22 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы төрт автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының нақтылауынша, шектеулер 22 қарашада сағат 12:00-де күшіне енді. Себебі — қолайсыз ауа райы, яғни бұрқасын.

Атап айтқанда, «Қостанай — Мамлютка» автожолының 226-дан 406-шы шақырымға дейінгі учаскесінде (Қостанай облысының шекарасынан Мамлютка қаласына дейін) қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ «Петропавл — Соколовка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 11-ден 73-ші шақырымға дейінгі учаскесінде (Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.

Бұдан бөлек, «Астана — Көкшетау — Петропавл — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 491-ден 521-ші шақырымға дейінгі учаскесі (Петропавл қаласынан Мамлютка қаласына дейін) жабылды.

Қостанай облысындағы автожол учаскесінде де сағат 12:00-ден бастап қозғалыс шектелгені хабарланды. «Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы „Қостанай — Мамлютка“ автожолының 163 — 226-шы шақырым аралығында (Ұзынкөл ауылы — СҚО шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді», — деп мәлімдеді компанияда.