Таразда патруль полициясының қызметкерлері түнде қала көшесінде қауіпті дрифт жасаған 28 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Құқық қорғаушылар бұл маневрді байқап, заңбұзушыны ұстады, деп хабарлайды infohub.kz.

Кейін анықталғандай, қауіпті жүргізуге досымен болған дау себеп болған. Жүргізуші өз шеберлігін дәлелдегісі келіп, дрифт жасап, оны бейнеге түсіріп алған.

Тергеу қорытындысы бойынша ер адам жол төсемін бүлдіргені және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 10 тәулікке қамау жазасын кесті.

Полиция мұндай бұзушылықтардың жолы кесілетінін, оларға қатаң шара қолданылатынын атап өтті.