалған, ат жағы кәрі азуын мықтап басқандай, анда-санда бір бүлкілдейді. Кішкене өткір көзі терең шараның, түбіне кеткен, шыңыраудағы судай жылтылдап қана көрінеді. Өзгеден оқшауырақ, қырын отыр. Танауы қусырылған, өңі құп-қу, арбасқан жыландай тік отыр. Арбағаны кім? Ойлағаны не? ішін тіліп алмасаң, шығарар емес. Өзімен-өзі ғана. Жарыса сөйлеп, керісе түсіп басылған шым-шытырық әңгіме оның құлағына да енбеді.

Ақаң жараған атты мінер. Оны қойшы. Мен осының ақырынан қорқамын, — деді бір уақытта Айбас. Сайып келгенде кінәнің бәрі соған ауған. Ең мықты қару қолында, ардақты ат жанында, күзетшінің қысқа таңда ұйықтап қалуы, мерген қолдың мүлт кетуі күмәнға соққан. Кесір жігітке ешкім туралап айта алмаса да, бұл түйткіл жүрек басынан кетпеді. Оған Жамалдың шақша беруі, Айбастың ара түсуі, түнде көңілін көбірек сұрауы қосылғанда, «қашырған осы» деген сөз ауызға лықсып келіп-ақ қалады. Бірақ айтуға сескенеді. Соны білген Айбас, бет аудару үшін бе, әлде шыны ма, алдағы қауіпті үлкейте түсті:

— Мен осы арадан кетсек деймін, жігіттер. Қатыннан хабар алған ел бізді тыныш қоймайды.

— Қайда кетеміз? Қуғыншы келсе бәрін қағады, — деді Жақып.

Жер үстіндегі жалғыз пана осы сияқты еді бұларға. Мұның да панасы болмай қалды. Қыстан қорқып өрекпіген көңілді, іри бастаған бірлікті тау енді ұстап тұра алатын емес. Қуғыншыдан шошыған жүрек тығылуға жер таппай, әр тесікке бір еніп, әр далдаға бір жасырынды. Бірі де берік мекен бола алған жоқ. Айналып келіп, қалың ормандай қалың елге сүңгіп-сүңгіп кетпекші болды қарақшылар.

— Тарамай болмайды, — деді тағы да Айбас. — «Қылышын сүйретіп қыс келеді». «Жау қайдалап» ел келеді. Төтеп берер күш қайда? Сол елдің ішіне еніп кет те, «жау мұндалап» шаба бер! Кімді кім байқап жатыр.

Бәрі осыған ұйығандай Ақметке қарады. Одан көпке дейін жауап ала алған жоқ. Тым-тырыс отыр...

Жалғыз ноқаттай боп тас төбеде, көз ұшында қалықтаған қыран жүр. Қыбыр етсе құйылып жерге түскендей. Тап желкеден төніп, құз жартас тұр, опырыла құлап, жермен-жексен еткендей. Тапжылмастан Ақмет отыр, жүрегі мұз болып кеткендей. Тұңғиық ойға бойлап келіп түбіне шым батса да, Ақмет тұншықпады.

— Мақұл! — деді әлден уақытта. Басқа ештеме айтпастан орнынан тұрды.

— Онда әзірленеміз де? — деген Айбастың сұрауына да Жауапты тым қысқа қайырды.

— Иә, — деп жүріп кетті. Екі қолын артына ұстап, төмен қарап, жай басып, жартасты айналып барады. Аздан соң, қара қуыстың төбесінде, жақпар тастың ішінде көрінді. Жерде қалғандары енді көп кідірген жоқ, әрқайсысы өз түйіншегін бөктеріп, жетегіне бір-бір жылқы ноқталап, дайын болды. Олжабек сорлының сары атаны мен торы биесі Ақметке қалды. Айбастың, құла азбаны Ақметке ерттелді. Бірақ Ақмет әзір қайтар емес. Сонау жоғарыда, бір тастың үстінде тас боп қатып қапты.

Алдағы күнде көрісуге сенімдері жоқ, қайсысы кімнің қанжығасында кетері белгісіз. Қоштаспай кете алмады. Бәрі жиылып тас үстіндегі Ақметке келді. Не айтар деп үлкен үмітпен келген еді, жібімеді. Тым болмаса аузы да жыбырламады. Қолының ұшын беріп қала берді.

Басқалар аттарына мініп, әрқайсысы бір сайды бойлай жорыта жөнелгенде, Айбас Ақметтің қасында тұрып қалды. Қалың тастың арасында жеке қалған екеуі жақ ашпастан сіресіп отыр.

— Ақа! — деді бір кезде Айбас басын көтеріп алып, Ақмет үндеген жоқ. Айбас сөйлей берді. Сіздің өкпеңіз менде болар? Оны да тарқатайық. Бас пәле Жамалдан шықса, адамшылық, дәстүрдің бойда қалған жалғыз ұрығын қорғадым. Ұры дер, қары дер, адамбыз ғой әйтеуір. Жер таппағандай, уақыт таппағандай сол арада ұмтылғаныңыз менің еркектік намысымды да, адамшылық намысымды да қозғап жіберді... Одан кейін Жамал қашты, жанға балаған кертөбелді ала қашты. Осыдан ақтығыма тас боп қатсам сенесіз бе?! Әйтпесе, еріңіз құлазбанның үстінде, бесатарыңыз міне. Жүріңіз, жолдан қалмайық!

Ақмет тебіренбеді. Айбас тағы сөйледі:

— Жолдастардың тарауына мұрындық болды дейтін шығарсыз. Болғаным рас. Болмай қайтейін, менсіз де өзі бордай тозғалы тұр. Өз басым керек болса, бөлініп қалдым. Неге де болса шыдап қалдым. Кәні, не айтасыз? Не ақылыңыз бар, ақылдасайық.

Ақмет үзіп-үзіп, зілдей үш-ақ ауыз сөз айтты:

— Сөз таусылған. Ой бекіген. Жүре бер.

— Сенбейсіз бе, әлі де?

— Сенім де біткен.

Айбас қап-қара боп кетті. Отырып-отырып орнынан ұшып тұрды да, қош деместен жүре берді. Ол етекке түскен кезде Ақмет бесатарды қолына алды. ішінде қалған жал¬ғыз оқты ашып көріп:

— Сен де жалғыз, мен де жалғыз. Жалғыздықтан жаман не? Жайласа тұр оданда, — деді де кездеп қалды. Мылтық тарс етті. Айбас мұрттай ұшты. Ақмет оқсыз мылтық қолында, батысқа қарап жападан жалғыз таспен тас боп қатты.

IV

— Аһ, найсап, найсап!..

— Құтырған ит неден тайынады!

— Қызыл бие де осыларда.

— Бұның көзі құрымай тыныштық жоқ.

— Ауданға хабарлау керек!..

Біреулер алқынып келіп, одырая қалады. Біреулер аяп кетіп, лағнат жаудырады. Көп аузынан қызыл ұшқын ұшып жатыр. Көп көрігін наза мен мархабат басып жатыр. Қуаныш, қайғы бірден қысқан Жамалдың, көзі бұлаудай. Күледі де жылайды, жылайды да күледі. Алтын бесік ел анасындай уатып, тербетіп тұр...

— Тәңірге енді ризамын! — деді күрсініп Жамал. — Әйтеуір байқап жүріңіздер, құлақтас бола жүріңіздер, тірі болса осы маңға бір соғар.

— Табылады! Бәрі ұмыт болады! — деп жұбатады көпшілік.

— Айтқандарыңыз келсін! — деп жақсы жоруға жұбанады Жамал.

— «Найсаптан» өзге сөзі жоқ, ең алдымен кездескен қаба сақал тұйық шал Жамалды үйіне ертіп жүрді. Кертөбелді өз қолымен мықтап байлап, көз тоқтата бір қарады да:

— Атын, келіскен екен, балам, — деді. Ебедейсіз үлкен қолымен есікті нұсқағанда, саусақтары сүймендей көрінді Жамалға. Қамыт аяғын шапшаң алып, алға түсті. Артынан Қарағанда аю секілді тұп-тұтас, күдіс екен. Күрбең-күрбең етеді жүргенде.

Қораға енбестен мүңкіген бір иіс, үйге енгенде де Жамалдың мұрнынан кеткен жоқ. Тақыр жерде, төр алдында ала сырмақ жатыр. Терезе жақ мүйісте, қара әбдіренің үстіне едірейте жинаған екі жастық тұр. Мүліктің көбі сол жақта. Қабырға самсаған қамыт, шілия, тілім-тілім қайыстар. Жерде жатқан талқыға бір сиырдың жарты терісін қалпымен асатып қойыпты...

Шал ала сырмақтың үстіне қара тулақты қағып салып, екі жастықтың бірін қойғанша Жамал үй ішін көзімен тегіс шолып шықты.

— Отыр, балам. Жат. Тынық, — деді де, қарт кідірмей шығып кетті. «Өзінен басқа ешкімі жоқ-ау» — деп Жамал жан-жағына қаранып отырғанда он екі-он үш жасар, бауырсақ мұрын, қоңыр қыз енді. Келгеннен-ақ көзі қонақта. Қайыс сумкесін терезе алдына қойып жатып та, қызыл орамалын басынан шешіп жатып та қара көзі телміріп қарай береді.

— Осы үйдің баласымысың? — деді Жамал.

— Иә, — деді қыз бір қымсынып.

— Шешең қайда кеткен?

— Өлген.

Мұңайып тұрған жетім қызды ішінен бір аяп, Жамал тағы да сұрады:

— Қанша болды өлгелі!

— Жылын жақында ғана бердік.

— Үй шаруасын кім істейді?

— Өзім істеймін.

Бұғанасы қатпаған жас қыздың арқасында қара табан қатынның жүгін көріп, Жамалдың іші елжіреп кетті. Жетім баланың қай-қайдағы сұр күндері көзіне елестеді. Сол елес сағымдай жылжып, Сағынтайға апарды...

— Келші, қарағым, — деді қолын жайып. Қыз қасына иіліп келіп отыра бергенде, өзіне тартып алып бетінен сүйді.

— Сағынтайым сенен де жас қалды, — деп көз жасын іркіп тастаған соң, іштің шерін ағыта бастады да тоқтала қалды.

«Қам көңіл сорлыны қажытпайыншы» деген ойға келді.

Отағасы көп кешіккен жоқ. Қолына ұстай кірген қағазын қызына ұсынды.

— Оқышы, Майражан.

Майра оқығанда, өзі оқымай-ақ алдын орағытып тұр. Шойынбай Жолдыбековтың складқа тапсырғаны: — бес?

— Жүген ол. Оқи бер.

— Тоғыз?..

— Тоғыз болса шілия.

— Екі қамыт.

— Иә. Қамыт екеу. Болды, бері әкел.

Қағазды төрт бүктеп, төс қалтасына салғанда ғана отағасының көңілі жай тапты.

— Қарағым, тезірек шай қой. Алдымен сусын бер апаңа! — деді Майраға. Өзі отыра қалып, бастап қойған қамшысын өре берді.

Майра «мерт» кесемен бірдіні қымыз әкеп беріп, шай қоюға кетті. Қымызды сіміріп алып, Жамалдың көзі өрімге түсті. Өрескел көрінген отағасы тіпті икем екен. Жұп-жуан саусақтары жіңішке таспаның арасында кесте бізіндей сусылдап барады. Бүркіп қойып тартқанда, қайыс таспа жібектей жұмсап, бұзау тіс өрім бөртіп-бөртіп шыға келеді. Шебер қолдан төгілген мөр, шикі қайысқа жан салып бара жатқандай.

— Өрімші екенсіз, — деді Жамал сүйсініп кетіп. Олжа¬бектің де өзіндігі бар еді, отағасы одан артығырақ көрінеді.

— Қайыс деген кесіп пе еді бұрын. Қартайғанда осының өзі нан болды, — деп, бүркіп-бүркіп жіберді қарт.

— Не береді осыған?

— Бәрін қосқанда бір жарым, екі еңбеккүн тауып отырам. Қайысқа соққан жұмыс маған соқпай кетпейді.

— Сол еңбеккүнге қанша тиеді?

— Оның өзі әрқилы болатын көрінеді. Былтыр мына «Он жылдыққа» жөнді ештеме тимеді. Ал, біз кәдімгідей қаузанып қалдық. Бір құлынды бие сатып алдым. Шүкір, ішермендігіміз де бар. Мұның өзі пайдаға қарай, бірақ...

— Пайдаңыз не?

— Егін жақсы шықса, мал көп балаласа, солдағы. Ал енді, осының өзі, салақтың, еріншектің қолы емес-ақ.

Отағасының әңгімесі Жамалдың құлағына жағып барады. Әр сөзін баптап айтып қисынсыз жерде «осының өзі, оның өзі» дегенде жымиып күліп қоялы. Көп мінезі Олжабектікіне ұқсайды екен. Саспайды. Түрткілеп отырмасаң, сөйлемейді. Жамал колхоздың ішкі жайын жете білгісі келді. Отағасы тағы да тоқтап қалды.

— Колхозға басынан еніп пе едіңіз?

— Осының өзіне біразға дейін түсінбей жүрдім. Былтырдан бері ғана мүшемін.

— Кейін келгендерді бұрынғылар қағажу қылмай ма?

— Бұның өзінде ондай мінез көрінбейді. Жұмысын ұқсатсаң болғаны.

— Онда біреудің ақысы біреуде кетпей ме екен?

— Басында мен де осылай ойлаған едім. Осының өзін жоғарғы жақ қатты ежіктегі кетті. Кімнің не істегенін жазып отырады қазір. Жаманын «жалқау» деп қара тақтайға, жақсысын «екпінді» деп қызыл тақтайға шығарады. Ал енді, пайда да соған қарай бөлінеді. Мұның өзі жақсы болды. Бір жаман жері бар: қадағалап отырмасаң, кейде күнің жоғалып кетеді. Есепшінің аузы қисайса, артық та жазып Жібереді. Осының өзі ұнамады маған. Сонсоң басқармаға айттым.

— Ол не деді?

— Сотқа берді. Соттың не дерін қайдам

Бір қамытты екі бөліп ұстап, жетіп келген жігіт әңгімені бұзып жіберді. Бір көзін адырайта, бір көзін сығырайта қарайтын шапыраш екен.

— Мынаны тез жамай қойыңыз! — деп желпілдетіп тұр. Отағасы сасқан жоқ. Қолына алмастан екі көзі қамытта.

— Япырай, тағы бөліп тастай бердің бе?

— Әдейі істеді дейсіз бе?

— Күтіп ұстау керек қой.

— Күтіп ұстағанда бұл итті өз мойныма ілем бе, енді?!

— Жарамайсың, шырақ, бері әкел.

— Еңбеккүн тапсаңыз бопты да. істей беріңіз.

— Табыстан не пайда, шығыны асып жатса.

— Сізден шығары не? — деп жігіт сақ-сақ күлді.

Қарт жігітке қолымен нұсқап тұрып, Жамалға қарады.

— Осы түсінбей тұр ма, мен түсінбей тұрмын ба, балам?

Жамал екеуін де түсіне қойған жоқ.

— Қайдам, — дей салды. Отағасы жуан бізді қамытқа бойлата сұғып қойып, таспаның ұшын ширата отырып сөйледі, енді:

— Осының өзін бірсыпырасы әлі түсінбейді. Ортада пайда коп болса, еңбеккүнге тиері де көп. Былтыр «Он жылдықтың» Жабықбегі бақандай 400 күн тапты. Әрбіріне 200 грамнан астық алды. Менікі үш жүз елу еді, әр күніме 4 килодан астық тиді. Сайман бүліне берсе, егін шықпаса, төл қосылмаса, колхоз еңбеккүнді немен өтейді? Осының өзін оңашада бір ойласаң деймін, шырақ.

— Нешауа! Колхоз өлтірмейді, табады.

— Ал, сені басқарма сайладық. Таба қойшы кәні?

— Несі бар? Ауданға шауып барам да, қазынадан алып қайтам.

— Қазына өзіңнен сұрап жатыр, бере ме?

— Береді. Болмаса колхоздан алып береді.

— Міне, осының өзі жаман, — деп басын шайқап-шайқап қойды отағасы. — Ол біреудің адал еңбегі. Сен жатып ішкің келеді. Саған алып бере берсе, мен, міне, жамамаймын, ал, — деп қамытты былай қоя салды. — Осының өзі не боп шықты сонда? Ойлашы, шырақ. Екеуміз бірден тойтиғамыз жоқ па?!

— Ойбай, сіздікі дұрыс. Бөгеліп қалдым, жамаңызшы...

— Ә, солай ма, — деді де отағасы қамытты қолға қайта алды.

Екеуінің әңгімесі Жамалға сабақ болды. Өз жеріндегі» колхоздың тәртібі нашар ма, әлде түсінігі қате ме? Жоқ, бай-құлақтың үгіті ме, әйтеуір колхозды құбыжық көретін. Олжабек те: «істеген мен істемеген попалам. Істемеске тағы болмайды», — деп кеткен еді колхоздан. Отағасы тұрған колхоз олай емес. Адамды еңбегімен бағалайтын, пайданы еңбекке қарай бөлетін әділ екен. Жамалға ұнай бастады. Әйтсе де мықты бір күдік жүрек басында қалғандай еді сұрап тынды:

— Жеке меншікте малдарыңыз қанша?

— Отағасыда бір бие, бір сиыр бар. Менде сымпылбай да жоқ, — деді жігіт. Екі көзі екі жаққа қарап тұр екен. «Көзіңе сөзің сай шықты» дегендей Жамал бір жымиды да:

— Сізде неге жоқ? — деді. Жігіт қалжыңға айналдырғысы келді.

— Мен өзім жұрт үстіндегі адаммын. Малды қайтем? Кеше мынау үйге қондым. Бүгін осында да қона кетем, — деп төменгі көзін қысып қойды. Жамал елеген жоқ.

— Сіздейлер көп пе?

— Көп болса үй жете ме, орын жете ме?

— Әйткенмен бар, — деді отағасы. — ТайбеҚ Боранқұл Сейтжан — төртеуі қара тақтайдың үстінен түспейді. Осының, өзінің ақыры неге соғарын кім білсін?

— Соның бәрі бойдақтықтың кесірі, — деп төменгі көзді жігіт тағы да бір қысқанда, Жамал аузына келіп қалған сөзін тоқтатпады:

— Сорақысы адырайғаны ма десем, сығырайғаны екен ғой.

Жігіт қызараңдап, жақ аша алмай қалды. Отағасы қамытқа айналып аңдамаса кереҚ жалт қарады Жамалға.

— Маған бірдеме дедің бе, балам?

— Әншейін, анау талқының тістерін айтам. Біреуі олай, біреуі былай, онысы несі?

— Асығыста бобаламдай салған нәрсе ғой.

— Бәсе.

— Осының өзіне талай заман болды. Күтіп ұстаған соң келе жатыр әлі. Ту жігіт күнімнен бар.

— Жасыңыздан ұқыпты екенсіз, ата.

— «Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың»; «Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боларсың» деген бар. Шырақ, сен, осыны да бір ойланғайсың, — деп отағасы қамытты жігіттің қолына ұстата берді. Қысылып отырған жігіт атып шыға жөнелді.

— Бұл кім? — деді Жамал жігіт кеткен соң.

Бекбау деген жігітіміз. Мен жасаймын, ол жоғалтады, мен жамаймын, ол жыртады. Осының өзіне ол ұялмайды. Мен жалықпаймын. «Нешауа» мен келе жатырмыз.

Жамал күліп жіберді.

— Өзі орысша біле ме деймін?

— Өзгесін қайдам, «нешауаны» біледі, әйтеуір.

Майра келіп дастарқан жайды. Үй ұстаған жас қыздың әр қимылын Жамал байқап отырды. Алдымен жүріс-тұрысы ұнады. Сартылдаған шапшаң, ыбылжыған шабан да емес, салмақпен жүріп бәрін жайғады. Шыны аяқтарында кіршік жоқ. Салған майы алтын асықтай. Таба наны үгіліп түр. Самауыр, дастарқандары тап-таза. Бәрін әкеп қойған соң, әкесінің алдына барып, леген ұстап иілді. Өрімге құныққан әкесі, төмен қарап құдиған басын сонда ғана көтерді. Қолын жуып, дастарқан басына келгенде:

— Биенің сауыны асып кетті-ау, — деп қобалжып еді:

— Отыра беріңіз, Бекбауға сауғызып алдым, — деді Майра.

Отағасы алаңсыз отырып шай үстінде әңгімеге кірісті...

V

Жамал бір дөңестің үстінде тұр...

Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс-тұстан көтерілген қою шаң, тымық әуе де жайымен ғана ыдырап барады. Әлдеқайда шырқаған ән естіледі. Ойды өзіне тартып ап, бойды тербеп тұрғандай. Әр жақтан шоғырмақтар келеді. Бәріне осы ара қара қазандай. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: өрістен мал қайтты, көшеде — ойнаған бала, жүгірген ит-құс...

Жамал бар қимылды көзімен өткізіп тұр. Бар дыбысты құлағымен естіп тұр. Қыдырған көз дәл алдындағы бір үйге тоқтады Жаңада салынған, қобдидай кірпіш үй. Сырты шағаладай аппақ. Батар күнмен шағылысып терезесі көз ұялтады. Есік алдында,көк сиырдың желініне жабысып жас әйел отыр. Батпырауығын жамап, қалшиып бала тұр. Үй қожасы жұмыстан жаңа келеді. Жолындағы бақшасына байыппен қарап, бөгеле келеді. Бала мен ала төбет жарыса жөнелді. Екеуі де еркелеп барып басқа шапшыды. Бірін басынан сипап, екіншісін маңдайынан сүйіп, үшеуі үйге бір келді. Әйел де орнынан тұрды. Төртеуі бас қосып, бір отырды.

Кешкі әуеде, есік алдында еркін сөйлескен үй ішінің бар сыры Жамалдың құлағына жетіп тұр.

— Мен бір нәрсе ойлап келдім, — деді үй қожасы. — Бір велосипед алсақ, көр-жерге көлік сұрай берудің өзі ыңғайсыз, сен қалай көресің?

Әйелі жауап бергенше баласы құйрығын жерге түйіп-түйіп жіберіп, алақанын шарт еткізді.

— Алақай, мен мінем!

— Серікжан екеуіңнен шығып мен қайда барам. Бірақ неменеңе аласың, ақша қайда? — деді әйел.

— Астыққа аламыз да. Бұйырса, биыл егін жақсы ғой.

— Көп керек шығар?

— Екі жүз елу пұт жетеді.

— Сонда ішерменге іштеме қала ма?

— ЕсептейіҚ менікі бес жүзге айналып барады. Сенікі қанша?

— Қайдам? Әзірге екі жүз елу.

— Бір жүзді қайтсең де қосарсың. Сонда сегіз жүз елу. Сегіз килодан айналуына сөз жоқ...

— Өз еңбегіме пүліштен бір пальто алып бер әуелі. Сонан соңғысында жұмысым жоқ, — деді әйел. Есепке шорқақтау екен, күйеуі біраз келемеж қылды.

— Ендігі жыл аларсың, асығысы не?

— Өзің неғып отырсың! Бір жылғы табысқа бір пальто келмей ме? — деп аңырып қалды әйел.

Жамал дөң басында отырып, жымиып қана күлді. ішінен бұл да есептеп, велосипед пен пальтоға қосып жібек шәлі, ботинка алып қойып еді. Екеуіне төрт жүз елу пұт астық тиеді екен, мұны қайда қояды?! — деп таңданады, Қызығады. Белсеніп жұмысқа да түсіп кетеді. Осындай әдемі үй салып алып, алдында ОлжабеҚ Сағынтай үшеуі әңгімелесіп те отырады... Әлден уақытта дөң басында шошайған өзін ғана көреді. Жылайды, жас балаша солқылдағаны есік алдында отырғандарға естілді ме қарқ-қарқ күліп жатыр...

Екі қолын артына ұстап, ақырын басып отағасы келеді. Көз жасын тыйып, Жамал бойын бекітті. Күн батып, қара көлеңке қоюланып қалыпты. Ауыл дыбысы бәсеңдеп қалғып бара жатқан сияқты. Отағасы қасына келіп отырып жатып, құмалағын қолына алды.

— Тарта отырайық, неміз кетіп барады.

— Көзіңіз көре ме?

— Әзір мұндығы бар.

— Мынаған тартыңыз, — деп Жамал шапанының етегін Жайды.

Осының өзі, әйтеуір жақсылыққа жориды, — деді отағасы құмалақты жайып қойып. — Қашан тартсам да талайың жоғары тұрады. Кеп талайда ғой. Қазір «бесенесі бестен» түсті. Екі езуің екі құлағыңда. Жүрек қуанышты Арты да сүйінші екен. Еншалла, табысарсыңдар. Мұның езін енді тартып керегі жоқ. Алжып кетеді, — деді де құмалақты жиып алды.

Жамал кәдімгідей қуанып, кезі күлімдеп кетті.

— Айтқаныңыз келсе, кертөбел сіздікі.

— Атыңды неғылайын, шырағым. Тәңірі тек табысуға жазсын.

— Осынау үй кімдікі? — деп, манадан бері көңілін бөлген кірпіш үйге нұсқады Жамал.

— Кәрімдікі ғой. Бұл бір, болғалы тұрған үй езі. Жатпайтын жігіт. Осы үйдің өзін жұмыс-жұмыстың арасында, бітіріп алды. Еңбеккүні жақсы деп есітем. Ал енді, әйелі өзінен өткен: бірсыпыра әйел жұмыстан қашып, үй сағалайды. Бұл екеуін де ұқсатып жүр. Осыны әлі бригада қояды деген сөз бар.

— Есеп білмейді ғой, бола ала ма?

— Есепті шотоботтар жасайды да. Жұмысты білу қиып. Бұл жұмыс дегеннің өзінің тілі көп. Соған жұрттың өзі түсінбей істейді, шырағым. Әне біреу үй Құтжан дегендікі. Өзі соқашы. Осының жұмысы неге өнбейді? — деп бір күні әдейі келсем, жерді тепкілеп, соқаны сарт-сұрт ұрып, бәрін сыпыра боқтап тұр екен. «Жер шығып кетті», «соқса — соқа емес» — дейді. Байқасам, жер әлі шыққан жоқ. Соқаның жүзі бір елі. Өгіздерінің мойны тиіп қалған, жұмыс енді қалай өнсін? «Егін шықпады», «колхоз жаман» деп айыптайды тағы. Осының өзін айтпасаң, біле бермейді. Қызығы айтқызбай білу ғой.

Саспай сөйлеп, бәрін қамтып, әр сөзді орнына нық қойып отырған отағасыны Жамал өзінің, ұстазындай көрді. Әр сөзі бір сабақ. Колхоз өмірін оқытып отыр. Оқыған сайын бір сарайдың есігі ашылып, ішін аралап кетеді Жамал. Жаңа дүние көреді. Тозған қоныстан жаңа қонысқа көшіп келіп, көңілі жаңарғандай болады... Қанша жаңарса да, қанша көшсе де, қол ұстасқан екі сорлы соңынан бір қалмайды. Үсті-басы жұлым-жұлым, беті көнектей, борбайы шидей боп ереді де отырады. Қарамайыншы, көрмейінші деп, кертөбелмен ызғытып кетіп бел асады. Құтылам ба деп артына қараса, екеуі алдынан шығады. Дәл жолында, қолын жайып, сарнап тұрған сорлыларды қия алмай, аттан түседі. Ұзақ әңгімеге келеді. Қасірет дариясына ғарық боп, тұншығады, «құтқар» деп қол созады Жамал.

Отағасымен отырғанда Жамал дәл осы халде еді. Құтқарушы да отағасы деп білді.

— Дүние-ай, ел қатарына біз де енер ме екенбіз? Не ақылыңыз бар, айтсаңызшы, — деді көкірегі қарс айрылып. — Ойлай-ойлай басым қатты. Осы қасіретті көтере-көтере әлім де бітті. Қайда барам енді, неге барам? Қайда қалам неге қалам? Әкем де, ақылшым да сіз болдыңыз. Осы жөнде әлі сөз айтқан жоқсыз. Неге айтпайсыз? Сөзіңіз тұмар, ақылыңыз ем сияқты маған.

Көз байланып кетті. Ауыл тым-тырыс. Анда-санда маңқ еткен ит даусы ғана естіледі. Түн мүлгіп, тыңдап тұр. Терезеден көрінген көмескі шам жылт-жылт сығалап тұрғандай. Отағасы тұңғиық үйірімдей қозғала отырып сөйлейді:

— Осы, құйқылжыған өмір шіркін ойлап тұрсаң рақаттың да, азаптың да базары ғой, балам. Аралап келіп бір ауырына кездескенің рас. Осының өзіне шыдамдылық кереҚ бірақ... Шыдасаң ғана бірдеме дегім келеді:

— Шыдадым, ата, айта беріңіз, — деді Жамал.

— Ендеше бүлк етпе. Ыңғайыңды байқағанша үндемеп едім. Қайда барасың бүлк еткенде? Балаңды, жолдасыңды іздесең осы жақта. Әлі күдер үзген жоқсың. Елің алыс, жолын, қорқыныш. Сол қашқындар тағы кездеспесін қайдан білдің! Жата бер, балам. Өзін, жалықпасаң мен ауырламаспын. Майраға серік бол. Сол баланың қамын ойлап, қайсыбір түндерде ұйықтамай шығам. Ал, сен есіме түскенде қабырғам қайысады. Тәңір жазып, табысатын күн болса, қуаныштарыңның, ішінде болып, қолымнан аттандырамын. Жоқ басқаша болса, қалғанына мен дайын. «Әкем» дедің, «ақылшым» дедің, қара шалды қара атанның, жүгі басып, қайысып отыр, шырағым. Осының, аржағын ұғынарсың.

— Ұқтым, — деді Жамал кідірместен. — Екеуін артыма тастап кете алатын емеспін. Тауып айттыңыз. Ал сонда күдер үзгенше күнді немен өткізем?

— Күн өте береді, шырағым. Тоқтамайды ол. Күн сайын кертөбелге ер сал да, ел арала. Жоғыңды ізде, елмен таныс. Жақсысын көріп есірме, жаманын көріп жеріме. Жаңа Қоныс ел ғой, жайланғанша сол болып жатыр. Жақтырсаң сен де соның бір жерінен ірге теп. Бозторғай да ұя салады.

— Менің ұям, сіз, ата! Жоғымды тапсам да, таппасам да тапжылмасқа бекідім осы арадан, — деді Жамал.

Екеуі орнынан тұрып үйге аяңдады.

ЕКIНШI БӨЛIМ

БЕСІНШІ ТАРАУ

РЕКОРД АЛДЫНДА

I

Ай артынан айлар, жыл артынан жылдар өтіп жатты.

Халық Комиссарлары Советі мен Орталық Партия Комитетінің қаулысы шықты.

«СССР-дың оңтүстік-шығысындағы қуаң аудандарда тұрақты өнім алу қамтамасыз етілсін...» — депті. Осы салмақпен айтылған аз сөз тасқындай тез жайылды елге. Қолдан қолға, ауыздан-ауызға жетті. Әсіресе, оңтүстік-шығыстағы аудандарда топ-топ болып талқылап жатты.

Сол талқының жуан ортасында болған Шығанақ, қырман басында жалғыз отыр. Егін басылып, қапқа түскен. Қырман сыпырындысы, болмашы топан үйіндісі ғана бар. Шығанақтың, күйбеңі сонда да біткен жоқ. Қасында басылмаған екі бау тары жатыр. Тарыны қолымен үгіп, алақанына салып қарайды да, жымыңдап қояды. Үге береді, жанындағы сары дорба толды. Толған дорбаны қайта төгіп құммен ойнаған балаша сапырады. Ойынқұмар бала да жалығар уақыт болды. Шығанақ құмары тарқар емес. Сапыра береді, сұрыптай береді...

Арт жағында ақырын басып Олжабек келеді. Екі қолында екі кесе, жымиып күліп келеді. Екеуін Шығанаққа әкеліп бірден ұсынды.

— Е, мұның не?

— Түк те айырмасы жоқ. ішіп көр.

Шығанақ сүтке салған екі кесе тарыны екі қолына ұстап отырып күліп жіберді:

— Жұрт мені дуана дейді, сен ғой нағыз дуана.

— Жоқ, сен дуана. ішіп көр әуелі өзің.

Кезек ұрттап, Шығанақ екі кесені бірдей босатты.

Тағы бар ма? Дәмін айыра алмадым.

Ой, шіркін-ай, айыра алмаған шығарсың. Одан да жеңілдім десеңші.

Екеуінің таласы ойламаған жерден басталған еді. Егін әбден піскен кезде Шығанақ қалың тарыны аралап жүріп, қайсыбірінің басын қырқып ала берді. Олжабек мұны бір күн емес, әр күн көретін. Бір күні әдейілеп сұрады:

— Сен осыны қайткелі жүрсің?

— Қайткені несі, жеймін.

— Жеуіңе басқа тары жетпеді ме?

— Қолдан қырқып, қолдан үксең балдай тәтті болады.

— Япырай, ә — деді де кете барды Олжабек. Бірақ бұл сөз есінен кетпеді. Балдай тәтті тарының дәмін татуға ынтығып, жұмыстан қайтқанда қолдан үгеді де, ақтайды. Сол ақтаған тарысын бүгін сүтке салып жеп көрсе, түк айырмасы жоқ. Сонсоң Шығанақтың қатесін дәлелдеуге қолдан үккенін де, бастырып алғанын да әкеліп отыр еді.

— Сен «аспан асты кең» деп тағы да бір жаққа шығып кетерсің. Шын сөйлесейіҚ — деді Шығанақ, — партия тарыны көбейт депті. Ол құр көп салғанмен көбеймейді. Бабын білу керек. Әуелі тұқымын сайлау керек. Ойылдың ақ тарысы әбден тазарған емес. Оның ішінде, міне ағы да, ала бүйрегі де, қызылы да жүр. Жетіле келгенде тары басының бірі шоқпарланып тұрса, енді бірі күлтеленіп тұрады. Ең бітік шығатыны ұйыспа келіп, дәні таза болады. Мен сол ұйыспасын іріктеп отырмын. Мұның тағы бір қасиеті — піскен кезде Саратовтың қызыл тарысынан аз төгіледі. Ыстыққа шыдамды.

— Ой, Шығанақ, Шығанақ! — деді ОлжабеҚ — тағы да бір ермек тапқан екенсің ғой.

— Мұның енді ермектігі шамалы. Бес жыл болды соңына түскелі. Тұқым дайын. Бірақ осыны жаңа жерге саламын. Машинаны жаңа жерге орнатамын. Міне, үлкен ермек сол болар.

— Е-е-е, — деп ыңылдай жөнелді Олжабек. Көзіне алда тұрған қауырт жұмыс елестеп кетті...

— Бір жаман жерің құйқылжи береді екенсің. Тағы да машина орнату керек. Арық қазу керек. Ұстаған жерден Қатып қалса ғой кісінің кісілігі.

— Сынып кетсең қайтесің?

— Сынсаң сынып кет, не керек бұраңдап.

— Ә-ә-әй, ОлжабеҚ Олжабек! — деді Шығанақ. — Сынатын да жер бар, майысатын да жер бар. Пайдалы іске Қарай майыссам да ұрсасың ба?

— Ал, не кінә таптың? Үш шығырдың бергенін бір өзі беріп тұр?

— Он шығырдікін неге бермейді?

— Е, қайдан білейін.

— Сен білмесең мен білем. Жер тегіс емес. Топырағы нашар.

Олжабек ойланып қалды. Шығанақ тарысын сұрыптай берді. Есіз қырманда үнсіз шошиған екеуін басынғандай бір топ қара торғай дүр етіп қона қалды. Шығанақ жұмысын тастап, орнынан ақырын тұрды да, торғайларды алыстан орағытып, ортаға таман қайырды. Ортада шашылған дән, шыпырлаған тұзақ жатыр. Олжабек мұның бірін де байқаған жоқ еді, «әлгі қайда!» деп артына қараса, Шығанақ баланың ісін істеп жүр. «Осы шын ауысқан шығар», — деді ішінен. Торғайлар дүр етті. Орнында қалған бірнешеуін сыпырып әкеліп, Шығанақ Олжабектің, алдына қойды.

— Нешеуін аласың, ала бер.

— Бала болдың ба? Бұл бейшараларды не қыласың?

— Бейшара емес. Тарының бір жауы осы. Адам жасаған айланы кезінде пайдаланып қал.

Олжабек елеген жоқ. Ойында әлі де жаңа қоныс, жаңа арық отыр екен:

— Төкен не айтады бұған? — деді.

— Төкен қостай ма? Басында орнаттырған өзі, сол жерге.

— Тағы да бір мол дауға ендім де.

— Дегенмен беті қайтып қалған тәрізді. Иі жұмсақтау.

— істейтін болсаң суыққа қалмай тез істе.

— Оның суығынан да жазғы егіске қарбалас болғаны жаман ғой. Бүгін бір беті ашылар.

— Қайда кетті өздері?

— Шәңгерейді ертіп сол жерді көргелі кетті. Аспаннан жаңа түскендей боласың да отырасың. Неге араласпайсың сөзге?

— Сөзді қайтемін. Жұмыс орындалса бопты.

— Сені енді екі асықтың арасына салып ыспасам болатын емессің.

— ТеҚ құтырмай отыр! Жетер сол-дағы.

Олжабек сескеніп қалды. «Жетер сол-дағы» дегені баяғы Обкомда қысылғаны еді. Сол жаңа ұмыт бола бастағанда Шығанақ екі асықтың арасына саламын деген соң бетіне қан жүгіріп, үлкен көзі бір төңкеріліп кетті. Мұндайда дереу насыбай атып жіберетін. Бүгін қас пен көздің арасында шақшасы жоғалғаны есінен шығып, қолын қалтасына сұғып қалды да, тартып алды. Әттең бір атым насыбай деп отырғанда, сұр шақша алдына келіп топ етті. Күліп жіберді

Олжабек:

Сен екенсің ғой ұрлаған?

— Ұрласам беремін бе, тауып алдым.

— Қой-қой. Сенен басқа ешкім емес.

Насыбай атқан соң, Олжабектің бойы жадырап сала берді. Көңілі түскенде ол әжептәуір ашық сөйлеседі. Шығанақтың қасында көп болуы, ұзақ жолға бірге шығуы, қанша ысылмаймын десе де, біраз ысқанын өзі байқамайды.

— Насыбайды екі шақшамен ататын едім. Бірі үйде қалатын еді. Жамал бейшараның қалтасында кете барыпты, — деп босаған көңілін басқаға аудару үшін басын көтеріп, жан-жаққа қарады. — Мынау үш атты солар болды ма екен?

— Солар, — деді Шығанақ қарап қалып. — Ал енді, сен өзіңе-өзің берік бол. Биттей жарықшақ шықса, Төкен соны көздейді.

Шығанақ тарысын болып, дорбаның аузын буып жатқанда Төкен мен Шәңгерей де келді. Қастарында жаңа агроном Сергей бар.

— «Бүркіт қартайса тышқаншы» деген еді, Шығанақ енді торғайға түскен бе, — деп қалжыңдай келді Төкен. Ақтөбеден қайтқалы жалаң Төкен емес, Шәңгерей де Шығанақпен жылы сөйлесетін болған. Ақтөбе сапары Шығанақтың өзіне де, басқаларға да көп әсер еткен еді. Бүгінгі әңгіме бұрынғыдай керіске соқпай, сыпайы сөзбен, іштей арбасумен өтетін түрі бар.

— Егінге зияндының үлкен-кішісін талғамаймын, — деп Шығанақ та күліп қойды.

— Көрдік жеріңді, — деді Төкен. — Күнде көріп жүрген жер ғой. Топырағында менің жұмысым жоқ, агроном айтар. Су бармайды. Сумен екі арада бір белес жатыр.

— Сұрағанымыз ол емес еді ғой.

— Ә, анау ма! Оны «Қара көлге» беріп қойғанбыз.

— Тым асығыс берілген екен. Сонымен машинаны орнынан қозғама деймісің?

— Оны өздерің білесің. Мен айтарымды айтқамын, — Деді Төкен. Шығанақ ойланып қалды. Шәңгерей сөзді іліп әкетті.

— Біз сұраған жерді «Қара көлге» бергендеріңіз қалай? Машина бізде. Бізден артық ұқсатпақ па, олар?

— Машинаны орнатқандарың кеше ғана ғой. Көше бересіңдер ме?

— Өзіңіз айтыңызшы, сол арадан көшпеске бола ма? (ру баруға жақсы деп, қайдағы бір ащылы жарыққа қамадыңыз да тастадыңыз. Жөнді егін ала алдық па биыл?!

— Мен еріксіз апарғаным жоқ. Келіскенбіз. Жаман жердің топырағын өзгерте ала ма, машина?

Шәңгерей тоқталып қалды. Шығанақ жауабын қайырды:

— Келіскеніміз де рас. Жердің жаман екені де рас. Кім кінәлі екенін құдай білсін. Ал, енді сол жерде отыра бергенмен жақсара ма? Еңбек орынсыз кетіп жатыр. Партия тарыны көбейт деп жатыр. Алдағы көктемге жаңа машинамен жаңа жерге шығып, жаңа тұқым сепсеҚ жарқырап бір көрінсек дейміз. Әлі де болса сұраған жерімізді бер, Төкен.

— Беріліп қойды, болмайды.

— Ендеше, амал бар ма, жаңағы дөңесті қашап өтеміз де, — деді Шығанақ. Шәңгерей ыршып түсті.

— Ойбай, шама келе ме оған! Дөңесті қашаумен қабат жаңадан арық қазу кереҚ жерді тыңнан жырту керек... Қыруар жұмыс емес пе!

— Бәрінен де тары қымбат. Қымбат нәрсе оңайлықпен табылмас болар. Мұндайда көз жұмбай керек.

— Япырай. Не бермей кетпесе?

— Осының билігін де маған бер, шырағым. Қара баспаса, бір қараға жетіп тоқтармын, жолда қалмаспын.

Шәңгерей үндемей отырып-отырып:

— Мейліңіз ендеше, — дегенде, Шығанақ Төкенге:

— Ал біз көштік. Қарсылығың бар ма? — деді.

Төкен мұны күтпеген еді. Не қарсылығын, не ризалығын айта алмай отырып қалды. Әлден уақытта ойламаған жерден бір сылтау тапты:

— Тағы да Төкен көшірді деп жүрмеңдер. Сергей Александрович, сіздің де есіңізде болсын. Мен қарсымын. Қарсы да болсам рұқсат беремін. Бірақ осыдан келетін зиянды, жауапкерлікті Шығанақ пен Шәңгерейдің қара басына жүктеп, тілхат аламын. Бұл өзі үлкен жұмыс. Біреуімізді соттамай тынбайды.

— Иә, ойлану керек. Колхоз егінсіз қалуы мүмкін. Қолға алған соң бітірмей болмайды, — деді манадан бері үндемей тыңдап отырған Сергей. «Тілхат аламын» деген соң Шәңгерей де лоблыды:

— Тілхатты қойсаңшы, Төкен, онсыз-ақ рұқсат беріп жүрсің ғой.

— Мұның жөні бір бөлек. Құдай ақына, жауапкерлігінен қорқып отырмын. Әйтпесе, аудан басшылығынан бір жапырақ қағаз әкеле қойыңдар.

— Болмайды! — деді Шығанақ. Сен үшін аудан жауапты бола ма? Сенсең бер, сенбесең тілхатыңды алып бер. Мен тұрдым неге болса да.

— Шәңгерей, сенің сөзің де осы ма? — деп Төкен қағазын ала бастағанда:

— Шықаңмен жасаса берсеңші, — деп күмілжіді Шәңгерей. Төкен өршелей түсті.

— Айтпады деме, колхоз бастығы алдымен сен жауаптысың. Сенсіз қағаз жасалмайды.

— Япырау, мен Шықаңды шығардым ғой.

— Жоқ, болмайды, — деп Төкен қағазын сумкасына қайта салды. — Бәсе, бұл ойландыратын жұмыс.

Шынында бұл ойланатын жұмыс екені рас. Шығанақ таласып, тартысып жүріп машина әкелді. Әкелген машинасына бірсыпыра еңбеҚ пұл шықса да, елеулі өнім бере алған жоқ. Сол машинаны енді екінші жерге орнатумен байланысты қыруар жұмыстар тұр. Қалған аз уақыттың ішінде орындала ма, жоқ қысқа соғып, бітпей қала ма? Бітпей қалса колхоз мықтап омбылағаны. Төкен омбылата түскісі келгендей, сұраған жерді бермей, енді белесті қашап өтуге тура келіп тұр.

— Шәңгерей! — деді Шығанақ, — «Шешінген судан тайынбайды» деген қайда? Маған билеткенің рас болса, мен кетіп бара жатқанда сен аман қалмайсың. Қоя бер қолды. Қорқатын түк те жоқ. Екі жүздей кісі бар, жауып жібереміз.

— Бір тәуекел ендеше! — деп Шәңгерей білегін сыбанды. Төкен үндеместен қағазын алып жаза берді...

Шеткерірек жантайып жатқан Сергей әңгімеден де шеткері. Ой басты ма, ат соқты ма, әлде өзінің мінезі ме, әйтеуір ашылған жоқ. Бұрынғы агрономдар басалқы айтып, мінеп те, жөн сілтеп те кететін. Бұл тек көруге, тыңдауға келген сияқты. Бергенінен алғаны көп, өзі айтпайды, айтқанды блокнотына түрте береді. Сөйлемейді, сөйлете береді. Бір күнде осымен міне екінші рет кездесіп отыр. Бағана Шығанақты бір сағат сөйлетіп, бір блокнотты жазып бітірген. Әлі де анда-санда бір түртіп қояды. Жаңа келген жас агроном жұмбақ еді. Шығанақ оқта-текте көз құйрығын тастап отырып:

— Иә, агроном жолдас, ойыңызды айта отырыңыз. Араладыңыз, көрдіңіз, — деді.

— Мен әзір ештеме айтпаймын, — деп басын шайқады Сергей. Қағазға қол қойылып тарқар кезде ғана бір қолқа салды:

— Мүмкін болса, жаңа тұқымнан маған бір уыс беріңізші?

— Алыңыз, — деп, Шығанақ қолдан үккен тарысынан алып берді. Үлкен әңгіме ың-шыңсыз осылай аяқталып, әрқайсысы жөніне кетті.

II

Сабақтан шыққалы Кәрібайда дамыл жоқ. Үш коммунистің жиылысын өткізді. Көп отырып қаулы алды. План жасады өздерінше. Міндет бөлісті. Енді осы жөнде Шәңгерей мен Шығанақты жайланып отырып сөйлесуге, кешкі шайға шақырды. Дәм тастамайтын Шығанақ, құп алды. Қолы тисе Шәңгерей де келмек. Ақ самауыр ызылдап тұр. Кәрібай күтіп отыр. Қорасан бетінің шұқырлары тереңдей түсіп, ауыр отыр.

Сыртта ат аяғының дүрсілі әлі басылған жоқ. Қарасуды жиектей, алшақ-алшақ отырған колхоз ауылы шекше шұбалып кете береді: ұзындығы ат шаптырым, көлденеңі таяқ тас там. Бірсыпыра адам мал басында, пішенде. Шығанақ пен Шәңгерей, он шақты үй, киіз үй тігіп, көңнің жел жағында, Ойылдың ығында отыр. Әр жерге шалыған кішкене колхозды атпен жиыстырып, хабаршылар жүр. «Ерте келіңдер! Кетпендеріңді ала келіңдер» деген дауыс біресе ана жақтан, біресе мына шеттен естіледі. «Құрман» колхозы осылайша қауырт дайындалып, ертеңгі жорыққа шыққалы жатты.

— Кеш жарық, — деп Шығанақ кірді. Олжабекті бұл шайдан да қалдырмапты, ала кірді. Кәрібай ұшып тұрып, үйіріле бастады.

— Жоғарылаңыздар, қош келдіңіздер, — деп отырар-отырмастан жастық ала жүгірді. Бұларды жайластырып болғанша Шәңгерей де келіп жетті. Бәрі дастарқанға иірілді. Қара шайға сары қаймақты, сары қаймаққа сары талқанды араластырып, ара-арасында аршыған ақ жұмыртқаны тұзға батырып асап қойып, әңгімені қозғай отырды.

— Қайырлы болсын. Үлкен игі іске кірістіңіздер, — деді Кәрібай, — бұл, партияның жыл сайын кемінде 7 — 8 миллиард пұт астық алайық, оңтүстік-шығыстағы аудандарда тұрақты, мол өнім алайық деген ұранын орындау жорығы ғой. Осының орындалар жолын анықтап қарастырдыңыздар ма?

— Шықаңнан сұра, — деді Шәңгерей. — Мен осы кісіге бердім билікті. Ере берем соңынан.

— Менің білетінім: қорықпа, ерінбе, жұмыла қимылда, — деп, Шығанақ шыны аяғын ілгерірек сырып қойды. Кәрібай шай құйдырып, шыны аяқты қайта алып қойған соң, Шығанақтың сезін ежіктей сөйледі:

— Сол қорықпау үшін, ерінбей, жұмыла қимылдау үшін не кереҚ Шықа?

— Мұның бір «үгіті» бар, соны айтқалы келеді, — деп қарқ-қарқ күлді Шығанақ. — Айта бер. Қарсы емеспіз.

— Жоқ, менің басқа да айтарым бар, — деді Кәрібай.

— Айтшы, кәне?

— Елді жапатармағай жібермей, бірнеше бригадаға бөлсе деймін.. Әрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе. Сонан соң социалистік жарыс ұйымдастырса. Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігіп қойса. Бұл, Шықаң айтқан үгітке жатады. Ал енді, қазақтың «мың сіз-бізден, бір шыж-мыж» дегені де бар ғой. Кішігірім екі қара бәйге жарияласа деймін.

Шәңгерей «екі қара бәйгені» естігенде шоқ басқан тайлақтай ыршыды.

— Атай көрме мұңыңды!

Шығанақ та ұнатқан жоқ.

— Ту дегенің, бригадаға бөліп, сыбаға б«Р дегенің дұрыс, — деді, қара сақалын сипап отырып, — Бәйге дегеніңді ми алмай тұр. Әркім өзі үшін істейді. Бәрі мол өнім алып, соларды молықтырудың қамы. Бұдан артық шыж-мыж бола ма?

— Несиеге жұрттың бәрі сене бермейді, Шықа. Көз алдына сендірерліктей бірдеңе ұстау керек қой.

Шығанақ сөйлеместен бұрын қолын бір сермеп тастады. Көзі ойнақшып басылды.

— Сенбегеніне жол әні! Ортадағы малды олжаға үлестіре берсе не қалады^

Әңгіме біразға дейін суып қалды. Бар салмақ шайға түскендей. Қара шай құйған сайын қоюлана береді. Қонақтар сіміре береді. Тер судай ағып, тері әбден кеңіген кезде, Кәрібай әңгімеге қайта оралады:

— Бұл менің өз басымнан шыққан нәрсе емес еді. Артельдің уставында да бар. Партия мен үкіметіміздің қазіргі күнде көңіл бөліп отырған мәселенің бірі. Соңсоң партия ұйымында осылай болса деп қаулы алып едік. Ендігісін өздеріңіз білесіздер. Айналып келгенде бәрі адамның көңілін алу қарызы. көңілденіп істесе, жұмыс өнімді болмақ, — деген кезде, манадан бері үндемей отырған Олжабек киіп кетті,

— Дұрыс айтады! Көңілденсе жұмыс шақ келе ме! Қатаң отырған Шығанақ та жібіп сала берді:

— Манадан бері осылай десеңші екеуің, — деді күлімсіреп. — Олай болса, партия мен үкіметтен артық кім біледі?

Шәңгерей билікті маған берсе, мен Олжабекке бердім.

Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ, жауапты қолма-қол қайырды.

— Маған салсаңдар, тіктім бәйгені! — деді. — Алдымен өзім түсем жарысқа. Осы, үлкен қызық болғалы тұр өзі.

Әлі де үндемей отырған Шәңгерейге Кәрібай енді турасынан қойды сұрақты:

— Неге үндемейсің? Ұнатпасаң ашып айт.

Ашып айтуға Шәңгерей қатты қиналды. Билікті Шығанаққа беріп қойған, енді қайтып алуға реті жоқ. Қайтып алмаса — колхоздың екі қарасы кеткелі тұр. Жоспар кемиді. Мал төлдеп жатқан уақыт болса бір сәрі. Жыл аяғы жақындағанда екі қараның орны қалай толмақ? Жоспар толмаса жақсы председатель қалай болмақ? Шәңгерей осыған қиналып отыр еді.

— Япырай, Шықа, — деді бір уақытта, — ойланбай айтып қалдыңыз-ау. Мал жоспары орындалмайын деп тұр.

— Жоқ, мен әбден ойланып айттым. Жоспар толмаса менің екі бұзауымды аларсың.

— Дұрыс онда, — деп Шәңгерей күліп жіберді.

III

Қарқынмен соққан көп кетпен жалаңаш даланың тозаңын аспанға шығарды. Әр жерде бір топ. Топтан топырақ көп. Жұмылған көп төбе-төбе қылып топырақты үйіп барады...

Екі топтың қимылы өзгеше. Бірі — әйелдер тобы — Жанбота басқарады. Екіншісі — еркектер тобы — Амантай басқарады. Екеуі дөңесті екі балағынан түріп, біріне-бірі қарсы келеді. Табыспақ жері дөңес үстіндегі қызыл ту.

Амантай мен Жанботаның арасы сөз, мінез бәсекесі еңбек бәсекесіне айналып, осы дөңеске бұрын шыққаны, екіншісінің төбесіне шыққандай көреді. Бірақ бұл екі адамның арасындағы бәсекеден, еркек пен әйелдің арасындағы жарысқа айналған сияқты. Шығанақ, Шәңгерей, Кәрібайлар дөң үстінде ту түбінде тұрып:

— Әйелдер озып барады!..

Еркектер ұзаққа сермейді!.. — деп егестіргенде, үдей соққан күшті дүрсіл дөңесті солқ-солқ еткізеді.

Көйлегінің етегін ышқырына түрінген Айсұлу дөңеске жүгіре шығып, етекте, қазған жердің ішінде төбелері қылтылдап көрінген еркектерге өлең айта бастады:

Қызыл тудың астында, Қызыл тайынша ыңылдар. Көз құртындай жануар. Бәріміз саған ынтызар.

Карсы алдында ОлжабеҚ Күжілдейді жетем деп. Құр күжілі неге сеп, Қажыр, айла болмаса еп.

Амантай жүр шықылдап, Пілге үрген қандендей, Белес жатыр бүлк етпей, Түк өнбесін білгендей.

Амантай мен ОлжабеҚ Өктегенмен озбассың. Бір соқыр мен бір тазсың, Әңгі, әулекі құр мәзсің, —

деген кезде Амантай бір кесекті ала сала тұра ұмтылды.

— Сауысқанша шықылықтап, не деп тұрсың!

Айсұлу тұра қашты. Кесек тимей кетті.

— Мүлт кеттім! — деп жерге қайта еңкейгенде:

— Ендігісі мұрныңа! — деді де белден асып Айсұлу жоқ болды.

Дөң басындағылар шек-сілесі қатып күліп жатыр. Амантайдың бір көзінің алдында, жас кезінде күйдіргі шығып, азырақ тыртығы бар. Олжабектің басына Жамалдан айрылатын жерде қашқындар салған сойыл дағы шұбартып тұрғаны болмаса, құлан таза. Антұрған Айсұлу түйме дейді түйедей қылып кетті.

Амантай бригадасы намыстанып қалды.

— Саспаңдар, жігіттер! — деді Амантай. — Ол емес, бәрін істетіп отырған Жанбота. Құтырып өзі сүйкенді. Сыбағасын алар әлі. Тег 'жарыста мүдіртіп кетпесе, олардың жайы мәлім еді ғой.

Олжабек те шамданып қалған екен. Тақиясын алып басын көрсетті:

— Осы таз ба? Сойылдағы. Сен соқыр емессің. Өтірік неге айтады жұрт.

— Олар бізден озықтау, соның желігі ғой, — деді Амантай. Олжабек қайтып тіл қатқан жоқ, дөңді кеулей берді.

Жер әркімге өлшеп берілген, өз сыбағасын болып қапты. Айсұлу айтса айтқандай, өзгеден озық, кетпенді соққан сайын ыңқ етіп, күж етіп, ілгерілеп барады.

— Тағы да осындай бір жер, — деді Амантайға. Амантай бірдің орнына екі норма беріп еді, үндеген жоқ.

Төмен қарап жымиып Шығанақ келеді. Шәңгерей мен Кәрібай Жанботаның бригадасына барды.

— Бұл қалай болды? — деді Шығанақ күліп тұрып, — әйелдер туды сұрап жатыр.

Бірде-бірі естімеген сияқты төмен құдиып, кетпенді үсті-үстіне сілтей береді. Шығанақ әрқайсысының қасына бір барып, қимылдарын байқап жүр.

— Аптықпа! — деді Айтжанға келгенде. — Жүгірсең әудем жерге бармай сілең қатады. ілби берсең, күні бойы жүрсең де қылшығың сынбайды. Қазір екеуі де керек емес. Әліңе қарап орташа қарқын ал. Тым алыстан сермейді екенсің. Бері әкелші, — деп кетпенді өзі ұстады.

Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті. Тыпырлаған шапшаң, ыбылжыған шабан да емес, сырғып барады қарт. Аптыққан жоқ, терлеген жоқ, алымы өнімді бір әуенмен белді кертіп барады.' Көлденең қараған кісіге кетпен шабудан оңай ештеме жоқ сияқты еді. Амантай келіп Айтжанға ұрыса бастады: ;

— Шалғұрлы, қатынғұрлы қауқарың жоқ! Сендейлердің кесірінен ту кеткелі тұр. Бөріктінің намысы қоса кеткелі тұр... — дегенде: і

— Сап, сап! — деп қолын көтерді Шығанақ. Ақылшы Амантайдың өзінде де бірсыпыра мін бар екен. Міней бастады. — «Жұмыскерді мініскер жұмсайды». Мұның мініскерлік емес. Опыр, істе деу бәрінен оңай. Соның ебін, жолын табу қиын. Шолақ өкілдерше кідіңдемей, жәрдемдесу кереҚ үйрету керек. Бұл онша қарусыз көрінбейді, айласы жетпей жатыр. «Түлкіде алпыс екі, адамда алпыс үш айла бар». Соның бірі ғана күшке келеді. Өзгенің бәрін айламен алады адам...

— Ендеше айласымен алсын, адам ғой бұл да, — деді Амантай. Айтжанды көзімен ішіп-жеп барады. Ол кетпенін алып, жерді қаза берді.

— Бес саусағыңа қара, бәрі бірдей ме? — деп, саусақтарын Амантайдың көз алдына әкеп, бір тарбитты да, Шыға¬нақ жүріп кетті. Онымен Амантайдың көзін жеткізе алған жоқ. Амантайдың өз ойы, өз есебі бар. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады», — деді ол. Нағыз шындық қысылғанда ғана шығады, кеңшіліктегінің бәрі тақыстық деп біледі Сондықтан, қазіргідей асығыста Шығанақтың, кеңнен толғауы оған ұнамады. Ере келіп, Олжабектің, қасында тұрғанда екеуі біраз сөзге келіп қалды.

— Елдің бәрі бала болса, мектепке қамап Кәрібайға біраз оқытып алайық. Әйтпесе, осы әлдиді қойсаңыз екен, ақсақал, — деді Шығанаққа.

Қалжыңы ма, шыны ма дегендей Шығанақ бетіне жалт қарады.

— Одан не зиян тарттың?

— Соны арқа тұтып, жұрттық белбеуі босап барады,

— Қайтсек қатаймақ?

— Ширатып ұстау керек. Қаулы алынды, норма берілді, орындасын қайтсе де!

— Норма, қаулы бәріне бірдей міндет болғанмен, адам қилы-қилы емес пе! Бабын таппай болған бар ма? Оны неге ойламайсың?

— Сіз ылғи бабын іздейсіз. Менің білетінім: адам қысылса бәрін өзі табады. Қысылмаса көксейтіні ылғи кен, жайлау.

Шығанақ бір мырс етті:

— Адамды сен шабан торы деп тұрсың. Байқа, қамшылай берсең қос аяқтап салып та жіберер.

— Қамшыламасаң тұрып алады, онда қайтесің? — деді Амантай.

Шығанақ жауап қайырған жоқ. Ойы алысқа кеткендей үндемей тұр. Ренжіп қалған сияқты, қабағы салыңқы ауыр тұр. Әлден уақытта малдасын құрып, жайланып отырып, ақырын ғана күрсінді де, Амантайға тура қарады.

— Әй, шіркін! — деді қолын бір көтеріп қойып. — Торыны айтамын деп торыққан көңілді қозғадың-ау. Арқасын ер тессе, борбайын қамшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк шыбын үймелеген кезін көріпсің. Қоң бітіп, құлағы селтеңдеген кезін неге көрмейсің? Айтпа қазақтың өткенін, айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда, малы талауда, ойлап тұрсаң ылғи бір «ақтабан шұбырынды» заманды кешіп келіп, осы күнге жетті, әйтеуір көп кедей. Үйірме, қамшыңды. Қамшы дағы жаңа кетіп келеді.Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала деп біл, ая, үйрет. Баулысаң бәрін алады, көрмейсің бе, аянып жатыр ма, осылар? ТеҚ ақыл-айла ғана керек. Басқардым деп тұрған сен де, ақсақал мен деп тұрған мен де, сыртымыз қампиғанмен ішіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен. Сен жассың, қармансаң қолың жетіп тұр. Байыппен істеп, бабын тап, шырағым. Әпербақан шадыр бол.ма, сабырлы бол, ел мінезіне көнтерілі бол, шырағым. Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің.

— Әй, Шығанақ-ай, осы мінезің ғой сенің, — деп, Олжа¬бек тұқырған басын көтеріп алды. Аржағын айтқанша, насыбайын ауызға қағып та жіберді. — Әрнемені ойлап, кейде толқысаң да, арқандаулы аттай айнала бересің. Жұрттың бәрі осылай болса заман не болар еді! — деп, кілт тоқтады. Сүйсінген көңілге тіл жете алмай тоқтағанын біліп тұрса да, Амантай Олжабекке сұрақ қойды:

— Ал, сонда не болады?

— Қой үстіне боз торғай жұмыртқалар еді.

— Тауық жұмыртқасынан шығып, торғай жұмыртқасын жегің келді ме?

— Ойын не кереҚ — Олжабек кетпенін қолына алғанда:

— Ендеше, кел төбелесейіҚ — деді де ұстай алды Аман¬тай. Ұстарын ұстаса да қақпанға түскен суырдай шыңғырды. Елдің бәрі рас төбелес екен деп қалды. Олжабек бұрын алысып ойнамайтын, сығымдап жатыр.

— Жібер, жібер! — деді Шығанақ. — Антұрғанның даусы тілінен де ащы екен.

— Жіберме, жіберме! — деген әйел даусына бәрі жалт қараса, Жанбота келіп қалған екен. Қасында Шәңгерей мен Кәрібай бар.

— Е, сен бе едің шыңғырған, суыр ма десем? — деп Шығанақтың қасына отыра кетті, үстінің шаңын қақпастан.

— Иә, мен едім, — деді Амантай. Басқа айтарың бар ма дегендей Жанботаға тесіліп қапты.

— Саған не көрінді? Әйелден де, шалдан да жығыласың?

— Әйелден жығылсам айып емес, кімнің тізесін бүкпепеген ол қасқа. Шал дегенді байқап айт, шамырқанса шарт үзетін күші бар.

— Тышқанға мысықтан күшті жоқ деген ғой. Саған Олжабектен күшті кім болсын енді. Үстіңнің шаңын қақ.

— Ештеме етпес. Шаңға сен де аунаған шығарсың.

— Қылжаққа уақыт жоқ, туға келдім.

— Аһ! — деді Амантай. Ашылған аузын жаппастан алақтап қарай берді әркімге бір. Ентігіп Олжабек келді.

— Шын айтасың ба, Жанбота, — деді келісімен.

— Шын!

Бәсеке басылып қалды. Әңгіменің мән-жайын бажайлап отырып Кәрібай айтты.

— Біз әйелдер бригадасына барып келдік. Қабыш бастаған еркектер бригадасының да жұмысын білдік. Әзірге үш бригаданың озығы Жанбота бригадасы.

— Сонда, ең алды неше норма орындапты? — деді Олжабек. Өзінен озып ту алатын әйелді білгенше, көргенше ынтығып тұр.

— Бір жарым.

— Е-е, ендеше менікі екі жарым.

— Сенің бригадаң кейіндеу келеді.

— Соған мен күймекпін бе? Әркім өзіне жауапты.

— Күймейсің. Жалғыз өзің ту да алмайсың.

Олжабек аңырып қалды. Екі көзі Кәрібайды ішіп-жеп барады.

— Өзің не деп тұрсың? Тумен қоса екі қашар да кете ме?

— Жоқ. Қашар қашан жұмыс біткенде беріледі. Оған дейін озған туды алып отырады.

— Осы қулығына түсінбеймін! — деді, Олжабек басын шайқап.

— Ту құласа қол тарайды. Ту тұрған жерде аруақ тұрады деуші еді. Шығанақ, сен сөйлеші.

Олжабек ту кеткенін жақсылыққа жорымады. Екі қашар қоса кетеді, аброй тағы жоқ, бәрі туға байланысты. Шығанақ кіріссе осының да бір есебін табар еді деп тұр ішінен. Шығанақтың өзіне бұратынына қандай сенсе, бір амал табатынына сондай сенімді. Не айтар екен, қисынын қалай келтірер екен деп, оның аузын бағып тұрғанда:

— Досым, жөні кетіңкіреп қалған екен, — деді Шығанақ — Қуып жетіп озып алмаса, артта келе жатып бер дегенге бере ме бұлар. Кәрібай, сен озғанын айттың. Қалай озғанын айт енді?

— Әйелдердің күші асып, айласы асып жатқан жоқ. Оларда денені ылғи қыздырып тұратын еңбек көрігі — өзара жарыс күшті көрінеді. қатар бара жатқан екі әйел бірінен-бірі озамын деп егеседі. Бригада ортасында балалар туындай ғана бір жапырақ ту бар. Осы туда дамыл жоқ. «Анау озып кетті, мынау озып кетті...» деп, Жанбота әрқайсысының қасына апарып бір селтитеді. Сонымен, екі әйелдің арасындағы егес ұласып, бүкіл бригаданы көтеріп жіберіпті. Бар хикмет осы ғана.

— Амантай, санаң болса осыны ұқ,! — - деді Шығанақ. Басқа ештеме айтпады. Олжабек жаңа ғана тудан күдер үзді. ішінен: «Осының кейде шатасатыны шын болуы керек», — деп тұр.

Олжабек айтсын, айтпасын кейінгі кезде Шығанақ жайында «шатасыпты», «жалғыз шығып кетеді екен...», «өзімен-өзі сөйлесіп жүреді екен...» деген сыбыс бір көтеріліп, бір басылып, рас, өтірігін де, қайдан шыққанын да таптырмай жүр. Табамын деп соңына түсуші де жоқ. Олжабек те келіп қалған ойды ұзатып салып, Шығанақты қайта тапты.

Шәңгерей, Кәрібай, Шығанақ үшеуі Жанботаны ертіп, дөң басына қарай аяңдады. Олар кетісімен Амантай орнынан ұшып тұрып, Айтжанның басындағы қызыл орамалын жұлып алды.

— Ойнама, басымнан күн өтеді, — деп еді ол, Амантай:

— Ойын емес, жолдас. Орамалын, ту болғалы тұр, — - деп бір ағаштың басына байлады да, Олжабектің, қасына әкеліп тікті.

— Мұның аты қара жарыс. Озғаның бәйгеге қосыласың. Ал, озыңдар Олжабектен.

Олжабектің көңілі әлі де үлкен туда, қос қашарда еді. Өзіне-өзі сенгендігі ме, жоқ шыдамады ма, кішкене туға алаңдамастан үлкен тудың соңынан жүгірді. Соңырақ ұмтылса да, дөң басына басқалардан бұрын шықты.

— Ал, жігіттер, қимылдаңдар, — деді Амантай. — Анау онымен шатасып жүргенде, қуып жетіп мына туды біреуің ала қой. Аузы аппақ болсын.

Олжабектің кеткені дұрыс болды. Ол кетпесе одан озам деп ешқайсысы дәмеленбейтін сияқты еді. Енді бірінен-бірі озамын деп сыбана бастады.

Олжабек барысымен-ақ екі тайыншаны алдына салып қуа жөнелді. Шығанақтың тоқта деуге шамасы келген жоқ, күлкіден шегі түйіліп отырып қалды. Ол, «екі қашар тумен қоса кетеді. Ту қайтса, қайтар, осы екеуі қайта ма, қайтпай ма» деп, Жанботаның қолына түсіргісі келмеді. Түбінде өзі жеңетініне, тайыншаның сонда өзіне тиетініне сенімді екен.

— Онда нең бар? — деп айғайлаған Шәңгерейге:

— Кесір болмаса бірі менікі! — деді де кете барды.

Дөң басында, ту түбінде, туды Жанботаға бергелі тұрып, Шығанақтың шаттықпен көзіне жас келді. Қуанышын да, қайғысын да жуықта сездірмейтін қара сұр жүзінде қан ойнап, лепірген жүректің лебі тұр. Үні дірілдеңкіреп, сөзі қапелімде түйіліп жазылғандай мүдіріп-мүдіріп шықты.

— Балам! — деді Жанботаға. — Ту алғаныңа сен қуансаң, бергеніме мен қуанам. Адам шіркін қуанышқа құмар. Қуанса шүкірлік етпейді, тағы тілейді. Мен шүкірлік етіп те, тілеп те тұрмын. Анау Амантай сенен көріп, әнебіреу шүберекті желбіретіп қойыпты. Олжабек сенен қорқып екі қашарды қуып барады. Бәрің көз алдындағыға мәзсің. Сол көз алдыңдағыға еріп қайда бара жатқандарыңды көріп, мен мәзбін. Біреу осы қуанышты таразының екі басына салып жіберсе, бәріңдікін бір менікі басып кетер еді. Егер біреу бәрін жинап алып, мынау Ойылға шашып жіберсе, бәріңдікі батып кеткенде, менікі қалқып жүрер еді. Бұл мақтаныш емес, мысал. Әр істі ұғынып, пайымдап істе, келешегін көріп істе демекпін. Келешегіне қызықсаң қажымайсың, қайрат бітеді бойыңа. Осынау түйдегімен тиген көп кетпен қу даланың шаңын көтеріп жатқан жоқ, тарысын сапырып жатыр, шырағым. Шаңды көрмей тек сол тарыны көрсең болғаны.

Шығанақтан көз алмай қадалып тұрған Жанбота әдеппен бір иіліп:

— Ұқтым, әке, — деді де туды көтеріп жүріп кетті. Дөң үстінде, ту көтеріп бара жатқан Жанботаға көзі түсіп, ойда тұрған Амантай:

— Сен қызға соны қойсам, Амантай атым өшсін! — деп ант етті.

IV

Қабыш бастаған топтың аралары арқан бойы бір-бірден тізбектеліп кете барады. Әркім алдындағы арқан бойы жерді болғанда, ұзындығы бір шақырымдай жер бетіне топырақ астау көтеріледі. Бұл егіншілер тілімен айтқанда «айғыржап». Машина Ойыл суын осы айғыржапқа құяды. Айғыржаптан «қысқа мойын», атыздар арқылы егіске тарайды. Суарма егіспен күн көрген елдің, айғыржап жасаудан бастап, егінді орып, жинап алғанша қолынан кетпені түспейді. Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиынырақ. Міне, дүниені күйдіріп бара жатқан күн астында, күреңіткен көп адам қимылдап жүр. «Болмаймын» деп, безер жер бедірейе береді. «Қоймаймын» деп көк кетпен Қадала түседі. Екеуі жеңіскенше жеңілтек адамның жаны Шығып кеткендей. Ұзақ күрес біреуді жалықтырады, біреуді Құнықтырады.

Қабыш жалыққан тәрізді. Қазылған жердің салқын топырағына бауырын төсеп, етпетінен жатыр. Бұрын бай, ел билеген жуан болмаса да, еңбекке жаншылмаған атқамінер, колхоз тұсында ауырдың үсті, жеңілдің астымен келген тақыстау кісі еді. Жұмыстан жүрегі айнып жатқан сияқты.

Бастық жантайған соң әркім-ақ жантайған. Айғыржапта ет қызуы ерте басылып, қысыр әңгімелер қозғалды. Бұл мезгілсіз дамылға мазасы кетіп, Елеусін Қабышқа келді.

— Құрдас-ау, ел баяулап қалды ғой. Көтермейсің бе? — деді келісімен.

— Күн ыстық. Аялдасын азырақ, — деп Қабыш басын көтеріп алды, — Сенің байың қыра ма деймін осы елді.

— Неге? Ел ол үшін істеп жатыр ма?

— Оным әншейін сөз, — деді Қабыш. Елеусіннің ұнатпай қалғанын сезіп, майдалай бастады. — Әркім өзі үшін істейді. Өз табысын жейді. Әйтсе де осы жұмысқа Шығанақ мұрындық болды. Бұл арада ешкім жоқ, бар салмақ көпке түсіп тұр, көтере алмай ма деп қорқамын.

— Олар белді қазып бітірсе, біз айғыржапты бітіре алмаймыз ба, сонда? — деп Елеусін таңданғанда, Қабыш жымиып қойып, жұмысты ауырлата түсті:

— Бір жылдың ішінде екі айғыржап жасаймыз. Бұрын бірнеше жылда біреуін азар жасамаушы ма едік? Егін жайы екі ауысып, машина екі көшкелі тұр. Бұрын бір шығырмен төрт-бес гектар жерді суарып болғанша жан шыға жаздаса, енді қырық-елу гектарды қалай суармақсың? Аяқты көрпеге қарап көсілу керек еді.

— Осы жұмыс орындалмайды деп отырсың ба? — деді Елеусін. Қабыш қайғының үлкенін енді шығарды:

— Бұл өз алдына бір уайым. Орындалмағанынан орындалғаны қайғы.

— Бетім-ау, не деп кеттің?

— Бет шымшыр күн әлі ілгері. Бұл орындалмаса, қайда қалмаған бір еңбеҚ қалар. Орындалса, осы мойын ағаны мойныңнан түсер деме. Жерді көп жыртармыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын. Соның пайдасы не?

— Өзің ауысқаннан амансың ба? — деп түршігіп қалды Елеусін.

— Мен аманмын. Сенің байың аман емес, — деді Қабыш. — Елді, қазнаны «Құрман» колхозы асырамақ. Көп астықтың кәдесі де көп. Өзімен-өзі тоқ, талапайы жоқ қайран түйешығыр-ай деуіңе әкел қолыңды!

— Бұл сұмдығыңды бұрын неге айтпадың, құрдас-ау?

— Айтқанмын. Сенің қара бураң шабынса шөкпей тоқтаған ба, шөгіп тынсын. Аузынан көбігі ағып, серейіп жатқанда сөйлесем енді, — деді де, Қабыш орнынан тұрып айғай салды. — Тыныстаған шығарсыңдар, тұрыңдар! Мыжғылай берейіҚ әйтеуір.

Еті суып қалған ел, орнынан баяу көтеріліп, кетпенді қайта қолға алды. Елеусін де Қабыш сөзінен кейін сылбыр аяңдап, өз орнына барды. Күн шыжи түсті. Құмайт жердің жанар шөбі шамалы, табаннан өткен ыстық лебі бетке шабады. Қозғалсаң тер құйылып, ағып барасың. Қозғалмасаң көнің кеуіп барады. Әйтеуір шақырайған күн сазайыңды беріп тұр. Кетпендер ауыр көтеріліп, ақырын сермеліп жатыр.

Аяғын ширақ басып осы жаққа Шығанақ келеді. Бәрін көріп келеді. Бөкен қабағының астындағы қара көзі болашақ егін жайға байыппен қарап, Қабышқа жеткенде қадалып тұра қалды.

— Күн өткеннен аман ба? Көзің кіртиіп кетіпті ғой.

— Сонда да сенен көлеңке сұрамаспын, — деді Қабыш көңілсіздеу тұрып.

— Дала кен, ендеше. Етегіңді түріп қой да, отыра бер.

— Бір мен түрсем ештеңе етпес. Мынау елдің бәрі түрсе, аяқ басар жер қалмас.

— Ойнасаң да, ойыңды айтып тұрсың-ау. Әлі де бірдеме бар ғой, сірә? — деп Шығанақ Елеусінді шақырды.

— Сусының бар ма, әкелші?

Жерге көмген қара торсығын суырып алды, Елеусін келді. Быжылдаған сары 'шұбатты сұп-суық қылып ұсына бергенде:

— Әуелі мынаған бер, — деді Шығанақ, Қабышты нұсқап. — қарны ортайса қоңқылдап түсе қалатын антұрған, қоңқылдап отыр.

— Жоқ, оның бұл жолғы қорсылы, басқаша, — деді де, аржағын айтайын ба, айтпайын ба дегендей, Елеусін Қабышқа қарады. Қабыш үндеместен шұбатты сылқ-сылқ жұта берді. Сол екі арада Шығанақ Елеусінді де бір қағып өтті.

— Екеуіңнің араң тіпті жақын екен. Оңашада келіскенсіңдер ғой, сірә.

— Келісуге жақынбыз. Жақсы келдің өзің. Осынша бейнеттен елдің көрер пайдасы не, соны айтшы?

— Сені де күн соққан ба, не сөйлеп отырсың?

— Еңбегімді сөйлеп отырмын. Өнерін айт, білгім келеді.

— Білмесең, тары өнеді. Тарыға бәрі келеді.

— Өнгенін қайтейін, бәрін сыпырып алатын болса.

— Құлағыңа сайтан сыбырлап кетті ме? Кім сыпырып алады?

— Қазына сыпырып алады дейді, мына құрдас.

— Құрдас та, сен де былшылдапсың. Бар орныңа! — деді Шығанақ. Кесені шамданып ырғытып жіберді. Елеусін жауап қайтармастан торсығын алды да тайып тұрды. Ол кеткен соң біраз үндемей отырып, Шығанақ Қабышқа тиісті:

— Осы сенің не ойың бар? Ашып айтшы.

— Менде бөтен ой жоқ.

— Жаңағы не сөз?

— Жаңа естіп отырмысың? Алдақашан айтқаным қайда?

— Рас, — деді Шығанақ. — Сен алдақашан айтқансың. Мен алдақашан қалды ма деп едім. Қалдырмаған екенсің. Кел, осы арада жеңісейік. Сен ғой, әуелде колхоздан тартпақтадың. Мен еніп кеттім. Кейін келіп қыңқылдаған соң, бірсыпыра жұрт қарсы болса да колхозға алдық. Бұл бір жеңілгенің еді. Одан кейін машина алу тартысына түстік. Сен Төкеннің атын қамшыладың. Төкен шалқасынан құлады. Бұл екі жеңілгенің еді. Осы егінжайға көшуге келгенде, көмекті сырттан сұрап жатып алдың. қолдан келмейтін іс деген шығарсың. Дәл қазір айта аласың ба соны? Бұл үшінші жеңілуің. Енді көп егіннің шығыны да көп деп отырсың. Рас, шығыны көп. Баяғыда Дүржығұл, Жүсібәлінің сойған соғымын бүкіл Телғара болып соймайтын. Онымен Дүржығұл, Жүрсібәлі кедей болды ма? Олар есесін елден алса, біз жерден аламыз. Жер елден байырақ. Неге қорқа бересіңдер осы?

— Жұмыстан қорқамын, — деді Қабыш. — Жұмыс ауырлап барады. Сен ауырлатып барасың. Бәрі жан үшін болса, жанның да аялына бір қарау керек. Сергу керек. Итберген-дей итшілеп мал жиғанша, кедейліктің өзі артық.

Шығанақ көпке дейін жауап қайырмай ойланып қалды. Қабыш дәрет сындырып келіп, қайта отырғанда ғана сөзін бастады:

— Сөзіңнің тамыры бар, тарауы көп. Таратам деп бөгеліп қалдым. Дұрыс айтасың, Итбергендей бай болғанша Қабыштай кедей болған артық. Итберген байи білсе де қызығын көре білмеді. Қабыш қызығын көре білетін еді, байи білмеді. Колхоз мұның екеуі де емес. Байи да, байлықтың қызығын көре де біледі. Ал енді, өзің жомарт Қабыш, сері Қабыш бола тұра сараңдығыңды Итбергеннен де асырып отырсың. Колхоз ешкімге бермесе екен дейсің. Мен, дүниенің ең қызығы алу емес, беру деп білем. Берудің қызығын көрген — алудың да қызығын көреді. Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді. Қазына алсын, ел алсын, кемтар алсын, бар болса ала берсін. «Қойнынан төгіліп, қонышқа құйылғанның несі өкініш. Білем, сенің қорқынышың бұл емес. Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді де әкеміз пішенге аяғымызды тұсап салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың.

Сонда-ақ түңілгем сен иттен. Бірақ әлі айырылысқанымыз жоқ. Жас алпысқа келе жатыр. Бір туған төлміз. Талай шарт сынатын жер келсе де, соны ойлап, қайыса берем. Әйтпесе, сенің орнын, алдақашан түрме. Барғың келсе, қайтейін, бықсыта бер әрнені, тұтанбай қалмас. Барғың келмесе, аузыңды бақ. Әлің келгенше істей бер. Тіпті, істей алмасаң оны айт: аңшылық бар, дүкен бар, қыл-қыбыр, тері-терсек жинау бар — бәрі еңбек. Таңда бірін. Ендігі қиқаңыңа көне алмаймын. ірітпе жұртты. Ойлан да жауабын бер, — деді де орнына тұрып кетті.

Жол бойы тізбектелген бригаданы сыдырта аралап, таяғын беліне көлденең ұстап, Шығанақ қатты аяңмен барады. Ешқайсысына бөгелген де, сөйлескен де жоқ. Кезбен сүзіп, өте шықты. Беті сонау бұлдырап көрінген ескі егінжай, жаңа машина. Ой-шұқырлы жазық далаға бір батып, бір көтеріліп, заулап барады. Қайда барады, кімге барады? Белгісіз.

Қабыш тапжылмай отырып қалды. Зіл басқандай ауыр отыр. Алды соны, арты шиыр, жөн таппай отырған сияқты. Жол көрсеткен Шығанаққа күдігі көп. Бірге өсіп, біте қайнаған құрбы болса да қомсынады: «...Не көрді бұл? Жұмыс жөнін білген соң «Шықа» дегенге мәз. Әйтпесе, мен басқан жерді басқан жоқ. Мен шыққан төбеге шыққан жоқ. Өмірінде екі кісіге төрелік айтпаған сорлының көңілі тым көтеріңкі. Көзі неге жетеді? Шарқына неге қарамайды? Жігіт ағасы болмаса да, есі дұрыс адам еді, есіріп барады. Құлай ма деп қорқамын. Қоқаңдаса күндеймін. Қайтсем шыдармын?..»

Осы ойдың ұшығына жете алмай көп отырды. Шыдап «қара жұмысқа» қалуын, шыдамай жеңіл жұмысқа шығуын шешкенше бір дөңестен Төкен қылт ете түсті. Ол көрінгеннен-ақ Қабыштың көңілі селт еткен еді, келген соң екеуі үлкен әңгімеге кірді.

— Жұмыс қалай, — деді Төкен. Қалай екенін көріп біліп тұрса да осылай сөйлеу әдеті.

— Істеп жатырмыз, әйтеуір. Қалай екенін өзің айтпасаң, мен білмеймін, — деп, Қабыш шөп ширата берді. Біле тұра бірін-бірі «сен айт, сен айтпен» арбасты.

— істеп жатқан сен білмегенде, жаңа келген мен білемін бе, айтсаңшы бәлсінбей.

— Мен, болған соң айтамын. Сендер білгіш, болмай да айта бересіңдер.

— Шығанақ болмаса, менің ондай сәуегейлігім жоқ, — деп Төкен қарқ-қарқ күлді. Күлкісі өтірік те болса шынға бергісіз еді. Қабыш нанып қалды. Көптен бері көңіліне ұнаған қартпен кезі келгенде сөзі үйлескені болмаса, іш ақтарып сырласқан емес. Оқыған, көпті көрген, талай заманды басынан атқарған Төкен, Қабышқа бір дария сияқты, Сол дарияға сүңгіп кетіп, тереңде жатқан асылдарын алып шығар ма еді, иектен еркін жүзер ме еді деп қызығатын. Қызыққан дариясы ыстық күнде, қақ алдында тұрғанда Қабыш қалай шешінгенін байқамай да қалды:

— Төкен, сен көпті көрген тарлансың ғой, бір ақыл сұрағалы отырмын, — деді.

— Сұра, — деді Төкен іркілместен. — Ақылдың да тарлан тартқан кезі бұл, жарамаса тастарсың.

— Осы машина не дейді? Шығанақ не дейді? Мен түсінбеймін.

— Шығанақ жердің бермесін аламын дейді. Машина соны алып береді, — дейді.

— Қашан алады? Қашан алып береді?

— Оған неше «бесжылдықтар» керек екенін мен де білмеймін.

— Соған дейін көретініміз осы ма?

— Оны маған несін айтасың. Мен айтарымды айтқамын. Қазақ жер кәсібіне көндікпеген халық, өктемеңдер деп едім, болды ма. Ал, не шықты? Бір жыл болмай машина екі көшті. Егін жайы екі ауысты. Бергені қайда жердің? Қазақтың киіз үйі емес бұл, түйеге артып тарта беретін. Бірақ бұл жұмыс та бір бітер. Жаңа қонысқа да жайласар сыздар. Сонда сенген машинаң не дер? — деп Төкен Қабышқа тесірейіп тұрып қалды. Төмен қарап сұлық тыңдап отырған Қабыш өзіне берілген сұраққа жауапты әлден уақытта сұрақпен қайырды:

— Иә, машинаның не сыры бар?

— Машинаға да тамақ керек. Әлден май сұрап тұр. Жүрегім қарайды дейді. Бәріңнің бір жыл жегеніңді ол бір айда жейді.

— Май тасудың өзі нөсер жұмыс десеңші.

— Майдан басқа да таситындарың аз ба?

— Иә, астық тасу бар әлі. Құдай-ау, бұл неғылған көп жұмыс... Сіңбіруге мұрша келмей ме деймін.

— Еңбегің жанса оған да көнерсің. Құм дала жігеріңді құм қылса қайтесің?

— Жоқ, су болса, еңбек зая кетпейді, — деп басын шайқады Қабыш. Төкен ызадан күліп те жіберді, қызарып та кетті:

— Осы жұртқа қайранмын! — деді басын көтеріп алып. — Ексең, күтсең, күлге де бірдеме шығады. Мәселе онда емес. Қанша күш жұмсалып жатыр? Сол күштің құны төлене ме? Төленбесе неге төгесің текке? Қара топырақтың бергенін құм қашан беріп еді?

Қабыш бөгеліп қалды. Кімді ұстары, қалай беттері белгісіз. Бұрын мол астық талапайға түседі деп қорықса, енді астық жоқ, мұрнын ұстап отырған тәрізді. Задында мұның екеуін де елмен бірге көруге шыдайтын, әттең дүние, ауыр жұмыс шыдатар емес. Ойласа жаны түршігеді, жүрегі айниды. Отырып-отырып:

— Әй, Төкен! — деді бір уақытта. — Бұл тарысы құрғыр шықса бір пәле, шықпаса екі пәле екен. Тары жемесем де өлмеспін. Жанға тынышын айтшы.

— Міне, нағыз қазақ! — деп тағы да күлді Төкен. Мұнысы шын күлкі. Көзінен жас шыққанша күлді.

Төкен қазақтың өткенін көп көріп, көңіліне берік тоқыған. Бүгінгісін аз көріп, елемей өте шыққан. Тоқығанының өзін теріс тоқыпты. «Қазақ тек далада мал бағып, жеңілдің .үстімен жүрген ел. Мал өз аяғымен оттайды. Қазекең тегін ет, тегін қымызға семіре береді. Қала тұрмысын, егін кәсібін білмейді. Білдіріп те керегі жоқ. Адайлықтар Ойыл жәрмеңкесіне бір келгенде айналасы атшаптырым қызыл сарайлар қызыл алтынға лық толады. Ойыл малдың астында қалады...» — деп, шетке шыққанда талай серпіген болатын. Мынау келіп қалған машиналы өмір, сол тегін байлықты Төкен аузынан жырып әкетіп, басқа бір арнаға құйғалы жатыр. Төкеннің машинаға қырын қарайтыны да, Қабышты «нағыз қазақ» деуі де осыдан. Ол осы сөзін қайталап:

— Сен нағыз қазақсың! — деді Қабышқа. — Қазақ жер кәсібіне көндікпеген. Ол сорлының қолы мал ғой. Мынау ен даланы сайрандап жүрсе...

Лоблыған Қабышты малға қарай итермелегенде Төкен баяғы заманның қайта келеріне сенген жоқ. Осы заманның өзінен де бірдеме жырып қалмақ еді. Қабыш беттемеді:

— Мал бағу да оңай емес. Басқа бірдеме айт.

— Қазақтың малдан қашқанын көргенім осы.

— Малың егіннен де қиын. Жауында, қара суық боранда басқалар жатса да, малшы жатпайды. Қартайғанда ұшып өлер жайым жоқ.

— Онда кладовщик бол, берсе.

— Ол құрғыр да мазасыз. Ананы бер, мынаны бер деп отырғызбайды.

Таптым! — деді Төкен санын соғып жіберіп. Аң аула.

— Мылтықтың қалай атуын да, іздің қалай жүргенін де білмеймін. Аңшы болып не бітірем?

Қабышқа колхоз ішіндегі қызмет, жұмыстың бірі жақпай отырғанда, Ермағамбет көрінді. Қасында Шәңгерей мен Кәрібай бар. Үшеуі де атты. істеліп жатқан жұмысты аралап келеді. Айғыржаптың бойы лезде бір күйге түсті. Кетпендер шапшаң-шапшаң көтеріліп, әркімнің-ақ танауы желбеңдеп,, маңдайы терши бастады. Төкен мен Қабыш әңгімені тоқтатып, келушілердің алдынан шықты.

— Бригадирдің бірі, Қабыш ақсақал осы кісі, — деді Шәңгерей таныстырып тұрып. Ермағамбет сұрақты табанда қойды:

— Жұмысыңыз не күйде, отағасы?

— Жаман емес.

— Ең алды кім, бұл бригадыда?

Қабыш мүдіріп қалып еді, тағы сұрады:

— Ең арты кім?

— Бәрі қарайлас қой, — дей салды Қабыш. Алдын да, артын да аңдамаған екен сорлы. Сұрақ көбейе берді:

— Озуда қарайлас па, қалуда қарайлас па? Екі ұшты ғой сөзіңіз.

— Әзірге озып шыққаны да, кейін қалғаны да көрінбейді. Қаз-қатар келеді. Тұяқты тұяқ жібере ме?

— Сондай-ақ парлап салғансыз ба? — деп күліп қойды Ермағамбет. — Араларында социалистік жарыс бар ма? Мына бригадалардікіндей ту сізде неге жоқ?

Қабыш үндемей, төмен қарап сипақтай берді. Басқа бір жай адам болса сөйлесіп көретін еді. Қорғалап, сескеніп тұр. Өтірік айтса күмәні қазір ашылады. Шынын айтса өзін-өзі ұстап береді. «Үндемеген үйдей пәледен құтылған» деп тұр Қабыш. Бірақ Ермағамбет онымен құтқарар емес, көзігіп алыпты:

— Кездескен кедергілерді айтыңыз. Оны қалай жойып жатырсыз?

Жұмыс жайын білмегені былай тұрсын, білгісі келмеген адам нені айтсын. Қабыш" тағы да айта алмады.

— «Кедергі» деген осы кісінің өзі болмасын, — деді де Ермағамбет жүріп кетті. Олардың соңын ала Төкен мен Қабыш та келеді. Өзара күңкілдеп сөйлесіп келеді:

— Райком қырын келді-ау саған.

— Өзіңмен қалай еді? — дейді Қабыш. Төкен желкесін қасыды.

Жұмысты аралап барады. Барған сайын Қабышқа сұрау қоюлап барады. Айғыржаптың ең шетіне шыққанда, Қабышты қалдырды да, өзгесі тұра шапты.

— Өрт! Өрт!.. — деп шауып барады.

Машинаның түбінен бұрқ еткен қою түтін тымық күнде тік көтеріліп, будақтап жатыр. Жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды...

Шығанақ бұл кезде атпен жүретін жерге жаяу жетіп, Ойылдың дәл жарлауыт жиегінде отырған. Қасында машинист көмекшісі Сембі бар. Екеуінің ортасында бір қазан. Қазанда топырақ пен су.

— Иә сәт! — деді Шығанақ, қазан астына от қойып жатып. Шытырлап тұрған қурай лап етті. Қара түтін бұрқ етті. Дүрсіл, дабыр естілді. Сонша болмады машина қорасының тасасынан шыға келген аттылар, көздері адырайып, желбезектері желпілдеп, ағызып өте шықты. Жолындағы қазанды да, Шығанақты да басып кете жаздады. Қайта оралғанда:

— О, не болды! Не болды! — деді, шошып қалған Шығанақ.

— Бәсе, не болды?! — деді Ермағамбет.

Бірін-бірі жаңа танып, жаңа түсіністі.

— Жоқ жерде елді дүрліктірдіңіз ғой. Не асып жатырсыз?

— Ауға біраз балық оралған екен. Соны асып жатырмыз.

Сембі жымыңдап Шығанақтың өтірігін шығарғалы тұр. Теріс айналып, жымың-жымың етеді, түртіп қалса, жарылып кететін. Ешқайсысы ежіктемеді бірақ, Шығанақ көзін бір қысып қойды. Қазанның астына мол қылып тезек қалай бастағанда:

— Әдейі келген соң. отағасының балығын жеп аттанатын шығармыз, — деп Ермағамбет аттан түсті. Сембі қысылса да оған Шығанақ қысылмады:

— Бұйырса жерсіздер.

Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті.

Машинаның тыныстап тұрған кезі. Машинист Федор бос болған соң Ойылға кеткен. Ол барда жақ ашпайтын Сембі қазір жақ жаппайды.

— Мынау, головка, — деп шойын бөрікті төбесінен түртті. — Осыны отпен қыздырамыз. Жез түтікпен келіп май

тамғанда, головка газға толып, газ цилиндрдің ішіндегі поршеньды кейін итереді. Кейін серпкен поршеньды, коленчатый валдың басындағы мына дөңгелек өз салмағымен Қайта серпеді. Газ оған серпіді...

— Мылтықтың қалай атуын да, іздің қалай жүргенін де білмеймін. Аңшы болып не бітірем?

Қабышқа колхоз ішіндегі қызмет, жұмыстық бірі жақпай отырғанда, Ермағамбет көрінді. Қасында Шәңгерей мен Кәрібай бар. Үшеуі де атты. істеліп жатқан жұмысты аралап келеді. Айғыржаптың бойы лезде бір күйге түсті. Кетпендер шапшаң-шапшаң көтеріліп, әркімнің-ақ танауы желбеңдеп, маңдайы терши бастады. Төкен мен Қабыш әңгімені тоқтатып, келушілердің алдынан шықты.

— Бригадирдің бірі, Қабыш ақсақал осы кісі, — деді Шәңгерей таныстырып тұрып. Ермағамбет сұрақты табанда қойды:

— Жұмысыңыз не күйде, отағасы?

— Жаман емес.

— Ең алды кім, бұл бригадыда?

Қабыш мүдіріп қалып еді, тағы сұрады:

— Ең арты кім?

— Бәрі қарайлас қой, — дей салды Қабыш. Алдын да, артын да аңдамаған екен сорлы. Сұрақ көбейе берді:

— Озуда қарайлас па, қалуда қарайлас па? Екі ұшты ғой сөзіңіз.

— Әзірге озып шыққаны да, кейін қалғаны да көрінбейді. Қаз-қатар келеді. Тұяқты тұяқ жібере ме?

— Сондай-ақ парлап салғансыз ба? — деп күліп қойды Ермағамбет. — Араларында социалистік жарыс бар ма? Мына бригадалардікіндей ту сізде неге жоқ?

Қабыш үндемей, төмен қарап сипақтай берді. Басқа бір жай адам болса сөйлесіп көретін еді. Қорғалап, сескеніп тұр. Өтірік айтса күмәні қазір ашылады. Шынын айтса өзін-өзі ұстап береді. «Үндемеген үйдей пәледен құтылған» деп тұр Қабыш. Бірақ Ермағамбет онымен құтқарар емес, көзігіп алыпты:

— Кездескен кедергілерді айтыңыз. Оны қалай жойып жатырсыз?

Жұмыс жайын білмегені былай тұрсын, білгісі келмеген адам нені айтсын. Қабыш" тағы да айта алмады.

— «Кедергі» деген осы кісінің өзі болмасын, — деді де Ермағамбет жүріп кетті. Олардың соңын ала Төкен мен Қабыш та келеді. Өзара күңкілдеп сөйлесіп келеді:

— Райком қырын келді-ау саған.

— Өзіңмен қалай еді? — дейді Қабыш. Төкен желкесін қасыды.

Жұмысты аралап барады. Барған сайын Қабышқа сұрау қоюлап барады. Айғыржаптың ең шетіне шыққанда, Қабышты қалдырды да, өзгесі тұра шапты.

— Өрт! Өрт!.. — деп шауып барады.

Машинаның түбінен бұрқ еткен қою түтін тымық күнде тік көтеріліп, будақтап жатыр. Жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды...

Шығанақ бұл кезде атпен жүретін жерге жаяу жетіп, Ойылдың дәл жарлауыт жиегінде отырған. Қасында машинист көмекшісі Сембі бар. Екеуінің ортасында бір қазан. Қазанда топырақ пен су.

— Иә сәт! — деді Шығанақ, қазан астына от қойып жатып. Шытырлап тұрған қурай лап етті. Қара түтін бұрқ етті. Дүрсіл, дабыр естілді. Сонша болмады машина қорасының тасасынан шыга келген аттылар, көздері адырайып, желбезектері желпілдеп, ағызып өте шықты. Жолындағы қазанды да, Шығанақты да басып кете жаздады. Қайта оралғанда:

— О, не болды! Не болды! — деді, шошып қалған Шығанақ.

— Бәсе, не болды?! — деді Ермағамбет.

Бірін-бірі жаңа танып, жаңа түсіністі.

— Жоқ жерде елді дүрліктірдіңіз ғой. Не асып жатырсыз?

— Ауға біраз балық оралған екен. Соны асып жатырмыз.

Сембі жымыңдап Шығанақтың өтірігін шығарғалы тұр. Теріс айналып, жымың-жымың етеді, түртіп қалса, жарылып кететін. Ешқайсысы ежіктемеді бірақ, Шығанақ көзін бір қысып қойды. Қазанның астына мол қылып тезек қалай бастағанда:

— Әдейі келген соң. отағасының балығын жеп аттанатын шығармыз, — деп Ермағамбет аттан түсті. Сембі қысылса да оған Шығанақ қысылмады:

— Бұйырса жерсіздер.

Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті.

Машинаның тыныстап тұрған кезі. Машинист Федор бос болған соң Ойылға кеткен. Ол барда жақ ашпайтын Сембі қазір жақ жаппайды.

— Мынау, головка, — деп шойын бөрікті төбесінен түртті. — Осыны отпен қыздырамыз. Жез түтікпен келіп май тамғанда, головка газға толып, газ цилиндрдің ішіндегі поршеньды кейін итереді. Кейін серпкен поршеньды, коленчатый валдың басындағы мына дөңгелек өз салмағымен Қайта серпеді. Газ оған серпеді...

Сембі машинаның әр тетігін бір түртіп, әр винтін бір ұстап жүріп қолын майлады. Қолымен бетін майлады. Оны су жұққан құрлы көрген жоқ. Қара тұмсығын көкитіп қойып, соғып тұр. Өзіне бір дес тиген күн. Өзінен білгіш те, өзінен қуанышты да жоқ бұл жерде. Балалығы арылып болмаған жас жігітке еріп Шығанақ та жайнаңдап тұр. Өзгелердің көзі машинада болса, оның көзі Сембіде. Көңілі толып, рақаттанып тұр.

— Осы бала өзі жүргізе бастады енді! Білмеймін, Шодырдың үйретуі күшті ме, өзі болғалы тұрған бала ма, дегенде:

— Онша қиын машина емес қой, — деп Төкен бүлк етті.

— Біресе қиын дейсің, біресе оңай дейсің. Құдай сені алса алжытпай алса екен, — деді Шығанақ.

— Сорыңа қарай алатын емес, қайтесің.

— Ол да керегін алады.

— Екі шал қажасуға кетті, — деп Ермағамбет араласты әңгімеге. — Екеуің қашан жеңісер екенсің. Жеңісші.

— Есі болса Төкеннің тоқталар кезі жетті, — деді Шығанақ. Ойнаса да екеуі ойындағысын айтып жатыр. — Сақал, шашы ағарған шақта талай өтірігі ұсталды, сонда да шылп етпейді антұрған.

— Не өтірігімді ұстадың?

— Жұрт көрмей тұрғанда, осы қойдан қоңыр машинаны айдаһар деген жоқпысың?

— Рас. Тілін білмегенге сондай тағы еді.

— Біздің Селбі ерттеп мініп алды. Енді не айтасың?

— Мінсін. Ал, сонда не бітірді?

— Аял бер кішкене. Алдағы егісте көресің.

— Көрерміз, оған дейін машинаң көтерем болмаса.

— Күмәнің сол ғана ма?

— Өзгесін сен мойындаймысың? Тарыдан тау жасағалы, құм жерге қарыс сүйем қыртыс бітіргелі жатырсың, — деп, Төкен қарқ-қарқ күлді.

Сембі далаға шығып келіп, Шығанақтың құлағына сыбырлады. Өңінде қуаныш белгісі бар, тығылып, демігіп сөзін азар айтты. Шығанақ үндемей шығып кетіп, қайта енді де:

— Жүр ендеше! — деді Төкенге. — Күмәніңді көкке ұшырайын!

Төкен де, басқалары да түсінбей тысқа шықты.

Қара қазан бырқ-бырқ қайнап жатыр. Қасына келіп отырғанда бәрі балық жейміз деп отырды. Шығанақ қақпақты ашып қойып: — Балығымыз май боп кетіпті, көріңіздер! — деді.

Қонақтар:

— Семіз балық, солай болады! — деп көре бастады да, тақ дана қалды.

— Не май өзі!

— Кәдімгі мұнай емес пе?!

— Ойбай, түбі топырақ қалпымен.

— Тамағымызды пісірдіңіз-ау, отағасы! — деп, балық жегісі келген Ермағамбет басын шайқап күлді. — Мұны неге қайнатып жатырсыз?

— Тамағың іспес, шырағым, — деді Шығанақ. Көз ұшында жусан басқан көк белге қарап, қолымен нұсқады. — Анау белдің үстіндегі жалғыз тамның ар жағы жалаңаш ащы. Құдай осы ащыны да тегін жаратпаған шығар деп, әрі-бері өткенде абайлап қарайтын едім. Топырағы иленіп, қолға жұқса кетпейді. іркілген ащы судың бетіне қаймақшып май тұрып қалады. Ә-ә, сенде бірдеме бар екен деп, ішке түйген едім. Енді мені «дуана» демес ел. Сол жердің топырағы мына қайнап жатқан. Сол топырақтың майы мына кілкіген. Тек шұқысаң мұнайдың көзі ашылғалы тұр. Шұқи бер де, іше бер, Төкен. Жыланың болса да тоясың. Ал енді, біздің үйге жүріңдер. Мұнай табылды. Үлкен жұмыс жасалып жатыр Оның үстіне Ермағамбеттің тамағы іспесін. Бір қоңыр тұсақ бар еді, сояйық та тояйық.

— Әуелі жұмыс басына баралық. Жұмыс жайын кеңеселіҚ — деді Ермағамбет.

Дуылдасып, қалжыңдасып, қағысып бәрі атқа мінді.

V

Күн қарыған даланың тыныштыққа кеткен кезі. Жер бет'інде көк буалдыр, жалтыр аспанда жарық ай, тапжылмай тұрған сияқты. Көк Ойылда тыным жоқ. Сылдыр еткен шолпының, шөп еткен еріннің дыбысындай су сылдыры, балық ойыны естіледі. «Мен ояу» деп күркілдеп бақа жатыр бір жақта. Басқа сыбыстың бәрі басылған. Маужыраған түн басып, бүкіл әлем алып ұйқыда...

Күні бойы жермен алысқан жұрт жусап қалыпты. Көп таласы қызыл ту, өзен жағасында, Жанбота бригадасының тұсында тұр. Жанбота ұйықтаған жоқ. Шешінбей жантайған күйінде, қалқа астында көзі жаудырап жатыр.

Амантай да ояу. Әудем жерде, өз қалқасының астында, көзін Жанбота жақтан алмайды. Қанша тырбанса да Жанбота бүгін оздырмады. Еркек басымен әйелден қалу бір қорлық болса, Жанботадан қалу екі қорлық сияқты. Екеуі де өр мінез, өткір тілді жас, бір қазанға сыя алмай жас күнінен егес. Сол егес келе-келе шынға айналып барады. Амантай көп қырындап, аламын деп талаптанған қызы Жанботаның сөзімен басқа жігітке тиіп кетті. Дөң басында тұрып, еркектерді, әсіресе Амантайды өлеңмен мазақтаған Айсұлу — сол қыз болатын. Онымен қоймай Жанбота туды тағы алды. Ту тұрған жақтың көңілі шат, мерейі үстем. Сөйлесе кетсе жұрт соларды қостайды. Амантайға қыздан айрылғаннан көрі, тудан айрылғаны батты.

Басқа біреуі алса дәл мұндай батпайтындай. Жанботадан ту кетсе теңдесетіндей ұйықтай алмай жатып-жатып, бір уақытта басын көтерді.

Бұл кезде Жанбота да орнынан тұрып, бойы ауырлаған соң өзенге қарай аяңдады. Күнде осы уақытта өзенге келіп бір шомылып кететін. Күндіз түсуге Амантайдан қорқып, суға түнде түсу әдетке айналыпты. Ат тұяғы батпайтын шиыр құмда, арна ішінде, өзен ағысына қарап көп тұрды. Желсіз түн, жарық ай, мөлдір су оңаша шыққан жастың есіне ұмыт болып бара жатқан бір нәрсені әкеліп салды...

Бұдан екі жыл бұрын осы өзеннің жағасында, жарық айдың астында, жанына балап алғаш сүйген жігіті елестеді. Сол шақтың минуты дүниенің бар қызығына тұрарлық, сол жігіттің бір сөзі жанға дауа боларлықтай еді.

— Сенсіз дүние арам, — дейтін ол.

— Сенсіз күнім қараң, — дейтін Жанбота.

Жігіт аз уақыт ойнап-күліп жүріп, бір күні қош деместен тайып тұрды. Содан бері еркек атаулыға Жанботаның көңілі суыған. Махаббат шырағы өшіп қалғандай, еркекке еркекше, әйелге әйелше ғана қарайтын. Өмірімде ерге шықпаспын, ерден тағы кем де болмаспын деген ой бекіген еді. Қазір сол ой қайта лоблыды. Өзен жағасы өткенді есіне салып, бойды бір қыздырып, бір суытып, мазаны кетіре бастады...

Амантай Жанботаның қайтуын күтіп отырып қалды. Ел жатқанда оңаша шыққан қыз түгіл, оң жақтағы қызға тыныштық бермейтін Амантай тым сабырлы отыр. Ақылға салып, артынан баруға лоблыса да, талай рет қайтқан көңіл беттемеді. «Мені сүймесе де бір сүйгені болу керек. Онысы қайда? Неге ешкім білмейді? Осы қыздың жаратылысында бір кемшілік жоқ па? Әлде мысықша ырылдасып табысатын антұрған ба...» — деген ойларға да кетеді.

Әйелге жанасудың талай айласы істелсе де «мысық мінез» әйелге істелетін айла істелмеген екен. Амантай бұғып, өзенге қарай жөнелді. Құдды тышқан аңдыған мысық. Еппен еңбектеп келіп, өзеннің жарлауыт ернеуінен баспалап қарады да жатты. Сойыл сілтем жерде жатыр. Жанботаның бap сипаты, бар қимылы кез алдында. Ол мелшиіп тұрып-тұрып шешіне бастады. Жарық айда ақ дене жарық етіп су жағасына жетіп барғанда «енді кішкене кідірсе» деп еді Амантай. Жанбота суға төніп біраз тұрды. Суға түскен өз суретіне қарап тұр. Амантай оның өзін көріп жатып:

— Құрғыр, сымбатты-ақ екен ғой, — деді ішінен.

Шынында да Жанбота ете сымбатты. Үлбіреген, ілмиген нәзік емес. Дүрдиген қалың емес, кеуделі, жіңішке белді, орта бойлы, тіп-тік. Бет ажары айтарлық сұлу болмағанмен, бар сұлулық, бар мінез көзіне біткен. Қарақаттай қара, жалтыраған ала, дариядай көк те емес. Мөлдіреген ботакөз де емес. Кәдімгі қазақтың қоңыр көзі. Бірақ жанарында, кірпігінде өзгеше бір қуат бар. Жаратпай қараса — жүрегіңе шоқтай басылады, найзадай қадалады. Жақсы қараса — көңілге жаққан шамшырақ.

Амантай осы екі қарастың екеуін де көрген. Жақсы дерін де, жаман дерін де білмейді. «Мысық мінезді» болар ма деп ақырғы күдігін ашқалы жатыр. Егер солай боп шықса, таң атқанша қууға жалығар емес, бетін тырнап тастаса да қайтар емес.

Жанбота таранып, қаралып тұрып-тұрып, суға қойып кетті. Амантай атып түсіп, бар киімін сыпырып алды.

— Ой әдепсіз! — деді Жанбота көре салып.

— Сен әдепсіз! — деп Амантай киімді астына басып алып:

— Мен неге әдепсіз?

— Е, менің көзімше неге жалаңаштанасың?

— Қашан сенің көзіңше? Жаңа келдің ғой жалақтап.

— Жоқ, мен манадан бері көріп жатқанмын.

— Көзің тойса киімді бер.

— Көңілім әлі тойған жоқ. Шық бері!

— Сен көрген етімді шабақ жесе болмай ма?

— Ендеше, отыр солай, — деді де, Амантай киімді қолтықтап жүре берді.

— Тоқта, тоқта! — деді Жанбота шыдай алмай. Амантай қайта оралды.

— Не айтасың?

— Сен қазақтың ескі салтын істедің. Лайық па осы бойыңа?

— Өзгесін білмеймін, қазақтың осынысы ұнайды маған.

— Мәдениеттен безіп пе ең?

— Малталап езер уақытым жоқ. Мәдениетің сол болса сорлыға берсін. Мен балталап, домбайлап-ақ келтіре берем.

— Махаббат нәзік нәрсе, домбайыңа көне бере ме?

— Жоқ. Махаббат берік нәрсе, балталасаң да сынбайды. Кейбіреулер өңдеймін деп мойнын қылдай, сирағын шидей қылады да, сынып кетсе ойбай сап отыра қалады. Менің махаббатым дөкірлеу болар, бірақ сынуға жоқ. Өмірге кетеді.

— Әй, тентеҚ рас па осы сөзің? — деді Жанбота. Айға шағылысып көзінен от жарқ етті. Айнымас жар тапқандай, алданған жүрек жұбанғандай шырайы ене қалып еді. Амантай:

— Мен бір сөзді қазақ. Мынау ай куә, арыма сен! — дегенде Жанботаның лепірген көңілі қайта басылды.

— Айыңа да, арыңа да сенбеймін! — деп қабағын түйіп алды. Осы айдың көзінше, осы өзеннің, бойында, дәл осындай армен алдаған сүйгені есіне тағы түсті. Амантай оны білмейді. Антқа балап айтқан сөзі өтпеген соң, дағдарып отырып сұрақ қойды:

— Сертіме сенбедің, сенерің бар ма, сірә?

— Алғашқы сөзіңе сеніп қалып едім, кейінгі сөзіңе сезіктеніп қалдым. Көзім жеткенде ғана сенемін.

— Көзің қайтсе жетеді?

— Бәсе, қайтсе жетеді? — Тап өзін,.

Амантай табамын деп көп ойланды. Таппады.

— Кеудемді жарып, жүрегімді қолыңа бермесем, басқаға сенбейсің. Енді қайтем?

— Онда да сенбеген болар едім. КЫЗУ үстінде жанқиярлар толып жатыр.

Үн-түн жоқ киімді құшақтап Амантай орнынан тұрды.

— Қайда апарасың? Тастап кет! — деді Жанбота қатуланып.

— Сендей кесірге сөз өте ме, — деді де жүре берді.

Үш рет шақырғанда ғана қайта барды.

— Немене?

— Өтірігің осы арада ұсталған жоқ па? Әділмін дейсің, тең көрем дейсің, айнымас жар болам дейсің, зорлығың не?

— Басқа амал біткенде зорлық қана қалады.

— Ендеше мен сол зорлық біткенде ғана сенем. Әуелі киімімді бер. Сонсоң дұрыс сөйлесейік.

Амантай жауап қайырмастан тұрып-тұрып киімді тастай берді.

— Әрі қара! Көзің тесіп барады ғой.

Амантайды теріс қаратып қойып, судан шықты да киініп алды Жанбота. Киініп болған соң, дыбыс бермей, күліп тұрды. «Есті тентексің-ау» деп тұрған сияқты. Өңінде өзгеше бір жылылық бар.

— Болдың ба? — деді Амантай көбірек тұрып қалған соң.

Жанбота:

— Жоқ, — деді де құлаған жардың арасына барып тығылды. Тағы да біраз уақыт өтті.

— Енді қашан, енді қашан? — деп тұрып жауап қатпаған соң артына ақырын ғана қайрылды да:

— Алда албасты-ай, алдап соқты-ау! — деп қосқа қарай жүгіргенде Жанбота орнынан атып тұрды.

— Тоқта! Еркек күшті болса, әйел айлалы. Оны да ойла. Кел енді шын сөйлесейік.

— Әй, өзің тоқ етерін бір-ақ айтшы!

— Ендеше, сен маған бір тілек қойдың, мен саған үш тілек қоям.

— Он үш неге қоймайсың?!

— Өзің істегеніңді маған істеме демейсің. Бұл бірінші тілек.

— Басқамен жүрме дегенің ғой.

— Дәл таптың.

— Айта бер!

— Екінші тілегім — екеуміз де өткен үшін кек сақтамайық.

— Мұның да болады.

— Үшінші — мені өзіңмен тең санағанда ғана қосылам.

— Тең түгіл, төбеме шығарайын, — деп, Амантай тік көтеріп алды.

— Болмайды, жолдас! Теңдік деген терең сөз, бойлау керек. Әлі бетінде жүрсің.

— Жаным дедім, күнім дедім... Бар тілегіңді қабылдап арыммен серт еттім. Әлі бойламасам, — түпсіз тұңғиық болды ғой ол құрғыр, — деді Амантай. Жабыңқы пішінмен отыра кетті. Жанбота отырмастан тіл қатпай, телміре қарап Қалды. Ай бесіндікке барды. Үркер төбеге келді. Түннің көбі өтсе де ұйқы, тынығу, ертеңгі жұмыс екеуінің ойында жоқ. Махаббат қызуы бір көтеріліп, бір басылып, өзінен өзгенің бәрін ұмыт қалдырған.

Амантай енді-енді ғана ертеңгі күнді есіне алып, «мысық мінезді» деген ойдан арыла бастағанда, Жанбота қасына келіп, жақындай отырды. Өңі де, мінезі де өзгерген тәрізді еді, сөзі де солай шықты.

— Амантай, — деді салмақпен, — екеуміз бала күннен бірге өссек те, ойымыз жеке өсіпті. Біз қосылғанмен ой қосылмаса, біздің қосылғанымыздан не шығады? Ой қосылса, біздің, қосылмауымыз неге тұрады? Осы арасын жете ойлайық. Сені қыздырған жастық жалыны мені де шарпымай қойған жоқ. Жалын басылады, шоқ қалады. Сол шоқ көмірдікі ме, қидікі ме, әлде жалынмен бірге сөнетін шептікі ме, әзір білмеймін. Бірақ білдіретін бір нәрсе бар. Ол — теңдік. Тең түссек қана кемір шоғы көңілде жайнамақ. Мен саған тең емеспін; көп жерде кіріптармын. Кіріптар боп отырып қанша әділ болсаң да, теңсің десең де нанбаймын. Шын әділдік — теңдікте. Шын теңдік еңбекте екеніне көзім жетті. Осы Шығанақ күні кеше елеусіздің бірі емес пе еді, бүгін кім боп барады? ісімен, еңбегімен теңеліп отырған жоқ па? Рас, теңдік заңы совет орнағаннан бері бар. Бірақ ол тек тұйықтан шығаратын жол ғана. Сол жолмен мүддеге жүріп жету өз міндетің. Мен әлі жеткенім жоқ. Еңбеккүніміз теңелген уақытта теңмін деп санаймын өзімді. Сонда сертсіз де сөзіңе сенемін.

Амантай Жанботаны жаңа ұқты. Бұған дейін басына келмеген бір ой қорқыныш пен қуанышты қосақтап әкеліп, «таңда» — деп тұрған сияқты. «Жанботадай жар — жан саясы. Ол кем болса да, тең болса да көнерсің. Егер артылып кетсе?..» деп шешуін таппай көп отырды. Бәріне көнсе де дәл осыған көне алмады. Әлден уақытта:

— Мен сені жанымдай жақсы көрем. Бірақ әйелге кіріптар болғанша абақтыңның өзі артық! — деді.

Жанбота күліп жіберді:

— Маған да солай. Кіріптарлық кімге ұнайды.

— Ендеше еңбеккүн санауға мен де тұрдым. Әкел қолыңды!

Екеуі қол ұстасып, серт байласып тұрып, арт жақтан келіп қалған аттыны байқаған жоқ. Атты да ойпатта, шыралжын арасындағы екі жасты байқамады. Ат үркіп жалт еткенде үшеуі үш жаққа кетті.

— Ойбай, Шықаң! — деді Жанбота кетіп бара жатып. дәл тапты. Қатты ұялды. Қонақтарды жатқызып тастап, жұмыс басындағы бригаданы бір шолып қайтуға келген Шығанақ еді. Атының басын бұра сала Жанботаға жетіп барды.

— Бұл қайсың?

— Мен ғой...

Одан әрі сұраған да, бөгелген де жоқ. Амантайды сыртынан танып, Шығанақ жүре берді. Былай шыға:

— Шіркін жастық!.. — деп бір күрсінді. — Көктем өтті. Жаз бітті. Күзбенен тең біз енді.

VI

Күн артынан күндер өте берді. Күн қызуы бәсеңдеп, түн салқын тартты. Көп таласы қызыл ту қолдан қолға көшіп, Амантай бригадасына келгенде жұмыс та бітті. Бірақ, егес біткен жоқ. Жанбота туды екі алды. Амантай да екі алды. Үшіншіде қайсысы алары белгісіз еді. Жанбота «жер жақын болды» деп өкінеді. Амантай «қарақшыға бұрын келдім» деп есіреді. Бір «Құрманның» адамдары екіге жарылып, Ойыл жағасында үлкен керіс болып жатыр.

Қара қазан үш жерден құрылған. Қарақұрықтың ішінен қою түтін ауыр көтеріліп, тік ұшты. Олжабек сол түтіннің дәл түбінде, көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр. Таласқа енген жоқ. Бір өзі үш кісінің жұмысын істеген соң, бәйгені талассыз алатындығына сенімді. Тек екі қызыл қашардың әне біреу шанқан қызылы тисе, қашып кеткен сияқты, бес-алты айда бұзаулы сиыр болып шыға келер еді дейді ішінен. Сонда оны кім сауады? Кімді асыраймын? — деген сұрақты өзіне-өзі беріп, жауап таппай дағдарса да мал қызығынан көңілі қайтар емес.

Жанботаның:

— Қарақшыға талас келдік. Бәйгені бөліп аламыз, — дегенін естігенде, жер ошақ басында отырып:

— Қой шырағым! — деп бір күж етті. Жанбота қойғаны сол, өршелене түсті:

— Бәйге бригадаға беріледі. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. Жұмыс көптің күшімен бітті...

Олжабек таласқан жоқ. Шапшаңырақ қимылдап, той сойысын жайғады да, қолының қанын жумастан комиссияға жөнелді. Түрінген жеңін түсірмей, пышағын қолынан тастамай, қарыштай басып барады. Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан. Тұлғасына, жүрісіне қараған кісі қапелімде сескенерлік еді. Салып ұрып комиссияға жетіп келгенде:

— Не болды?! — деді Шығанақ. Олжабек жауап қайырмастан жеңінен жетелеп оңаша алып шықты.

— Анау сойқан қыз тағы да бір сойқан шығарды. Бәйге бригадаға беріледі, бөліп аламыз деп жатыр. Олай болса мен бұл бәйгеден бір суыртпақ та алмаймын. Сол қызға-ақ беріңдер.

— Бұл қызға өкпелегенің бе, бізге өкпелегенің бе?

— Жоқ, соның сөзіне шыдай алмай келдім. Әділін неге айтпайды қазақ.

— Жұрттың бәрі әділ болса, әділдіктің кәдірі бола ма?

— Е, жауыз болса жан қоя ма?

— Екеуінсіз өмір жоқ. Қайтесің.

— Басым кетсе де қиянатқа шыдамаймын. Азар болса кірме дейтін шығар. Бетіңді білдір.

— Бетім — өзін, көрген біреу-ақ, — деді Шығанақ, — шіркін, қыз шымшығанға осынша қызарғаның не? Бара бер, кесір болмаса бас бәйге сенікі.

Олжабек сабасына түсіп кейін қайтты. Шығанақ комиссияға келіп қайта қосылды.

Шәңгерей басын орамалмен таңып алған, өзгеден оқшау тұр. Бұрын да аз сөзді адам еді, бүгін мүлде сөзден қалыпты. Кәрібай қасына келгенде, тура қарамай қырындай берді.

— Басың қалай? — деді Кәрібай, қырындаса да қоймастан.

— Бір қалпы.

— Шай ішпегендікі болар.

— Жалаң шай емес, — деп Шәңгерей аржағын айтпастан түйілді.

— Ендеше үйге барып жатсаңшы. Басқарма мүшелері бармыз ғой, басқарармыз мұнда.

— Жатпаймын. Басқардыңдар келістіріп!

Шәңгерей жыбырлап, мүлде теріс айналып кетті. Кәрібай жымиып күлді де, ол тұрақтаған кезде қарсы алдынан келіп тұрды.

— Өкпең болса ашып неге айтпайсың?

— Өкпем жоқ. Колхоз қамқоры жалғыз мен бе? Не қылсаңдар, о қылыңдар. Маған десең тағы біреуін сой.

— Мұныңды мана неге айтпадың?

— Айтқыздыңдар ма, бәрің бір ауыз болып. Не райком ғой демейді.

— Онда біздікі дұрыс шығар. Әйтпесе ол кісі бірдеме дер еді ғой.

— Білем. Ет жеуге бірің қарсы емессің. Ал, жоспар орындалмаса, алдымен Шәңгерей жауапты.

— Аңдамай айтып тұрсың, — деді Кәрібай, салқын қанмен бойын кең ұстап. — Колхозда жоспар көп. Бірісіз бірінің күні жоқ. Үш тайыншамен осынша жұмыс біте берсе, колхоздың суы сүтке айналар.

— Алғашқы екеуін қойшы. Дәл жұмыс біткен күні мына көк өгізшенің сойылуы естен кетпес, Тіпті елдің есінде жоқ еді, бәрін бүлдірген сен.

— Түбі көк өгізшеден көңіл қымбат. Көңілді алсаң бәрін аласың, — деді де Кәрібай жылыстап жүре берді. Ол кеткен соң үндемей тұрып-тұрып Шәңгерей шарт сынды:

— «Көңіл-көңіл» деп қоймайды, көні жарымаған қу өңкей.

Айтарын айтса да естіп қалды ма дегендей артына жалт қарады. Арттағылар естіген жоқ. Шәңгерей өзімен-өзі болып тұрғанда әрірек жылжып машинаға барған.

Жер жұмысы басталысымен қолға алған Федор мен Сембі машинаны орнатып болыпты. Көп жабылған үлкен жұмыстың бір күдігі қазір ашылмақ. Дөңді қашап, ішін шарбақтап тоқып, шегендеп, қолдан жасаған терең сай Ойылды өзіне бұрып алып, суға лық толы. Сол су қырға шыға ма, шықпай ма, — көз әзір жетпейді. Инженер басқарған жұмыс емес. Шығанақтың долбарына Төкен әуел баста қарсы болып тілхат алған. Су қырға шықпай қалса науыт болған осынша еңбек Шәңгерей мен Шығанақты тыныш қалдырмайды. Жаңа сайдың жиегінен, айғыржаптың дәл басынан орнаған машина, сайдың суын жоғары көтеріп, айғыржаптың арнасына құйып жіберсе, жұрттың көңілі осы судай тасып кетпек.

Шығанақ бәрін ойлады. Қауіп — құзға, шаттық — шыңға тартса да, темірқазықтай тәуекел тырып еткізбеді оны.

Тәуекел дариясына салдым кеме, Кемесіз ол дариядан өтем деме, Жүйткіген көк дөнендей көңіл жүйріҚ Өрге сап, төске шаппай жеткізе ме? — деп ыңылдап сол кемеде бара жатқандай ой билеп толқып өзімен-өзі болып кетеді кейде. Не «көк дөненге» мініп жүйткіп келе жатқандай сөзіне, жүрісіне өзгеше бір екпін пайда болады. Бұл мінезге бойламаған адам: Шығанақ «ауысты», «Дуана» деп жүр. Егер Шығанақ тынымсыз ойды тынымсыз Қимылмен таратпаса, ол қимыл бірде болмаса, бірде мүддеге жеткізбесе шын ауысқан болар еді. Машинистер машинаны жүргізгенше Кәрібайдың қасына үш рет келді. Үшеуінде де айтқаны бір сөз:

— Бұдан құласа — Шығанақ жуырда оңалмас. Бұдан өтсе — Шығанақ жанға шалдырмас.

Кәрібай тек жұбата берді. Шығанақ жұбанған да, Қайғырған да қалпын білдірген жоқ. «Бір тәуекелді» айта берді.

Машина бір кезде күркілдей жөнелді. Жұрт лап қойды. Барлық көз айғыржаппен жалғасқан жуан трубаның аузына қадалды. Су жеткенше, ой жетіп «Енді қашан, енді қашан...» — деп анталап тұр.

Труба дір етті де лақ етті. Түйе шығырдың 40 шелегін бір лақ еткенде-ақ төгіп жібергендей еді. Айғыржаптан бұрын аптыққан көңіл толды. Сарқыраған сумен қосыла дауылдаған көп бірін-бірі трубаның ауызына итермелеп, арыққа лақтыра бастады. Мәз-мейрам... Тек Төкен ғана қалпын бұзған жоқ. Бастығы райком секретары Ермағамбет болып лай суға бір-бір аунап шықты.

— Су қожасы құрғақ тұр, — деп көпшілік Төкенге шүйілді. Төкен суға малтып жатқанда, Олжабек келіп Шығанақты артынан құшақтай алды.

— Лақтырайын ба осы.

— Лақтыр, — деді Шығанақ. Лақтырғанша бір бұлқынып, қолды жауырыннан салып қалды да, іштен орап тастап кеп жіберді. Олжабек ыңқ етті. Үш кісінің жұмысын істеген өгіз күшті ОлжабеҚ қалай жығылғанын тіпті байқаған жоқ. Аңырып Шығанақтан көз алмады.

— Әдісқой екенсің! — деп басты шайқап тұр.

Шынында әдісқой ғана емес. Штат сайлауы кезінде бірсыпыра елді қамшымен алатын Дүржығұл, Жүсібәлілер Берсенің үш ұлын ала алмай қойған. Қартайса да Шығанақ әлі әлді екен.

— Арқаның аңғалы, қолым тигенде ұшып кеттің, дойыр тисе қайтер едің? — деп қалжыңдайды. Дойыр тисе Олжабек жатып қалатын. Ақтөбе сапарында көрген дәу дойыры есіне түсіп:

— Астапыралда, — деді, жағасын ұстап.

Көпке созылған ойын-күлкі ас пісіп, алқа-қотан отырғанда да басылған жоқ. Комиссия жұмыс қортындысын жариялаймыз, бәйге бөлеміз дегенде ғана жұрт тына бастады.

— Жұмыс бітті! — деді комиссия ағасы Шәңгерей. Сөзін де тез бітірді — Тоқ етерін айтқанда, қашардың бірі Олжабекке, бірі Жанботаға берілетін болды.

— Қалайша Жанботаға?! — деп Амантай жүгініп отырды.

— Е, қойсаңшы, итжығыс түстіңдер. Оның әйелдігі бар емес пе.

— Әйелмін деп жүрген Жанбота жоқ. Мен бұл қаулыға ырза емеспін. Ермағамбет жолдас, Шәңгерей қызға бұрды.

Амантайдың ұсынысын еркектер жағы қостай жөнелді.

— Дұрыс айтады Амантай. Еркекті иығымен соғып жүрген қыз.

— Иә, алса, жеңіп алсын.

— Тіпті болмаса, бөліп алсын. Олжабек те өшігіп қалыпты:

— Бұл арада еркек-әйелдігі есеп емес. Норма есеп! — деді

Қабыш ешқайсысына қосылған жоқ. Ешкімге естіртпей өзіне күбірледі:

— Жалғыз Арғынға бергендері несі!.. Өзімізден ешкімді таппады ма?

Сабыр тұтып отырған Жанбота Айсұлуды серігіне алып шырқап жібергенде бәрі аңырып қалды:

Ауылым екі өзеннің арасында, Отырмыз көк Ойылдың, жағасында: «Жігітті қыз жеңіпті» деген атты, Амантай, ұялсаң да аласың, да.

Айтыспен жеңе алмайсың, Амантайым, Жарыста болды мәлім барлық жайың, Одан да басыңды и, сауға сұра, Беретін қайыршыға наным дайын.

— Ой, бәрекелді!

— Міне, нағыз айтыс!

— Жаның бар ма, Амантай?!.

Көп делебесі қайта қозды. Амантай өлең басталғаннан-ақ бір жігітті бүйірден нұқылап отыр еді, сол жігіт барылдай бастады.

Е-е-е-е-ей,

Жанбота, сенің өзін. не деп отырсың, Қызыл ту біздің, жақта тұрған шақта. Бергіш болсаң, бере бер көрінгенге, Амантай бармайды саған ту сұрап, Уа-а-ай:

Қотыр өлең, жұрттың, қытығына тиіп, күлкіден өліп жатыр. Жанбота:

Сыртын, жетісіп тұрғандай, ішіңді, сорлы, ашасың. Бетке ұстары сен болса, Жасасын Тайым, жасасын, — деді де өлеңін тоқтатты.

— Қап. Бар еңбеккүнімді берсем де, сен қызға бір өлеңші табармын, — деп Амантай жантая кетті.

Ермағамбет комиссия қаулысының ішінде болса да, көптің алғашқы бетін көргенде, өз бетін көрсете алмай ойланып отыр еді. Енді сол көптің өзі комиссияны қостап, Жанбота жаққа шыққан соң, еркін сөйледі:

— Жолдастар, Амантай тайыншадан безді ме деймін. Жанботадан тайынша даулаймын деп, шапанға борышты шықты. Бірақ ол борышты өтеуге мұрсат берелік. Келесі күзден қалдырмасын.

— Иә, ұмытуға ұзақтауы жақсы! — деп күліп жіберді Жанбота.

— Олай емес, — деді Ермағамбет. — Жер жақын болып, екеуіңіз биыл еркін жеңісе алмадыңыз. Сонсоң, алысқа айдап отырмын. Келесі күз жалаң сіздердің емес, бәріміздің, әсіресе «Құрман» колхозының, алдына таудай талап қояды, — деп қалтасынан бір хат алды да Шығанаққа ұсынды.

— Бұл кімнен?

— Үлкен кісіден.

— Үлкен кісіден? — деп қайталап айтып, Шығанақ қызарып кетті. Қуанғаны — ұялғандай; салалы саусақтары қалтырағандай көрінді көпке. Бәрі тым-тырыс, хатқа қадалды.

Оқушы:

«Шығанақ аға!

Сізбен аз сөйлессем де, есімде көп қалыпты. Тағы бір кездесуге құмар едім. Ауылды сағынғаныңыз ба, қалай, машина қолға тиісімен Ойылға бір-ақ тартыпсыз, Уақа емес, жеңгей қуанса болғаны. Машина құтты болсын, құтты болсын айтқанша екі көшіп үлгірген екенсіз. Бұл қазақ ағайынның салты ма, жоқ, қатыгез жердің шарты ма, ол арасын әзір айта алмаймын. Қайсысы болса да заман жарлығына бас июге тура келіп тұр. Биылғы жыл дайындықпен өтті. Алдағы жылға не айтасыз? Басқалар «қатыгез» дегенде, сіз — «береген» деген едіңіз сол жерді. Келесі күз несиеге көнетін емес. Береген жердің берері қанша? Ермағамбетпен ақылдасып, ойланып айтыңыз. Партияға әркім осындай уәде беріп жатыр. Берілген уәдені орындасуға мен дайын. Василий Антонов».

Ермағамбет хатты оқып болысымен:

— Бұл қай Антонов, — деді Амантай.

— Обкомдағы үлкен кісінің өзі, — деп Шығанақ саусақтарын шыртылдата берді. Ой шайқап, көздері ойнақшып кетті. Темір астау арнадан терекке төніп, «түбі қандай» деп тұрған сияқты. Бір түйіліп, бір жадырап отырып, сол тереңге сүңгіп кеткендей сөз шықты аузынан:

Партияға беретін уәде сүйектілеу болу керек. Егілген жердің алдынан жүз, артынан қырық центнер тары алуға мен тұрдым. Асып кетсе айыптамас ешкім.

Көпшілік жақ ашпады. Құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Табақ-табақ ет қазан маңында иіріліп қалды... Әлден уақытта әр жерден күңкілдер шықты. Құлақ айыра алмаса да, салқын лепті жүрек сезді. Егер жаңағы бір жапырақ қағаз болмаса, Шығанақты осы көп долыдай соққалы, не «дуана» деп айдар таққалы тұр.

— Осыны ойланып айттыңыз ба? — деді Ермағамбет. Өзі қатты ойланып отырып.

— Ойланып айттым, — деді Шығанақ. — Оралдың Абдуллині 68 центнер алғанда, біз жүзді қалай алмаймыз?

— 200 де көп емес. Бірақ ондай өнімді жер жүзі әлі көрген жоқ. Ұятты болмаймыз ба?

— Жер жүзін мен аз білемін. Ойылды көп білемін. Көргенімнің бәрі сиқыр болмаса, сөзіме халайық сене бер...

— Олай болса мен де тұрдым. Әкеліңдер етті, — деді Ермағамбет. Етке ме, мықты сертке ме, жабылып қалған көп қабағы қайта көтеріліп сала берді. Тек Шәңгерейдің ғана құрысы жазылып біткен жоқ.

— Осының ақыры тағы да малға соғады, — деп бір күңк етті. Жұрт табаққа бас қойып қабыл-қабыласап жатқанда, оның аузы азар қимылдап, құр сүлдері отыр. Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады. Шығанақ соны сезіп:

— Же, Шәңгерей, же, — деді дауыстап. — Көк өгізше түгіл, жерді көтерген көк өгіз де сойылады кезі келгенде...

Жұрт күліп жатыр. Шәңгерей сонда ғана табаққа бас қойды.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

АЛҒАШҚЫ РЕКОРД

I

Қар ери бастаған. Жер біресе жібиді, біресе қатады. Қарасын әлі кеңи қойған жоқ.

Шығанақ қыс бойы өзімен-өзі болып шықты. Жер өңдеуге керек деп құстың қиын жинады. Үш күннен бері, өзі ғана біледі, басқаның бәрінен жасырады, — бір нәрсемен әуре.

Алдыңғы күні, ел жатып қалғанда, кемпірінің қасынан ұрланып тұрып, далаға шықты. Аспан бұлт, көзге түртсе көргісіз қараңғы. Қора маңын түртпектеп жүріп, тығулы жатқан бір кеспекті сопаң еткізіп суырып алды. Домалатып барады, домалатып барады. Ескі қораның түбіндегі ескі орға әкеліп көмді де, бетін білдірмей тегістеп кетті. Таңертең дәрет сындырған кісі болып дәл сол арада тұрғанда, айнып қалған екен. Өткен түні қайта қопарып, маяның астына апарып тықты. Бүгін маяның, да бір осалдығын тапқан тәрізді. «Ойылға қатқақпен барып қайтамын» деп таң, атпай тұрды да, кеспекті тағы домалатты. Бұл жолы қора маңына жуыған жоқ, тіпті ауылдан безіп барады. Кеспек бұлталақтап, бұрыла қашып қоймаған соң екі ернеуден қолын алмай домалатты. Қабыршақ мұз сылдырласа да, өзі жөтелсе де біреу сезіп қалды ма деп жалтақтайды. Ауылдың жел жағында, екі-үш жүз қадамдай жердегі қалың бейітке жеткенде демін бірақ алды. Шаршап қалған екен, алқынып отыр. Алқынып отырып, ауыл жақтан шыққан бір жөтелді байқаған жоқ. Кеспекті орға көмді де, жолынан қалмай жүріп кетті.

Бағанағы жөтел тегін болмады. Бәрін көріп тұрған сияқты. Шығанақ кетісімен сумаң етіп бір адам жетіп келді. Келісімен кеспекті суырып алып, бұ да домалата жөнелді...

Берікке тығып, көңіл демдеген Шығанақ, кешке жақын Ойылдан қайтып келе жатып жол үстіндегі бейітке көз қырын тастаса, кеспектің құр орны жатыр. Бармағын мықтап бір тістеді де, қайрылмастан кете барды. Сыртқа шыққан өкініш белгісі осы ғана. «Ұрлаттым» деп Шығанақ айтқан жоқ. «Ұрладым» деп ешкім әкеп берген жоқ. Ұры да, ұрлатушы да жасырын, бірін-бірі білдірмей іздеумен болды. Аттан түскеннен бастап, айттаған кісідей Шығанақ ауыл қыдырды. Екі күнде бас сұқпаған үй қалмады. Бірі де іздеген жоғын айтпады. «Егін дайындығы» деген сылтаумен келеді де, аз әңгімелесіп кете барады. Сыртына шығармаса да, ішінен қан өтіп жүр. Өзі қара кісі өрт сөндіргендей түтігіп кетіпті. Өзге түгіл өз үйінен жасырған ардақты кеспекті қоярға жер таппай түндерде домалатқан Шығанақ, енді өзі сол кеспектей жай таппады. Таяғын беліне көлденең ұстап, көрші ауылдарға жаяу тартты. қарсы алдында, қаннен-қаперсіз бір бала келеді. Мұрнының боғына ақ тарыны илеп асап, малжаң-малжаң күйсеп келеді.

— Тоқташы, балам! — деді Шығанақ өтіп бара жатып. — Тарыңнан титтей берші.

Бала бір шөкім берді де кете барды. Шығанақ тарыны алақанына салып қарап тұрып күліп жіберді.

— Менің тарым!

Іле кейін қайтты. Бала белгілі. Бара салып үйін астан-кестен қылуға бір лоблып, қайта басылды. Өз үйіне келіп, үй төбесіне шықты да, баланың үйін кешке дейін бақылаумен болды. Ештеңе сезе алмады.

Күн батып, қас қарайған уақыт. Шығанақ қара суды қараңғыда жағалап, құс ататын кісіше қамыс-қамыстың арасымен бұғып келіп, дәл сол үйдің желкесінен төнді. Ас пісіп, алдына енді алды-ау деген кезде терезесінен сығалады. Екі адам түрегеліп күбір-күбір сөйлесіп тұр. Кім екені белгісіз.

— Білінген күнде осы үшін мені соттай ма? — дейді бірі. Екіншісі:

— Соттамайды. Тауып алдым, — дейсің деп шамға еңкейіп шылымын тұтатты. Сол кезде оның жүзін анық көрген Шығанақ, жүрегі су етті.

— Төкен ғой мынау! Бұл ит қайдан жүр?!

Төкен бөгелмей жүріп кетті. Ол кетісімен үй адамдары буын бұрқыратып, бірдемені борп-борп ұрттап жатты.

— Көже! Не көже?! — деп айыра алмай тұрғанда біреуі шашалып қалды.

— Тары. Тары көже. — деді Шығанақ ішінен. — Иттің баласының жаман терезесін жұлып алып кіріп барайын ба?! — деп тағы бір лоблыды. Бірақ ұрыдан тары қымбат. Тарыны табу керек деген оймен қайта басылды. Талай уақыт тауықша теріп, кезенген жылы тұқымға септірмей алтындай сақтаған ақ тарыны қылқып отырғандар Шығанаққа қанішерден бір де кем көрінбеді. «ісім сенімен түссін. Әуелі кеспек табылсын» деп тұрғанда ыстық көжеге тойған үйдің даусы жыртық терезеден анығырақ естілді. Үй қожасы болу керек. Бөтелке шамның сығырайған сәулесімен бет нобайы азар көрінеді.

— Кете берсем бе екен? — деді, әйелі:

— Ел жатсын, — дегенде, баланың бірі елең, етті:

— Қайда барасың, көке?

— Ешқайда бармаймын, қарағым. Тойдың ба? Жат енді.

Тойдым. Апа, таңертең тағы да тары бересің бе? Бүгін қарным ашқан жоқ.

Берем, — деді шешесі. Баласының жүзі гүл жайнады.

Атып тұрып, сумкасын жастығының астына әкеліп қойды да, томпиып жата қалды.

Бала көзін жұмған кезде әкесі әйелімен ашық сөйлесті:

— Ұрыны қарақшы ұрласа, уақа емес. Момындікі болса, ішінен қан өтіп отырған шығар, ә?

— Момындікі болса жоқтамай ма, әлі күнге?

— Жоқтағанша сол боп жатпаса?

— Ендеше ұрлап нең бар? Қайтып бер тарысын.

— Берсем берем, тап иесін.

— Тарының буымен абақтыға түсер бұл қатын, — деп күйеуі орнынан тұрды. Қолына күрек алып есіктен шыққан кезде, Шығанақ қамыс арасына барып тығылып, баспалап қарап тұрды.

Үй қожасы аяғын еппен басып, тын, тыңдап, ештеме сезілмеген сон,, қора алдындағы күл төбесін қопара бастады. Шығанақтың іші жылып кетті. «Кеспек үйге қарай домалағанда, төтеден қосылармын» деп тұр еді. Үйден күлге қарай домалағанда, тап беріп, тоқтала қалды.

— Ә-ә, жаңа көмгелі жүрмісің? Көміп бол...

Көміп болып, көңіл жай тапқан үй иесі үйіне барды да жатып қалды.

Ол кетісімен Шығанақ жетіп келген жоқ. Келмеске бекіп тұр. Ыза буып тұншығып барады. Дереу ақты жасатып, ауданға шаптырып, арамды орнымен құртып жібермек. «Бір малымды ұрласа, жаныма мұндай батпаған болар еді. Тырнақтап жинап, дәл кезеніп тұрғанда кесті қолымды. Кескені емей немене, тұқым келіспей, егін келіскен бе? Іріктеп қойған ақ маржанды ұрлағаны — бар егінді, бар несібені ұрлағаны. Тіпті атса да рауа екен өзін!...» — деп ашумен қазандай көтерілді де, басылып сала берді.

— Сап-сап, Шығанақ! — деп өзіне өзі ішінен. — Осы шіркіннің бұрын мұндайы жоқ еді. Қарны ашқан болар. Аш қарын арды не қылсын, арамды не қылсын, бір күн тоймаса қырық күннің ақылын бір-ақ жейді. Ал сонда қарын неге ашады?.. Жоқ! Мыжи берсін жұрт. Сайып келгенде ұры да, белсенді де, үкімет те кінәлі емес. Тарының аздығы кінәлі. Тары көбеймей шатақ құрымас. Шамаң келсе тарыны көбейт, Шығанақ! Құртпақ түгіл қорқытпа, ұялтпа сорлыны. Қалсын осы арада, — деп күлден кеспекті суырып алды да, үн-түн жоқ домалата жөнелді...

Өмір бойы сол адамды ешкімге айтпастан кетті ол.

Революция күндерінен кейін Ойылдың мазасы кеткені осы. Сай-жыраның бәрі құйып, Ойыл арнасын кернесе, ағылған адам Ойыл қаласын кернеп кетті. Обком секретары, Шығанақша айтқанда үлкен кісінің өзі де ұшып келіп қалған. Аудан мекемелерінде біреу орнынан тайып, біреу сөгіс алып, қайсібірі отырып та үлгірген. Аулақта жатып, ұзын арқау, кен, тұсауға үйренген қала қазір тіпті ширақ. Аяқ ұшынан билеп тұрған сияқты.

Батысқа қарай, он, мен солдан жарыстыра салған қызыл кірпіш сарайлардың көк қақпалары тегіс ашық. Күндіз-түні алдынан топ тараған жоқ. Түйе-түйе, арба-арба қылып астықты ел әкетіп жатыр. Алуға тағы келіп жатыр. Құмырсқаның илеуіндей тынымсыз қыбыр толастар емес...

Бұл топыр әдетте күзге салым, орақ кезінде ғана болатын. Жан-жақтан сайша құйып, осынау дәу сарайларды толтыратын. Сарай толғанда көңілі толып, әр колхозда бір той жасалатын еді. Қазір сол береген ел алғанына қатты қынжылып барады. Уақыт аз қалды. Көктемде көлдей жұмыстар жатыр. Соның үстіне «белсенділер» берген аққұла бейнетке қалай күймесін.

Түйе тартынып қалса:

— Ой, көріңде өкір... белсенді! — деген дауыстар құлаққа сарт-сарт ұрады.

Көк бестімен жүгіртіп Шығанақ келеді. Жол бойы осының бәрін естіп келеді. Талай сөзі аузына лықып келсе де бөгелуге дәрмен жоқ. Үлкен кісінің шақыруымен келеді.

Қаладан дәл шыға берісте бір сайдың ішінде Амантай мен Олжабек кездесті. Екеуі де жалаң аяқ... Түрінген ақ балтыр тізеден жерге еніп, батпаққа батқан арбаны көтеріп жатыр. Олжабек «ауп-ауп» деп әупілдейді. Амантай әлдекімді сыбап тұр. Қастарына Шығанақ келді. Олжабекті боқтап тұр ма деп өңін суытып алды.

— Ассалаумаликүм, — деді Амантай ұялыңқырап. Шығанақ сәлемін алған жоқ.

— Кімді боқтап тұрсың?

— Кімді болушы еді, осы әуреге салған белсенділерді де!

— Ой, антұрған, — деді Шығанақ өңі жылып. — Бәріміз кеттік қой ішінде. Мен де, сен де белсенді. Тіпті, осы жұрттың бәрі белсенді. Белсенді деген жақсы сөз. Белсенбесе жұмыс біте ме?

— Жоқ, Шықа, жалған белсенділерді айтам.

— Онда атап айту керек.

— Ендеше, жаңағының бәрін Ержан мен Төкенге бағыштадым.

Шығанақ аттан түсіп жатып күліп жіберді.

— Ержанға айтайын ба, бәлем.

— Тыңдауға шамасы болса айтыңыз.

— Не бопты оған?

— Ойбай, сұрамаңыз... Собалаң туып жатыр. Ендігі отырып та үлгірген шығар.

— Өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам, — деп Олжабек те ырзалығын білдіріп қойды. Арбаны саздан шығарысқан соң Шығанақ кідірмей жүріп кетті.

Қазақтың сымсыз телеграфы бар күшімен істеп тұрған кез. Таңертең жиналған бюро түс ауа азар тарады. Бюроның қаулысын ел езі жасап, алдақашан таратып жіберген сияқты. Шығанақ райкомге жеткенше кім орнынан алынды, кімге сөгіс берілді... Бәрін біліп келді. Бәріне ырза. Жалғыз-ақ Төкеннің аман қалғанына түсінбеді. Ол, бір кезде кейін тартып қасарысса, енді алдын орап бөгейтінді шығарды.

— «Осы итке осы жолы бір тосқын болар-ақ» деп еді, жылға тауып тағы да өтіп кетті. Райкомға кіріп келсе, Антоновтың оң жағында, Шығанақты мадақтай сөйлеп отыр...

— Жоғары шығыңыз, Шықа, — деп Антонов орнынан ұшып тұрды.

Қол алысып жайласқанша қалжыңдап жатыр. — Бұл қалай, берудің орнына алу болды ғой?

— «Берген мырза емес, алған мырза», — дейді қазақ. Ала білген бере де білер — «Жүйрік атқа қамшы ауыр» деген де осы қазақ емес пе Биыл жүгіретін жыл. Жүгім ауыр демеңіздер соңыра.

— Кеме қанша үлкен болса да теңіз көтереді. Қайтер дейсіз.

— Теңіз қанша үлкен болса да түймедей темірді көтермейді. Оны да ойлаңыз.

— Рас, — деді Шығанақ. Шаттанып кетті тіпті. — Тауып айттың, үлкен кісі. Тауып тарттың сол темірді. Бәрін естіп қанып келдім. Әсіресе Ержанның кеткені дұрыс болған, обқа жығатын еді.

«Бәрін естіп қанып келдім» дегенде обкомның секретары таңдана қарады Шығанаққа. Бюро жаңа ғана тарады. Жұрт біліп қалған. ішінен:

— Мұның жақсы жағы да, жаман жағы да бар екен, — деп айтар сөзіне тура көшті. — Хатыңызды алғамын. Партиянын, «жылына 7 — 8 миллиард пұт астық» деген ұранына облыс атынан жауап жіберілді. Бұл уәденің орындалуына бәріміз жауапты енді. Тағы қандай көмек керек екен, хал-жайы қалай екен білейін деп шақырдым сізді.

Шығанақ біраз ойланып отырып қайырды жауабын:

— Жан тірі болса уәде бірдеме болар. Көмектесерсіздер. Бірақ мен көп беріп, бір өзім қарық қыламын деген ойдан аулақпын. Менің бергенім қанша көп болса да тіске жұғын ғана. Егер көпке нұсқа бола алса, сонда қарық боламыз. Ұнаса, осы жөнде айтарым бар азырақ.

— Айтыңыз.

— Менің машинем жаңа түскен келіншек тәрізді осы кезде. Көреміз деп келмегені жоқ. Сол келіншек әр ауылда түсіп,әркім өз қызығымен болып жатса қайтеді?

— Ештеме етпейді. Енді төрт машина бермекпіз сол маңға. Сіздер сонда «бес келіншек ауылы» атанасыздар. — Тіпті жақсы екен. Қартайсам да келіншекті жек көрмеймін, — деп күлімдеп қойды Шығанақ. — Ал, осы Ақтөбеңіздің өзі кейде мекеден де алыстап кетеді. Жақындатуға болмай ма?

— Көп тарыны жеткізуді қиынсынасыз ғой. Партия мен үкімет мұны да ойлаған. Кандыағаш — Гурьев арасына темір жол салынады. Ақтөбе мен Ойыл арасында машина қатынасы күшейтіледі. Аспан жолымен Ақтөбеден екі сағатта келдім. Бұдан бұлай осы жолмен де барып тұруға болады. Бәрінен Ойылдың өз ішіндегі жол қиын екен. Қыңыр басшыларды кетірдік. Бұ да жөнделіп қалар.

Шығанақ та таңдана қарады үлкен кісіге. Ойындағысының бәрін айтпастан болжап қойған. Соны дегені шиір болып барады.

— Енді айтпаймын. Дәл үстінен шыға бердіңіз, — деді сонсоң.

— Онда мен де айтпай-ақ қояйын. Жаңа ғана бірсыпыра мәселелер шешілген еді, сіз де үстінен шығыпсыз.

Бір күлісіп алып, әңгімені тыңнан көтерді. Қатар отырған екі маманға кезек-кезек сұрақ қойды үлкен кісі:

— Агроном жолдас, мына шалға ілімнің қандай көмегі болды ?

— Бұл кісінің ішіне әлі бойлағаным жоқ, — деді Сергей. Жаңадан келген жас агрономға жықпалы көп қатпар сияқты екен Шығанақ. — Әзірге көзім жеткені бір-ақ нәрсе. Егер осы кісінің іріктеген тұқымымен ауданды қамтамасыз етсеҚ зор табыстың кілті қолға түскен болар еді.

— Көбігі жоқ па, осы сөздің?

— Жоқ. Жалаң өз тәжірибем емес, Лысенко жолдаспен хат арқылы байланысым бар. Ол кісі дәл осылай, — деді.

— Лысенко айтса тегін айтпайды, — деп, Антонов Шығанаққа бұрылды.

— Қанша тұқым бар?

— Екі-үш гектарға жетеді.

— Баяғыдан бері жиғаның сол-ақ па, шал-ау!

— Ай, үлкен кісі-ай, тырнауыштап емес, тырнақтап жинаған нәрсе ғой ол, — деп күлді Шығанақ. Тез басылып, Сергейден көзін алмады. — Мен осы балаға қосшеңгел тары берген жерде-ақ көңілге бір түйіп едім. Дән ырзамын, шырағым, іліммен әкеліп қабыстырдың!

— Ал, Төкен жолдас, сіздің көмегіңіз?

— Менікі, өзіңізге белгілі су жағы ғой, Василий Антонович — деді Төкен. Аржағын айтқанша Шығанақ қырындап кетті. "Үлкен кісі байқап қалды. — Суды тілеген жерінен беріп жатырмын. Су билігі Шығанақтың өз қолында.

— Ермағамбет, сіз Шығанақпен кездесіп тұрасыз ба?

— Е, кездесіп тұрамыз.

— Келгелі неше рет кездестіңіз?

— Осымен үшінші рет.

Сұрақ тоқталды. Сөз де басылды. Үй іші тып-тыныш. Көшедегі қиқу құлаққа естіліп түр.

Антонов әлден уақытта, аз с.өзін нық тастап, әрқайсысына теңдей артты:

— Аудан жайында айтылды. Тиісті шаралар да қолданылды. Шығанақ жайында айтарым: бұдан былай суға байланысты кедергі болса саяси мәселе ретінде қаралады. Агрономдық жәрдем Шығанақ сұраса, ең алдымен берілу керек. Сұрамаса тықпаламау керек. Еркіне жіберіңдер, Ермағамбет жолдас! Ақтөбеде жатып Шығанақпен мен үш рет кездескенде (бірі хат арқылы), іргеде отырып сіздің үш рет кездесуіңіз қанағаттандырмайды. Кемінде бес күнде бір кездесіп тұрыңыз, — деп сөзін пышақ кескендей қиды да қош айтысып, киіне бастады.

Шығанақ кейінге сақтаған сөзін үйде айтуға үлгірмеген соң қоса аттанды. Үн-түн жоқ, еріп барады. Уақыты аз, ісі тығыз жолаушы әр минутты санап барады.

— Қайтыңыз, Шықа! — деді бір кезде. — Жұмыс күні бос өтпесін. Хатты жиі жазып тұрыңыз. Бұдан былай байланысты күшейтейік. Қош! — деп қол ұсынғанда Шығанақ қолын берген жоқ.

— Далаға келгендей болып барасыз. Бір малдың басын жегізбей жібермеймін.

Василий Антонович жаман қысылды. Бас жеуге мұршасы бар ма. Жыл тағдыры — көктем егісті көңілдегідей өткізуге шықты. Әр минут санаулы. Туған-өскен жері Атбасар еді. Қазақ тілін, қазақ салтын қазақтың өзінен кем білмейтін. Малын сойып, қолын қусырып тұрғанда қарамай кетсе, ол қазақтың бетін қайтып көрмек? Әсіресе Шығанақ сияқты қартты көндіру де, көңілін қалдыру да қиын.

— Япырай, өте асығыс едім, — деп ойланып қалды... Шығанақтың қазақшылығы дәл мұндай деген жоқ еді.

Ол бәрін біле тұра:

— Е-е-ей, үлкен кісі-ай, өмір шіркін асықпасаң да өтеді ғой, — деді. — Ауырып қалсаң қайтесің? Кеңшілікте әркімнің мұршасы бар. Таршылықта тап. Бүгінгі күн ертең қай¬тып келмейді, тегіс қамты бергенін.

Жалпақ тілді қара шал осы сөзімен Василий Антоновичке шалқыған көлдей көрінді. Ойынан бас та, егіс те шығып кетті. Жалпақ тілдің астынан терең, философия туып бойлап барады. Сол тереңнің түбіне жеткенде:

«Кеңшілікте әркімнің мұршасы бар. Таршылықта тап». «Бүгінгі күн ертең қайтып келмейді, тегіс қамты бергенін», — деген сөзді тағы да оқыды.

— Ауыл қанша жер? — деді содан кейін.

— Мына дөңнің асты.

— Дәл осы дөңнің бе?

— Дәл осының.

— Жақын екен, бастаңыз онда.

Ешкімге айтпастан, аэродромға соқпастан, екеуі сол бетімен жүріп кетті. Ойылды жағаламай, жалпақ дөңнің үстімен ауылға тура тартты. Көк жусанның мүңкіген исі мұрын жарады. Борпылдақ жерге ат аяғы шашасынан батып, сылқ-сылқ желіп келеді. Жер сабыр, дала кең. Күн қызуы кемеліне әлі келмеген. Шықаңның «мына дөңі» жеткізер емес. Осы маңдағы екі белгі — шұбартып көрінетін «Ақшатау», қызыл сүйір құм «Барқын» алдақашан дөң астында Қалып қойды. Телегей теңіз далада қалқып барады, қай қайдағыны айтып барады екі адам...

— Бел дегеннің белі бүкір келетін еді. Мынау бір жеткізбейтін жалпақ екен, — деді бір кезде Василий Антонович. Арқа жеріне үйренген көзі жусаннан өзге шөбі жоқ, таңдан жібітер суы жоқ, егінсіз, бұтасыз сырдаң далаға тойып қалыпты. Ұнатпаса да, жамандамады, бірақ.

Шел де болса шөбі шүйгін, — деп өскен жерін Шығанақ мақтады...

Сонау ойда, орағытқан Ойылдың бойында қарауытқан ауыл көрінеді.

— Анау бітеу тамның түбі біздің ауыл.

— «Е-е-е, «дөң асты» отыз-отыз бес километрге кетті ме?

— Иә, солай деп жүретін. Есебіміз дөң еді ғой, бітіп келеді.

— Біздің жақтың жазығы жеткізбесе, бұл жақтың дөңі жеткізбейді екен.

— Олай болса, жер апшысын қуырып алалық, — деп Шығанақ тұра шапты. Жарыспаса да қатты шоқыраққа салып келе жатқанда, бір қасқыр солбаң етіп тұра жөнелді алдарынан.

— Жолың болды, үлкен кісі. Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ. Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ. Жылан кездессе тіпті жақсы...

Василий Антонович құлақ қойған жоқ. Өзімен-өзі болып келеді. Атқа мінбегелі қай заман. Етейіп, шәу болып қалғанын жаңа сезді. Шауып келе жатып сөйлеспек түгіл, ырсылдап азар алады демін. Ауылға жақындағанда:

— Тоқталық, Шықа, — деді. — Ет жемесем де сорпа ішкендей болдым. Рақмет сізге. «Аяма өзіңді» деген Горький де ырза шығар енді. Құйымшағым қол тигізбейді.

Күлкі үшін айтылған сөзге Шығанақ қоса күлсе де, қудалап отырып Горькийдің «өзіңді аяма» дегенін жеріне жеткізіп тоқтады. Василий Антонович түсіндіріп болғанда ауылға да келіп қалып еді. Жақындаған сайын Шығанақ қысыла берді. Үлкен кісі келе жатыр. Ауыл хабарсыз. Жайуат жатқан елдің жайсыз бірдемесін көріп қала ма деп қымсынады. Сол қымсынғаныңды көрсет дегендей қолқа салды қонағы:

— Ауыл менің келетінімді біле ме?

— Білмейді. Келе ме, келмей ме деп, үйге де айтпай кетіп еді. Соған қысылыңқырап келем.

— Қысылмаңыз. Білмегені жақсы болды. Енді ешкім білмесін. Қолқам сол сізден.

— Ол не дегеніңіз, үлкен кісі-ау, қалай жасырам сізді.

— «Кеңшілікте әркімнің мұршасы бар», — деді Василий Антонович, Шығанақтың өз сөзін өзіне қайталап. — Кішкентайды әркім жасырады. Үлкенді жасыра білу керек. Үлкейіп барып сыпайыны көргенше, кішірейіп барып шынайыны көргім келеді.

Шығанақ үлкен кісінің шын тұлғасын жаңа көргендей сүйсіне қарады.

— Төлеусіз сөз екен. Тоқтадым.

Ат тұмсығы жампиған кірпіш үйге келіп тірелді. Құдайы мейманша аттан түсіп жатты екеуі.

* * *

Күн кешкірген. Үй іші алакөлеңке. Жазы-қысы ашылмайтын кішкене терезе жатаған үйге жарық та, ауа да жібермейді. Василий Антонович есікті аштырып, шам жақтырды. Шығанақ қонағының астына көрпе, басына жастық салды да шығып кетті.

Кішкене шамның әлсіз жарығы үй ішін анық көрсетпеді. Қабырғада бердеңке мылтық, оған таяу әлі тоқып болмаған ау көрінеді. Кровать жоқ, жертөсек. қоңырқай қара әбдіренің үстіне жиналған көрпе-жастық. Көп ұсталған көне домбыра жертөсектің бас жағында сүйеулі тұр.

Василий Антонович көзі жантайып жатып осыларға ғана түсті. Астының жер екенін, пол екенін байқамап еді. Жанбасына батқан бұдырды басып байқаса кірпіш. Тақтай орнына кірпіш төсеп, сәкі жасапты.

Тапқан ақыл, — деді ішінен. — Бұл жақта тақтай қат. Шалдың шынайы тұрмысы осы ғой. Шарқына қарай дұрыс келген бәрі де.

Даладан Шығанақ кірді. Қара өзек шаққа сақтаған бордақының басын қидырып кірді. Бұл жақтың әдеті «сояйын ба, соймайын ба» дегендей бата сұрап тұрмайды. Сойғысы келсе, бірақ қырқады. Василий Антонович бата сұраушы болмаған соң «қысылып қалды-ау сорлы» деп аяп отыр.

— Шықа, етке менің тіпті зауқым жоқ. Ет аспасаңыз да болады.

— Сіздің арқаңызбен басқамыз жемейміз бе?

— Отырамыз ба таң атқанша. Уақыт аз.

— Шай ішкенше ет те пісіп қалады. Екі-ақ ірейді. Тоқты еті қазанға түскен соң немене...

Қонақ қой сойылғанын жаңа ғана білді. Жаңа ғана жай тапқан көңілді жұлқыса енген Амантай мен Жанбота бөлді.

— Шықа, осы қыздың қорлығына қашанғы көнемін мен! — деді Амантай есіктен кіре.

— Тағы да не боп қалды?

— Қайрап қойған кетпеннің бәрін өзіне таңдап алыпты. Бер десем, бермейді.

— Қайрап бер деп қашан айттым саған. Кетпен өзімдікі. —

— Еншіңе тиіп пе еді?

— Еншіме тиген. Былтыр біз ұстағанбыз. Әркім өз сайманына не. Биыл тағы ұстаймыз.

— Боқты ұстарсың. Тапқан екенсің тегін қайрақшыны.

— Ұстатпассың. Тапқан екенсің монды басты.

— Жай сөйлесіңдер. Кісі отыр, — деді Шығанақ.

Екеуі де қонақты көріп басылыңқырап қалды. Көздері тойған сияқты. Василий Антонович екі жастың мінезін қызық көріп, айтыстыра түскісі келді.

— Шықа, осының төресін мен берсем қайтеді?

— Тіпті жақсы. Көлденең кісі көңілге қарамайды.

— Сіздер ризасыздар ма?

— Ретіне қарай көреміз. Айта беріңіз, — деді Амантай. Қонақ көңілінен шықпаса көнетін түрі жоқ. Шығанақ соны сезіп алдын ала қайырып тастады:

— Шіркін не деп тұр. Төреші сенің ретіңе қарай ма?

— Әйтпесе сотқарлығын қалай білдіреді! — деп Жанбота күліп жіберді. Амантай тағы да байланыса кетті.

— Еркек болсаң, сенің қасыңда мен жіп есе алмаспын.

— Еркектігіңе есіремісің?

— Есіремін. Сойыл соғатын, найза ұстайтын еркек.

— Онда кетпенді қайтесің? Төбелеске тұр сен.

— Қызыл тайыншаны алған соң, кетпеннен дәндеген екенсің.

— Дәндегенім рас. ішің күйсе тұз жала. Тайыншам сиыр боп бұзаулағалы тұр.

— Тым дәндей берме. Өзің де...

Василий Антонович еріксіз күліп жіберді де басыла қалды. Шығанақ та мырс етіп, Жанботадан ұялғаннан Амантайды бір нұқып қойды.

— Антұрған, жай сөйле, бұрқырамай.

— Құтты, Құбекеңнің қара буыршыны. Кісі көрсе құтырып кетеді, Шықа, — деді Жанбота. — Аузын буып, дізерлеп тастаңыз. Әйтпесе жазым қылады біреуді.

Бәрі ду күлгенде Амантайдың өзі қоса күле, сөйлеп жатыр.

— Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады. Ал, мен қойдым. Қонағым, қызға бұрма бірақ. Бұл қыз емес. Қызыл түлкі. Отырғызып кетеді.

— Әділ болмасқа амалым жоқ, — деді Василий Антонович. — Таразысын жайып өлшегелі Шығанақ отыр. Қит етсем түйрегелі сендер тұрсыңдар, қос найзаны жалақтатып. Екеуіңнің жасың да, сөзің де тең екен. Жынысқа бұрмалық. Ал, еңбекте қайсың ағасың. Аға сыйлаған қазақ баласысыңдар ғой.

«Сен айт, сен айт» пен Амантай мен Жанбота тұрып қалды. Қайсысы айтса да қып-қызыл дау дайын еді. Арадан Шығанақ айтты:

— Егестің дәл түйінді жерінен ұстадыңыз. Бұл екеуінің таласы түптеп келгенде сол ағалық. Қайсысы аға екенін білмейміз. Жаңа қонысқа кешу кезіндегі күзгі жарыстан Жанбота озып, бәйгеге бір тайынша алды. Жаңағы «тайынша» деп тұрғандары сол. Ал, жыл бойындағы жұмыс қорытындысында Амантайдың еңбеккүні көбірек. Біреуін аға қылып кетіңіз, әйтпесе маған тыныштық жоқ.

Василий Антонович ат соғып, денесі жыртылғанын да, көктемге байланысты көп жұмыстарды да ұмытып кетті. Көкшіл көзі күлімдеп, қызара бөртіп, біразға дейін үндемеді. Қуанышы қойнына сыймай отыр. «...Колхоз, еңбек — адамдардың қанына сіңе бастаған, — деді ішінен. — Кетпен таласы: еңбек жарысы. Еңбек жарысы: мәртебе, бақыт жарысы. Көктем егісі қандай ауыр болса да орындалады екен. ОлжабеҚ Амантай, Жанботаларға қазық болып отырған мына қара шал Аязбидің дәл өзі емес пе? Қайрап салсаң қара тасты қақ жаратын ақ семсер, мынау тұрған екеуі емес пе!..» — деп ойын түйді де, төрелік айтты екеуіне:

— Әзірге біріңді аға, біріңді іні демей қоя тұралық. Осы жылдың қортындысында бірге қорытармыз. Қолайлы кетпеннің бәрін өзіне жинап алған Жанбота теріс. Құрал колхоздікі болса да, қолданушы ие. Біреудің сайманына қызығып, сұрамай алғысы келген Амантай теріс. Дұрысы: екеуің бөліп алыңдар.

— Тұрдым! — деді Амантай. Бірақ менің де кетпендерімді қайрап берсін.

Жанбота шыдамады:

— Жаныңа жағар еді-ау, мен қайрап отырсам.

— Әрине жағады. Қарымжым бар емес пе?

— Арамтер бол дегенім жоқ. Ақылсыз бастың аяқ басысын аңдуға уақытым тағы жоқ.

Егес қайта көтеріліп бара жатқанын көріп, Шығанақ басып тастады:

— Таласпа сен! — деді Амантайға. — Біреудің меншіктенген сайманына қол салғаның үшін айыптысың. Қайрағаның сол айыбына жатады.

— Бәрі қызға бұрады. Кесір екенін қайдан білсін, — деп Амантай орнынан ұшып тұрды. Жанбота жеңінен тартып тұр-тұрлап тұр: — Жүр, бөлісейік.

— Бөлісерсіңдер. Отырыңдар, қонақпен әңгімелесіп.

— Әуелі бөлісіп келейік. Шөбін жұтқызбай алмасам, сол тең жарымның өзінен айрыламын.

— Араша ызыңдап, маза бермес бұл. Құтылайын, — деп Жанбота орнынан тұрды.

Екеуі кеткен соң, олар туралы Шығанақ бірсыпыра әңгіме айтып күлдіріп отырды:

— Осылардың егесі ойын-шын екенін білмей қойдым. Күндегісі осы. Анау бір түнде, жапан далада, шыралжын арасында отыр екеуі. Шіркіндер, сонда да айтысып жатыр ма екен? — дегенде, Василий Антонович күлкіден құлап қалды.

Оңаша қалған аз уақытта үй қожасымен қонақ еркін сөйлесіп, көп әңгімені қамтыса да, осы үйдің өз ішіне соққан жоқ. Дастарқан жайылып шайға отырғанда жаңадан сегіз адам қосылды. Ауыл адамдары, үй адамдары қайсы екені белгісіз. Қонақ оймен жорып, ретін келтіре алмаған соң:

— Сіз бала-шағаларыңызбен таныстырыңыз, — деді. Шағанақ, кемпірі Зәруден бастап, қыздары — АқжібеҚ Ақбалым, ілгек; ұлдары — Жақып, Айт, Жүсіп, Шайқыға дейін атап келді де, шай құйып отырған әйелге тоқталмай, үйде жоқ баласынан бір-ақ шықты:

Махмет деген үлкенім оқуда. Инженерлік оқуын бітіргелі жүр.

— Мыналардың оқуы қалай?

— Айтым — зоотехник. Жақып 9-класты бітірді. Ақбалым 8-класта еді, оқудан кетпенге бейім көрінеді. Екпінді. Өзгесі оқып жатыр. Ұрпақсыз емеспін, үлкен кісі. Бірақ тары да бап таңдайды. Осылардың тәрбиесі қиын ғой, — деп түйіле тоқтады.

Василий Антонович оның, семья тәрбиесіне үлкен мән бергеніне түсіне отыра, көңілі атаусыз қалған әйелде болды. Басқалары Шығанаққа бір, қонаққа бір қарап, аңырып қалды. «Үлкен кісі» дегенге түсінбей отыр. Қонақтың үлкен екенін Шығанақ үй ішіне де айтпаған. Жұрт қатары, өз үйін де бір сынатып алғысы келіп, «ескі досым» дей салған еді. Аңдаусызда айтып қалғаны есіне түсіп, бұлтақтай бастады:

— Арқа адамдары сүйекті келеді. Біздей күн қақты, кетпен басты ма? Сонсоң үлкен кісі деп жатырмын.

— Шай құйып отырған кісі кім болады? — деп Василий Антонович тікелей қойды сұрақты.

— Бұ да бір жақын адамымыз, — дей салды Шығанақ. Дауысы бәсеңдеп, өңі өзгеріңкіреп кетті. Әйел де бір қымсынып қалды. Қонақ одан әрі қазбалаған жоқ. Ойлана қарап, іштей жорыды да атын сұрады.

— Атын айтпадыңыз ғой?

— Елеусін.

Елеусін келіндей алған екінші әйелі. Жасы қырықтан асып кеткен. Өткен заманда қосылуға ұялмаған Шығанақ, қазіргі заманда айтуға ұялды. Василий Антонович ұяттың үстінен шыққанын сезсе керек. Сезгенімді сезбесін дегендей, қаймаққа былғаған тәтті талқанды аузын толтыра-толтыра асады. Талқан да, жент қылып қатырған да, ыстық сүтте бөртіп тұрған да тары. Қонақ пен Шығанақтан өзгесінің шайға салып жеп отырғаны да тары. Нан жоқ. Нанды жоқтаған жан жоқ. Сорлы тары бәріне төтеп беріп жатыр. Қорадағы қазанның ішіне де аузын буған бір дорба түсіп кеткен. Дәуде болса сол да тары...

— Осының өзі тәтті ме, тәтті қылып тұрған қаймақ па? — деп қояды қонақ.

— Өзі тәтті, — дейді Шығанақ. — Бұл шіркін шайға салсаң әрі нан, әрі сүт. Сүтке салсаң май. Құрғақ жесең сусын да, қорек те өзі...

Тары әңгімесі ұзаққа созылды. Ауыл адамдары күндегі әдетінше біртіндеп келе берді. Келгені шайға отыра берді. Бір үлкен мұрын тар ашылған есіктен сығыла кірді де, әдеп сақтап тұрып қалды. Басқа бейнесі көрінбесе де, таныс мұрынға:

— Кел, Шәңгерей, кел! — деді Шығанақ. Ар жағынан екпіндей келген Амантай мен Жанботаны да осы мұрын бөгеп қалған екен, үшеуі бірден кірді үйге.

Үй іші адамға толған сайын Шығанақтың көңілі толып, қалжыңмен іліп тастап, біреуді біреумен соғыстырып қалып отыратын мінезін жаңа бастады:

— Бұл отырғандар колхоздың бетке шығары. Басты адамдарымызды өлеңмен таныстыратын әдетіміз бар. Таныстыршы қонаққа! — деп бір балаға иек көтерді. Бала Домбыраны ала салып, әлдекімнің әуенімен, мінезімен әрқайсысына бір ауыздан өлең айтты. қай өлең кімге арналғанын жіңішке мойны бұраң етіп, мегзеп қойғанда жұрт ду күледі:

Тоқпақ мұрын Шәңгерей, Колхоздан бір дән жемей,

Байытқанша асығад. Көтерсеңші қабақты, Жалаймыз ба табақты? Құр байлықтан не шығад.

Кәрібайдың көңілі бай, қой түгілі соймақ тай,

Айтатыным жалғыз-ақ; Шәңгерейді қасартқан. Бас орнына жақ тартқан, Тар пейілге болған сақ.

Қарын шіркін жұбанар, Жанботажан, болшы нар, Өкпелеме, Амантай. От жанады көзіңнен. Артылмас ешкім өзіңнен, Ащы-ау тілің, пай-пай-пай!

Қабыш отыр мұрт сипап Сөзге тағы тым қылап, Бәрін байқап көріпті. Ұнамапты бірі де, Жан жимаған тірі де Жүн-жұрқаны теріпті.

Туласа тайдан кем емес, Түйебас қылсаң, үндемес, Олжабек шіркін әлі енжар: Жамалын ойлап ылғи мас, Жолында бірақ жүк қалмас, Олжабек барда не қам бар.

Қартайғанда құрымай Қос буырылды бұтқа ұрмай, Шығанақ, сен тек отыр. Ақын тілі ашынса, Ашқан қарын ашыса, Жеп қоярмын, деп отыр.

Біреулер қатты-қатты қарқылдап, біреулер ақырын ғана ыржияды. Өлеңмен жапқан ақын шапаны өлшеп пішкендей, қатып қалыпты. Василий Антонович сүйсінгенінен:

— Кім шығарды мұны? — деп Шығанаққа жалт қарады.

— Нұрпейіс ақын. Дәм айдап осы ауылға бір келе қалған екен. Шәңгерейі бар болғыр жақ асып беріпті. Табақ алдына келгенде пышақ алудың орнына домбырасын ала салып, жаңағы өлеңді қоя бергені.

— Е, қойыңызшы, Шықа. Бәрін қоздыратын езіңіз, — деді Шәңгерей, орнынан бір қопарылып.

— Япырау, ақын тілі бой бере ме маған! Өзімді де оңдырған жоқ. Қабышты тіпті өлімші қып кетті. Сонда да шыдап отыр-ау, шіркін.

Қабыш құрдасы, колхозда әр жұмыстың басын ұстап, біріне шыдамай, ақырында жүн-жұрқа, тері-терсек жинайтын мекемеге агент боп кеткен. Бірақ үйі осы колхозда. Өзі осы дудың, ішінде. Сөзге тарықпайтын кісі. Еңбекте кемдігі бетіне шіркеу болып, манадан бой бағып отыр еді. Кезі келіп қалғанда, Шығанақты жанбасқа алып қалды:

Қос буырылды парлап жеккен саған жан ілесе ме?

Бірақ ақын айтыпты ғой, көп борбайлама.

— «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтыладының» кері келді. Қойдым ендеше, — деді де Шығанақ бәсеңдей берді. Василий Антонович әлі де ештеңе сезбегендей, сөзден сөз туғызып, қызыққа батып отырғанда құлағына Амантай мен Жанботаның әңгімесі шалынды.

Үлкендер ырық бермей кеткен соң, екеуі шеткеріреҚ өзара шүңкілдесіп отыр:

— Қонақтың өзі тәуір кісі-ау, — дейді Жанбота.

— Киімін айтасың ба, өзін айтасың ба?

— Екеуін де.

— Маған алдымен сырты ұнап тұр.

— Сауда орындарында істейтін шығар. Бұғағы да түсіңкіреп кеткен екен...

Василий Антонович одан әрі тыңдай алмады, талай қызығы бар еді. Жымиып бір күлді де, тысқа шықты.

Бұл кісінің өзгеше бір мінезі адамды еркін сөйлетіп қойып, сабырмен тыңдайды. Кездейсоқ оймен негізгі ойды айырып барып, өз ойын айтады. Соңынан іле шыққан Шығанаққа жалаң егін жайында ғана емес, қоғам өміріндегі жиреніштің бәрімен де күресуді айта келіп:

— Сіз маған бір күндік қарын азығы емес, сан күндік жан азығын бердіңіз, — деді. Рақмет, концерт те өздеріңізде екен. Тамақ жесімен жүрейін.

— Дұрыс. Өзім апарып салам.

— Өзіңіз апармаңыз. Олжабек қайда?

— Ол қасқа, түн қатып тұқым тасып жүр.

— Ауданда кездесермін онымен. Ат жектіріңіз, шаршап қалыппын. Амантай мен Жанбота барсын.

— Дұрыс, — деді Шығанақ тағы да бір.

Екеуі үйге енді. Ет те пісіп тұр екен. Тез қамдатып, жеп алған соң, Шығанақтың екі аяқ арбасына үш кісі отырып жүріп кетті. Амантайға орын жоқ, Құйрығы ғана іліккен, Қолында божы. Ауылдан шықпай-ақ:

— Божыны кезек ұстаймыз, — деп Жанботаға бір жанжалды ескертіп қойды. Осыдан басталған айтыс Ойылға жеткенше басылмады. Басылып бара жатса Василий Антонович көтермелеп қояды. Кедір-бұдыр жол. Қараңғы түн.

Салғыласқан тіл. Қонақтың ұйқысы шайдай ашылды. Тыңдап барады, күліп барады...

Кейін қалғандар тосын келіп, тез кеткен сыйлы қонақты анықтап білгенше асығып, Шығанақты ортаға алып жатыр.

— Үлкен кісінің өзі, — — деді Шығанақ жай ғана. Нанарын да, нанбасын да білмей аңырып қалды бәрі...

III

Міне көктем. Кепкен жердің көні бір жібіді, сары дала барын жайып салып, сағым құшып күлімдеп тұр. «Қуратам сені» деп күн кәріне міне бастаған. «Көгертем сені» деп құралды көп аттанған. Қашан бірі жеңгенше жер бетінің талқаны шықты...

Өзенді жағалап агроном Сергей келеді. Ойыл арнасы сумен толса, оның, көкірегі оймен толы. Бастықпаған жас маман жарқ етіп бір көрінгенше асық. Түсе қалып қамшысымен жер қазады. Шекіп-шекіп топырақ жейді. Қарайған жер көрсе қайрылмай қойған жоқ. Шипың торыдан да маза кетті. Бір түседі, бір мінеді. Жыртылған жерді құр өткізбей, көргенінің бәрін жазып, қалтасына салып барады.

«Құрман» колхозының егіншілеріне келгенде Сергейдің белі шодырайып, басы имиіп, екі тізесі аттың қамыттығына жеткен еді.

— Ей, белің сынады! — деді Амантай кетіп бара жатып.

— Мұрның бұзылды, бейшара, — деді Жанбота өтіп бара жатып. Одан әрі тәлкекке уақыт аз. Екеуі екі соқаның басын ұстаған, «қалды-ау, қалды-ау есіл тәлкек!» дегендей арттарына қарайды.

Сергей ыржиып күлді де, атқа түзеліп отырды. Төкен айтқан екі тентеҚ екі салып өтсе де шамданған жоқ. «Осылар айта берсе екен, араласа берсем екен. Елдің тіліне, жеріне түсінбей жұмыстан жеміс шығар емес», — дейді ішінен.

Олжабекке келгенде ол ойы өтпей тұр.

Шығанақтан өзгеге сыр ашпайтын ОлжабеҚ агроном келді-ау деген жоқ. Бір иығы шапаншаң, бір иығы жалаңаш түзу бороздаға түсіп алып, қайырылмастан тартып барады. Қол сілтесі, аяқ тастасы өлшеп қойғандай, бірінен-бірі қалыспайды, не озбайды. Сеуіп барады. Сеуіп бара жатқаны бүркіп бара жатқан сияқты. Сары топырақтың бетінде шыпырлаған ақ тары, меруерттей жайнап жатыр...

Сергей көзіне сенерін, көңіліне сенерін білмейді. Қолдан сепкен тұқым мұндай біркелкі түскенін көрген емес. Олжабектің қолы оған машина сияқты көрінді. Көз алмай келе жатып:

Күніне қанша себесіз? — деді.

Жөнді амандаспаған Олжабек жауапты да тез қайырмады. Көзі де, көңілі де алдында, сілтеп барады.

Шығанақ біледі, — деді бар болғаны.

Бір гектарға қанша сеуіп жүрсіңдер?

— Шығанақ біледі.

— Іле-шала себесіздер ме?

— Шығанақ біледі.

Сергей атының басын бұрып алып жүріп кетті. Кеспе, тентектің бір түрі ме? — деп кетті. Олжабек бірақ шынын айтты. Бір күні аз, бір күні көп, бір жерге көп. бір жерге аз, кейде іле-шала, кейде кешеуілдеп себеді. Бәрі Шығанаққа байланысты. Ол сөзін ұстатпайды. «Жері біледі, уақыты біледі» деп құбыла берген соң, Олжабек айтқанын істейді де отырады.

Шығанаққа келгенде Сергей алдымен Олжабекті алды ауызға:

— Шіркіннің сепкіші-ай! Әттең бюрократ. Әйтпесе айналсаң да болар.

— Бюрократ емес, көңілі ауғанда, көзі ештеңе көрмейді оның, — деді Шығанақ күлімсіреп.

— Жоқ, көрді ол мені, көрді! — деп Сергей таласып жатыр.

Бірі оқыған, бірі оқымаған екі маманның іс үстінде кездескені осы. Әңгіме әуелі катоктен басталды. Жаңа біткен ағаш катокті атқа жектіріп, бір балаға мінгізді де, Шығанақ жүре сөйлесті.

— Мұны қайтесіз? — деді Сергей.

— Жыртылған жерді азырақ таптағалы барамын.

— Таптағалы?!

— Иә.

— Таптамаңыз. Топырақ жұмсақ, майда болса, дән еркін өседі.

— Жоқ, топырақ тым қопсып жатса, арасына жел кіріп, тез кебеді. Тығыздаңқырап тегістесе, су тегіс жайып, дән тегіс өседі.

Мұныңыз ілімге сәйкес келсе игі еді.

Онысын қайдам, әйтеуір егіске сәйкес келеді.

Тұқым сеуіп, малалап тастаған жерге келгенде, Шығанақ ,кідірместен катокті жүргізе бастады. «Есіл егінді бүлдірді-ау» деп Сергей түр. Каток бетін басқандай қынжылып Қояды. Қарсыласуға, тіпті. тоқтатып қоюға еркі бар. Әттең Василий Антонович «еркіне жіберіңдер» деген сөзінен аса алмайды. Шығанақ та сол сөзді бел көріп, еркін қимылдайды. Сергей блокнотына жаза берді.

— Бүртөкелдеп жатқан жоқпысың, бала?

— Мені милиция дейсіз бе?

— Сенің де айтқаның болсын. Осы жақ шеттен екі таяқ жерге каток жүргізбеймін. Орақ кезінде келіп көрелік сонан соң.

— Дұрыс, — деді Сергей. Терістігіне қазірден-ақ көзі жеткендей боп тұрса да, таласқан жоқ. Шалыс азу шалды ырқына жіберіп, алыстан толғап тартқысы келді.

— Жол бойы көріп келдім... Терең жыртыпсыздар: жиырма екі сантиметр. Жал қалмаған. Малалауы да жақсы екен... — деп шалдың ісін қостай келе, бір сұрақты беріп қалды:

— Жырту мен себудің арасындағы мерзім сақтала ма?

— Бірде сақталады. Бірде оған қарамаймыз, — деді Шығанақ. Сергей бұған да бір қынжылып қойды.

— Агротехниканы ескермегеніңіз бе, тіпті?

— Соның өзі топырақтың, дәннің бабын табу емес пе? Сіздер кейде кітапты құшақтап қатып қаласыздар. Күн кітаптың айтқанымен жүре бермейді. Кейде амал, кейде жаңбыр — суық. Мұндай райда сепкенмен дән босқа бұғып жатады. Мен, күн қызуы жерге өте бастағанда себемін. Сонда іле көтеріледі.

Агроном жерді кептіріп ала ма деп қорыққан екен. Шалдың ойы одан әрі қамтыған соң көңілі жай тапты.

— Бір гектарға қанша себесіз?

— Жеріне қарай.

Шығанақ көк бестісін сипай қамшылап тағы да жүріп кетті. Шипың торы орнынан қозғалғанша, жылпың көк жорғалап барады. Алдарында бір топ адам, еркек-әйел боп екіге жарылып, атыз жасап жатыр...

— Шахмат тақтасына ұқсайды, — деді Сергей көз алмай қарап келе жатып. Шығанақ түсіне қоймаған соң анықтай түсті. — Қараңызшы, тіпті мінсіз жыртылған. Жыпырлаған текше сызық. Әр текшеде бір адам. Әйелдер жағы ақ, еркектер жағы қара, екі жар болып ұтысып жатыр...

Шығанақ та көзін қадап келеді. Ұтыстары ұрысқа бергісіз. У-шу. Парторг Кәрібай осылардың арасында. Екі жағын бітістіріп жүрген сияқты. Бірақ «бітімші» барған жағы еліре түседі. Сергей мен Шығанақ келгенде әйелдер шулап қоя берді. Алдымен Шығанақтың өз әйелі мен қызы арыз қылды.

— Шәңгерей суды аналарға бермек бопты, — деп Ақбалдың. аузы бұлтиып тұр. Елеусін еріне еркіндеу сөйледі:

Ерік бермесе звено боп нең бар. Үлкен кісінің сөзі қайда?

Қой, бекер шығар, — деді Шығанақ. Басқан болып тұрып көтеріп жіберді. — Суды кейін алу деген қорлық та!

— Кәрібай өтірік айта ма?

— Шәңгерейден шығады ол.

— Суды да аяйды ол, Қарымбай.

— Жанбота келген соң көрер, жанжалдың әкесін, — деп, бәрі Шәңгерей сорлының шаңын қағып жатыр.

Бұлар бәрі бір колхоз, бір звено болғанымен, екі жік. Әйелдер Жанбота айдаған жерде, еркектер Амантай айдаған жерде істейді. Суды қай жағы бұрын алса, соның егісі бұрын өнеді. Егіннің шығымдылығы да сол бұрын өнуіне, жердің суға тоюына байланысты. Шығанақ осы жағынан қамтығанда, Кәрібай басқа жағынан қамтыпты. Кімнің не Істегенін, қалай істегенін бұлтартпай білмекке, жұмысты бөліп беріп, әркімді өз жұмысына жауапты еткен. Егін шықса да, шықпаса да, сол адам соңыра көп алдында не жайраңдап, не қайраңдап бір тұруы анық. Ешкімнің қайраңдағысы келмейді, Шәңгерейдің шаңын қағып жатқаны сол. Бірақ Шәңгерей жазықсыз. Бәрін «бүлдіріп» жүрген бітімші Кәрібайдың өзі көрінеді.

— КелістіҚ келістіҚ қимылдаңдар! — деп дауыстап келді анадайдан.

Әйелдер тағы да бір шу етті:

— Нені біліп қимылдаймыз?

— Қайтты ма сөздерінен?

— Қайтты, қайтты. Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады.

— Е, бәсе! Тәуекел онда, ал, Ақбал, тұрма! — деді Шығанақ.

Кетпендер сарт-сұрт тиіп қалды жерге. Кәрібай мен Шығанақ біріне-бірі қарап жымыңдасты да кете барды. Сергей жаңа ғана сезді. Блокнотына «көпшілік жұмысы қызған жер. Кәрібай жігіт» деп жазып жатып, «төрт гектарға удобрение» деген сөзге көзі түсті.

— Өңдеу жоқ қой сіздерде? — деді жұлып алғандай. Шығанақ үндемейді. Кәрібай күмілжіді:

— Соның өзі дайын еді. Ақсақал айнып тұрғаны.

— Онсыз егін шығымы артпайды. Жүз центнерге жүз жылда жете алмайсыздар.

— Тәуекел! — деді Шығанақ. Агроном сөзі әсер етпеген тәрізді. Eгiс даласын тінте қарап, әр жерге бір кідіреді.

Үңіледі. Аузы анда-санда жыбырлап қояды. Жайшылықта байсалды, кісіге кірімді адам, қатайып, қобалжып кеткен. Ойынан шықпаған сезді тыңдағысы да, жауап бергісі де келмейді. Өз ермегі өзімен.

Сергей Шығанақты бұл қалпында көргені осы. Өзімшілдік намысы қозып келеді. Бұрынғы «Алтын шал» енді мысқа айналды. Төкен айтқан «теріс азу надан» ғылымды баса көктеп, топас ойын іске асырмақ. Аға агрономмен қалай-қалай сөйлеседі өзі, — деді ішінен. Шалмен бет ашуға мықтап бекініп, сөзді басқаша саптады:

— Мен агротехниканы бұлжытпай орындауды талап етемін. Катокты тоқтатыңыз. Жерді өңдеу керек.

— Үлкен кісінің сөзі қайда қалады?

— Ол кісі сізді қуаттағанымен, Лысенкоға қарсы емес. Агротехника егін кәсібінің бас құралы қазір.

— Лысенкоға да, үлкен кісіге де түсінбей, мені менсінбей айтып тұрсың-ау осы сөзді, балам? — деп Шығанақ Сергейдің бетіне жаңа тура қарады. Жақсы көретін жас маманы шәпетер, шағын болып қалды. Толғағы жеткен ойы туар шағында ештемені тыңдатқан жоқ. Желе аяңдап, Амантайға жеткенде, түйілген қабағын жазбастан:

— Тоқтат! — деді борозданы көре салып.

Амантай тоқтап тұр. Түсіне алмай аң-таң. Шығанақ атынан түсіп, жыртылған жердің тереңдігін өлшеді.

— Қайта жырт!

— Неге?

— Екі сантиметр саяз алыпсың.

— Арам қатқыр мына ала өгіздің кесірі. Ештеме етпес деп едім, ендігісін терең алармын...

— Жоқ. Қайталамасаң болмайды. Сендер ауырлайды, өгіз ауырлайды деп Шығанақ тұқымды бүлдіре алмайды, — деді де атына мінді. «Сендер» дегені Амантайдан асып, Сергейдің басына барып сақ етті. Сергей бірақ ауырсынбады. Қышыған жеріне тигендей «дұрыс мұнысы», — деді ішінен.

Амантай жарылғалы тұр. Жанбота соқасы заулап жүріп жатқан соң, қалып қоямын ба деп, жеңілірек алған. Енді тіпті қалып қоятын болды. Ала өгізді іштен бір теуіп, соқаны амалсыз тереңдетіп жатып, өзімен-өзі сөйлесті:

— Осы шал, құтырар бара-бара!

— Үлкен кісіні арқа тұтады ғой.

— Үлкен кісімен біз де танысып алдық.

Кейінгі сөзді қоразданып айтты. Қоразданатын жөні бар. Осыдан бірер жұма бұрын Жанбота екеуі Василий Антоновичты ауылға апарып салды ғой. Ауылда да, жол бойында Да Василий Антоновичтың кім екенін білген жоқ. Оның, көзінше екеуі сайысып бақты. Қалаға келіп, қоштасқалы тұрғанда Василий Антонович бір жапырақ қағаз жазып беріп:

...Осыны табыс етіңіздер. Ат теріндік бірдеме аларсыздар, — деді. Ойламаған жерден оралған олжаға Амантайдың іші жылып:

— Адресіңізді тастап кетіңіз, — дегенде. «Құрдасының» обком секретары екенін бір-ақ білді. Сасып та, ұялып та қалды екі жас. Ат терін алғалы кооперацияға келгенде, ат тері ат құнынан асып кетті. Екеуі мұздай киініп шықты. Қуанғаннан ескі киімдері сонда ұмыт қалып қойыпты. Ауылға келгенде, мекеден келгендей екеуін ортаға алды жұрт...

— Әттегене-ай, мұнысын білгенде езім ертіп апаратын едім! — деді Шәңгерей.

Міне, Амантайдың қоразданатыны осыдан. Содан бері бұл ауыл жібі түзу, кішіпейіл кісі келсе, «осы үлкендердің бірі емес пе?» деп үңіле қарайтын. Көктем кезінде көп келетін уәкілдердің бірі Шәңгерейге бүгін өзгеше ұнап, Ойылға өзі ертіп кеткен. Содан міне жаңа қайтты. Қасында Төкен бар, үсті-басында өзгеріс жоқ. Қабағы түсіп, мұрны салбырап кетіпті.

— Қайдан қайттыңыз, Шәке? — деді Амантай.

— Ойылдан.

— Ойылдан?

— Әлгі уәкілді апарып едім. Терімді тірідей сыпырып алып, қоя берді.

— Не қыл дейді?

— Суарманы елуге жеткіз деп қысады.

— Соны жеткізіп тыныш болса қайтер еді?

— Шығанақ көніп отыр ма!

— Әй, осы шал-ақ! — деп Амантай соқадан басын көтергенде, Шығанақтар Жанботаның айдаған жерін көріп, бері беттеген еді. Амантай жалт берді. — Күн төбеге келіпті ғой. Тыныстасын, — деп көліктерін доғара бастады.

Eгiс басшыларының осы арада басы бір қосылды. Көлі доғарып Жанбота да, тұқымын сеуіп Олжабек те келді. Бәрі томсара қалыпты. Түртіп қалсаң тілін салып алғалы тұр. «Үлкен кісіден» олжа орнына сөгіс алып қайтқан Шәңгерей сөйледі алдымен:

— Бізде білгіштер көп. Әрқайсысы бір-бір тау, басына Шыға алмайсың. Үйде отырып күпілдегенде, төбесінен құс ұшырмайды. Ал, ауданды тоқтатып берші қане! Елу гектарға қайтсең де жеткіз деп жатыр. Осыған қасарыспайық, шама келмесе көз көрер деп едім, болдыңдар ма! Терімді тірідей сылып алып қоя берді. Көпшілік жұмысы нашар, ұғындыра алмадың көпті дейді. Бәріңнің ата сақал аузыңа біткен, не бар ұғынбайтын. Үкімет айтты болды...

Шәңгерей бәрін шарпығанда көздегені біреу-ақ сияқты еді. Шығанақ та шайпау сөйледі:

— Е, не бар шамданатын. «Болды» деп рапортықды бере бер.

— Болдырығалы тұр ма? Қырықтан асса жауапты емеспін деп әуелі қыңыр тартқан сіз ғой.

— Сөзің семіз болып, ісің арық болғанша, ісің семіз болып, сөзің арық болсын, — деді Шығанақ. — Көп егінді кім жек көреді. Сөзбен көбеймейді бірақ. ісіңмен көбейт. Күздігүні жыртып тастауға қол босамады. Енді жыртуға шама келгенменен бабы келмейді. Көп салып аз алғанша, аз салып көп ала біл. Өтірікші болар жайым жоқ. «Алдынан жүз, артынан қырық» деген уәде Москваға дейін кетті. Сонда мен ойлап-ойлап қырыққа тоқтағам. Елуге жеткізсеңдер нұр үстіне нұр. Бірақ осыған палуан болып шығатын кім? Шықшы кәне! Көлденең тұрып, қырқа соқ дегенге елірмейді Шығанақ. Басым таздан аман әзір.

Палуан болып ешқайсысы шыға алмады. Тоқырап тұрғанда Сергей сөйледі:

— Сіз сол берген уәдеңізбен бәріміздің басымызды байлап бердіңіз. Гектарынан 100 центнер деген — жер жүзіндік рекорд. Агротехниканы түбіне жете пайдаланғанда ғана ол мүмкін нәрсе. Мен бала емес. Ғылымның уәкілі. Неге тыңдамайсыз айтқанды? Осындай арық жер, өңдемесе семіре ме?

— Сен, бала, ылғи менің осал жағымнан шыға бердің. Осы ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ мына жер бетінде де бірдеңе қалды ма?

Оқымаған адамның аузынан шыққан үлкен сұраққа Сергей бөгеліп қалды. Жер сыры тегіс ашылды, бәрі кітап бетінен табылады деуге аузы қалай барсын. Ғылым уәкілі болып, кітап жастана тұра осы даланың талай жұмбағын шеше алмай жүр өзі. Сазарған сары далаға қарап, талай телмірген жас-маман, шалдың сөзіне терең бойлап, таңданды да, «баласы инженер, естігені бар ғой», — деді ішінен. Жорамалдауы дұрыс. Бірақ тап баса алмады.

Шығанақ пен Махмет әкелі-балалы екеуі, бірі кітаптан, бірі өмірден ұзақ әңгімелер қозғап, кітап пен өмірді аралас сапырғанда, екі ой бірде араласып, бірде түйіртпектеп жүретін. Өзі оқи алмаса да, ілімді сүйіп, балаларын тегіс оқытқан Шығанақ, тарыға келгенде өзін артығырақ сүйетін мінезі ертеден бар-ды. «Тары ғалымы — мен» деп жарияламаса да, менің айтқаным болу керек деген берік ойын, қажымас қайрат талай қиядан шығарып келеді. Бүгін, жұртшылық алдында серт беріп, қиядан шыңға шыққалы тұрғанда етектен тартқанға шыдар емес. «Ұстамаңдар, міне, шықтым тұғырға, міне!» деп жұлқынып бара жатқан сияқты.

Бөгеліп қалған Сергей Шығанақтың, бұл сырын бірсыпыра ұқса да, өңделмеген жерге бітік егін шықпайды, ағаш каток жер бүлдіреді, деген ойынан қайтқан жоқ.

— Ғылым дегеннің ұшы-қиыры жоқ, кете барады, — деді бір уақытта. — Сіздікі бірақ тәжірибе егісі емес, белгілі ілімге сүйенген, белгілі мөлшерде өнім алатын жоспарлы егіс. Көп қолданған тәсілді сіз де қолдануға міндеттісіз.

— Үміт артқан баланың бірі едің, сенің де белің бұраңдады ма? — деп Шығанақ көк бестіні тебініп қалып, ілгерірек келіп тұрды. Қамшысьш көтеріп, ықшам сақалын тұтамдап ұстап алды. — Мына сақалға ақ енгенше, жақ сенбей, сол көптің бірі болып келгенмін. Енді көпсіз де, көптің бірі де болғым келмейді. Жас та болсаң аға тұтайын, айтшы, қане, сенің есебіңше: мына жерге қанша, анау жерге қанша тұқым керек? Мына жер неше суарғанда, әне жер неше суарғанда тояды? Толық шыққанда осы жердің тоқымдайында неше түп, бір түптің сабағы, басы, басында дәні қанша болады? Мұны білмей мөлшер айту, мұны білмей ақыл айту есуастың ісі.

— Өлтірді-ау, сорлыны! — деп сыбыр етіп, Жанбота күліп жіберді.

— Шал екеуіңнің бір шатағың бар, — деп Амантай сұқ қолын шошаңдатып тұр.

Сергейде де, басқаларында да үн жоқ. Ауыз тарс жабылып қалғанда, Төкен ыңырана бастады:

— Ей, Шығанақ! Сен қыңқ етпес қара нар емес пе ең. Бақырғаның қалай? Жаз жаңа шықты. Жұмыс жаңа басталды. Еге білсең уақыт та, жер де, су да жетеді. Сергей мен Шәңгерей үшін емес, халық үшін, үкімет үшін қасарыспай көнсең қайтеді? «Тәуекелге мінгенде алдымда тау тұрса да тайынбан» деуші едің ғой. Сол тәуекелге тағы да бір мінсең қайтеді?

Тәуекел өгіз емес, қақпалауға көне беретін, — деді де көк бестіні борбайға бір көміп, Шығанақ жүріп кетті.

Кәрібай қоса кетті. Басқалары томсарып тұрып-тұрып тараң бастады.

Оңаша ойда қалған Сергейге қайрыла қарап:

— Айтқаным келді ме? Нағыз самадур емес пе? — деді Төкен қарқ-қарқ күліп. Күлкісі Сергейге шаншудай тиді.

— Түсінбегенсіз. Терең адам. Бойлау кереҚ — деп тыжырынып Сергей қалды. Төкен көзін қиғаштай бір қарады да кете барды.

Жалғыз қалған жас агроном атынан жаңа түсіп, қолына қағаз бен автомат қаламын алды.

«Академия наук. Трофим Денисович Лысенкоға» деп астын сызды да, «тағы да сол мазасыз қарт жайында...» деп жаза берді...

Шығанақ бұл кезде ауылға барып қалған. Кәрібай анда-санда бетіне жалт-жалт қарап отырып, шал арнасына түскен кезде:

— Сергейдің сөзінің де жаны бар ма, қалай? — деп күңк етті. Оның Шығанақтың ішіне енетін жіңішке жолы осы еді. Шығанақ жауап қайырған жоқ. Естімеген кісідей келе жатыр. Есік алдында тұрған ақсақ шалдан өте беріп, қайта қайрылды:

— Боққа шыққан тарыны жеуге бола ма? Молда болсаң осыны айтып берші!

— Қайта келе халалдың харам болатыны да, харамның халал болатыны да бар. Өнген тары әрдайым халал, — деді ақсақ шал. Көзді тарс жұмып алған. Ол көзін ашқанша Шығанақ тұрмады. Нәжестер үйіндісінің қасына келгенде:

— Болмас. Молдаға дейін Сергейді қостады, — деп күле қарады Кәрібайға. — Осының өзін жинатарын жинатсам да, жиреніп едім. Тәжірибем де жоқ. Байқайық, бір гектар жер шығардым, төктіре беріңдер... — деді де жүріп кетті.

IV

Күнқақты далада жусан, мия, итсигек сияқты жуан тамырлы шөптер ғана қалыпты. Бетеге, бидайық, шалғын емге керек болса табылмас. Майда топырақ, ұсақ құм ыстық күнде табаныңды қарыса, желді күні тыныс, тынысыңды бітеп, тұншықтыра жаздайды. Алыстан қарағанда жадағай дала, таяна келе құмнан құралған төбешіҚ белес болып кетеді. Екінші жылы осы араны қайта көрсек өсіп қалған, не қалған. Құбылымпаз бір дүние.

Бәрінен де Ойыл құбылымпаз. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жүргенде Ойылдан құтылып болмайды. Алдыңнан олай бір, былай бір өтіп, беті қайсы, арты қайсы екенін де болжатпай кетеді. Осал арнаны опырып, беті ауған жаққа қаңғыра берген соң, жұрт осы өзеннің атын «Ойыл» қойса керек.

Ойыл екеу. Бірі ащы, бірі тұщы. Екеуі қосылған қолтықта сұр даладан суырыла көтерілген көк жайқын көрінеді. Сол жайқын өзінен өзгенің бәрін жасырған. Жақындай келе жайқынның іші зарлап аққан көк қасқа бұлақ болып кетеді. Бірін жауып, бірін ашып, сумен ілесе сусылдаған қыз-келіншектердің, көк кетпені күнмен шағылысып жарқ-жарқ етеді. Өзен жағасындағы шошайған жіңішке труба дір-дір қағып, боз түтінді атқытып тұр. Әлдеқайдан естілген тынымсыз күмпіл осы трубканың аузынан шығады. Текесақал, қаз мойын, қаулаған көктің қақ ортасында екі адамның төбесі ғана қылтылдайды...

«Жаннат» осы ма деп қаласың. Қысқа мойынның қасында, биік тарының көлеңкесінде кітап оқып, жантайып бір сәулім жатыр.

Қайрыла біткен ұзын кірпігі кітап бетін аударғанда бір көтеріліп, арыққа ғана қарайды. Қарашығынан от жарқ етіп, қайта жабылады. Қайта қадалады. Күн қақтап, жел желпіген күрең жүзі біресе күлімдеп, біресе түнереді. Тары Тоғайының ішінде, қасқа бұлақтардың арасында сұлап жат¬қан осы сәулім, айнасы кітап, көп әлемді көріп жатыр. Көргенін көңілге тоқып жатыр...

Қысқа мойынның аяқ шенінде, аласұрған жас жігіт өзімен-өзі әуре. Атыздары саңғырап тұр. Су жеткенше сабыр жетпей, кетпенімен ойнайды. Кетпенді шаншып қойып, кесекпен атқылап жүр.

— Маған тиетін болса, тиші.

— Үшке дейін тиші, — деп көздейді. Тисе сақ-сақ күледі. Тимесе:

— Мүлт кеттім! — деп атқылай береді.

Бір кезде кетпенді жығып, қызды алып, көңілі дауалады. Су әлі жоқ. Атызға бір, аспанға бір қарап тұрып, қысқа мойынды өрлей жөнелді. Қалың тарыға сүңгіп барады. Анда-санда қылт еткен басы ғана көрінеді. Тары кісі бойынан асып кеткен. Қыздың тұсынан кеп шықты бір уақытта. Ақырып та қалды, кетпенін ала сала айқасып та қалды. Бұрыла аққан арық суын дереу жөнге салып, қызға тап берді. Қыз тұра қашты. Тұра қуды. Жеткенше шыдамай, кесекпен атқылап барады. Қоймасын көрген соң, қыз тарыға сүңгіді. Жігіт те сүңгіді. Шабақ қуған шортандай әне жерде бір, міне жерде бір шалып, қолына түсіре алмай келеді. Айлалы қыз бітік тарыны бетке серпе қашты. Тары толқып, бетке ұрып, жігітті бөгей береді. Енді ұстадым-ау деген кезде қыз мұрттай ұшты. Жігіт тоңқалаң асты.

Құлаған екеу емес, төртеу болып шықты.

— Тарыны жапырып кетті-ау, тарыны! — деп ақыра түрегелді аяқ астынан Шығанақ. Қыз бен жігіт екеуі екі жаққа қашты. Бірінің басындағы орамалы, бірінің кепкісі қалып қойды. Шығанақтың өз құлақшыны да ұшып кеткен еді. Бас киімдерді жиыстырып, алдына салып қарап тұр.

— Мынау Жанботанікі. Мынау Амантайдікі. Соққандардың жер таппағандай үстімізге келіп құлауын. Қиратып кете жаздаған жоқ па!

— Бұл ойындары ма, төбелесі ме? — деді Сергей, үстінің топырағын қағып жатып.

— Ойындарының өзі төбелеске бергісіз. Ана қыз суды жолдан бұрып алған ғой...

Істеп отырған жұмыстарына қайта кірісті. Баланың ойыны тәрізді. Екеуінің қолында екі пышақ, тарыны пырт-пырт қырқып отыр. Бір метр жердің тарысын қырқып алған соң ашыққа шықты. Шығанақ сүр шекпенді жайып тастап, екеулеп қолмен үкті.

— Сіздің шамаңыз қанша? Есептемей тұрып айта аласыз ба? — деді Сергей.

— Екі айтқанды ұнатпайтын едім, — деп Шығанақ жымыңдап қойды. — Осы шіркін жүзден асып кеткен сияқты.

— Мен, жетсе де даусым қарлыққанша айғайлар едім.

— Онда айғайлай берсең де болады.

— Көз жетсін де әуелі.

— Бәсің бар ма?

— Сізбен таласқым келмейді. Дәлелін айтсаңызшы.

— Дәлелі көп қой мұның, — деп алып, Шығанақ әңгімені әріден қозғады. — Тұқым себілген соң үш күннен кейін дән тегіс жер бетіне шықты. Осының өзі жақсылықтың бір белгісі. Содан бастап шыққан дәнді мәпелей бердік. Егін жауы — арам шөп. Шөп жердің өз баласы, егін өгей баласы. Қарамасаң қағажу қылады. Менің звеном арам шөпке пықпырттай тиді. Көріп отырсыз, бір тал шөп бар ма, осы егінде?

— Ол енді белгілі нәрсе ғой.

— Белгілі болса да, дәнді шөпке жегізіп, бірсыпыра жұрт шөп орады. Егінді суару да белгілі. Тарының жаны су. Соны біліп істеп жүр ме?

— Сіз қалай суарасыз?

— Жерге судың тегіс жайылуын өз көзіммен қадағалап отырамын. Егілген жердің ең азы — алақандайы да сусамау керек. Шығыр сорлының шамасы бұған келді ме? Машина ғана көзді ашты.

— Неше дүркін суарасыз?

— Сирек суарып, бір құйғанда қарық қылғаннан жиі-жиі, шақтап суарған артық. Шақтап суарсаң бойына баппен тарап, үздіксіз өседі. Тарының бұл мінезін байқаған соң мен төрт рет суаратын болдым.

— Мерзімдері қандай сонда?

— Ренжісең де айтайын. Мерзімді бұздым азырақ, — деп Шығанақ қарқ-қарқ күлді. — Мерзімді сіздер тарының бойына қарап белгілепсіздер. Ол дұрыс. Бірақ ойына да қарау керек емес пе? Бой өскенмен, ой өсе бермейді. Мен соны байқап, біріншіде — бес-алты құлақ шыққан кезде, екіншіде — тары бас жара бастағанда, үшіншіде — сүттене бастағанда, төртіншіде — пісіп келе жатқанда суардым. Суды жаппай жібермей, атыз-атызбен кезек жіберіп отырдық. Жаңағы екеуінің жанжалы сол кезектен шыққан.

Сергей блокнотын жанына жайып тастады. Қолы тары үгуден босамаса да, ара-арасында бір жазып қояды.

— Бүртекелдеп отырған жоқсың ба, бала?

— Қойыңызшы, мен милиция ма? — деп шамданып қалды Сергей, Шығанақ жымың-жымың етеді.

— Дүржығұл, Жүсібәлілердің сүйегі шірісе де, осы бүртекелі шірімей-ақ қойды.

— Мұның енді өсіруін білгенде, оруын да білетін шығарсыз. Пісіп қапты ғой.

— Әлі ертерек. Үштен екісі піскенде бытырлатамыз.

Әңгіме біткенше тарының үгуі де, санауы да бітті. Агроном жазып есептеп жатыр. Шығанақ бұдан бұрын талай рет ауызша есептеп, қорытындысын шығарып қойған.

— Бір шаршы метр жерде орта есеппен алғанда үш жүз сабақ. Әр сабақта екі мың дән бар екен. Мен өлшеп келе Қояйын, — деп Сергей атына жүгірді.

Ол кеткен соң Шығанақ орнынан тұрды. Көңілі демделген қарт жай басып, жан-жағына байыппен қарап, тары тоғайының ішіне қайта енді. Өзі өсірген қалың тоғай өзін де бір таңдандырған сияқты. Түбіне үңіліп, сақалынан сипап, қаз мойын тарыға қалжыңдап қояды: — Теке сақал жарықтық, қырық, — деп тұрған жоқсың ба?

Сүйсінген сайын көңіл толып, толған көңіл тереңдей түсті. Тарылар басын ауырлап, бір жағына ауытқып кеткен. Толыға келе құлап қалатын түрі бар. Құламаса екен деп әр сабақты бір ұстап түзетеді. Түзелмейді. Миллион сабаққа тіреуіш қойып тағы болмайды. «Әттең дүние, өсе берсе, құлақтар түбінен балапандай берсе» деп құнығады, «Құлатпаса, құлатпаса» мен бұл тоғайдан шықты.

Екінші тоғай жапырыла құлағалы тұр.

— Мынау «арам» неме, қайтеді жаным-ау! — деп басын шайқады. Осы «арамды» көп айналдырып, бір түбін жұлып алып шықты. Үгіп көріп арамдығын таппаған соң, адалмен араластырып:

— Айыршы қане? Арамы қайсы, адалы қайсы! — деп бір уыс тарыға қадалып отыр. Айыра алмады. Айыра алмағанына қуанып кетті.

— Ат ариды, жем керек. Жер ариды, оған міне осы керек. Сонсоң құлатпасаң болғаны. Кете береді екен бұл! — деп орнынан ұшып тұрды. Қуанышын айтқанша асығып, жан-жағына қарағанда, көзі Олжабектің төбесін шалып қалды.

— Әй, ОлжабеҚ бері кел!

Ол саспай жүріп келеді. Келгенше тықыршып тұр.

— Қашқын Олжабек. Бас аяғыңды! Тұқымшы ОлжабеҚ сушы ОлжабеҚ құт ОлжабеҚ бассаңшы аяғыңды?

— Е, не болды?

— Жамал келді!

— Аһ! — деді Олжабек. Кетпені қолынан түсіп кетті. Аузы аңқиып қалды. — Қайда?!

— Міне! — деп Шығанақ тарыны көрсетті. — Есіңде ме, бұл әлгі Сергейдің боқтығына шыққан тары. Құлатпау амалын тап!

— Ту, шын екен деп қалсам. Бәсе. Жамал қайдан келсін.

— Жамал сенің ғана қуанышың. Мынау сенің де, бүкіл елдің де қуанышы, қуанбайсың ба?

— Осының қызығын ел қатары бала-шағам көрсе, қуанбақ түгіл жарылып кетер ем. Жиғанда ие жоқ, далбаса бір дүние де біздікі.

Қайғысын сыртына көп шығармайтын Олжабек қамығып тұр. Елден кетті, ел тапты. Еңбек етті, мал тапты. Жамалдай бірақ жар таппады. Еңбеккүнге тиген тоқсан пұт тарының міні құрамай біреудің үйінде, бәйгеге алған қызыл тайынша сиыр болып біреудің қолында, үлкен кісіден киім алмай, сұрап алған кездемесі біреудің әбдіресінде — бәрі Жамалға, Сағынтайға сақтаулы. Мынау бітік егіннен тиетін мол үлесін қайда қоярын да білмейді. Опырып істей береді. Дүние жиыла береді. Осы кім үшін? Қайда қалады? — Деп кейде ішінен тынады. Жамалым, Сағынтайым ше! — деп тулайды жүрек. Күтеді, келмейді. іздейді, таба алмайды. Тулаған жүрек жуасып, сол кезде Олжабектің иығы салбырап кетеді.

Көп адам махаббатын қолға алып, айғайлап жүр. Мақтана ма, саудалай ма? Түсінбейді Олжабек. Өзінікі жүрек басында, өзі ғана біледі. Жүрек өлгенде бірге өледі. Осыны ең жақыны Шығанақ та абайламапты.

— Үйленсеңші. Тұғырдан түсіп тұрсың ба! — деді Шығанақ көңілін көтермекке.

— Үйлену оңай. Үйлесу қиын, — деді Олжабек күрсініп. — Жамалдай жан кездесе бере ме!

— Жамалың сұлу ғой сірә, қоймайсың?

— Әй, Шығанақ-ай, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы. Аузындағысын жырып беретін еді маған. Менің өкшеме қадалған шөгірді, өз маңдайына қадалса екен деуші еді. Бет жыртқан пенде емес. Ойыңды айтқызбай табатын. Бар мен жоққа бірдей шыдайтын. Суыңды сүт қылып отыратын әйелім де, ақылшым да еді ғой, ол бейшара! Ұмытайын-ақ деймін-ау, ұмыта алмаймын, тіпті. Күдер үзгенше көңілім жатқа қарар емес, көз алдымда елестейді де тұрады. Өлігін көрсем арман не! Жер шетіне жаяу іздеп барар ем. Тым болмаса моласын да құшпадым.

Олжабектің көзінен меруерттей екі жас домалап кетті. Бір кезде туып-өскен елден, кіндік кескен жерден кеткен, емендей қайыспайтын Олжабекті махаббат тал шыбықтай бүраіп-бұрап жіберді.

Карт Шығанақ аңырып отырып қалды. Аз сөйлеп, көп істейтін, көп түйіп, аз шешетін тұйық жанның сыры теңіздей терең көрінді оған.

— Сүйсең осылай сүй! — деді әлден уақытта. — Тауықша шапыр-шұпыр бола қалып, бетімен кете барса, сол тауықтан адамның несі артық. Шапыр-шұпырды айуан да біледі. Ыстық-суыққа, аш-тоққа, қуаныш-қайғыға, ақылға ортақтаса білгенді айт. Сүйген жүрек соның бәріне көнеді. қалған жүрек қит етсе айни қалады. Сен келгелі Айымкүл Үш байға шықты. Ерғали үшті тастап, төртінші алғалы жүр.

Көктем жылында бір-ақ келеді. Пайдалана білсең жылдығыңды бір-ақ береді. Тау бұзылады. Берік көңіл бұзылмайды. Беріктігіңе сенсем де, жұмсақтығыңды жоқтаушы ем. и да табылды. Жамал да табылар. Қайғырма, дос. Дүние деген шіркіннің тәттісіне түшіркеніп, ащысына ашырқанбаса, адам сорлы не көрдім деп кетеді. «Аяма өзіңді. ер жүзіндегі ең көркем, ең айбынды қасиет осы,» — депті

Максим деген жазушы. Мұндайда өзіңді аямағайсың. Аядың-ақ, ери бастайсың...

Василий Антоновичтен естіген Горькийдің осы сөзін Шығанақ өз ойының пэтуесі есебінде айтты. Махамбет, Шернияз, сияқтыларды көп білетін құйма құлақ қарт тір- шілік еңбек күресінде жаңа құрал тапқан сияқты. Қамыққан Олжабекті қатайтқандай, Горькийге ішінен тағы да бір ден қойып, толықсып отырғанда, қылт еткен екі адамның басын көзі шалып қалды. Жүрегі селт етіп, қапелімде денесі мұздап кетті. Көрмеймін, ойламаймын десе де, егін ішінен қылтиған екі бас ойынан шығар емес.

Оның бірі — жақсы көретін өз қызы Ақбал. қасындағысы — көрші колхоздағы Қашқынның ұлы. Қашқын Шығанақтай болмаса да, боламын деп аласұрып жүр. Сөзін де, ісін де артық өлшеп, кем пішетін ұрт мінезі бар. Кейде қарап жүріп Шығанақпен шатасып қалады. Соның бәрін кешірсе де, Қашқынның Төкенмен жақын жүргенін жақтырмайды Шығанақ.

Екі жас оған қарамапты. Қашқынның баласы қырындап келе береді. «Осы неге келе береді?» деп Шығанақ Елеусінге бір рет түйіле қараған да болатын. Ерін қабағынан танитын Елеусін, бұл жолы танымады ма, таныса да Ақбалға таныта алмады ма, көзге тағы түсті.

Шығанақ «бұл қалай? деп ойланып отыр. Үй ішінде алалық кездескені осы. Ойын айтқызбай білетін әйелі мен баласы жат мінез шығарды. Неге шығарды? Ежіктей келе Шығанақ тағы да махаббатқа тірелді. Кәрі жүрек өткен күндерді сүзіп келіп, «сүйген болса, сөз өтпейді. Сұра!» — деп тұр.

— Ақбал, ай Ақбал! — деді сонсоң, Шығанақ дауыстап. Алыстан іздегендей, бетін әдейі басқа жаққа бұрып дауыстағанда, жақыннан қылт етіп шыға келді Ақбал.

— Ақбалжан, егініңді аралап жүрмісің? Мына шіркін бәрінен асып барады.

— Осы «арамды» маған орғызыңызшы? — деп күлді Ақбал.

— Кім орса да, ақсақ молда адалдап берген, — деп Шығанақ та күлді. Ақырындап аттап, баласының бетін байқағалы келеді.

— Көрші колхоздардың күйі нешік екен, тілдескенің бар ма?

Олжабек үндемеді. Ақбал қайырды жауабын:

 — Жаман көрінбейді.

— Қашқын шіркіннен не хабар бар?

Ен, тәуірі сол.

Машина сұрап жүр еді. Онысы не болды екен?

— Алмақшы бопты ғой.

— Е-е, жақсы болған екен. Менімен кикілжіңі бар еді, көп келмейді.

— Арадағы сез шығар.

— Кім біледі екі ұрық антұрғанды.

— Ақкөңіл кісі өзі.

Соның, баласы ештеме істей ме, осы? — деп Шығанақ ештеңе сезбегендей аңқау қарады Ақбалға:

— Еңбеккүні менімен бірдей.

— Жақсы екен. Тек әкесінің мінезі жұқпасын де.

— Әкесіне тіпті ұқсамайды ғой, — деді Ақбал. Шығанақ осы арада баласын ұғынып жеткендей болды.

— Елеусінге айтшы, ертерек қайтсын үйге. Сол антұрғанның, дәм кезегі бар еді...

Ақбал әкесінің сөзіне жылып кетті. Тарының тасасына түскенде аяғын жүгіре басты...

Бұл кезде шын жүгіріс тары сыртында, ауыл мен екі арада еді. Сергей үккен тарысын таразыға өлшеген соң, атына міне шапты. Ермағамбет, Кәрібай, Шәңгерейлер құрғақтағы егісті көруге кеткен. Солардың алдынан шығып, бәрі қоса шауып келеді. Қалың тарыға тірелгенде аттарынан түсе қалып, жаяу жүгірді. Арғымақ Сергей ең алдында, есік пен төрдей жерді бір-ақ аттайды.

— Рекорд!

— Рекорд! — деп, келе Шығанақты көтеріп алып қақпақылдай бастады бәрі!..

Агроном Сергей алқынып тұрып қорытындысын естіртті:

— Шаршы метр жерде үш жүз сабақ. Әр сабақта мың жарым, екі мың дән. Жүз дән жеті грамм. Сонда бір гектардан жүз жиырма бес центнер. Жер жүзіндік рекорд! Ешкім ешуақытта жеткен емес, бұған!

V

Жер жүзі дүңк-дүңк етеді.

— Жер шұрайы бермегенді, қураған дала берді!

— Ғалымдар таппағанды оқымаған дана тапты!.. — деп дүңкілдейді. Шығанақ сөзі ауыздан ауызға, Шығанақ суреті қолдан қолға кетті. Өзін біресе самолет алып ұшады, біресе поезд алып қашады. Москва мен Алматы қақпақылдап, ортадағы Ақтөбе алақанын жайып тұр.

Ойыл мүлде аңырып қалды: Шәңгерей шыж-шыж етеді:

— Жұмыс істетпеді! Неме керек осы ахаху! — десе Зәру бәйбіше де:

— Шалымызға зар қылды ғой, — деп қостап қояды, Елеусіннің қаупі бәрінен зор.

— Шықаңа ие бол. Тым көтермелеп кетті... — деп Амантай антұрған қуыстандырып қойыпты.

Шығанақ шаршап жатыр. Осының бәрі көңілінде сайрап жатыр. Поездан түскелі маза жоқ. Жалаңдаған көп тілші бірін жөнелтсе, бірі қарындашын суырып тұра қалды... Суретші дегендер жан-жағынан сыртылдатып жүргізбейді. «Жұмысшылармен дидарласпайсыз ба?», «балалар сізге ынтық» еді деп, біреулер үйді жаңа ғана босатты, Бәрін жөнелтіп, енді тыныштық ала бергенде, есікті тағы қақты.

— Кіріңіз, — деді Шығанақ амалсыздан.

Кіруші ұзын бойлы, ілмиген қарт екен. Көзінде көзілдіріҚ қолында папка. Тілі күрмеліңкіреп сөйлейді. Арыстай боп жатқан Олжабекке, тізесін бүгіп құнтиған Шығанаққа кезек-кезек қарап тұрып:

— Мен художник боламын, — деді де жалма-жан папкасын ақтара бастады. — Айыпқа бұйырмаңыз, жоғалтып алыппын. Әлгі, тарының маманы қайсыңыз боласыз?

— Екеуміз де.

— Қап, жазып-ақ алып едім...

— Жоғалтпаса қартая ма кісі. Нешедесің, замандас?

— Алпыстамын. Қарғыс атқыр кәрілік қашсаң да қоймайды.

— Құрдас екенбіз. Қашып қайда барамыз.

— Япырай, таппадым. Аты тілімнің ұшында ғана тұр. Әлгі ең мықтысы...

— Е, ол ана кісі, — деді Шығанақ. Құрдасының түрін көрген соң қалжыңдасқысы келді азырақ. Олжабек ұйықтап жатыр. Художник оята алмай, қарай береді.

— Қажет болса мен оятайын.

— Рұқсат етсе, суретін салмақ едім...

— Ететін шығар.

Олжабекті оятып:

— Мына кісі суретіңді салғалы келіпті. Ал, сала беріңіз, — деді де Шығанақ шығып кетті. Үндемес Олжабекті отырғызып қойып, художник қолға алып жатыр.

Тыныштық іздеген Шығанақ жоғарғы этажға шығып, қалтарыстағы диванға келіп отырды. Қаба сақал, бір шонжар тағы отыр. Сөз әлпеті, бұ да ығыр болғанға ұқсайды:

— Осы даң-дұңның өзі қарт кісінің қолы емес, — дейді баяулап. Шығанаққа айтпай, өзіне-өзі айтқан сияқты. Қарамайды, қозғалмайды.

Кәрліктің де бабын табу қиын. Қызу шақты, топ жиынды көксеп көйгей тартқан көкіреҚ осындайда керден, етіп жалт береді, — деді Шығанақ.

Сол көңіл дегеннің өзін еркіне жібере берсе опқа шығады. Оның өзін тізгіндеп ұстаған жөн.

Е, жіберіп-жіберіп алған жақсы да. Арындап маза бере ме, әйтпесе.

— Арындағанның бәрін күш кернеп тұрмайды. Сор қысатыны да болады.

— Сор шықпай, бақ келген бе. Шықсын сол, қайта.

— Сордың бәрі бақ әпермейді. Осының өзін тереңірек ойласа деймін. Бізде Бекбау деген бір жігіт бар. Қарап отырғанша, әңгіме болсын. Жұмыстан қалмайды. Қара тақтадан түспейді. Жалқау емес, салқам. Берген сайманды жоғалтады, не бүлдіреді. Ең ақыры қамыт бау да шақ келмеді. Соның бейнетін, жаманатын алдымен өзі арқалайды. Жұрт демалған күндерде де онда тыныштық жоқ. Ең болмаса көшеде басын соғып жатқаны. Арқырағанда айғырдан артық. Сөйтсе де үй бола алмай, табысты мандыта алмай, тапқанын ұқсата алмай келеді. Осының өзін, мен сорлы білемін. Бұл сорға бақ келсе, бақтың да қалжырағаны. Ал енді, осында көп адам жиналыппыз. Құлақ салсам, жұрт бізді «өңкей ығай мен сығай» деп жүр. Соның ішінде мен де болуым керек. Өзіме қарағанда осы «ығай мен сығайлар» бұрынғы сорлылар сияқты. Мынау қолдың тұрпатын көресіз бе? — деп қаба сақал қарт сөзін бөлді де, алақанын жайды. Саусақтары сүймендей, алақаны теріліктей көрінді Шығанаққа. Күстері қопсып, құрыстары жазыла бастаған екен.

— Ащы и, қатты қайыстың істегені. Осы сорлы қол бүгін баққа жетті. Бақ дегеннің өзі: денсаулық, жанған еңбек тағы. Шығанақ деп жұрт шулайды. Бұрын болдым дегендер бір болыс елден көп аспайтын. Ол жер жүзінен асты Деп естимін. Еңбекті кім істемей жүр. Бірақ ұқсата бермейді. Ұқсатсаң — бақ. Ұқсата алмасаң — сор.

Шығанақ қапелімде тосын қарттың тұлғасына ғана сүйсінген еді. Енді іші де мығым екен деді. Сөзін баппен айтып, «осының өзін» деп нықтап қойғанда, Олжабектің әкесіме деп қалады. Әңгіме еңбекке тірелген соң шонжар қартпен шүйіркелесе сөйлесті.

Дұрыс айтасыз. Бақ пен сордың әкесі еңбек. Бізде де бір Бекбау бар. Аты Қабыш, — деп Ойылда қалған құрдасын есіне түсірді. — істегені көп, ұқсатқаны жоқ. Енді жұртта қалған жүн-жұрқаны тере бастады. Жұртта жатқан бақты естіген емен. Ол шіркінің арыстанның аузында, шыңыраудың түбінде жатады ғой. Аянбай қимылдап, айласың таппаса алдыра ма. Менімен бірге Олжабек деген жігіт келді. Соның, маңдайының соры тура төрт елі болатын. Қазір тоғыз жүз еңбеккүн тапты. Сор енді маңынан жүріп көрсінші!

— Жүрмейді! — деді қаба сақал қарт сөзді бөліп. — Біздегі бір сорлы әйел жүз саулықтан жүз жетпіс бес қозы алды. Ол да осында келді. Көрерсіз қазір, ханым сияқты.

— Өзіңіздікі қанша?

— Біз енді қартайдық қой. Жеті жүзден аса алмадым. Бірақ еңбеккүніміз күйсіз емес. Сіздердікі ше?

— Біздің еңбеккүніміз, тіпті семіз шықты биыл. Гектарынан жүз жиырма бес центнерге дейін алдық.

— Е-е, Шығанақтың колхозынан екенсіз ғой.

— Сол Шығанағыңыз мен боламын.

Қарт басын көтеріп алды. Кісіге тура қарамайтын қара көзі Шығанаққа қадалып қалды. Орнынан жаңа ғана тебіренді. Үлкен құлашын барынша жайып тұр.

— Кел, құшақтасып амандасайық!

Екеуі құшақтасып жатқанда бір әйел қастарына келіп тұр. Сынап тұрғаны, сүйсініп тұрғаны белгісіз. Езу тартып күлгенде маржандай тізілген ақ тісі жарқ етті. Мөлдір көзін көп қадамай, қап-қара ұзын кірпігін түсіріп жіберді де, диванның шетін ала отырды.

— Осының өзі неге тұрады! — деді қарт, қайта жайласқан соң. — Шұрқырасып қосылғанға ештеңе жетпейді!

Тып-тыныш отырған әйелдің көзінен домалаған жас коверкот пальтосінің етегіне сырт-сырт тамып кетті. Әйел сезбеген сияқты. Өңінде өзгеріс жоқ. ТеҚ жасты сығып қалғанда ғана көз құйрығындағы әжім анық көрінді. Өңі сынық, киімі түзік. Ақсұр бетінің дәл ұшындағы қара мең қарашықты өзіне суыра тартады. Кең отырып, қымсынған болады. Жай отырғансып, бәрін байқап отыр.

Жібек мінез, түсі шүйгін әйелді Шығанақ та байқап қалды. Қала адамы, дала адамы екенін айырған жоқ. Ақшыл бетте екі тарам жол жатыр. Шаттық жолы ма, қасірет жолы ма? — деп әлсін-әлі қарайды. Тани алмайды. Түбіт шәлісін тамағына орай байлаған. Кең маңдайы, үлпе бұғағы сібірлеген таң сияқты, айқын көрінбей, ақшыл сәуле ғана білінеді. Қозғалмайды. Сөйлемейді. Ол қозғалса қаны қызып кеткендей, ол сөйлесе самал бүркіп сепкендей, Шығанақ аңсап отыр.

Қаба сақал қарт Шығанақты да, әйелді де байқаған жоқ. Тұңғиық қарасудай түнеріп отырып, жел үргендей беті бір жыбыр етті:

— Осы, сіздің жердің өзін жайсыз деседі. Біздің жақтың адамы тұра алмаса керек. Сондай жерден осынша егін алу ғаламат боп көрінеді маған.

— Жеріміз тым қатыгез, тым сараң. Сырын тапса, одан мейрімді, одан береген өтпейді. Бермес сараң болмас, сұрауы табылмас. Жұрт кейде білмей айтады. Ғалымдар ең жақсы дәнді біздің жерден тапқан. Америкаға жайылған ақ бидай біздің жерден шыққан деседі. Жаман жерде жел ескен. Жақсы жерге ел көшкен. Он екі ру Байұлы, алты арыс Ақкете жайлаған жер жаман бола ма? Жақсысын ала алмай, жаманын жеңе алмай жатырмыз ғой, әйтпесе...

— Әлі де мүддең бар ма? — деп қарт жуан кеудесін Шығанаққа бұра қарады.

— Жеткенімнен жетпегенім көп сияқты.

Екеуі де кілт тоқтап, бір ойға бойлап кетті. Әйел ақырын ғана екеуін көз құйрығымен сипап өтті.

— Тамақты бүгін қайдан ішесіз, ата? — деді әлден уақытта әйел, назқоңыр дауыспен.

Қарт жаңа ғана көрді әйелді.

— Осында дайында, балам. Айырмен жеудің өзін біле алмай, қолмен жеуге ұялып, атаң қысылып жүр ғой, Екі шал еркін отырып, жиылыс ашылғанша қаузанып алайық.

Әйел сөз қайырмай тұрып кетті. Шығанақ білгенше асықты.

— Бұл кісі қандай балаңыз?

— Тумаған бала. Туғаннан кем емес. Әлгі жүз саулықтан жүз жетпіс бес қозы алған осы кісі.

— Жолдасы бар ма, өзі келісті адам екен.

— Әзір жоқ.

Шығанақ енді Олжабекке алып бергенше асықты. Сөзді Қалай бастарын, ретін қалай табарын біле алмай тықыршып отыр.

— Шіркін, біздің Олжабекке қисыны келіп-ақ тұр екен, — деді бір кезде.

— Жоқ. Күткені бар.

Тұжыра айтқан қарт сөзі Шығанақтың үмітін шорт кесті. Жақсы түс көріп оянғандай, әйел сонда да көңілінен шықпайды.

— Құтырдың ба, Шығанақ! Құтырған шығарсың! — Деп Олжабек келеді.

— Неге құтырам, қарап отырып.

— Біреуді босқа әурелегенің не?

— Өзі тіленсе ұстап тұрасың ба?

Папкасы будырап художник те жетті. Олжабектің, бет бейнесін салып қана үлгірген екен. Танауын әлі салып болмапты. Саңқиып тұр.

— Шығанақ жолдас, мұныңыз қалай! Мен искусствоның адамымын. Сіздің бейнеңізді бақи қалдырмақ едім.

— Құрдас кісі ойнай береді. Мынаның танауын келістірген екенсің.

— Әй, қарғыс атқыр кәрілік! Қашан келейін енді?

— Аузыңнан арақ иісі арылғанда кел.

Художник тайып тұрды. Ол кеткен соң:

— Үлкен сор осы мастық! — деді де шонжар қарт орны¬нан тұрды. — Дам татыңыздар. Жол азығын бөліп жеген қандай жақсы.

«Ауылдың алдыңғы адамдары, қош келдіңіздер!» деген сөз әр этажға, әр қақпаға, көше бойына тегіс жазылған. Қарасаң көз тұнады. Алматы қызылға бөленіп, тумен бірге толқып тұрған тәрізді. Келген адамға гостиница лық толы. Колхоз құрылысында өзгеше көзге түскен өңкей ығай мен сығайлар. Соның ішінде бір кезде колхоздан қашқан Олжа¬бек те жүр. Ол, осы сый-құрмет, мәртебені көрген сайын Жамалын есіне бір алады. «Неден қашып, неге ұрындым?» деген өкініш екі қарттың соңын ала үйге енгенде де қоса еніп еді. Өзімен-өзі болып төмен қарап отыр.

Қонақтар келгенде теріс қарап, шкафтан дәм алып тұрған жаңағы әйел екі қолында екі тәрелке, бері бұрылғанда қалшиып қапты. Тәрелкелер қолынан түсіп кетті. Қара көзі шатынап шарасынан шығып барады.

— Ол-же-ке! — деуге-ақ келді тілі.

Олжабектің де есі шығып кеткен.

— Жамал! — дегенде ашылған аузын жаба алмады.

— Түсім бе? Өңім бе? Жоқ, түсім, түсім... қазір оянып кетем... — дейді әйел. Жас балаша аяғын дір-дір басып жақындап келеді. Олжабек ұшып тұрып құшақтай алды.

— Жамалым, Жамалым!

— Олжеке, Олжеке!..

ҮШIНШI БӨЛIМ

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

АУЫР КҮНДЕР

I

Ақыр заманның дәл өзі сияқты. Дүние астан-кестен. Тынық мұхит, Мұзды мұхит, Атлантика таудай толқынды аспанға атып, құтырып жатыр. Аспан шашып, темірден сел құйып тұр. Жер дегенің лаулап жанып барады. Адам қаны өзен боп сарқырап, адам өлігі тау-тау боп үйіліп қалды. Жалмауыз неміс сонда да тойған жоқ. Тажалдай жалмап келеді. Париж, Прага, Варшаваларды Балканымен бір-ақ қылқып, Москваға жеткенде бір ышқынып тұра қалды.

Европа сыйған ауызға Москва сыймай тұр. Дүниенің өзгесі дене, Москва басы. Оны жұтса не қалады? Әйтсе де қанды аузымен қапсыра тістеді неміс. Ышқынып келіп тартады. «Өтіп кете ме көмейінен, өтіп кетер ме екен!» деп қылп-қылп етеді әлем.

— Москва үшін мал да, жан да фидә?.. — деп жұрт шулап қоя берді.

Шығанақ бұл кезде өте ауыр халде. Бір күн ауру, бір күн сау. Бірі тән ауруы — қылтамақ. Бірі жан ауруы — Отанға түскен салмақ. Өзі қарт адамды екі ауру қабаттап, жүдетіп жіберді. Сонда да жатпады. Белін мықтап буынып, таяғына таянып, жұмыс басында болады. Үш күннен бері ауылға қайтқан жоқ, Ойылда жатыр. Почта конторындағы оңаша радиоға құлағын төсеп, түнеріп отырғаны.

— Жолдастар, — деген үн шыққанда, оның көзінен жас бірге шықты. Сағынған дауысты салған жерден, бұлжытпай таныды.

Ой, садағаң кетейін! — деді, күшті қол шапалақ естілген кезде. — Отаннан аяған жан, бұдан аяған мал не керек!

Сөз бітісімен шыға жөнелді. Тым асығыс шықты. Таяғы конторда қалып қойды. Жебелей басып райкомға келеді.

Райкомның табалдырығын аттай бере-ақ:

— Жаз Кремльге! — деді Ермағамбетке. — Тары немістің көзіне құм боп құйылыпты. Бұдан бұрын төрт баламды, екі жүз елу пұт астығымды бергем. Үйде жүз пұт тары, жиырма мың сом ақша бар, соны тағы бердім. Алдағы жазда гектарынан екі жүз центнер тары аламын. Осылай деп атап-атап жаз! — деп, қағазды нұқып-нұқып қойды да, сипалақтап жан-жағына қарады.

— Таяғым қайда кетті?

— Таяқсыз келдіңіз.

Таяғының ұмыт қалғанын жаңа ғана білді. Ойындағысын тықпалата айтып, жаздырысымен орнынан көтерілгенде:

— Тұра тұрыңыз, — деді Ермағамбет. — Екі жүз центнер алам деп салдыңыз ғой. Үкіметтің қандай көмегі керек?

— Тәйірі не дейді! Көмек бермесе, көмек алатын шақ па осы!

Басқа сөзге келместен шығып кетті. Таяғын барып алған соң, ауылға тура тартты.

Тез жетіп қайғылы ауылды қуантқалы келеді. Басшы сөзіне көңілі бір демделсе де, кең дала қапас! сияқты, бойды әлі серпілтпейді. Жақын ауыл алыс сияқты, шоқытса да жеткізбейді. Алыста жатқан Москва көз алдында. Москваны торыған неміс жүрегін топ қылып ойынан бір кетпейді. Жол үстіндегі жүргіншілер қатты жүргізбей келеді. Бәрінің беті колхозды қалың ел. Бәрінің тасығаны кемпір-шал, қызыл қарын жас бала. Жерін, мүлкін тастап босып шыққан украин, белорустардың бала-шағасын шана-шана қып колхозшылар әкетіп барады.

— Тоңып қалмасын, үсіп қалмасын, — деп өте шығады Шығанақ. Демі ішіне сыймай күрсінеді. Ыза кернеп жанып бара жатқандай, жағасын суық желге аша түседі.

Тар жолдың үстінде жалғыз жортқан бір адам қарсы кездесті. Бет-аузы аппақ қырау. Қараңғы түнде танып бол¬майды.

— Кімсің? — деді Шығанақ, үңіле беріп. Ол ыңыранып дыбыс бергенше, ойындағысын айтып тастады. — Басшы сөйледі... Жақсылық таяу.

Кездесушіге бұл сөз әсер етпеген тәрізді. О да үңіле қарап алып, шалқия сөйледі:

— Бишара, қалтақтап қайдан келесің?

— Мә, саған бишара! — деп Шығанақ таяқпен періп кеп жіберді. Таяқ екі бөлінді. Ат жалын құшып жүре берді әлгі адам.

Ызалы қарт оңаша шыққан соң өзінен-өзі сөйлеп келе жатыр:

— Е, тәйірі сенен-ақ өлдім ғой, осы! Қолда дойыр болмады, не керек! — таяқтың сынығын тастай берді жерге.

Кездескен, белгілі Төкен еді. Төкен соғыстан бері Шығанаққа баяғысындай қомсына қарайтын. Шығанақ онысын елемесе де, елетпей қоймады. «Ойыл жеріне өнімді егін шықпайды» деген сәуегейлігін Шығанақ бір емес, үш рет жер жүзіндік рекорд жасап талқан қылған соң, Төкен күрес әдісін өзгертті.

— Осы ауылда көмулі ұралар бар... — деп бықсытып жүрді бірдемені. Онымен ешкім шауып келе қоймаса да, жансыз байқаушылар болса керек. Шығанақ сезіп қалып қатты ренжіді. Төкен онымен де қойған жоқ. Кейінгі кезде аяғын кердең-кердең басатынды шығарды.

— Аты шығып қалғаны болмаса, Қашқын, Зәуре, Күлместер онан асып барады, — деп Шығанақтың озық шәкірттерін өзіне қарсы шығарудан да ойсыз болған жоқ.

Шығанақ осының бәрін ішіне сақтап:

— Тағы басынды. «Күнім туды» дегені ғой, — деп зығырданы қайнап жүргенде, Төкен ойламаған жерден кездесті. Қуанышты хабарды елемегені былай тұрсын, тым тәкаббар сөйледі. Өзі тақау тұрған қарт шыдамады, періп жіберді сонан соң.

Көк атты танаулата, қыраулата колхозға жеткенде, колхоз адамдары жиылып Шығанақтың үйінде еді. Ел жататын уақыт әлдеқашан өткен. Айтарын айтып болып, бәрі тұнжырап қалыпты. Көздері іскен, еңсесі түскен, зілдей қайғының астында уілдеген «уһлер» ғана естіледі.

Шығанақ кіріп келді. Бәрі шу ете түсті:

— Москваны алғаны рас па?!

— Бекер! Кім айтады?

— Кім біледі, бір хабар аяқ астынан дүңк ете қалды.

— Шәңгерей, Кәрібай, Жанботалар білуге кетті....

— Былшыл! Мен осы құлағыммен Кремльдің қоңырауын естіп келдім.

— Ой, аузыңнан айналайын!

— Жүрегіміз жаңа орнына түсті ғой.

— Басшы не деді! — деп бәрі Шығанақтың аузына төнді.

— Жау күйреуге жақын. Майданға барыңды сал, — дейді

Басшы. Өзі тіпті ештеңе сезбеген сияқты. Баяғысындай кең. айылын да жиятын емес. Партия халыққа сеніп тұр. Бәрің ортаға салыңдар. Мен тағы да жүз пұт тары, жиырма мың сом ақша берем.

— Мен, бір сиыр.

— Мен, отыз пұт тары.

— Мен, бес мың сом... — деп әркім әліне қарай жүрек сүйіншісін шығарып жатыр...

Көпшілік атарын атап болған соң, Шығанақ қойнынан бір бума пакет алып Ақжібекке тастады.

— Алып қой, қарағым, кейін оқырмыз. Ал енді, сол беретіндеріңді осы түннен бастап жөнелте беру керек. Отырмаңдар! — деді де әуелі өзі тұрды орнынан. — Кемпір, шам жақ. Қамбаға баралық.

Көпті таратып, Шығанақ қамба ішінде астық қаптап жүргенде Кәрібай, Шәңгерей, Жанботалар да жетті алқынып.

— Ойпырай, рас па, Шықа? — деді Шәңгерей. Үлкен мұрнының ұшы қып-қызыл, көзінің сорасы қатып қапты.

— Рас.

— Уһ, кеңірдегімнен біреу қиқылдатып тұрғандай еді, жаңа тыныстадым ғой.

— Босатқан жоқ әлі! Кес, сол қолды, — деп тұр партия. Бір тары — бір оқ көрінеді. Тарың бар ма?

— Табылады. Бір шананы өзім жөнелтемін. Колхоздың екінші қамбасын ашсақ қайтеді? — деді Шәңгерей. Сараң Шәңгерей тіпті дарқан. Кәрібай артын да ойлай сөйледі:

— Берген жақсы. Тұқым да, ішермен де қалған жақсы. Байқаңыздар, соғыс ұзайтын түрі бар ғой. Аудан ештеңе нұсқап па еді, Шықа? — деп бүлк еткенде, Шығанақ шарт етті:

— Е, тәйірі, сенің-ақ нұсқауың бітпейді екен! Сұрап бергенше соғып бер. Партиядан артық кім нұсқайды.

Кәрібай дым қоя қойды. Сазарып тұрған Жанбота жаңа ғана тіл қатты:

— Сізге кездеспеді ме Төкен?

— Кездесті.

— Ештеме айтпады ма?

— Айтқандай болған жоқ. Салған жерден «бишара», — деді мені. Мен, мә бишара деп салып қалдым. Таяқ екі бөлінді. Ат жалын құшып кеткен.

— Жақсы істегенсіз! — деп күліп жіберді Жанбота.

— Өртеп жүрген сол көрінеді.

— Қап! — деді Шығанақ. — Амантай шіркін, зарың өтті-ау. Ол иттің ғана баласының мұнысын білгенде үйінен суырып алдыратын едім.

Жанбота да соғыста жүрген тентек Амантайды осы арада есіне бір алды.

— Азамат жоқ деп басынады ғой. Сол әуейге Амантайсыз да әлім келер.

Москва көмегін тез жіберуге Кәрібай, Шәңгерей асығып шыққанда, Шығанақ Жанботаны алып қалды. Қарт адам екі-үш күнгі үдре жұмысты елеп қалса кереҚ төрт бес қапты толтырғаннан кейін алқынып отыр. Қамба іші тұмандап, шынысыз шамның әлсіз сәулесі жүзін жөнді көрсетпейді. Не айтады? — деп Жанбота телміре күтіп тұр. Шығанақ жуырда айтпады.

— Өздерің жөнелте беріңдер. Мен жантая тұрайын, — деп астық жөнелтуді қатын-баласына тапсырды да, Жанботаға иек көтерді. — Үйге баралық.

Үйге келген соң да, төсегіне киімшең жантайып, біразға дейін үндемей жатты. Ұрты ішіне еніңкіреп, бет сүйектері шығыңқырап кеткен екен. Мұрны бұрынғысынан үлкендеу көрінеді. «Осы кісі жүдеп барады-ау!» деді ішінен Жанбота.

— Мен бүгін оразамды ашпасам керек. Кемпірдің қойғаны бар ма екен? Қарашы, Ботажан, — деп Шығанақ басын көтерді.

Қойғаны бар екен. Бір сүйемдей піскен қазыны алып келіп, күлдей қылып тұрады да, Жанбота алдына қойды. Шығанақ құмарта аузына бір салған соң табақты сырғытып жіберді.

— Ботажан, жеп қой мынаны

— Жесеңізші.

— Бармаса қалай жейін.

Жанбота аяп кетті. Шығанақтың тамағынан өтпеген сары қазыға қарағысы да келген жоқ.

— Әттегене-ай, Москваға бара алмай қалдыңыз-ау! — деді өкініп.

— Е-е, шырағым-ай! Шығанақ қайда апарсаң да мың жасамас. Одан да сол Москваны ойла. Ол кетсе күндерің не болады? Ызамен аузымнан бір сөз шығып қалды. Екі айтуға болмайды. Олжабек малда, Амантай әскерде. Балаларым әскерде. Кәрібай мен Шәңгерей ат үстінде. Ойлап тұрсам қатын-қалаштың арасында екеуіміз ғана қалыппыз.

— Мен де әскерге кетем.

— Кетпе сен.

— Кетем, Шықа. Бұрынғыдай найза емес, оқ жүреҚ айла екен ғой соғыс деген.

— Бәрін, кеткенде елді кім асырайды? Әскерді кім асы. райды? Соғыс майданда ғана емес, ел ішінде де. Ауру шалға бар салмақты тастап қайда барасың?

Жанбота ойланып қалды. Ел, майдан екеуі бір екенің Шығанақтан кем білмейді. Бірақ дәл қазір жан алқымға келген шақ. Не өліп, не өлтіру ғана қалғанда, әкесіндей сүйкімді қарт ертеңгі күнді ойлап тұрған сияқты.

— Москваны алып қойса да егін сала бермексіз бе?

— Ала алмайды! Ала алмайды! — деп Шығанақ дәуірлей жөнелгенде, Жанбота еңіреп жіберді.

— Ала алмайды дейсіз, төніп тұрған жоқ па?!

Шығанақ бәсеңдеп сала берді. Теріс қарап күйбеңдейді.

Болмаймын десе де кезіне жас толып, аузы кемсеңдеп кетті. Сөйлейін десе көңілі бұзылғаны даусынан белгілі. «Ауылда қалған қатын-бала, кемпір-шалға қазық болып отырған қарт босаса, басқасы еріп кетеді» деген сана ғана ширатты Шығанақты. «Күйбеңдегенім осы еді» дегендей, төсегінің арасынан бір тағым шек алып, Жанботаға он, қарады.

— Құрыш па десем, қоғадай майрылғаның не, Ботажан?

— Ішім толып кетті.

— Мұндайда көз жасы көмек емес. Ширап соғу кереҚ — деп, Шығанақ Құрманғазыны тарта отырып сөйледі. — Екі талай күн туды, балам. Қабырғадан қан жауып, халқым қалқып тұрған кез. Ел — ерге, ер — елге қарайды. Екеуі де қысылды. Жасыңнан баптап келіп ем, енді томағаңды алып, жібергелі тұрмын. Көрермісің, көрмеспісің, білермісің, білмеспісің, алпыстан асып көрге аяқ салғалы тұрғанда, соны бір көргім келеді.

— Айтыңыз, — деді іркілместен Жанбота.

— Гектарынан екі жүз центнер берем деп, Кремльге хат жаздым. Осы уәденің орындалуын саған артамын.

Жанбота көп ойланды. Енді майданға барам деу осы ауыр сыннан қашу сияқты. Шығанаққа жетпесем де тақалған шығармын деп жүргенде, сыбағасына таудай міндет тиді. Гектарынан осынша алуға мүмкін бе? — деп күдіктенеді. Егер құламаса, алар едім деп қызығады.

— Дұрыс, — деді әлден уақытта. — Құлағанша мен өсірейін, құлатпау амалын сіз табыңыз.

Шығанақ жымиып қана күлді:

— Оған да бір амал табылар, балам.

Үй адамдарының оңаша қалған бір кезі. Тырс еткен дыбыс, қыбыр еткен жан жоқ. Бәрінің де қабағы салыңқы, иығы түсіңкі, зіл басқандай ауыр отыр. Ешқайсысы сөйлемейді, бірін-бірі іштен біліп отырған сияқты. Жалаң қабат терезеге жуан елі қырау тұрып, күңгірт сәуле қам көңілді баса түсіпті. Даладағы жынды жел мазақтай ма, күле ме, терезеден ысқырып кетеді...

Шығанақ жұмулы көзін ақырын ғана ашып, қатын-балаларының бетіне бір-бір қарады да қайта жатты. Бүл екінші рет қарауы. Ешқайсысы сезген жоқ.

Ұзын құйрық қап тесер ірге жағалап жүгіріп жүр. Оны ешкім көрген жоқ.

Кезін енді бір ашқанда Шығанақ тышқанды да, көңілсіз тыныштықты да айдап шықты.

— Кемпір-ай, кемпір, көйлегіңнің астына тышқан енді.

— Кетек! — деп ұшып тұрды Зәру. Көйлегін сілкілеп, тулап жүр. Басқалары күліп жіберді.

Шығанақ Шайқыны шақырды қасына. Бес ұлдан қолда қалған кенжесін маңдайынан сүйіп, басынан сипап көп отырды.

— Сен неге томсырайдың, Ботам? Ағаларың есіңе түсті ме? Әкеңді ойлаймысың? Әлде, заманды ойлаймысың? Сен бойлайтын ой емес қой бірі де.

— Ата, осы неміс қандай болады — деді Шайқы.

— Неміс пе?.. Немістің астыңғы тісі танауына, үстіңгі тісі иегіне жетіп тұрады. Аузы анау есіктей. Дәл маңдайында жалғыз көзі бар...

— Адам ба өзі?

— Адамның азғыны.

— Оқ өте ме оған?

— Олай-бұлай оқ өтпейді. Жабулы темір арбаның ішінде отырады.

— Онда қалай көреді?

— Жалғыз көзінің тұсы ашық.

— Сол тесіктен бұғып барып, істікпен пісіп алса, өле ме?

— Өледі.

Шайқы қуанып кетті. Атып тұрып, атасының қобдиын ашып, істік дайындауға кірісті. Шығанақ тағы да бір жымиып, Елеусінді қолға алды.

— Елеусін, сен маған өкпелеп отырмысың?

— Иә, сізге өкпеледім.

— Не жаздым?

— Төрт баланы бірден жөнелтіп, езіңіз тағы жатуды жиілетіп барасыз.

— Баласыз, шалсыз әйелдердің не жаны отыр екен?

— Тәңір салған соң шыдайды да.

— Тәңірдің еркесі сен бе едің? Тағдырдан шығып, елден шығып қайда бармақсың! Шыдау керек.

Елеусін бір күрсінді де қоя қойды. Зәру өзінің үндемес мінезін берік ұстап, төмен қарап жай отыр. Шығанақ көз қырын тастап қойып:

— Бәріңнен осы қара кемпір мықты ма деймін, — деді де, екі қызына қарады. — Ақбалжан, Ақжібек қарағым, Айттың өлеңін айтыңдаршы қосылып. Сол құртымдай неме шымыр болса керек өзі. Махмет науқастау еді. Жатып қалды ма бір жерде...

Ақбал мен Ақжібек таяна отырып, Айттың өлеңін әнге салып айтты...

Жан ата, жалғыз сені тастап барам, Майданға жолдасымды бастап барам. Қалғанша қасық қаным жығылмас ту, Советсіз басқа өмір маған арам. Ұяңнан ұшырып ен, бес балапан, Кез болды мына заман аласапыран.

Ыңыранған сол ұяда. ата, сені, Қырандай қанатымен қорғар балаң. Таққанмын өсиетіңді тұмар қылып, Бағынды маска орнына алдым киіп, Түскенде алтын бесіҚ ел есіме, Ызадан кетеді ішім күйіп-күйіп...

— Шымырын қарашы! — деді Шығанақ сүйсініп. — Бұл қайдан ақын болып жүр?! Нағашыға тартады, шешеге тартады деген бекер болса керек. Мына кемпірді ұрсаң да аузын ашпайды.

— Неге, арғы тегінде бар білем, — деп Зәру жаңа ғана тіл қатты. Шығанақ қытығына тие сөйледі:

— Аталарың онда тым тереңге көмген екен. Айт соны қазып жатты деймісің. Дәуде болса өзіміздің Телғараның бір жерінен алып кете барған шығар.

— Қайдам? — деді де аңқау Зәру үндемес қалпына қайта келді. Елеусін қалжыңдады:

— Бәрін өзіңізге тарта бересіз. Өзгемізге ештеңе қалды ма?

— Е, тәйірі, адырайған Адайға ақындық қона ма. Оның, ақылы қай жерінде тұрады. Тілегені төбелес еді, соны апар төркініңе, неміспен де бір дойырласып көрсін.

Бәрі ду күлді. Шығанақ Адайдың ертедегі одағай мінездерін айтып күлдіре түсті. Өзінің іші күлмей, сырты ғана күледі. Еріксіз біреу айдап салып отырған сияқты. Әлден уақытта:

— Балам, әлгі қағаздар жатып қалды ғой, — деді Ақжібекке. — Оқиықшы соны.

Орнынан созалаңдап көтерілгенде Елеусін ұшып тұрып белбеуін ұсынды. Белін берік буынып стол басына келді. Ақжібек хаттарды біртіндеп ашып оқи бастады:

«Құрметті Берсиев жолдас! Тары рекордын жасау күресіндегі тәжірибеңізді халыққа кең тарату үшін Бүкілодақтық ауылшаруашылық кермесінің бюросы бір мақала беруіңізді өтінеді...»

— Тілің қаптал, жете ме орысшаға? — деді Шығанақ Ақжібекке хатты оқып болған соң.

— Жетіңкіремейді. Мақала жазып та көргенім жоқ.

— Қол қысқалықтан, тіл қысқалық жаман, балам. Үйрену керек. Махметім болмады ғой. Сергейге айтып жаздырамын. Оқи бер.

— Мына хатты Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл-шаруашылық Ғылым Академиясы жазыпты. Асығыс екі суретіңізді сұрайды.

— Оны қайтеді?

— Кітапқа басатын көрінеді.

— Жіберіңдер.

«Құрметті Шығанақ жолдас! Алдағы жазда «тары егісінің стахановтық агротехникасы» деген кинокартина жасалғалы жатыр. Мен соның режиссері едім. Мүмкін болса көптен көп өтінемін, мына сұрақтарға кешіктірмей жауап берсеңіз екен:

1. Сіздерге ең жақын темір жол станциясы қайсы?

2. Ол станциядан сіздің колхоз қанша жер? Немец баруға болады? Сусынды ала жүру керек пе, жол бойы табыла ма?

3. Жазғы егіске қашан шығасыздар? Тарының көктейтін, су ішетін, оратын мерзімдері қай кез?

4. Сіздің тарының әбден піскенде сыртына майы шығып тұрады деген рас па? Рас болса, аралағанда ерекше жұмыс киімін ала бару керек пе?

Осы сұрақтарға жауап алысымен кино жасауға бара береміз...»

— Әттең, соғыс уақыты-ау, әйтпесе мұнымен біраз қалжыңдасуға болады екен, — деді Шығанақ. — Сен жаз. Жауабын Ақбал берсін. Маған оқырсыңдар сонан соң.

Ақжібек қалған хаттарды ішінен оқып, жауабын бірақ берді.

— Бұлардың бәрі селекция станцияларынан көрінеді. Тәжірибе жасауға тары сұрайды. Тәжірибеңізді сұрайды.

— Дұрыс! — деп Шығанақ орнынан тұрды. — Тарысын қазір жөнелтіңдер. Жаңағы мақала жазылған соң бір-бір данадан жібереміз.

Үй адамдары әрқайсысы өз жұмысына кірісті. Ақбал мен Ақжібек тары жөнелтуге, Зәру бәйбіше ас қамдауға шықты. Елеусін күрек алып далаға барады. Темір істігін сумаңдатып, Шайқы да жөнелді. Бәрін көзімен ұзатып салып, оңаша қалған Шығанақ таяғына сүйеніп жан-жағына қарап тұр. Үйін жаңа көргендей әр нәрсеге байыппен қарайды. Ақырын жүріп келіп, ілулі тұрған қос ауызды алды. Алды да қайта ілді орнына. Өзі тоқыған ауға көзі түсті. Оның да қасына келіп, сетінеген жерін таяғының ұшымен түртті де жүре берді. Шкаф ішінде, піскен қарта тұр. Біраз қарап тұрды да, шкафты жаба салды. Түгелдеп шықты ма бәрін, түңіліп шықты ма бәрінен, қара шал түнерген бұлттай төр алдына келіп, салмағын сала тұрғанда, тал таяғы майысып, кірпіктері қабысып кетті. Ұйқы ма, ой ма, әйтеуір көзі жұмулы, ішіне ғана үңілген кезі еді. Көп кешікпей жалт етті көзі. «Уһ» болды шыққан үні:

— Дариға, шаттана бір күлсем, шартия бір тойсам, жалғанда арманым жоқ сияқты! Жазылған бар ма осы аурудан?! Хабар қайда Москвадан?! Арман. Арман. Жеткенімнен жетпегенім көп екен.

Алдың аран, артың тайғақ кең дүние-ай, мұнша сұлу болармысың! Қураған кәрі де, балдыр жас та саған құмар. Шіркін арман! Шаттана бір күлсем, шартия бір тойсам, жалғанда арманым жоқ сияқты. Жазылған бар ма осыдан? Хабар қайда Москвадан? — деп жападан жалғыз күңіреніп тұрғанда, қатын-балалары үйге дүрліге кірді.

— Телеграмма!..

— Сталиннен!..

— Сталиннен телеграмма!..

Ақжібектің қолымен дауысы бірден дірілдеп, қолындағы қағазды оқи бастады. Басқасы тырп етпей төніп қалды.

«Қазақ республикасы. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Құрман» колхозы. Звено бастығы Берсиев Шығанақ жолдасқа!

«Қызыл армияға істеген қамқорлығыңыз үшін, Берсиев жолдас, сізге рақмет. Біздің армияны ешбір күш жеңе алмайды.

Көп жасап, жаңа табыстарға жетуіңізге тілектеспін. Сәлемімді қабыл етіңіз.

Сталин.»

Оқи алмаса да, Шығанақ телеграмманы өз қолына алып, әрлі-берлі қарап тұрды да, Ақжібекке бұрынғысындай «сақтап қой» деместен, өзінің төс қалтасына салды. Шығып кететіндей түбіне апарып, түймесін мықтап салып, қалтаны сыртынан басып-басып қояды. Сөйлемейді. Аласұрған көңілдің әуенімен біраз ауытқып тұрған соң:

— Мен атқа мінем! — деп шығып кетті.

Қорада тұрған көк атқа міне салып, алдымен Жанбота, Кәрібай, Шәңгерейлерді қуантты. Қуаныш «Құрманға» сыймаған соң енді «Кемершинге» тартып барады. «Кемершинде» Зәуре, аржағында қоныстас отырған «Қаракөлде». Күлмес, оң бүйірде болашақ құдасы Қашқын бар. Үшеуі де Шығанаққа ілесе шыққан тарышылар. Әрқайсысында бір-бір машина. Жаз қашан шығады деп алақанына түкіріп тұр.

Қатты жүріп Шығанақ жеткенде, Күлмес осы ауылда екен. Зәуре екеуі қораның қабырғасына сүйеніп, үн-түн жоқ сілейіп қалыпты. Зәуре сылбыр жүріп келіп Шығанақтың атын ұстады. Солғын амандасып, үйге енген соң бұрынғыдай самаурынға жүгірген жоқ. Сарғылт бетінің түгі шығыңқырап, сазарып отырып:

— Не ойлап жатырсыздар? — деді.

— Не ойлаймыз? — деп Шығанақ таяғын бір қозғап Қойды. — Көлікті күтіп, тұқымды сайлап, сайман түзетіп, Қар ұстап жатырмыз. Қазірдің өзінде шитаны екі ауыстырып қойдық.

— Енді немісті тойындырмақсыз ба?

— Немісі несі?

— Москваны алған немістің «Құрман» мен «Кемер-шинге» әлі келмей ме?

— Осы Москваны алды деген хабар қайдан тарап жүр? Радиода, газетте жоқ.

— Дүрліктірмейін деп айтпайды ғой. Жақындағалы қашан. Үкіметтің көшуіне қарамайсыз ба, оңайлықпен көше ме үкімет? Ленинградтың халі анау...

— Ал сонда не істемексіңдер?

— Жұртпен бірге көреміз де.

— Жұрт не дейді? Мен сырқаттанғаннан бері кеп жүрмеймін.

Зәуре мүдіріп қалды. «Жұрт» десе де жұрттың бәріне сырын айта бермейтін сияқты. Бірақ Шығанақтан жасыра алмады.

— Әйелдер бас қосқанда айтылмаған сөз қала ма, Шықа, — деді. — Қазір әйел сорлы бәрін ойлайды. Бәрін істейді. Елін, жерін қиып кете алатын емес. Ерін, баласын, әке-шешесін, туыс-жолдасын тастап қайда барамыз? Қолда бар астықты тығу керек. Егін салмау керек. Малды елсіз құмға айдаса, шептен у жасап, келген немісті умен ғана қарсы алса деп далбасалайды. Далбаса да болса, осыған ұйып қалған тәріздімін. Орда жығылса, осыдан басқа не қалады?

— Орда жығылса, осыған мен де қосылдым. Бірақ жығылған жоқ. Жығылмайды! — деп Шығанақ телеграмманы суырып алды. — Міне, Сталиннің телеграммасы?!

Екі әйел қалай қуанарын білмей, бірін-бірі жұлмалап жатты. Шығанақ атына мініп, басқа ауылдарға жортып кетті...

III

Екі-уш күннен бергі үздіксіз бұрқақ, даланың ұңғыл- шұңғылын бітеп, бүгін ғана ашылды. Ең соңғы түскен ұлпа қар жер бетін безендіріп теп-тегіс, аппақ далада күнмен шағылысқан жұлдызша қылаулар жылт-жылт етеді. Аспанда алақандай бұлт жоқ, күн нұрымен көкшіл түсі жасыл тартып, күлімдеп тұр. Жалғыз адам жапан далада, басында маска, аяғында шаңғы ағызып келеді. Бірде ол — ақ қағаздың үстінде жалғыз ноқат тәрізді, біресе — айсыз түнде, жалтыр аспанда құйыла аққан жұлдыз тәрізді. Қар жамылған кең далада, тұнық әуеде жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді...

Eгiс даласы ирек-ирек бел болып қалған. Шиталарды қар басып, борасын басынан аттап кетіпті. Бір топ әйел шиталарды қайта көтеріп, қар бұйраттардың арасында қаптап жүр. Жеке жүріп ақ қарда шықырлаған аяқ тықыры, жеке жүріп, әрқайсысының ыңырсыған қасірет мұңы тұтасқан бір күйге айналып, қар белестерді бесікше тербеп тұрған сияқты. Жай тербеп, ұзаққа созылған нәзік зар, бір кезде долданып кетіп шайқап-шайқап жібереді. Біресе буынғандай тына қалады. Тағы да нәзік зар. Тағы да долы үн. Өзгеше бір күй кең даланы күңіренте шайқай береді, шайқай береді...

Қар белестерден орғи-орғи жаңағы адам да жетті. Жетісімен маскасын жұлып алды. Жанбота екен. Әйелдер жиналып қалды.

— Жақсылық хабар бар ма?

— Москва не болды?

— Хат жоқ па? — Тұс-тұстан сұрақты беріп жатыр.

— Амантайдан хат келді, — деді Жанбота күлімсіреп.

— Не айтады?

— Оқышы.

— Жасырмай оқы.

Жанбота хаттың сөзін оқымай айта бастап еді, құрбы-жеңгелері болмастан оқытты.

— «Қатынеке!» Аманбысың? — депті Амантай салған жерден. Бәрі ду күлді. Сол күлгеннен езу жия алған жоқ. — Жанбота, сен қатын дегенге қамықпа. Дәл қазір сенің бас¬қан ізіңді хор қызына айырбастамаймын.

Ал, енді неміске келейік. Олармен аулымыздың арасында ауыл жоқ. Иттері сақ болады екен. жақ жаппайды. Әркімдер сонда да «тіл» әкеліп жатыр. «Тіл» дегенге түсінесің бе? Қолақпандай немісті қотаннан ұрлап алу керек. Ұрласаң мәртебе, қолға түссең құрығаның. Комбатымыз қалжың көтермейтін адам. «Бір тоқты ұрлау менің де қолымнан келеді» деп едім, ұрсып тастады. Әйтсе де, қыңқылдай берген соң, шолғыншы жолдастардың қасына қосып, «баулыңдар» деді. Мені құс десе керек. Былай шыққан соң қоям ба, «осы жолғы абройды маған беріңдер» деп жабыстым. «Неміс жетеді. Ала бер», — деді жолдастарым.

Қалың орманның ішінде, қараңғы түнде, қалың қарға ақ тиіндей сүңгіп кеттік. Сені мен менің Ойылға сүңгуіміз емес — ол. Өліп кетсең де уақытсыз бас көтермейсің. Әйтеуір қар жұмсақ, шапанымыз ақ, қоян-қолтық келгенше тықырыңды да, өзіңді де сездірмеуге болады. Тек епті бол. Есіңде бар ма? Бұғып келіп, сені су ішінде қалдырғанда бір Қысылған едім, содан кейін қысылғаным осы шығар. Демім кеудеме сыймай барады. Өгіздей бір неміс өңкиіп, алдымнан тұра келді. Жер беті жым-жылас. Басқа ештеме көрінбейді. Олар да қу екен, қар астына, жер астына еніп кетті. Шәуілдеген ит даусы ғана естіледі. «Ит» дегенім солардың мылтығы. Бір тынбайды. Аспан жарқ-жұрқ, алай-түлей. Менің көзім дәу немісте ғана. Атып тастасам «тіл» жоқ. Ұстай алсам ырық бермей ме деп сескенемін. «Сескенбеймін» дегеннің бәрі өтірік. О да сауысқаннан сақ. Торуылға шыққан түрі бар. Тура мені басқалы келеді. Қалай шыдарсың! Атып тұрып, іштен ала бергенімде, мылтықтың дүмімен бетке беріп кеп жіберді. Амантайдың екі тісі опырылып ауызға құлады. Бетті қан жауып кетті. Tic пен қанға алаңдасам өзімді алып кететін. Сасық күзенше жабыстым. Жұлқылап, сүйретіп жүр. Иттің күштісі-ай, іштен орай шалсам да, қырқа шалсам да түспеді. Мыңқылдап бір-екеуі тағы келіп қалды. «Біздің өзгелер қайда!» дедім сонсоң дауыстап. Мылтық даусы шықты. Сөйтсем, біздің қулар кейінгі екі немісті күтіп жатыр екен. Екеуін қалпақтай түсірді де, менің дәуімді бас салып, аузын буып, ала жөнелді...

Сөйтіп, қазір Амантай сөйлегенде тілі жылтыңдап тұрады. Бір себептен осының өзі жақсы болды. Алтын тіс салдырып, мәдениетті боп барам. Жаңағы немісті енесінен жаңа туғандай қылдым, комбатқа жеткенше екі тісімнің орнына төрт тісін қағып алдым. Бәрін қағып алайын деп едім, жолдастарым бермеді.

Неміс дегенді көргенім осы. Ақылы кем, қаруы көп жұрт екен. Москваны аламын деп үйдей-үйдей танк деген машина жасапты. Керемет! Ырқына жіберсең ештеңе қалдырмай ұйпай береді. Эр ағаштың, эр көденің түбінде біздің жігіт- тер аңдып жатыр. Мұнда да ауылдағыдай әдіс, жүрек керек. Бір бөтелке, бір оқ не жұмырықтай гранат дәл тигізсең үйдей танктің талқанын шығарады. Немістің ақылсыздығы сол емес пе, осы танкке сеніпті. Енді қадам баса алмай қалшиып тұр. Қызық әлі алда. Қатынеке, соғыс сырын айта беруге болмайды. Москваны алу неміске арам болар.

Кетпенге көп таласа беруші едің, қолыңа еркін тиді. Менің атыздарымды да суара сал. Шықаң ауру деп есіттім, сен саусың. Теңелем деп жүріп, еркектен аспасаң не қылсын, сен қасқа.

Тез хат жаз. Қалжың айтшы бір, сағынып жүрмін. Қош. Кетік тіс Амантайың».

Әйелдер күліп отырып, көз жасын төгіп отырды. Аман¬тай еңбектің де, көңілдің де думаны еді. Ол кеткен соң жастар да көңілсіз сияқты. Берікпін деген Жанботаның өзі де босаған тәрізді. Амантайдың «Қатынеке» деген сөзін мың «сіз-бізден» артық көріп:

— Әй, тентеҚ әй тентек! — дей береді. Екі тентек таң-таласып жүрсе де, бірін-бірі қатты бағалайтын. Сөзі, мінезі, қалжыңы тең келген соң, кейде тіпті, қасақана қағысатын. Енді ол онда, бұл мұнда, құлын-тайдай тебісе ойнап өскен күндер көз алдында көлбеңдеп тұр...

— Амантайды сағынып жүрмін! — деді сонан соң Жанбота күрсініп. — Бәрін тастап кетер едім. Бәрін бірге көрер едім. Болмай қалды...

Осы сөзімен екеуі ғана білетін жасырын сырды ашып салды. Ашпасқа болмады. Амантаймен қосылып қалған. Колхоз салтымен той жасауға үлгірмей, ол майданға жүріп кетті. Көрген қызық, өң мен түстей болып қала берді. Бірақ Жанбота жай қалмапты. іші күн санап томпиып келе жатқан сияқты. Бұрынғыдай қатты жүріс, оқыс қимылды де¬несі көп сүймейді. «Болмай қалды» деп отырғаны сол.

Амантаймен қоса біреу баласын, ерін, біреу туысқанын ойлап кетті. Жұмыс басқан әйелді қайғы қабат басып, қабырғалары сынып бара жатқан сияқты. Жанбота орнынан ұшып тұрды.

— Немене, болжырап барасыңдар! Жардан, аға-іні, әкеден айырып қан қақсатқан неміске көз жасы өтпейді. Еңбек соққысы ғана өтеді. Әскердің азық-түлігін, қару-жарағын молайт. Үйде қалған кемпір-шал, жас бөбектерін жүдетпе. Қайтып келер күн болып, қажып қайтқан ер налып отырса, одан ауыр бізге не бар? Азаматтың бізден тілегі осы. Жар сүйген, ата сүйген, бала сүйген әйел бүгін тек еңбекті ғана сүй. Амантай жаңағы хатта менің атызымды суара сал депті. Шықаң науқас. Осы даланың қожасы біз болып қалдық. Сағыныш, қайғы, ыза, ар-намыс істен жарқылдап көрініп жатсын! Екі жүз центнерді ұран етейік. Ал тұрыңдар, жолаушылар тез қайтады, сонда...

Әрқайсысы өзінің белестеріне қарай аяңдады. Біреу көзін сүртіп, біреу сіңбіріп тастап, қайсыбіреуі енді-енді солқылдап барады.

Жанбота мен Айсұлу бір кетті. Жанбота шаңғы таяғының басындағы қалпағын жұлып тастап, қардың қалыңдығын өлшеп келеді. Шита үшінші рет көтеріліп жатыр. Қар бірсыпыра қалыңдапты. Бірақ ала. Бір жері елу сантиметр, бір жері жетпіс бес, бір жерінің қалыңдығы бір жарым метр.

— Машина бар. Қар ұстап керегі не? — деді Айсұлу. — Әлгі ұзынның шығарғаны осы.

«Ұзын» дегені агроном Сергей. Ұзын екені де, қар ұстауды сол шығарғаны да рас. Шығанақ өңдеу тәжірибесін «арам» егіннен көргеннен бері Сергейдің сөзін жақсы тыңдайтын болған. Қар тоқтату әдісі бұл колхозда биыл ғана Қолданылып отыр.

Жанбота Айсұлуға жауап қайырған жоқ. Қағазын алып есептей бастады.

— Сенің-ақ түртінуің бітпеді-ау. Одан да оңашада сырласып алайық та.

— Орта есеппен алғанда он тоғыз гектар жерде жарты метр қар жатыр...

— Жә, қойшы енді.

— Тұра тұр. Шықаң бір метрге жеткіз деген. Сонда бір гектарда мың бес жүз кубометр су болмақ.

— Машина немді бітіреді?

— Тұра тұршы қабаттамай. Ашық борозда жасамаса ағып кетеді-ау.

— Немене ағып кетеді? — Сыңқ-сыңқ күліп жіберді Айсұлу.

— Суды айтам, — деді Жанбота. — Ашық борозда жасамай болмайды. Шиталар жетіңкіремейді, аққала соғу керек. Әттең күш кем, әйтпесе егінжайдың бәріне қар ұстар ма еді.

— Қар мен қайғыны ойлап өлеміз бе? Басқа бірдеме айтсаңшы.

— Не айт дейсің, сен осы? — деді Жанбота қағаз, қарындаштарын қалтасына салып жатып.

— Көңіл шерін тарқат.

— Аққала соқ. Суды молайт. Сонда тары да көбейеді, көңіл шері де тарқайды.

— Әтек боп кеткенсің бе, өзің? Төсек аузыңа бір түспейді ғой!

Жанбота күліп жіберді.

— Бишара-ау, құр төсектен не шығады?

— Сонда да, жұбаныш-тағы.

— Ал. жұбатшы қане.

— Сенен жасыратын сыр жоқ, — деді Айсұлу. — Ұйықтасам да еркек есімнен кетпейді...

— Ту, антұрған екенсің! — деп Жанбота да күліп жіберді. — Еркектің, өйтіп қадірін кетірме. Ол — ата. Ата деген үйдің асқар тауы емес пе? Ол — азамат — ел шетіне жау келсе, қарсы шабатын ерің емес пе? Ол — жар — өмірдің ой-қырын бірге кезетін қосағың емес пе? Мен Амантайымды осылай бағалаймын. Оның тентек мінезі, өткір тілі маған басытқы тәрізді. Сенің Айтжаның тым сыпайы ғой, бабыңды білмеген шығар.

— Білсін-білмесін, Амантайыңа айырбастағым келмейді.

— Мен де айырбастағалы ынтығып отырғам жоқ!

— Екеуін де қоя тұрайық. Ермек тапшы бір, — деді Айсұлу.

— Сен де осындай ма едің! — деп Жанбота Айсұлуға жалт қарады. — Олар қалай шыдап жүр? Бас қамын ойлайтын шақта, басқаны ойлау басы дұрыс адамның ісі емес. Дәл қазір жарыңа істеген опасыздық, Отанға істеген опасыздықпен бірдей. Қиын күнде жан жолдасын қиған әйел,

Отанын да қиып жүре береді. Жүрегім тіпті суып кетті ғой! Неміс келсе алдымен сенен керерміз қорлықты...

Айсұлу үндей алмады. Жанбота шаңғысын аяғына байлай сала сырғып кетті. Жақсы көретін жолдасы жол бойы есінен шыққан жоқ. Жас кезінде өзін алдаған жігіт қоса елестеп, әйелден де соған бір сыңар тапқандай болып келеді...

— Опасыздық әр қилы. Бәрінің, тамыры бір, — деді Жанбота. Үйіне келіп қалған екен, жүрісін бәсеңдетті.

IV

Елсіз тауда көп уақыт батысқа телміріп басы ағарған Ақметтің көзі шайдай ашылып кетті. Қорыққан елі, қашқан колхозы басына қара күн туып, төмен қарап тұнжыраған тәрізді. Құла азбанға ер салып, аш қасқырдай көріне тиюге аттанса да, шошыған жүрек сап-сап дей берді. Кәрі азбан қатты жүрісті көтермей, қалта қарап тұрып қалды бір жерде. Атты тастап, Ақмет ыза кернеп жаяу тартты. Соғыс жайын, ел жайын әлі жақсы білмейді. Әйтеуір неміс қиратып келеді деген дақпырт елсіз тауды да жаңғыртқан еді. Кезе-кезе Ойылға жетті. Ойыл оның, өз жері емес. Бірақ Ойыл жәрмеңкесіне талай келген. Төкеннің үйінде жатып, Төкен мырза, Ақмет мырза талай түндерді дастарқан үстінде өткізген болатын. Төкенді бір көргісі келеді Ақметтің,. Ойында үлкен жұмбағы бар, бірге отырып шешкісі келеді. Көп уақыт өтсе де ұмытпапты, қараңғы түнде үйін тура тапты.

Төкен аттан жаңа түсіп, төсекте жатыр. Жол бойы Шығанақтың бір салғанын көтере алмай жатыр. Оң иығы, мойнының бір жағы қозғалтпайды. Сүйегі аман сияқты. Келісімен иод жағып орап тастаған.

Қара бәйбіше лағнатты жаудырып жүр. Бұл кісі Ақтөбеден біржолата келіп, ағасының қолында тұратын.

— Ана немені сотқа неге бермейсіз! — деп шабынады.

— Куә жоқ. Оған қазір соттың да шамасы келмейді, — деді Төкен. Қарындасы булығып жылайды. Ағасы ауыр күрсініп қайрат береді:

— Жылама. Бүгін бе, ертең бе біздің қолға да резинке қамшы тиер...

Мезгілсіз қағылған есік екеуін де селк еткізді. Қоңыраулатып Ақмет кірді. Қол алысып, қырауын қағып жайласқан кезде ғана Төкен басын көтерді.

— Ақметпісің, жаным-ау! ?

— Ақметпін. Өлді деп пе ең?

Төкен орнынан тұрып, қайтадан сүйісіп амандасты.

— Қайда болдың, қайдан шыға келдің? Көрмегелі қай заман! v

— Тірі болған соң бөденеше бұғып жүрдіҚ әйтеуір.

— Ештеме етпес, жарыққа шықтың ғой енді.

— Шын ба, өтірік пе, мейірімді қандыра айтшы.

— Күмәнденетін ештеме қалған жоқ, — деп ыржия күлді Төкен — Белоруссия, Украина кетті. Москваны алған шығар ендігі. Ленинград қамауда. Мына жағы Қара теңізден бері өтіп, қаптап келеді!

— Онда бұл неғып құламай тұр?

— Оңайлықпен жан шыға ма? Далбасалап жатыр.

Ақметтің жүзінде әлі де қуаныш жоқ. Электр шамға тесіле қарап, тіл қатпай отыр.

— Шайтан шам Ойылға да жеткен бе?

— Бұлар осы әлекей-шүлекеймен жүрген, неміс екен соғыс техникасын мықтай беріпті.

— Сен қуанасың, Төкен. Мен қуанарымды да, қайғырарымды да білмей отырмын, — деді әлден уақытта Ақмет. — Неміс дегенің өзінен өзгені жан демейді деп есітем. Әлімізге қарай әрқайсымыздың адам деген даңқымыз, елдік салтымыз бар. Бәрін неміс таптаса, одан артық қорлық, одан артық намыс бола ма? Егер бұл рас болса, кескілессең де өз елің, үйренген өз жауың артық. Бұға-бұға келгенде, күткенім менің бұл емес. Тағдыр әкеліп, сыбағаңа енді неміс қорлығын тартатын болса, тіршіліктің қанша керегі бар. Кәрі қойдың жасындай жас қалды ма, жоқ па, қалған өмірді қан майданға жұмсағалы шықтым. Кімді қорғап, кімді ұрарымды білмей тұрмын. Білгенің болса қалдырмай айт.

— Дұрыс айтасың, қимылдайтын күн туды, — деп Төкен шоқтығын көтере отырды, — Немістің дүниені өзім ғана билеймін, «жаңа тәртіп» орнатамын деп келе жатқаны рас. Ресейді үш жүз жылдан артық билеген ақ патшалық та «билеуші бір өзім» деп өткен. Қазақ сияқты бұратана ұлтқа Ресей төрінен ешуақытта орын сайлаған емес. Бірақ сол қазақтан шыққан Ақметтің ақысы кімде кетті? Ұлт теңсіздігі — ұлт ішінен жарып шыққан жақсыларға, оларды патша үкіметінің қолдауына бөгет болған жоқ. Неміс те осы жолдан шығып кетер деймісің. Ақмет пен Төкендерге амалсыз сүйенеді. Сол немісің, міне келді. Тірі екенімізді білдіріп, барымызбен алдынан қарсы шығайық.

— Неміс қолындағы елден хабар бар ма?

Бар. Жоралап отырғам жоқ. Жобалап отырмын...

Төкеннің сөзі Ақметтің миына қона кетті. Неміс Москваға төнген кезде бүкіл совет жұртшылығы былай тұрсын, советте кегім бар дегендердің көбі сол кегін ұмытып кетіп, Отан намысына шапқан еді. Ақмет ұмытам десе де ұмыта алмады. Өйткені, совет тұсында Ақмет пен Төкен ешуақытта алдыңғы қатарға шыға алмайды. Ол оның бұрын «болғандығынан» емес. «Бұрын болды» деген сөз ұмыт боп барады. «Болғандардың» талайы жаңа заманмен қабысып, еңбек жарысында жүлдесін алып жүр. Төкен мен Ақметте бұл қабілет жоқ. Өр кеуде, тас безерлікпен әлі өзі жатып, көпке істетіп, көп үстінде қалқығысы келеді. Осы үмітін совет кескен Ақмет неміске еріксіз келіп қосылды.

— Ел ішінде көп отырып етің үйреніп кетсе кереҚ — деді Ақмет бір кезде. Көзі әлі электрде. — Мына шамды әлекей-шүлекей дейсің. Осы, әлекей-шүлекейді ерте уақытта Ойыл түгіл Ақтөбе мен Оралдан да көргенім жоқ. Елден кеткелі жеті жыл. Кіші жүз бен Орта жүздің жапсарында, далда қуып жүрсем де көзім талайды шалған. Бірақ дәл Ойыл бойына мынау жете қойды деген жоқ едім. Жол үсті ағылған машина, жол жиегі трактор. Аспан аэроплан. Қандыағаш пен Гурьев арасы сартылдаған поезд деседі. Ойылдың өз бойында да түтін шыққан мұржалар көрінеді. Аз уақытта осынша істеп, елді қолына қондырып алған советті оңай үкімет дей алмаймын. Немісің қанша күшті болса да көмек керек. Біздің көмегіміз қандай болмақ, соны айт?

— Көмек түрі төртеу: дүрліктіру, бүлдіру, тыңшылық, басты адамдарын өлтіру. Қайсысы келеді қолыңнан?

— Бәрі де келеді. Жобасын көрсет.

— Мен Ойылды алайын. Сен елге шық...

— Қай жерде не бар?

— Іргемізде тарының кені боп отырған Шығанақ бар. Соны бүлдірсең, жүзді бүлдіргенге тұрады.

— Ол әлгі советтің ардақтысы ғой?

— Ардақтысы ғана емес. Құныкерің. Сенің тоқалыңды бір жақынына алып берді.

— Дұрыс. Мен сонда барам, — деді Ақмет. Өңі суып кетті. Қара бәйбіше тамақ әкелді. Дастарқан үстінде де Ақметтің көпке дейін өңі енген жоқ. Төкен байланыс жайын, жол жайын айтып отыр еді.

— Мен немен барам? — деді.

— Немен келдің?

— Бір машинаға ілесіп келдім.

— Менің атыммен жет те, жолға салып, қаңтарып қоя бер. Тура үйге келеді.

Тамақтанып алып, түн ортасы ауа, Төкеннің қарагеріне мініп Ақмет жүріп кетті.

V

Түн ортасында, «Кемершинде», үш-төрт колхоздың коммунистерін жинап алып Ермағамбет бүгін теҚ қырағылық жайын сөйлеп тұр:

— ...Бұл соғыста еліміз екі сыннан өтпек. Бірі — елдің қашаннан бері бойына жиған елдік қасиеті. Екіншісі — ел ұстаған совет салты. Соның бірі әлсіресе, екіншісі сынып кетеді. Ел бастаған коммунистерге тағдыр ешуақытта мұндай ауыр жүк артқан емес. Мейлің көтер, мейлің күйре деп ақсақал тарих мойныңа асыла құлады. Ел тас боп түйініп алды. Темір таяқтан тебендей, темір етіктен теңгедей қалса да неміске қарсы жорықтан тоқтауға жоқ. Бірақ неміс майданда ғана емес. Аспанмен әкеліп, бүлдіргіштерін ортаға тастап жатыр. Қазір ауыл қасындағы құм Барқынға да елеусіз қарауға болмайды. Күш пен сақтық тең келгенде ғана жеңіске сенім бар. Әрбір коммунист өз тұрған жерінде бұта былай тұрсын, мияның да арасын ашып қарау керек. Қыбыр еткен көлденең жүріс, дүдәмал қара, бейсауат сөз тексерусіз қалмасын. Бүгін, ең қауіпті жау — бейқамдық!

Жиналыс ішкі қауіппен күресетін ерекше бригадалар құрды. Жер-жерді, елді учаскеге жауапты етті!

Жиналыс тарқасымен Кәрібай асығыс қайтты. Ауыл Москва көмегін жөнелтіп жатыр. Оған қарай алмай Шығанақпен қамба ішінде кездесіп шыққан бетінде жүріп кеткен. Жол бойы ойына әлденелер келеді. Қарайған көрінсе қадала қарайды. Жиналыста айтылған сөз тіріліп түрегеліп, көз алдынан өтіп жатыр... Неміс енді Москва түбінде ғана емес, осы буылтық далада да бұғып, сығалап жүрген сияқты. Браунингін қалтасынан алып, қонышына салды. Онымен көңілі дауалаған жоқ. Немісте айла көп. Қызыләскер түрінде де, жай адам боп та кездесе береді. Қалай айыру керек? Қырағылық қайтсе жетеді?..

Кәрібайдың кең даланы кезген ойын ауылда көтерілген қиқу ғана бөлді. Ауыл көшіп жатқан сияқты. Біреу түйеге, біреу шанаға тиеп, түн ішінде шықырлатып тартып барады. Қой маңырап, сиыр мөңіреп, жол үсті ұзын тізбек. Ұласқан үн. Бәрінің беті Ойыл. Тізбектің алды ұзап кетіпті. Арты ауылдан әлі шыққан жоқ. Біртіндеп қосыла береді, жалғаса береді, тізбек шұбала түседі...

Мыналар ештеме қалдырды ма? — деп Кәрібай жүгіріп жетіп келгенде, Шәңгерей түпке сақтаған колхоз қамбасының есігін ашып, ішіне жаңа ғана еніп еді.

— Неғып жүрсің? — деді Кәрібай ат үстінде тұрып. Шәңгерей тысқа шықты.

— Осыдан да екі-үш көлік жөнелткелі тұрмын.

— Қой. оның қисыны келмес.

— Бүгін келмесе сірә де келмес.

— Жаңадан бір нұсқау алдың ба?

— Шықаң айтып келген жоқ па. Партиядан артық кім нұсқайды.

— Қамбаны тақырла деген нұсқау жоқ әлі. Колхоздың түпке сақтаған қорын қозғама. Ертең де күн бар.

— Шәңгерей бұл жолы қақпақылға көнсе игі еді! Елді қорғаудан аяп не деп тұрсың езің! — деді де қамбаға қайта енді.

Сараң Шәңгерейді тоқтата алмай тұрғанда, Шығанақтың үйінен шығып, Жанбота келді Кәрібайға.

— Шықаң жатты ма? '

— Жоқ.

— Мынаны жібіте алмай әуре едік. Енді қатыра алмай әуре болмасақ не қылсын. Ашпайтын қамбаны ашып, қылықты қылып тұрғанын көрдің бе?

— Жақсылық тезінен келер онда.

— Шықаңды шақыртайық, — деп Кәрібай атының басын бұрғанда:

— Қайтеміз, ауру адамды мазалап, — деді Жанбота. — Өзіміз-ақ бірдеме қыламыз. Шықаң жаңа тыныштық алғалы жатыр.

— Сонда бұл ожарды қалай көндіреміз?

— Оп-оңай. Болмай бара жатса Ермағамбетке айтам дей қойыңыз. Мойны астынан келеді.

Екеуі ақыл қосып қамбаға енді. Шәңгерей оң қарамай сырт айналады. Сыралғы боп алған, екі жақтағалы келгенін сезіп тұр. Жанбота бір жағынан, Кәрібай бір жағынан шығып тұра қалғанда Шәңгерей қалай бұрыларын білмей:

— Ал, немене?! — деді ежірейіп.

— Ақылмен істейік не істесек те. Мына Жанбота да, мен де басқарма мүшесі. Бірімізге айтпай мұның не?

— Е, ел қорғаудан аямақсыңдар ма?

— Қазнаның да қазнасы бар... Берістің де берісі бар. Соғыс ұзаққа созылады. ірке ұстап көп-көптен өндіре білу керек.

— Иә, тыраштық пен мырзалық бір емес, — деп Жанбота да қостай кетті.

Шәңгерей сөз таба алмай шыртылдап тұр. Осы жолы болмаспын-ақ деген еді. Тағы да көп ауыз бірігіп, бір ауызды басқалы келеді. Тұрып-тұрып:

— Ой, шіркіндердің пысығын! — деді бір кезде. — Бүктемеге салып, тағы да бүктемексіңдер ғой? Ал, бүктей қойшы!

— Бүктесетін ештеме жоқ. Көнбесең райкомге барамын. Ермағамбет қамбаны қозғамаңдар деген, — деді де Кәрібай қасақана шығуға ыңғайланды. Шәңгерей босап сала берді. Есікті жапқалы кілтті қолына ала тұрып сөйледі енді:

— Өздеріне келгенде жәп ете түседі. Бәйгеге, сыйға, тойға деп, бір қой, бір қап астық берші деп маза бермейді, түге! Әкем келсе де көрермін бұдан былай!

Есікті тарс жауып, кілтін қалтасына салып, қорбаң-қорбаң жүріп кетті...

Ауыл тегіс жатқан. Күн қабағы салбырап тыныш тұр. Алыста, жол бойында кетіп бара жатқан жүргіншілердің дыбысы еміс-еміс естіледі. Кәрібай мен Жанбота үйіне әлі қайтқан жоқ. Қырағылық жайында, немістің айуандығы жайында әңгімелесіп отырып қалды. Немісті әп-сәтте ұйпап тастайтын күш, айла іздейді. Гитлерге жаза іздейді. Екеуін де таппайды. Тапқандары немісті құр жеңу, Гитлерді құрту боп шығады. Онымен қайнаған кек басылар емес. Төгілген нақақ қан қауыт болған дүние, көрген қорлық төленер емес. Жанботаның ойы шарықтай-шарықтай фантазияға барады:

— Өзім ғана көріп, басқа мені көрмейтін бір амал тапсам, — деді Жанбота. — Ұшып барып Гитлерді буындырар едім де соғысты дереу тоқтаттырар едім.

— Қауыт болған дүниені қайтесің? — деп күрсінеді онда Кәрібай.

— Немісті тепкілеп-тепкілеп істетеміз де, қалпына келтіреміз.

— Кек қайтты, дүние орнына келді. Ал, қырылған жанды қайтесің?

Жанбота жауап таппай тұрып қалды. Аздан соң Кәрібай тағы да сұрады:

— Гитлерге қандай жаза қолданар едің?

— Атып тастау керек! Жоқ, өз істегенін өзіне істейміз. Дарға асамыз. Бұ да аз екен. Ол миллионды асты ғой. Отқа қақтап өлтіру керек. Жоқ, бәрі тез өлім... Таптым! Мұны кескілеп өлтіруге болады екен, мойнынан байлап алып бүкіл дүниені аралатса. Әр қалаға, әр ауылға келгенде денесінен бір жапырақ кесіп тастап отырса...

Бұлыңғыр түнде еппен басқан аяқ тықыры естілді. Екеуі де елең етті. Жалғыз жаяу көрінеді. Жүрісі тіпті өнбейді. Шаршап келе ме, байқап келе ме? Қарауы да, бөгелуі де көп.

— Бұл қайсың? — деп қарсы жүрді Кәрібай. Кенеттен естілген дауысқа сескене:

— Мен! — деп тұра қалды жаяу. Кәрібай мен Жанбота екі жақтан үңілсе де тани алмады.

Мезгілсіз неғып жүрсіз?

— Ойылдан кешірек шығып едім, жеткенше сол болды.

— Қайда барасыз?

— Осы жақта бір туысым бар еді, соны іздеп келемін. Қалжырадым, жан шақыруға бола ма, шырақтарым?

— Болады. Жүріңіз.

Ертіп алып Кәрібай үйіне қарай аяңдады. Жанбота қай¬тып кетті. Үйге келген соң мүсәпір адамға күдіктене қарады Кәрібай. Мүсәпір боп отырған қайсар Ақметтің өзі еді. Бет кескіні-ақ «мені байқа» деп тұрған сияқты. Қанша бишара болса да, болып көрмеген мінез орашолақтығын істей берді. Үй иесі әдет бойынша жоғары шығыңыз дегенде, кішкене үйдің қақ төріне барып отырды Ақмет. Қабақ бітісін, көзқарасын байқап отырып сөз тартты Кәрібай:

— Ақсақал, жөн сұраса отырайық. Кім боласыз, қайдан келесіз?

— Ақтөбеден келемін. Руым Адай. Атым Сүлеймен.

— Қайда барасыз?

— Тайсойғанда жалғыз қарындасым бар еді, соны іздеп келемін.

— Түн қатып жүргеніңіз қалай?

— Осы ауылдарда сол жақтан келіп жатқан біреулер бар деп еді. ілесе кетем бе деп үртіс жүріп кеттім.

— Ақтөбенің өзінде тұрасыз ба?

— Өзінде тұратын едім. Бала әскерге кетті. Кемпір қайтыс болды. Сонан жалғыз қарындасымды іздеп шықтым.

— Қала не айтады соғыстан?

— Қайдан білейін, шырағым. Әйтеуір үрей жоқ. Неміс жан қоятын емес дейді ғой.

Есіктен әйелі ымдап шақырған соң, Кәрібай шығып кетті. Ақметтің көзі үй ішін тінте қарап келіп, Кәрібайдың саптама етігіне түсті. Етіктің қоңышынан браунингтің ұшы Қылтияды. Ақмет лып етіп алып қалтасына сала қойды. Кәрібай жол бойы қонышына салғанын ұмытып кеткен екен. Ауыз үйден келісімен есіне түсіп, қонышқа қолды салып қалды да, өңі бұзылып кетті. Қайда жоғалттым деп аң-таң. Аттан түскелі ешқайда бармағаны мәлім. Түсіп қалды деуге қисыны тағы жоқ. Үй ішін қарастырып, әйелінен сұрап болған соң, қонағына көз қырын тастап, үндемей біраз отырды. Қонақ ештеме сезбеген сияқты.

— Шаршасам да, сол адамдарды орнынан басқым келеді. Бой жылытқан соң жүрейін, мені жолға салып жібер, шырағым, — деді жайымен отырып.

— Қонбайсыз ба?

— Кетіп қалар. Ерінбейін.

— Қай колхозда екен олар?

— «Қаракөлде» деп есіттім.

— Ақсақал, қас пен көздің арасында мылтық жоғалды, — деді Кәрібай. — Осы үйдегі үш адамның бірі ұрлап отыр.

— Онда мен ұрлаймын да. Тынымын істеңіз.

— Беріңіз. Тынымы сол.

— Келгелі орнымнан қозғалғам жоқ. Тінт те, тауып ал, ендеше.

Кәрібай келіп қалтасынан суырып алғанда, сасудың орнына ыржиып қана күлді Ақмет.

— Мылтықты солай тастай ма екен. Әншейін бір састырайын, — деп едім.

— Сөйлеме, бетпақ, шпион! — деп Кәрібай мылтықты көздеп тұра қалды. — Тұр шапшаң!

Ақмет орнынан жай тұрып, саспай сөйлеп барады:

— Бүйені не айтып тұрған? Қайда барамыз?

— Сол бүйенді жаратын жерге барамыз.

Ақметті алдына салып, Кәрібай шығып кетті. Шай қамдап жүрген әйелі, самауыр қасында, қолында ақ шәйнеҚ аңырып тұрып қалды...

VI

Төргі бөлмеде ақ болыскей кереуетте екі-үш жасар еркек бала пыс-пыс ұйықтап жатыр. Жамал есіктен дыбыссыз енді, баланы аймалап, қымтай жапты, енді үй ішін жиыстырып жүр. Кереует басына іле салған пүліш пальтосын айналы гардеробқа әкеліп ілгенде, айнаға қарады. Ақшыл беті қоңырқай тартқан, ұзын кірпікті, мөлдір қара көзі әлі де нұрлы, тек айналасына азырақ әжім түсіпті. Сол әжімді саусағының ұшымен жазып тұрып:

— Кәрілік шіркін, келіп қалғаны ма? — деді ішінен. Бұрын үйді қазақша ұстайтын қылап әйел, енді қала салтын енгізген, үйде патефон, шамадан, биік стол, орындықтар да көрінеді. Бәрін сүртіп жайғастырған кезде ауыз үйдің есігі ашылды.

— Олжеке! — деп қуанып кетті Жамал.

Олжабек төрге өрлемей, босағада тұр. «Аяз бабай» сияқты. Сақал-мұртына, басындағы түлкі тымағына тұрған қырау, мұздақтан көзі ғана жылтырайды. Үнсіз, баяғы әдетінше қолындағы қамшысын ұсына берді. Жамал қамшыны іле сала, сенекте тасып төгілген самауырға жүгіре шықты. Олжабек оны байқаған жоқ. Тымағын, белбеуін шешіп, бір қолымен ұсынып тұрғанда, екінші қолымен мұртындағы мұздақты алып жаты. Қайтып енген Жамал күліп жіберді.

— «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осы-ay, — деді күйеуін шешіндіріп жүріп, — менсіз жерде қалай шешінесің?

— Шешіндіре бер, ақыңды жемеспін, — деп Олжабек те бір жымың етті.

Жастардың көбі майданға кеткен соң, қарулы, байсалды Олжабекті Шығанақ броньмен ұстап, жылқыға салған. Жылқы отарда. Олжабек анда-санда Жамалға бір соғып кетеді. Жамал да малшы: қой фермасын басқарады. Мал аулы колхоз орталығынан бөлеҚ түстіҚ жер. Екеуі мал жайында қысқаша амандық біліскен соң, Олжабек төргі бөлмеге ене бергенде:

— Тақалма, — деді Жамал, — денең суық, шошып кетеді.

— Айналайын! Сағынтайымның, төлеуі — Төлеутай, — деді де, Жамалды жетелеп ауыз бөлмеге келіп отырды. — Ал, майданнан не хабар бар? Москва не күйде?

— Жаманат естілмейді. Бір қалпы.

— Шығанақ қалай?

— Шықақның науқасы жеңіп бара жатса керек. Кеше Жанбота келіп еді. Екеуміз біраз жылап алдық...

Олжабектің, Жамалды ұстаған қолы жаңа ғана жазылды. Қолы сылқ түсіп кеткенін өзі байқаған жоқ. Әкесіндей Қамқор Шығанақ ішін елжіретіп барады. Онымен бірге бастан кешірген күндері көз алдынан өтіп жатыр...

— Бетің домбыққан ба, үсіген бе? — деп үңіле қалды Жамал.

— Иә , — дей салды ОлжабеҚ әлі де ауыр ойынан айыға алмай отыр. Бетінің қалай үсігенін, өзінің үлкен қауіптен Қалай құтылғанын да айтпады.

Бұдан екі күн бұрын Олжабек сұрапылмен бір сәтке алысты. Таусыз, ормансыз жалаңаш даланың бораны қандай күшті! Жылқыны желге қаратпай, ыққа айдап барады.

Ықта үлкен oп — сор жатыр. Бұл бетімен бара берсе, сорға батып, қырылмақ бәрі.

Олжабек жалғыз. Жолдасы қоста қалған. Келсе керек еді, таба алмай адасып жүрген болу керек. Күн кешкірді. Жылқы ырық бермей ықтап келеді. Сасайын деді Олжабек. Шамалауынша, сор енді қашық емес. Дереу күрең айғырды ұстап мінді. Қашағанның шөбін жұтқызбайтын белгілі күрең, жарау болатын. Оған мініп құрық көтергенде, қандай асау болса да шипыңдап тұра қалады, не топқа тығылады. Олжабек айғайды салып, сойылын үйіре қайсыбірін қабырғадан көме тықсыра қайырғанда, жалдас қара айғыр басын тұқырып, желге тартты. Сол-ақ екен, басқа жылқы соқынан ере жөнелді. Айғайдың, сойылдың, айдынды айғырдың күшімен бірін шашау шығармай, қайрылуға мұрша бермей, үш жүздей жылқыны шоқтап, тықсыра айдап келеді Олжа¬бек. Қызумен бетінің ұшы шым еткенін байқаған жоқ. Қас қарая, қорыққа қалың түбекке жетті. Ойпат, соны түбекті жылқышылар осындай қиын күндерде пайдаланады. Боран мұнда басқа жерден саябыр. Қары онша қатпаған, шөбі тегіс жасырынбаған. Жылқылар келе-ақ тұра қалды. Олжабек енді алыстан айналып, сонда да шашау шығармай жүр. Көзі кенже туған бурыл жабағыға көбірек түседі. Нәзік аяғымен қалың қарды шекіп қалып, жерге еңкейеді жануар. Ересек жылқылар теуіп-теуіп жіберіп, қалың қарға басын бойлата, будыратып жеп жатса, бұл бишараның аузына жөнді ештеме ілікпейді. Тағы тебеді, тағы тебеді, тағы еңкейеді. Аяп кетті Олжабек. Жылқыда жүргенде аң аулап жүретін. Қанжығасындағы күрегін ала аттан түсті. Күрең айғырдың ауыздығын алып, шылбырына құрығын жалғап, оны да отқа қойды. Бурыл жабағыға келіп көмектесті. Лезде үй орнындай жердің қарын аршып тастап:

— Ал, жей ғой, бишара, жей ғой! — деп қызығына қарап тұр. Ол осынша малдың ұзын есебі түгіл, әрқайсысының түсіне, күйіне дейін біледі. Жабағыны жайғастырған соң, жай басып, жылқыны жаяу аралады. Енді іздегені тор бесті. Көп мінілген, еті жұқалау мал еді, ұшып қала ма деп жүр. Қараңғыда тор бестіні де тапты. Ұшатын емес. Әйтсе де бүрсіңкіреп шетте тұр екен, ортаға, ыққа айдап келді. Биелердің құлын тастағаны жоқ сияқты. Боранды, ұзақ түнді Олжабек осылай көз жұмбай өткізді. Таң ата боран ашылып, тиыштық орнаған кезде, күрең айғырды құрығына арқандай, қалың қарды кеулей жатып, мызғып кетті. Сол екі арада талай түстер көрді... Колхоз жиналысы. «Үлгі алыңдар Олжабектен. Үш жүз жылқыны сұрапыл боранға, опқа бермей жалғыз өзі аман алып қалды. Ер Олжабек. Стахановшы Олжабек!» деген дауыстар ду-ду етеді. Боран ашылған соң, аш қасқырлар жылқыға шапты. Бурыл жабағыны басып қалды бірі. Олжабек айғайлай оянды. Түсі екенін білген соң, атына қуана мінсе де, түсінен сескеніп, сақтығын күшейте түсті.

Осы көргендерінің бірін айтпай, Олжабек Шығанақты ойлап отыр. Жамал қаймақ әкеліп, үсіген бетіне жағып жатқанда ғана ол ойынан сергіп, Жамалды ішке түртіп қалды.

— Биыл ұрғашы мал қысыр қалған жоқ. Қар қалың, жер де буаз. Сенде іштеме бар ма?

— Қайдан білейін, — деп күмілжіді Жамал, — екеуміз мал басын көбейте білсек те, адам басын көбейте алмай жүрміз ғой.

— Қойларың не күйде?

— Күйі жақсы. Қырсық кездеспесе, жүз саулықтан жүз алпыс қозы алармыз биыл. Айтпақшы, жұрт тағы көмек жөнелтіпті майданға. Біз шетте жатып қалып қойдық.

— Шығанақ не берді екен?

— Жүз пұт тары, жиырма мың сом ақша беріпті, бұл жолы.

Олжабек үлкен қолын Жамалдың иығына сылқ еткізіп тастай бергенде, Жамал майысып қалды.

— Шығанақтың ақылы асса да, малы асқан жоқ бізден. Осы жолы содан бір асайықшы, — деді көтеріліп, Жамал күле қостады.

— «Аспан асты кең», — деп адасқанда да ере бергем. Аса алсаң аса бер.

— Тәуекел, онда. Мен бес қой, бір жылқы, елу пұт тары берем. Бұдан жаман күйімде де тойға барғам.

— Бәрін берсең де мейлің. Тек неміс жеңілсе болғаны.

— Тәйірі, советті, колхозды жеңу қайда оған, — деп Олжабек лепіре жөнелгенде, төргі бөлмеден талтаң басып бала енді. Екеуі баланың үстіне шұрқырай түсті.

Жамал дастарқан жайды. Самауырды келтірді. Баланың Қасына қоянның көжегін, мысықтың күшігін де әкеп қойды. Бәйек болып:

— Қарашығым, атың қалай еді? Қай қаланікісің? — • Десе:

— Тре-во-га! — деп аузын қомпайтады бала. Бірінің сөзіне бірі түсіне алмай әрнемені айтып отырғанда:

— Бо-бомба-пиж! — деп, үлкен көзін бақжита қойды.

— О, түсіндім! — деді ОлжабеҚ — соғысты айтып отыр, соғысты!

Жамал қазақ тілін үйретіп:

— Мынау мысық, мынау көжеҚ — десе:

— МісіҚ көжаҚ — деп бала да қайталайды. Олжабек оған мәз болады:

— Қазақ тілі оңай ғой, шіркін. Тез үйреніп кетеді. Өшкен жанып, өлген тірілді деген осы! Тек ұзағынан сүйіндірсін. Сағынтайымның — Төлеуі ғой... — дегенде Жамал егіле жылайды:

— Біреудің жанына теңгерген жалғызы ма? Маңдайдағы жұлдызы ма? Ботасынан айрылған іңгендей боздап қалды-ау, сорлы ана. Әлде ақырғы сөзі «құлыным» болып, жезтырнақ немістердің шеңгелінде жан берді ме, бишара?

— Иә, — деп Олжабек те ауыр күрсінді. — Украина қалың ел. Қабырғадан қан кешіп жатыр. Атаны баладан, баланы атадан айырды бұл найсап, найсап!..

Жамал мен Олжабектің сөзіне түсінбесе де, өңдерінен сезіп, сәби жалтақ-жалтақ қарайды. Екеуінің арасынан келіп, мойындарына асыла тұрғанда шырадай жанған көзі:

— Кейімеңдер. Мен сонда да бақыттымын! — дегенді айтып тұрған сияқты...

VII

Ауыл әлдеқашан жатқан. Колхоздың кішкене конторында іңірден отырған Сергей, АқжібеҚ Жанбота — бәрі жабылып Шығанақтың ойын таппай жатыр. Бұлар жазады. Шығанақ айтады. Тыңдайды да қайта жаздырады. Бір мақаланы үшінші рет жазып, жаңа ғана бітірді. Ақжібек есіней бастады. Жанбота орнынан тұрып, жаңада келген соғыс плакаттарын қарап жүр. Сергей шылымын будақтатып, төмен қарап тек отыр. Далаға шығып кеткен Шығанақ кірді бір кезде.

— Болды ма?

— Болды. Енді ұнап қалар, Шықа, — деді Сергей. — Қазақ жазуын білмегенім діңкеме тиді.

— Біздің діңкеге талай тиген. Қатқан мойын сонда да бұрылмайды. Орысша білмегеніме мен де қатты қиналдым осы арада. Оқы, Ақжібек.

Ақжібек мақаланы оқи бастады...

Мақала оқылып болған соң, Шығанақ басын ұстап, төмен қарап көп отырды. Жаратқаны да, жаратпағаны да белгісіз. Басқалары жауап күтіп оның бетіне қарай берді. Кәресін шамның жарығы әлсіреп барады. Қыстың ұзақ түнінде, кішкене конторда, ауру Шығанақ алдағы үлкен істі толғап келіп түйгендей, бір кезде басын кетерді.

— Бұл мақалада бұрынғыға қосылған басты-басты бес жаңалық айтпақ едім: төрттің орнына бес суармақпыз, қар ұстаймыз, жерді жемдейміз. Бұл үшеуі айтылды. Екеуі қалып қойыпты.

— Осы үшеуі көңілдегідей орындалса, егіннің көңілдегідей шығуына мен кепіл, — деді Сергей. Шығанақ ақырын ғана басын шайқады.

— Көзді жеткізіп, кезінде бір-ақ айтармын деген едім. Оған өзім жетемін бе, жетпеймін бе, сендерге айтып қояйын. Көрмеге барғанда Лысенкомен көп сөйлестім. Ол кісіден бір нәрсені қолқалап сұрадым:

— Тарыны құлатпау амалын тауып беріңіз! — дегенімде ойланып отырып:

— Салқында суарса қайтер еді? — деді де, өзіме қарсы қолқа салды:

— Тарыны молайту жолында тоқтар жеріңіз қайсы? — деді маған. Мен жауап бермей, сұрақ бердім:

— Әуелі ілімнің жеткен жерін көрсетіңіз?

— Ен, білдім деген ғалымдар екі жүз центнерге дейін шамалайды. Бәтуәсін сізден күтем?

— Ала білсе, жер бере береді, бере береді... — дедім мен. Қазір біз сол ілімнің шамалағанын аламыз деп отырмыз. Бірақ осы мақалада айтылмай қалған екі нәрсені ілімнен ести алмадым. Кітабыңа қарашы, Сергей.

— Ол не нәрсе? — деді Сергей аңырып.

— Бәсе, не нәрсе? — деп Шығанақ қайта сұрады өзінен. — Екі жүз центнер, енді екі амал қос деп тұр.

Сергей аңырған бойы тұрып қалды. Шығанақ әрі беріден соң, баяу дауыспен үзіп-үзіп сөйлей берді:

— Ойдағы арман жердегі бел сияқты. Бірінен ассаң, алдыңнан бірі шығады. Егiс кезінде Каспий жақтан бір жел соғады. Қай гектар қашан егілгенін, қай уақытта қандай күйде болғанын білу аз. Күн райы әруақытта қалай болғанын да біліп отыру керек. Сол желден жер бетіне бұрын шыққан егін кейін шыққан егіннен түсімі кемдеу сияқты. Биыл егінді желден кейін ексек деймін.

Сергей қаламын ала сала блокнотына жаза бастады. Шығанақ тоқталған жоқ, сөйлеп отыр.

— Енді бір арман, егінді құлатпау. Жанбота! Тары сабағы көтергенше дән бермек. Ол сабақты күшейтпесе екі Жүз центнерді көтере алмайды.

— Қалай күшейтпексіз сонда? — деді Жанбота. — Егіннің құлағаны, шегіне жеткені, — дейді жұрт.

— Әр сабаққа бір тіреуден қоя бер.

Сергейдің қаламы қолынан түсіп кетті. Екі құлағын да тас қылып басып алды. Шығанақ күліп жіберді.

— Қорықпа, Сергей, қорықпа, қалжыңдаймын. Лысенко кесіп айтпаса да сүйкей айтқаны көңілге қона кетті. Ыстықта кісі сусынды аңсап ішеді. Салқында шайқап ішеді. Шайқап ішкен сенімдірек. Егін де осылай ма деймін. Кезек кейін тиіп, кешкі салқынмен, не бұрын тиіп, таңертеңгі салқынмен суарылған егіндер, байқадыңдар ма, құлаған жоқ. Бұдан былай таңертеңгі, кешкі салқынмен суару керек. Бұл өзі тіпті шығансыз тәжірибе.

Терезеден жүгіріп өткен ат дүрсілі естілді. Бәрі елең ете түсті. Біреу сығалап, біреу тысқа шығып үлгіргенше, есіктен Ермағамбет, Василий Антонович, Төкен енді.

— Сүйінші! Шықа, — деді Василий Антонович, кіре берек-ақ, — немістерді Москва маңынан қуып тастады біз¬дің әскер!..

— Ризамын тәңірге, — деп жылап жіберді Шығанақ. Василий Антонович өлген, пленге алынған неміс әскерінің, олжаға түскен неміс соғыс қаруларының санын айтып жатыр. Жанбота мен Ақжібек ауылды хабарлауға ұшып кетті. Төкен де қуанған болып Шығанақтың қолын ұстай алды.

— Тарт әрі! — деп Шығанақ қағып жіберді қолын. — Сен не бетіңмен қуанасың!

— Осы өкпе, араздық сақтайтын кез бе, қуаныш үстінде қақпа қолымды! Таяғың сынғанша ұрсаң да, татуласқалы келдім. Жаман адамның кегі өле-өлгенше кетеді. Жақсы адамдікі ақ жаулық кепкенше ғана жетеді, — деді Төкен. Сөзі қанша қабынды болса да, Шығанақ қайыспады:

— Тағы не сұмдық жасап жүргеніңді білмеймін. Әнеугі ауыр күндерде «бишара» дегенің естен кетпейді. Жібімейді мына кеуде. Алдауға тәңірім олақ қылды мені. ішім мұздап жатқанда, сыртым қалай жібісін.

Төкен күрсіне беріп, отыра кетті. Сөз тоқталып қалды. Василий Антонович Шығанаққа оқтын-оқтын қарап қояды. Көрмегелі үш-төрт ай өткен. Қарттың өңі сынық. ОНЫ өзі сезбеген сияқты. Көңілін сұраушыларға «жақсымын» дейді. Василий Антонович Москва хабарын айтқалы ғана келген жоқ. «Шығанақты жіберіңіз, тәжірибесін айтсын, кергіміз келеді» деген хаттар маза бермеген соң, ел аралатпақ еді. Шығанақтың жүдеу өңін, баяу қимылын көріп, ол ойынан айнып қалды.

— Халіңізді білгелі келіп едім. Жаныңызды онша күтпейтін сияқтысыз. Күту керек қой.

Шығанақ бір мырс етті:

— Жанды тым күте берсе, нәуетек болады.

— Күтпесеңіз одан да жаман болады.

— Күт, күтпе, ол шіркін қаншаға барар дейсің. Бірсыпыра жасадық, көрдіҚ естідік дүние дегенді.

— Жасай берсеңіз көре бересіз, Шықа.

— Иә, көрген сайын көргің келеді. Тойған сайын араның ашылады. Сөйтіп жүргенде, күн бітеді.

Бүл қалжыңдардан да Василий Антонович «қарт өзін күтпейді» деген қорытындыға келді. Қарттың өмірін сақтау қамын ойлап отыр.

— Осы жолы сізді Ақтөбеге ала кетем, тағы да дәрігерлердің қарамағында біраз болыңыз.

— Мені енді әуре қыла көрме, үлкен кісі, — деді Шығанақ. Қиылып айтқан түрі бар. Шүкір, денсаулығым жаман емес. Майданнан, жан-жақтан хаттар түсіп жатыр. Бәрі тары жайында. Жауап беру керек. Қашқын, Күлмес, Зәурелер менің машинамдай бір машина ұстап отыр. Менің алғашқы рекордыма жетіп отыр. Енді оларды кейінгі рекордқа жеткізбей бола ма? Жұмыс деген бастан асады. Уақыт аз, аз уақытты аз өмірді көпке балап отырған жайым бар...

Шығанақтың болмасын білген соң Василий Антонович екінші түрде ұсыныс жасады:

— Онда, дәрігерді сізге жібереміз. Тек соның айтқанын тыңдай көріңіз, Шықа. Бұл уақытша шара. Москваның үлкен дәрігерлеріне қарату жағын қамдармын.

— Жарайды, — деді Шығанақ.

Ауыл адамдары жүгіре, алқына енді конторға. Қайғылы көңілдің қуанышын әркім әртүрлі білдіріп жатты: біреу күледі, біреу жылайды, кейбірі не дерін білмей сасқалақтайды. Жатып қалған жұрттың ұйқысы шайдай ашылған, ду-ду етеді. Бір кезде Олжабек пен Жамал да енді.

— Олжабек жылқыда емес пе еді?! — деді Василий Антонович.

— Жылқыда болатын. Бүгін менің халімді білуге келген. Түнде қайтпақ еді, мына қуанышқа кездесті, ырысты антұрған, — деп Шығанақ күлді.

Олжабек ыржия келіп, үлкен қолын созғанда, Василий Антонович қолын босатпай тұрып сөйлесті:

— Қалай, боран мен қасқыр мазалап тұр ма?

— Оларды жаңа көріппін бе?

— Жоспардан артығың қанша болады биыл?

— Отыз жылқы.

— Жамал елу бермеҚ қалып қойғаның ба?

— Менің бір құлыным оның бес қойына тұрады.

— Дұрыс айтасың? — деді Василий Антонович. — Бірақ, жас әйелге қырындауыңды қой енді. Мына Шықаң қоятын емес деп отыр сені.

Олжабек нанып қалып, ала көзімен қарады Шығанаққа.

— Құдай сақтасын. Атай көрмеңіз. Өтірік айтады ол.

Шығанақ сылқ-сылқ күліп, Жамалға бұрды бетін.

— Жамалжан-ау, жалпақ елден осы аюды қалай таңдадың екен!

— Менің көзіммен бір қараңызшы.

— Дұрыс, дұрыс, — деді Шығанақ, — сұлу — сұлу емес, сүйген сұлу. Бір кезде біздің қара кемпір де сұлу еді маған.

Қыстың ұзақ түні жалынды жиналыспен өтіп барады. Ешкім дайындамаған, баяндамашы белгіленбеген, басқарушы сайланбаған, өзгеше жиналыс. Әркім ойына келгенін еркін айтып жатыр, көп алдында сөйлеуге ысылмаған тілдер мүдіре қалса, екінші біреу түзеп жібереді, не төтеден киіп кетіп, өзі сөйлейді. Ол мүдірсе, Василий Антонович пен Шығанақ аузына ұмытқан сөзін сала қояды. Бірде-бірі майданға берер көмегін атамай кеткен жоқ. Тайынша, тоқты, тары, ақша дегендер әр ауыздан атқып шығып жатыр еді, Төкен де қарап қала алмады.

— Отан қорғау қорына мен бір айлық жалақымды шығардым, — деп қораздана айтқанда, манадан бері үндемей отырған Жанбота ұшып тұрды орнынан:

— Сіз үшін, соныңызды мен төлеймін. Кеше Айсұлуға айтқаныңызды айта кетіңіз осы арада!

— Не айтыппын оған? Не айтыппын?

— Есіне сал! — деді Жанбота. Айсұлу айта бастады.

— Кеше бұл кісі біздің бригадаға келіп, «Осы қарды колхоз үшін ұстайсыңдар ма, неміс үшін ұстайсыңдар ма?» — деді. Мен: «Немісі құрсын! Өзіміз үшін ұстаймыз да» деп едім: «Ұста, ұста! Москваны алған неміс мұнда келмес деймісің», — деді де, жүріп кетті. Менің қолымнан күрегім түсіп кетті. Дереу Жанботаға келіп айттым...

Төкен сақ-сақ күліп жіберді. Жұрттың бәрі бетіне қарады.

— Мен ойнап айтып едім, байқауға. Шын көріп қалған екенсіңдер ғой!

— Бұл «ойынды» күлкімен, бір айлық жалақымен жаба алмайсыз, — деп Жанбота қызарып, булығып тұрды да,

Кәрібайға жалтақ-жалтақ қарады. Ол іле сұрақ қойды

Төкенге:

— Төкен, сен Ақметті білемісің?

— Қай Ақмет?

— Кәдімгі бай Ақмет, қашқын Ақмет?

— Е, оны кім білмейді! Жас кезімде талай көргем.

— Онда әлі жас екенсің, — деді де Кәрібай қалтасынан шұбар бәкісін суырды. — Мынау менің бәкім. Күздігүні Төкен екеуміз бәкі айырбастаған едік. Осы бәкі Ақметтің қалтасынан табылды. Мә, бәкің, — деп тастай берді. Төкенге. Төкен сұп-сұр боп, мелшие қалды. Ақметтің атын естіген Жамал шыдай алмай Олжабекке сыбырлай берді:

— Олжеке-ау, мынау да ит екен ғой! Ақметтің досы екен ғой! Неғып отыр мұнда? Екеуі де колхоз жауы...

Олжабек үнсіз тұрды орнынан. Неге тұрғанын ешкім байқаған жоқ. Барды да, Төкенді жуан жұдырығымен періп кеп жіберді. Қалпақтай түсті. Төкен бажылдап жатыр. Олжабек жұдырығына түкіріп алып тағы ұрғалы келе жатқанда:

— Тоқта! — деді Шығанақ, — үкімет қайда?! Заң қайда? Ұмыттыңдар ма?

Олжабек те, оған қосыла ұмтылған басқалары да тоқталды. Василий Антонович Жанботаның қолын қысып, маңдайынан сүйді, иегінен қақты.

— Қыран көзді Ботажан, жарайсың! Жарайсың! Бірақ, қабағың бұрынғыдан салыңқы. Әлде Амантайды қайғырамысың?? Қайғырма, келеді...

— Қайғырмайым! — десе де, Жанботаның көзінен жастар домалап кетті. Бұрыла беріп, сүрте бастады.

Василий Антонович байқамаған болып, Төкенге бұрды бетін:

— Рұқсат. Сіз қайта берсеңіз де болады.

— Иә, мен қайтайын! — деп тұра жөнелді Төкен. Кәрібай мен Сергей ымдасып, іле шықты соңынан...

VIII

Москва соққысынан жүрегі шайылған неміс Москваға қайтып беттей алмай, Совет жерін айнала жүгірді. Жаз шығып, жер аяғы кеңіген. Совет елінің қысылуы да қыспен бірге кеткен тәрізді. Жау жазым қыла ма деген қауіп енді жоқ. Жауды қалай жаншамыз деген кек қана қайнайды елде. Сол кектің күші ел жұмысын бұрынғыдан да қыздырып жіберді. «Құрман» колхозы жер жыртуын былтырғыдан биыл ерте бітіріп, тұқым себуге Шығанаққа ғана қарап тұр. Шығанақтың, ауруы күн санап дендеп барады. Әзір жатқызып тастамаса да, бойды сергітпейді.

Жанбота ат үстінде. Бүгін үлкен сыннан етеді. Шығанақ егіс даласын өз көзімен көріп, жұмысқа баға бермек. Қай жерімнен мін табады деп, Жанбота дала жұмысын тасқаяқтай қағыстырып келеді.

Агроном Сергей егін жайын өз бетімен жаяу аралап жүр. Оның ұзын бойы кең қарасынның үстінде әлдеқайдан көрінеді. Тұра қалып та, отыра қалып та жазып барады. Қарсы алдында, Ойыл қабағында тұрған Айсұлуға басын бір иіп, өте бергенде:

— Шұқылайсың да жүресің. Қағаздан су шыға ма? — деді Айсұлу. Сергей тұра қалды.

— Не дейсің?

— Қағаздан су шыға ма деймін.

— Судан да қымбатырақ шығады.

— Ол не?

— Шығанақ тәжірибесі агрономияны жаңа сатыға көтерді. Мен сол тәжірибені көтермекке зерттеп жүрмін.

— Шықаңды жұрт сенсіз де біледі. Одан да әйелдерді көтерсеңші, — деп әсем-әсем күлді Айсұлу.

— Әрине, әйелдерді де көтереміз.

— Қағазда көтергеніңді қайтейін...

Сергей Айсұлудың бетіне көз құйрығымен бір қарады да жүре берді.

Мына жақтан жүгіріп Жанбота келеді. Қанын ішіне тартып алған, көзінен Айсұлуға от шашырап келе жатқан тәрізді көрінді. Көрісімен орнынан ұшып тұрды.

— Неғып отырсың? — деді, Жанбота келісімен.

— Жай ыстық құмға белімді жылытып отырмын.

— Беліңе не бопты?

— Қыстай қарда жүрген соң суық ұстады да.

— Жұмысыңа бар. Мен баланы емізіп келемін, — деді де шоқыта жөнелді.

Оның жүрегіндегі екі қуаныш көңілге екі қанат боп байланып, алып-ұшып келеді. Бірі — жаңа туған нәрестеге тез жетіп, баурына қысып, құшырлана сүймек. Бірі өз басқаруына тиген жаңа егісті Шығанақтың сынынан өткізіп, «жақсы» дегенін естімек. Оған ат екпіні қосылып, лепірген көңілмен үйге жеткенде, кәрі шешесінің «бәй-бәйі» естілді:

Жалғызымның жалғызы, уілдеші, бәй-бәй!

Асау Тайдан тіл келді. Бота да келер, бәй-бәй!

Қос тентектен бір тентек туған екен, бәй-бәй!

Үш тентектің алдында алсын, тәңірім бәй-бәй!

Жанбота шешесінің бәй-бәйін тыңдап тұрып, үйге кіріп келді.

— Хат келді ме, апа?

— Келді! Мә, қарғам, мә!

— Іргені түрсеңізші. Үй ысып кетіпті.

— Балаға жел тие ме деп едім.

— Қымтай берсеңіз тез тиеді.

Айжан тысқа шықты. Жанбота отыруға шыдамай, хатты аяқ үстінде тұрып оқыды.

«Бота!

Мені бекер аяйсың. Дөдеңнің әлі қылшығы да сынған жоқ. Немістің аузын қан жалаттық. Қызыл жоса қылып қуып барамыз. Бұл хатты шабуылға шығар алдында жазып отырмын. Есіңде болсын, Берлинге жетпей Амантай елге қайтпайды. Жарылсаң да шыда. Бұрын барлаушы, «тіл» әкелуші едім. Екі жүз жетпіс бес еңбеккүн тауып, оның, үстіне сыйға бір орден алдым. Бұл өзі жақсы кәсіп болса да, жалықтырды. Сонсоң, ашық ұрысқа тіленіп шықтым. Қазір мені пулеметчик деп атайды. Мұның табысын сұрама! Кеше бір көпірдің түбінде бір топ неміс бір-ақ жусады. Командирім бетімнен сүйіп, арқаға қақты. Тірі болсам, үйге орден артып қайтатын түрім бар.

Осының өзі қалай тиер екен саған? Сенің сәуегейлігіңе қарағанда ерлі-зайып тең болғанда ғана махаббат, әділдік теңелмек. Мен асып барам. Сені тосып, аттың басын тежеуге уақыт жоқ. Сол пікіріңді қайта қарасаң деймін, жолдас. Асқан сайын саған махаббатым да артып бара жатқан сияқты.

Хатты жиі жазшы. Тарпышы мені, Ботақаным. Ойнақташы үстіме, жас баладай сақылдап бір күлейін...»

Жанбота көзіне келіп қалған жасты төкпей, сүртіп тас¬тап, іле-шала хат жазуға отырды:

— «Асау тайым, әлі жуасымапсың! — деп бастады хатты. — Еркектің әйелден қажырлы екенін енді мойындадым. Сенің өмірің ұйықтасам да, оянсам да көз алдымнан бір кетпейді. Сұр шинель, суық окоптың ішін көрмесем де, сен айтпасаң да жақсы білемін. Сонда да қажымаған құрышым екенсің.

Мені қазір Бота емес, інген деп біл. Өзіңдей бір тентек келді дүниеге. Мен қазір ана. Жастық жалыны дәл бұрынғыдай лауламаса да, «ана» деген атты сенің барлық орденіңе айырбастамаймын. Асып барам деп аңдамай айтасың. Кішкентай тентекті құшырлана бір сүйгенде, мен кеудеме бір орден тағам.

Бірақ ана міндеті бала табу ғана емес. Еңбекте де сенен қалыспауға серт еткенмін. Сол серттің дәл шешілер шағы енді жетті. Биыл гектарынан екі жүз центнер аламыз деп тұрмыз. Шықаң науқас, күн санап ауырлап барады. Салмақ маған түсті. Осы жүкті көтеріп межеге жеткізсем, асау тайым, қолға тұруың шексіз.

Неге екенін білмеймін, қанша қатты айтайын десем де, мұқалып қалғанмын ба, бұрынғыдай тілім саған өткір емес. Тайынбайтын, қажымайтын сен айтшы. Сызылған «сіз-біз» ден артық, тап басар «сеніңді» мен де қатты сағындым...

Хат өте асығыста жазылды. Аманкелдіні емізе сала мен де шабуылға шыққалы отырмын. Солдат әке мен тірі жетім нәрестенің табысқанын көргенде, шыдар ма екем, жарылмас па екен жүрегім деген ойда отыр Ботаң...»

Жанбота хатты тез жазып бітірді де, Аманкелдіні емізе отырып, даладан енген Айжанға Амантайдың жайын айтты. Оқ астында жүрген азамат екеуінің көзіне әр қилы елестеді...

— Е, тәңірім, осы үшеуінің алдында ал! — деді күңірене түсіп бәйбіше, содан кейін, — Шығанақтар атқа қонды қарағым, — деп ұмытып бара жатқан сөзін айтты.

Аманкелдіні қысып-қысып сүйді де, Жанбота үйден атып шықты.

Шығанақтар бір топ адам кетіп барады. Қыстыгүні хат жазған режиссер артистерімен, аппаратымен келген. Оған аудан басшылары, ауыл басшылары қосылып, екі-үш күннен бері ауру Шығанақты босатпайды. Қыбыр еткенін сырт-сырт басып жатқаны. Енді егін басына ере шығыпты. Шығанақ пен Қабыш ең алда, оқшау, Сергей мен режиссер олардың артында әңгімелесіп келеді. Басқалары кейін. Жан¬бота бәрін басып-озып, Шығанақтарға барып қосылғанда:

— Бұл қыз кім? — деді режиссер.

— Шығанақ звеносында істейді. Қыз емес, келіншек.

— Отчаянный келіншек!

— Қайдан білдіңіз?

— Кеше жұмыс басында біреулерді киноға түсіріп жатыр едім, осы келіншекті қыз екен деп қалдым, атты жүгіртіп, жетіп келді.

— Неге тоқтатасыз жұмысты!.. — деп ақыра келді. Мен шайып жуа баста дым да, ашуын тоқтатуға ақырын иегінен қағып қойдым. Сол-ақ екен, шапалақпен жаққа тартып кеп жібергені, шайтан.

Сергей күліп жатыр. Режиссер кеше тиген шапалақты, елі ауырсынып келеді.

— Сіздің оны қызды басқаша ұғынған ғой. Өте талапты, өжет әйел. Звеноны биыл осы басқарып жүр, — деп Сергей шайып-жуғанда:

— Қарттың өзіне де түсінбедім, — деді режиссер.

— Бұл кісінің аз өмірі қалды. Ескі мен жаңаның, ғылым мен тәжірибенің арасында тұрған бір шың. Басына шықсаң төрт тарап түгел көрінеді. Менімше түгел көрсету керек.

Режиссер ойланып қалды. Сергей сөзін толықтыра түсті:

— Біздің жас қауым бүгінгіні, алдағыны ғана білгісі келмейді. Өткенді де білгісі келеді. Өмірді дұрыс ұғыну үшін, толық көрсету керек.

— Ғажап нәрсе! — деді режиссер ойланып келе жатып, — оқымаған адам дүниеде болмаған жаңалық жасады.

Сергей басын шайқап қойып, сөзін бөлді режиссердің.

— Ол, қате пікір. Біз өмірдің көбін кітаптан оқып білеміз. Бұл кісі өмірдің өзінен оқыған. Өзгеше бір қасиеті: тынбай істейді. істегенінің бәрін жадына сақтап, бірін бақылаусыз, зерттеусіз жібермейді. Бұған байыптылығын, ақылдылығын қоссаңыз — үлкен ғалымның дәл өзі болып шығады.

— Осы кісі кейінгі кезде азырақ ауысқан деген рас па? Оңаша шығып кетеді, өзімен-өзі сөйлеседі дейді ғой?

Сергей күліп жіберді.

— Былтыр, бір күні ауданға ел жата қайттым. Ай жарық. Жол бойы тары арасында бір жаяу күйбең-күйбең етеді. Ұры ма деп жетіп келсем, мазасыз қарттың өзі екен,

— Неғып жүрсіз, Шықа?

— Осы айдың тарыға әсері бар ма екен, байқайыншы деп едім.

Қолында шелеҚ бір шаршы метр жерді суарып қойыпты.

— Мұныңыз не?

— Көбінесе ыстықта суарамыз. Салқында суарып та байқау кереҚ — деді.

Түсінбеген жұрт осындай мінездерін көріп «ауысқан» дейтін шығар. Әркім өстіп ауыса берсе, бұл дүние ғалымның дүниесі болар еді. Шығанақ сол тынбай зерттеуінің арқасында биыл өз тәжірибесіне тағы да екі жаңалық қосып отыр. Жылда бұл уақытта тұқым себіліп қалатын. Биыл,

Каспий жақтан соғатын бір жел бар, сол етсін деп септірмеді. Екінші жаңалығы — бұдан былай егінді салқынмен суармақ. Осы тәжірибесі ақталса, ғалым емес, данышпан деу керек бұл қартты.

Шығанақ егіске ойлы көзбен қарап, үн-түн жоқ келе жатты да аттан түсті. Режиссердің адамдары дереу аппаратын сайлап, анталап тұра қалды. Шығанақ қалай жүрсе, олар солай жүреді. Соңынан қалмай сыртылдатып баса береді. Жанбота келіп аппараттың алдын бөгеді бір кезде:

— Құтырып кеттіңдер ме? Дәрет сындырғалы жүр.

Құмартқан оператор сонда ғана ернін тістеп кейін қашты. Шығанақ аулаққа барып, дәреттен қайтқан соң, түсіңкі қабағын көтере түсіп, Жанботаның маңдайынан сүйді де, арқаға қақты.

— Жел өтті. Себе бер. Салқында суар. Алматыдан телеграм келді. Ленинградқа көмек апарамыз, Москвада емделе қайтармын. Саған тапсырдым бәрін...

Киношылар сыртылдатып басып жатыр. Шығанақ басқа сөзге келместен атына созалаңдай мініп, басыңқы отырып кете барды...

IX

Орақ кезі. Ойыл мен колхоз отырған қарасудың арасындағы кең қолтық тарыға лық толы. Қалың қамыс тәрізді. ішіне енсең жан-жақты болжатпай, төбедегі аспанды ғана көрсетеді. Анда-санда үп еткен ыстық жел, шәйі шымылдықты қозғағандай судыратып, толқытып жібереді. Атпен аралап келе жатқан Шығанақтың аты көрінбейді. Толқыған тарының бетінде өзі қалқып жүрген сияқты. Көп аралады. Қасында ешкім жоқ. Көз тұнған тарыға атын иектете дүзіп өтіп, ашыққа шыққан соң Шығанақ ілби аяңдап бара жатыр. Алдында, киіз үйде алқа-қотан отырған үлкен ауыл. Сол жақта қотаннан да кең қырман. Қырманның бір шетіне баулаған тарыны мая-мая қылып үйіп жатыр. Екінші шетінде тізбектелген машина тиеп-тиеп әкетіп жатыр. Дәл ортада маржандай ақ тары төбе-төбе боп үюлі тұр. Ойыл өзенін жиектеген жіңішке жолды машина табаны далитып жіберген. Қара құрық кең қырман мен жол айналған сонау сұр белдің арасында шаңнан құрылған перде аржағын көлегейлеп көрсетпейді...

Шығанақ өз еңбегінің сәулетіне байыппен қарап келе жатты да:

— Дариға! Шаттана бір күлсем, шартия бір тойсам, жалғанда арманым жоқ сияқты! — деді күрсініп. — Арман.

Арман. Жеткенімнен жетпегенім көп екен. Алдың арман, артын, тайғақ кен, дүние-ай, мұнша сұлу болармысың! Қуараған кәрі де, балдырған жас та саған құмар. Шіркін арман! Шаттана бір күлсем, шартия бір тойсам, жалғанда арманым жоқ сияқты. Жазылған бар ма осыдан? Қашан тоям қу арман!

Бет сүйектері шығыңқырап, ұрты ішіне еніп кеткен. Көз шарасы кеңіп, көзі бұрынғыдан кішірейе түскен. Сылбыр аяңдап, еңсесі түсіп келді де, созалаңдап аттан түсті. Белдеудегі ботаның қасында қызыл бұйра, тап-таза аруана, көзі мөлтілдеп Шығанаққа қарай берді.

— Ескі досым, аруана! Тамшылаған теріңе тарыны тонналап алдым, тегершікті талқан қып, арқаңды босаттым ғой, — деп аруананың ұзын мойнын құшақтап, мөлдір көзінен сипап біраз тұрды да үйге кірді.

Зәру бәйбіше де, дәрігер Мариям да демалуға жантайып еді. Шығанақтың, ауыр енгенін көрген соң, екеуі де ұшып тұрды. Сүйемелеп апарып төсегіне жатқызды да, Мариям тамырын ұстай бастады.

— Тағы да бір укол салсам қайтеді, ата?

— Соны қояқ қой, шырағым.

— Ас қазаныңыз ас тілеп тұр?

— Ол шіркін сұрай береді. Қабыштан да сұрамсақ.

— Жазыласыз. Ештеме етпейді, шаршап қапсыз.

— Е, жазылам, шырағым...

Мариям нандырғандай, Шығанақ нанғандай болды. Екеуі де ішінен нанған жоқ. Жалғыз-ақ Зәру бәйбіше нанып отыр.

— Күнін тоспай-ақ бара берсе қайтеді, — деп күңкілдеп Қояды.

Шығанақ Москва — Ленинград сапарынан ұзақ жүріп, таяуда қайтқан. Ленинградты немістің әлі қоршап жатқан кезі. Жай адам бара алмайтын болған соң, апарған бір поезд сыйлықтарын Ленинград обкомының секретары Москваға келіп өзі қабылдаған. Содан кейін Шығанақ Москва дәрігерлеріне қаралды. Асқынған қылтамаққа ешқайсысы ем таппады. Ұлғайған адамға операция жасап, түтікпен қоректендірудің қисыны тағы келмеді. Мұның бірін айтпастан, Дәрігерлер жылы сөз, жақсы жорамен ұзатып салды.

— Жазыласыз. Байқақыз. Болмаса тағы келерсіз, — Депті.

Шығанақ бұған өзі сенбесе де аңқау Зәруді, бала-шағаларын сендіріп қойған. «Көресіңдер ме, міне жазылып келем» дегендей көңілі селт етсе, атқа міне жөнелді. Оның ауылда болуы, ауру да болса ат үстінде көрінуі «Құрман» тұрсын, бүкіл Ойылға айбар еді. Ол жоқта Ойыл арнасы омсырая қалғандай, ол келгенде лық тола қалғандай бола¬тын. Онысын жақсы білген Шығанақ ауруға ішін бергенмен, сыртын бермеді.

Қырман басында қауырт жұмысты басқарып, аласұрған Жанбота, Шығанақты сырттан бақылап, ауылға қайтқанын, еңсесі түсіңкі бара жатқанын көрген соң, бір қаға берісте ұшыртып отырып ауылға келді. Аманкелдіні емізе салып, Шығанақтікіне енгенде, төрге өрмелемей босағада тұрып қалды. Басына орамал тартқан, желкесіне түйген шашы қобыраңқырап, қамшысын екі бүктеп ұстап тұр. Беті де, етігі де тозаң. Сары гимнастерка, кең шалбардың шаңы көрінбегенмен қыртыстары сынып, белбеуі босаңқырап кетіпті. Екі көзі қос шырақтай жанып, Шығанаққа қадала қарайды.

— Ботажан, қобырап кетіпсің ғой! — деді Шығанақ. Ақырын ғана езу тартып, — Екі жүз центнер ие бермей жатыр ма?

Шығанақ кемітіп айтты. Екі жүз емес, биылғы гектардың біреуінің бергені 1232 пұт. Жанбота бұған мән берген жоқ. Үстін жөндеп. Шығанақтың қасына келіп отырды.

— Жатып қалдыңыз ба?

— Жай, тыныстап жатырмын. Кәрілік шіркін аяқтан қаға береді.

— Қайсар даланы жеңгенде, қаусаған кәрілікті неғып жеңе алмай жүрсіз?

— Ай шырағым-ай, оның сүйеушісі мықты ғой.

Жанбота аузына келіп қалған сөзді айтпастан, жалт берді. Шығанақтың «мықтысы» құдай еді. Құдайға тіл тигізгенді ұнатпайды. Сонсоң сыпайы қалжыңға сала қойды Жанбота.

— Жарықтық, бір сүйегенді өлердей сүйейді, білем.

Шығанақ жауап қайырған жоқ. Тағы да бір жымиып күлді де басқа әңгімеге көшті.

— Сергей екеуің әнеугі телеграмды жібердіңдер ме, осы?

— Сол күні жібергенбіз.

— Алдағы жылдың қамын осы бастан ойлай беріңдер.

— Не ойлайтыны бар. Екі жүз центнер нормадағы.

— Норма дегеннің өзін, өзіміз жасайтын болып алдық қой. Өсірмейсіңдер ме тағы?

— Бәле! Шықаң тіпті кете береді — деп Жанбота сақылдап күлді. — Осының өзіне жұрт жағасын ұстап талып қала жаздады.

— Бұл күнде совет жерінде рекорд беруші көп, — деп Шығанақ та езу тартты. — Көптің бірі болмау керек. Шын жүйрік алдын бермейді. Жұрт тәсіліңді үйреніп жатыр. Ертең біреуі қуып жетіп, озып кетсе қайтесің? Баяғыда Дүржығұлдың төріне бір шығып едім деп Қабыш сияқты құр кеудемен қалуға болмас.

— Ассалаумаликүм! — деп даусын көтере Қабыш еніп келді осы кезде. Шығанақ мырс-мырс күліп жіберді.

— Кімді айтсаң сол келеді. Зәру, шұбат әкел, бұл оңбаған, құлқыны кепкенде сәлемді осылай береді.

— Сенің құлқының жетісіп тұрған шығар.

— Әзір жұртта қалған жүн-жұрқаны жегенім жоқ.

— Дерт жеңбеген сені мен жеңе алмаспын, — деп Қабыш шұбатты сылқ-сылқ жұта бастады. Үлкен кәрден кесені басына бір-ақ көтеріп, қайтып бергенде, Зәру тағы да әкеп ұсынды. Мұны алыңқырап отырып барып ішті.

— Болдым.

— Мен үшін бірді ішші, — деді Шығанақ. Ол ішкенде өзі ішкендей сүйсініп отырды. — Ауданнан келесің бе, үйіңнен шықтың ба?

— Үйге соққам жоқ. Келіп түскенім осы.

— Соғатын қайбір үй бар сенде. Алпыстан асқанша ел ақтап өттің-ау, бишара.

— Өкінбеймін. Қартайғанда кенелгелі тұрмын.

— Е, байғұсым, көбірек боқтыққа кездестің бе?

— Боқтықты не қылайын. Сен өлгелі отырсың, орның маған босайды.

— Тәйт! — деді Зәру бәйбіше. Шығанақ та, Қабыш та сақ-сақ күліп жіберді. Күлкі үстінде Қабыш қалтасынан алып хат ұсынды.

— Бұл кімнен?

— Білмеймін. Почтаға соғып ем, ала келдім.

Жанбота хатты ішінен оқып шығып, орысша жазылған екен, қазақшаға айналдырып айтып берді:

«Аса Құрметті, Берсиев Шығанақ жолдасқа! Сіздің телеграммаңызды алғанда нанар нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекіген еді. Бүл жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз.

Бұрын-соңды дүние көрмеген, орасан егіннің мастері болған сізге кішілікпен бас иемін. Мәртебеңіз есе берсін. Денсаулығыңызды, ұзақ өмір сүруіңізді тілеймін.

Академик Т. Д. Лысенко»,

Шығанақ жастығына шынтақтап, хатты сұлық тыңдап отырған күйінде ойланып кетті. Жанботаның кеудесін қуаныш кернеп, «менің атымды қашан атайсыз?» дегендей дамыл-дамыл қарай береді. Қабыш та хатқа әбден түсінген сияқты. Анда-санда көз қырын тастай отырып:

— Бір туған қара нар, осынша неге шірендің? — деді. Сол кезде Шығанақтың өңінен өлім бейнесін көргендей болды. Көңілі бұзылып, сипақтап, Қабыш теріс қарады.

— Арман. Арман. Шіркін арман! — деді Шығанақ ақырын ғана. — Біздің Бота 240 центнер берем десе қайтер еді? Тары шіркін енді ілімге де азық болды.

Жанбота қуанып та, ойланып та қалды. Сөйлегенше Шығанақ оң жамбасына аунап, теріс қарап кетті. «Тыныштық алсын» дегенді біріне-бірі ыммен айтып, сыбдырсыз шыға бастады үйден.

Зәру ғана қаққан қазықша тапжылмай, үн-түн жоқ, Шығанақты күзетіп қала берді.

Соңы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама