Станцияларда ойнаймыз «Пайдасын кім біледі?»
Тобы:«Балапан» ортаңғы қазақ тобы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Станцияларда ойнаймыз «Пайдасын кім біледі?»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсат - міндеттері:
А) Балалардың дұрыс тамақтану, мезгіл өзгерістеріне сай киіну үлгісі туралы біліктерін жүйелеу, кеңейту, ойын элементтерін қолдану арқылы дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру;
Ә) Ойлау, есте сақтау, салыстыру, таным белсенділігін арттыру, сөздік қорларын байыта отырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрау қабілеттерін, қиялын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту;
Б) Денсаулыққа әсер ететін қимыл - қозғалыстарын шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшынысын оятып, тазалық гигиенасын сақтауға, ұқыптылыққа, асты құрметтеуге, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің көрнекі құралдары: Азық - түлік суреттері, тыныс алу жаттығуы «Киіміңді кептір», Артикуляциялық жаттығу, саусақ моторикасына арналған дамытушы ойын құрғақ бассейн «Дәрумендерді таны», «Ең дәмді пицца», Жартылай қимылды ойын «Қажетіңді ілгішке іл», Дамытушы ойын «Супермаркет», Сергіту сәті «Зообаққа саяхат», таңғажайып ойын «Сиқырлы қалпақ», саусақ жаттығуы.
Тосын сәт: Топқа қуыршақ сайқымазақ келіп, балалармен амандасады.
1. Тыныс алу жаттығуы «Киіміңді кептір»
Мақсаты: Балалардың тыныс алуын қалыпқа келтіру.
Сайқымазақ: балалар мен ергежейлілер еліне барайын дегенмін, ол үшін сіздер де менімен барасыздар ма? Бірақ, ол жаққа бару үшін әдемі киіну керек. Ал мен киімдерімді жуып қойып едім ылғал, кеппеген. Ендеше, киімдерімді кептіруге көмек беріңіздерші.
Барысы: фетрден қиылып алынып, жіпке байланған киімдерді үрлеу.
1. Мұрын қуысымен терең тыныс алу;
2. Ауызбен ауаны шығарып, киімдерді үру.
2. Артикуляциялық жаттығу
«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
3. Жартылай қимылды ойын «Қажетіңді ілгішке іл»
Мақсаты: Жыл мезгілі туралы біліктерін бекіту, мезгіл өзгерістерінің айырмашылығын ажырату.
Барысы: Алдарына киім ілгіш пен қыстырғышқа жапсырылған киім үлгілері беріледі. Сол киімдерден күз мезгілінде киюге болатын киімдерді алып, балалар киім ілгішке апарып қыстырады.
4. Дамытушы ойын «Супермаркет»
Жолға азық - түлік алып алсақ қалай қарайсыздар?
Мақсаты: балалардың азық - түліктің денсаулыққа пайдалы екенін түсініп, ұқсастықтарын таба білуге үйрету.
Барысы: берілген супермаркет арбаларына азық - түліктерді сурет бойынша сәйкестендіріп қойғызу.
5. Дамыту ойыны «Дәрумендерді таны». Қол, саусақ моторикасына арналған ойын. құрғақ бассейн қолданылады.
Мақсаты: балалар дәрумені бар жемістер мен көкөністерді саусақ мотрикасын жетілдіре отырып тауып, атауға үйренеді, олардың қажеттіліктерін түсінеді.
Барысы: берілген ыдыстағы асбұршақтың ішінен қолдарымен шымшу, сипау арқылы қажетті фишкаларды тауып, оларды атайды, жеміс пе, көкөніс пе ажыратады.
6. Сергіту сәті «Зообаққа саяхат»
Мақсаты: балалардың бой жазып, бір - біріне массаж жасау арқылы, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Барысы: балалар шеңберге тұрып: бір бірінің иығына қолдарын қояды. Педагогтің айтуымен қимылдар жасайды.
1. Барлығымыз бірге зообаққа барамыз. Алдымыздан қақпа ашылды (алақандарымызды алдындағы баланың арқасына қойып екі жаққа айқара сипау);
2. Алдымыздан ұзын жол шықты (екі қолмен бірге белден жоғары қарай сызу);
3. Бір кезде алдымыздағы тордан арыстан бізге қарай аттады (екі қолдың саусақтарымен арқаны жымқыра шымшу);
4. Арғы жағында қалталы аң (кенгуру) секіріп шықты (белден жоғары және төмен қарай қос қолмен секіру);
5. Келесі торда қолтырауын жорғалай жүрді (кезек - кезек екі алақанның қалың жерімен иықтан төмен қарай сипау);
6. Міне қызық, ары қарай адымдап аттап түйеқұс келеді (екі алақанды кезекпен арқаға батыра қойып жоғары жүру);
7. Соңынан жорғалап жылан да келеді (екі қолдың саусақтарының басымен арқаны кезектестіре жоғары - төмен сипау).
Міне, зообақты да аралап шықтық, шаршағанымыз басылды.
6. Құрастыру ойыны «Пицца».
Мақсаты: балалар тағамның тағы бір түрімен танысады. Және сол пицаны жасау барысында азық - түлік түрлерін атайды, қандай азық түрі екенін ажыратады. Сөздерді буынға бөледі.
Барысы: Балалар пица бөліктерінің үстіне дайындалып берілген қияр, шұжық ірімшік, қызанақ, саңырауқұлақ тағамдарын орналастырады, олардың ет, сүт, көкөніс тағамдары екенін ажыратады.
7. Саусақ жаттығуы. «Бес саусақ».
Қанекей, бес саусақ
Жинайық жемісті
Бас бармақ алма ал,
Балаң үйрек шие ал,
Ортан терек жүзім ал,
Шылдыр шүмек банан ал,
А кішкене бөбегім
Осыларды қаужап ал.
8. Таңғажайып ойын «Сиқырлы қалпақ».
Мақсаты: Ойын барысында балалар пайдасы бар және пайдасы жоқ тағамдарды ажыратады.
Барысы: Берілген суреттерден қажеті жоқ тағам суреттерін қалпақтармен жауып қояды. Неге жапқанын әрбір бала атап айтады.
Сайқымазақ: балалар сіздер маған көп көмек бердіңіздер. Мен дәрумендер мен жыл мезгілдеріне байланысты киімдерді енді ажырата алатын болдым. Сіздердің көп көмектерініз тиді, рахмет!
Ақтөбе қаласы, №52 «Құлагер»
балабақшасының тәрбиешісі:
Ахаева Айгуля Ержановна