Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері іссапардан қайтып келе жатып, Астана – Петропавловск тас жолында қауіпті маневрлердің куәсі болды, деп хабарлайды infohub.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіндегілердің айтуынша, жол жабыны жөнделіп жатқан учаскеде қозғалыс екі бағытта кезекпен бір жолақпен ұйымдастырылған. Осыған байланысты мұнда көлік ағынының тығыздығы ерекше жоғары.
Алайда 35 жастағы «ВАЗ-2107» жүргізушісі бірнеше рет басып озуға тырысып, қарсы келе жатқан көліктерді кенеттен бағытын және жылдамдығын өзгертуге мәжбүр еткен.
Бұл бұзушылықты облыстың шалғай ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан полиция департаменті аппаратының қызметкерлері тіркеді. Бұл туралы СҚО ПД тергеу басқармасының подполковнигі Раушан Бакеева айтты. Оның айтуынша, ақпарат пен бейнежазба дереу осы учаскеге қызмет көрсететін патрульдік полиция батальонының экипажына берілген.
Тәртіп сақшылары жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Авариялық жағдай туғызу 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жыл ішінде қайталанған жағдайда жаза ретінде 6 айға көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.
Полицеймен әңгімелесу кезінде жүргізуші жолдағы өз әрекетін былай түсіндірді.
«Жұмыстан кейін жай ғана шаршаған едім», — деді ер адам.


