Сүйінбай Аронұлы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: оқушыларды Сүйінбай Аронұлы туралы таныстыра отырып, өлеңнің мазмұнын меңгерту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушының өз ойын ашық білдіруге, пікірін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру, тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жаман қасиеттерден алшақ болуға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, талдау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1) оқушылармен амандасу;
2) оқушы зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
- Қай ақынның, қандай шығармасын білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақта бойынша жақсы мен жаман қасиеттерді көрсету.
Ой толғау. Оқушылар өз ойларын айтады. Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Флипчарт №2
(Интерактивті тақтаға жаңа тақырып жазылады) Адамның жақсы және жаман қасиеттері.
Мақсат айтылады: өлеңді талдаймыз, автор туралы мәлімет аламыз.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Спикер сайланады.
Әр топтың оқушылары адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы қағазға жазады.
(3 сөз жақсы, 3 сөз жаман қасиетке қатысты жазылады)
Әр топ өз ойларын айтып, бір түйін шығарады.
1. Оқулықтарын ашқызып, өлеңді мәнерлеп оқу. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады:
Әмме – түгел, барлық, күллі
Парқы – бағасы
Ұңғы – балтаның сап салатын жері
- Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы мінез құлықтарға үңіледі. Жақсы жамандықтың қоғам тіршілігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс - әрекетінен туып отырғанын анық айтады. Ол өмірдің басты тұтқасы – адамның адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. «Алысты жақын етер, елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келеді деген ой түседі. Жақсылық пен жамандықты салыстыра отырып, жақсы істің артықшылығын көпке әкелер пайдасын атаумен бірге, жаман істің енді жамандыққа ұрындыратынын, зиянды екенін көрсетеді. Бұл арқылы адам баласы қай жағынан алып қараса да, таза, адал, ар иесі болу керек деген қорытындыға келеді (оқушылар өз ойларын айтады).
2. Өлеңнің ұйқасын табу. Көркемдегіш құралдарды табу:
Теңеу – ел - жұртының қамасындай, әмме жұрттың анасындай (ережесін айтқызу)
Қорытындылай келе осы өлеңде ақын не айтқысы келді? Сендерге қандай әсер етті?
«Болжау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.
Сұрақтар. Оқушылардың жауабы.
Қалай ойлайсыңдар, осы өлеңнің
авторы кім?
Қай заманда өмір сүрген ақын?
Автор қандай адам?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл өлеңнің авторы:
Флипчарт № 3
Слайд көрсетіледі
Сүйінбай Аронұлы
Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісудың ірі ақыны. Ол әділетсіздікке жаны қас, шындықты бетке айта алатын батыл, халықты тілімен қорғаған өткір сыншы. Айтыскерлігімен көрінген азамат ақын. Сүйінбай 1898 жылы қайтыс болды. Бірақ ақынның үлгілі, өнегелі шығармалары бүгінгі күнге дейін жас ұрпақтарды тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды.
3. Топпен жұмыс орындау. Сурет салу, өлең шығару.
І - топ тапсырмасы: «Жаныңда жүр жақсы адам».
ІІ - топ тапсырмасы: «Жирен жаман әдеттен».
Оқушылар жұмыстарын қорғайды, қорытынды шығарады. Спикерлер топтарды бағалайды.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу.
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Тусупбекова Сауле Айтбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.