Шымкентте бұрынғы «сыра патшасы» әрі экс-олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі жеке үй мен жер телімі аукционға қойылды, деп хабарлайды infohub.kz.
ҚР электронды сауда порталының дерегінше, лоттың бастапқы бағасы — 240 195 000 теңге, алайда объектіні сатуға дайын ең төменгі баға — 40 млн теңге. Құжаттарда аумақтың меншік иесі Төлешов Тоқтар Жүсіпұлы екені көрсетілген. Мүлікті жарғылық капиталға енгізу шартында «Шымкентпиво» ЖШС және «Дархан Group» ЖШС де аталады.
Лотты «Дархан Group» ЖШС орналастырған. Жер телімінің ауданы — 0,0644 га, аумақта екі тұрғын ғимарат және қора бар. Сауда-саттық голландиялық әдіспен (бағаны төмендету арқылы) өтеді. Аукцион 27 тамызда сағат 10:00-де басталады.
Еске салайық, Тоқтар Төлешов 2016 жылы қатаң режимдегі колонияда 21 жылға бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ коммерциялық және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойы айырылған. Ол мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену, азаптау, кісі өлтіру — барлығы 18 қылмыс жасады деп айыпталған. Төлешов 2016 жылдың қаңтар айының соңында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған.


