Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тері және оның аурулары

Ақтау қаласы
"Ибаш Жанболатова атындағы №15 ЖББОМ" КММ
6 «Ә» сынып оқушысы Бақытжанқызы Жұлдыз
Химия және биология пәндерінің мұғалімі
Азаматова Гулжамал Мырзабаевна

Пікір

«Ибаш Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру мектебі» 6 «Ә» сынып оқушысы Бақытжанқызы Жұлдыздың «Тері және оның аурулары» атты тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына жетекшісі Г. Азаматованың жазған пікірі

Оқушым, Жұлдыз тері аурулары туралы мағлұмат ала отырып, қазіргі таңда халық арасында тері ауруларының кең етек алуына байланысты өз ғылыми жұмысын пайдалана отырып, үлесін қоспақшы. Зерттеудің дереккөздері ретінде адам терісінде кездесетін ауру түрлері алынды.
Негізгі бөлімінде жалпы тері аурулары туралы сипаттама берген, одан әрі диатез және оның түрлері, безеу, саңырауқұлақ аурулары, шиқан, күбіртке, қышыма қотыр, әжім және бет терісі туралы мәлімет берген.

Іздену барысында халықтық ем-домдар туралы да мәлімет беріп өткен. Осы зерттеудің барысында оқушым білімін кеңейтуді мақсат етті.
Зерттеу жұмысының қорытындысын биология, анатомия, валеология пәндеріне қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Ғылыми жобаның тақырыбы қазіргі жас ұрпақтың денсаулығын жақсартуда өз үлесін қосары сөзсіз.

Мұғалімнің  пікірін растаймын  
Мектеп директоры: А.А.Досов

Пікір жазған биология пәні мұғалімі: Г. М.Азаматова

                                             
Түйіндеме

Зерттеу жұмысының мақсаты: Тері ауруларының түрлерімен таныса отырып, шығу себептерін анықтап, алдын алу жолдарымен танысу.  
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Тері ауруларының шығу жолдары және оны болдырмау тәсілдері.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Тері  ауруларының түрлеріне жан–жақты сипаттама берілді;
Тері ауруларын алдын алу және емдеу жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау арқылы тері ауруларын жан–жақты зерттеу және емдеу ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.
 

Аннотация

Целю исследования: Знакомясь с видами кожаных заболеваний, выявить причины, профилактика и посмотреть, как?
Исследование: Пути к кожаных заболеваний и как его избежать.
Методология исследования:
- Обзор научной литературы;
- Водительский стаж;
Новизна и независимость результатов исследования:
Был всесторонние описание типов кожаных заболеваний;
Профилактика и лечение кожаных заболеваний;
Теоретическая и практическая ценность:
Через обзор научной литературе шоу имеет комплексное исследование и лечение заболеваний кожи является теоретическое значение работы.
Сделано в ходе лечения является использование смеси бытовых и доступ общественности практическая ценность работы.

Annotation

The aim of the study: Getting acquainted with the types of skin diseases, identify the causes, prevention, and to see how.
Research: Ways to skin diseases and how to avoid it.
Survey Methodology:
- A review of scientific literature;
- Driving experience;
Novelty and independence of the research results:
There was a full description of the types of skin diseases;
Prevention and treatment of skin diseases;
The theoretical and practical value:
After a review of the scientific literature shows a comprehensive research and treatment of diseases of the skin is the theoretical value of the work.
Made in the course of treatment is the use of a mixture of residential and public access practical value of the work.

Мазмұны
І.   Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлім:
1. Тері ауруларының түрлері
2. Күн сәулесінің теріге әсері
3. Тері күйгенде, үсігенде, күн өткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем
4. Тері күтімі және гигиенасы
5. Халықтық ем-домдар

ІІІ. Қорытынды

Ұсыныс
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тері  –  адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзада зат алмасу процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестерді жылу реттелу дейді. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қан айналым процесінде қанның сақталатын қоймасының да қызметін атқарады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді. Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу процесі жүреді, яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады. Терінің ең көп тараған ауруларына безеу,  қышыма қотыр және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар жатады. Тері ауруларын қарайтын медицина бөлімі - «дерматология» деп аталады.

Терінің құрылысы

Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис, ортаңғы қабаты – нағыз тері, ішкі қабаты – теріасты шел қабаты деп аталады. Соңғы кездерде терасты шел қабатын нағыз тері қабатымен қосып, бір қабат деп санайды.

Эпидермис – терінің сыртқы қабаты

Эпидермис көп қабатты жалпақ эпителий ұлпасынан тұрады және ол бірнеше қабаттан тұрады:

1) базальды

2) бүртікшелі

3) түйіршікті

4) жылтыр немесе әйнек тәрізді

5) мүйізді.

Нағыз тері – дерма

Дерма немесе нағыз тері эпидермис пен тері астындағы майлы жасунықтың арасында орналасқан. Оның құрамында екі қабат бар: емізікшелі және торлы.

Емізікшелі қабат қан тамырларына дейінгі аралықты дерма бөлігінің жоғарғы желісі. Сондықтан алақан мен табан терілерінде емізікшелі қабат биік болса, эпидермисі жұқа тері қабатында әлсіз түрде толқынды сызықтары байқалады. Емізікшелі қабаттың бар болуы эпидермистің қоректенуін жақсартады, емізікшелердің бөліп эпидермис пен дерманың бір-біріне жанасу аймағын ашады, сол себепті емізікшелі шырынның капиллярға жетуінде еш кедергі болмайды. Алмасу үрдісінде негізгі рольді базальды, негізгі, мембрана атқарады.

Терінің қызметі

Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы бірден теріден байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т.б.

Терінің қорғаныштық қызметі. Сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.

Ыдырау, өнімдерін шығару қызметі – зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минералды тұздер және т.б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну мөлшері сыртқы ортаның температурасына атқаратын жұмысына байланысты.

Сезгіштік қызметі – теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына байланысты. Солар арқылы температураны, ауырғанды және т.б. сезеді.

Жылуды реттеу қызметі – дене температурасының бір қалыпты деңгейде сақталуымен байланысты.

                                      

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Терінің іріңді жараларын туғызатын микробтар. Тері бүтін кезінде микробтар оған түсе алмайды. Егер тері жарылса, тілінсе, кесілсе,  микробтар сол арада теріге түсіп жайылады, терінің ішкі қабаттарын зақымдайды. Тері үстінде негізінде микробтардың стрептокок және стафилокок деген екі тұқымы кездеседі. Стрептокок тек терінің үстінгі қабатын іріңдетеді. Мысалы бетке, ерінге, құлаққа және дененің кейбір қажалғыш жерлеріне шығатын іріңді сары және басқа да жаралар осы стрептококке байланысты. Ал стафилокок терінің астыңғы қабатына өтіп жайылады. Терінің іріңді жаралары жұқпалы келеді, ондай жарасы барлардан сау адамдар күтініп, сақтануы керек.

Адамдардың, үлкен-кіші демей, бәрінде де жиі кездесетін “ауыздықты да” жұқтыратын стрептокок микробы. Бұл жараның белгісі - ол екі езуге шығады. Мұндай шыққан жара адам есінеп, аузын ашқанда, тамақ ішкенде ауыртады. Ауыздық өте жұқпалы. Оның микробы басқа адамдарға науқастың аяқ-табақ, орамалы, балалардың ойыншықтары арқылы тез жұғады. Сондықтан сары жарасы бар адамның өзіне керек заттары жарасы жазылғанша бөлек ұсталуы керек.

Ғылыми зерттеулерге қарағанда ауыздық көбінесе денеде В2 витамині кем болса немесе кейбір ішек-қарын ауруынан, түрлі жарақаттардан болатыны анықталды. Емізулі балалары дұрыс тамақтандырылмаса, не ұзақ ауырып әлсіресе, бұларға стрептокок үйір болады. Ол терінің астыңғы қабатына өтіп, оны қабындырады, түйін (эктима) салады. Эктима әуелі күлбіреп шығады да, кейін жарылып іріңдейді. Үсті қатты қабыршақтанады. Эктима көбінесе бел мен сираққа шығады. Сары жара біліне қалса, дәрігерге көріну, оның емін дұрыс қолдану керек.

Тері ауруларының түрлері өте көп. Солардың ішінде сәбилер мен жасөспірімдерде  өте көп кездесетін тері ауруының бірі- диатез.

Диатез – терінің аллергиялық қабыну сырқаты. Оған көбінесе тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс береді. Оны бұрын «экссудативті диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер, т.б.

Диатез жүре келе аллергияның ауыр түрлеріне ауысуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық тұмау немесе қолқа демікпесіне. Балада аллергияның бұл түрлерінің бәрі қатар жүруі мүмкін, бұл ауру түрін, «аллергиялық триада» деп атайды.

Ағымы. Сәбидегі диатез оның өмірінің алғашқы айларынан басталуы мүмкін. Сырқаттың ағымы үш кезеңге бөлінеді: нәрестелік, балалық және жасөспірімдік немесе ересек кезең. Бұл кезеңдердің бәрі аурудың асқынуымен, одан соң бәсеңсуімен өтеді. Жасөспірім шақта балалардың көбі диатезден біржолата құтылады.

Нәресте диатезі сәби өмірінің алғашқы айларынан бастап екі жасқа дейін созылады. Сулы немесе құрғақ диатез түрінде өтеді.

Емі. Балалардағы диатез тек тері ауруы емес, бүкіл организмнің сырқаты. Сондықтан бала кешенді ем алуы тиіс. Емнің басты мақсаты – диатездің асқынуына жол бермеу.

Аллерголог - дәрігер балада аллергия тудыруы мүмкін заттардан оны сақтау керектігін түсіндіреді. Үйді артық заттардан тазартып, күн сайын ылғал шүберекпен сүртіп, кітаптар мен киімді жабық шкафтарда сақтау, үйді үнемі желдетіп тұру керек. Сондай-ақ үй өсімдіктерін, жануарлар мен балық ұстауға болмайды, бұларды тазалағанда көгертетін саңырауқұлақтардың өсуін тоқтататын ерітінділер қолдану, бала жастанатын жастықты жыл сайын ауыстыру қажет.

Диатезбен ауыратын баланың емін тек дәрігер ғана жүргізе алады. Тері күтіміне үлкен мән беріледі: баланы күн сайын хлордан ажыратылған суға (суды бұлауда 1-2 сағат тұндырып, үстіне ыстық су құяды) шомылдыру керек. Диатез көбіне тұқым қуалайды, алайда дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау арқылы аллергияға төтеп беруге әбден болады.

Безеу

14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда,  орнында шешек ізіндей дақ қалады.

Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма- кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш , қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар.  Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады.  Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс.  Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет

Саңырауқұлақ аурулары

Саңырауқұлақ ауруларын 4 топқа бөлуге болады.

1-тобы терінің беткі қабатын зақымдайды. Бұл кезде теріде ешқандай белгілер байқалмайды. Бұған адамның терлеуі және терідегі ақ таңдақтар жатады.

2-тобы терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты,аяқтың,қолдың тырнақтарын толық зақымдайды. Бұған эпидермофития ауруы жатады.

3-топқа теміреткі, парша, трихофития аурулары жатады. Бұлар шашты зақымдайды, әрі жұқпалы болады. Мұндай ауруларды ауруханада емдейді.Бүгінгі таңда тері аурулары көп кездесетін жағдай. Көп кездесетін түрі  аллергиялык аурулар, теміреткі аурулары. Бүгінгі кезде саңыраукұлак аурулары көп кездеседі. Олар терінің бетін зақымдайды, тері беті зақымданғаннан кейін, ошағы көрінеді, қызарып шығады, кішкене шет жағында бөртпелер болуы мүмкін, қышуы мүмкін, уақытылы карамаса үнемі ұлғайып, қасығаннан кейін терінің ашық жерлеріне,шашқа шашырап түсуі мүмкін. Олар өздерінің жеке гигиенасын сақтамағаннан, үй-жануарларынан, көбінесе мысықтардан, иттерден жұғады. Қазіргі кезде каңғыбас ит-мысықтар көбейіп кетті. Оларды балалар қолдарына алып, ойнатады, одан кейін олар қолдарын жумайды. Жануарлардың патогендік споралары, саңырауқұлақтар ашық жерлерге түседі.  Саңырауқұлақ шаш бөлігінде зақымдайды. Ол кезде не болады? Шаш дөңгеленіп түсіп қалады. Шаш түсіп, қабыршақтанады қышиды, бала қасығаннан кейін саңырауқұлақ споралары басқа ашық жерлерге шашырап түседі, сондықтан баланың басында ошақ пайда болады. Саңырауқұлақ аурулары тағы тырнақтарды зақымдайды. Тырнақ зақымданғаннан кейін түсі өзгереді, сарғаяды, үгітіледі. Сарғайып түссе қолдыда, аяқтыда зақымдайды.

4-топтағы саңырауқұлақтар тері асты жасунықтарын, булшық  еттерді, сүйектерді, кейбіреулері ішкі мүшені зақымдайды.

Шиқан

Стафилокок микробы денеге шиқан шығарады. Шиқан көбінесе тері үстіне өсетін түктің түбінен басталады. Өйткені микробтар тері тесіктерінен өтіп, түктің түбін қоршаған қалташық тканьдарды қабындырады да, ұлғая келіп төңірегіндегі тканьдарға жайылады. Осындай домбығып шыққан ісікті шиқан дейді. Шиқан шұқпалы емес. Шиқанды халық жақсы біледі. Теріде болатын іріңді жаралар арасында шиқан 1 орын алады.

Микроб денедегі түк түбіріне өтіп қабындырғасын 1-2 күннен кейін ол томпайып үлкейеді, теріні кернеп сыздайды, үсті күреңітеді. Ол 3-4 күнде сарғайып, ауызы шығады, ісік жұмсарады. Мұны шиқанның пісе бастағаны дейміз, бұл арада жарылады, ірің ағады, ойылған жараның қақ ортасынан сарғайып өзегі анық көрінеді, кейін өзегі де алынады. Сөйтіп асқынбаған шиқан 5-15 күн ішінде жазылады. Шиқан көбінесе дененің желке, қарын, білек, бет, мойын сияқты жеріне үйір болады. Адамға бір жолы 2-3, кейде ондаған шиқан шығуы мүмкін. Мұндай шиқан ұзаққа созылады, бірі жазылса, екіншісі шығады.

Қазақ шиқанды жеңіл ауру деп біледі. Сондықтан оны өздерінше емдейді. Әрине, онысы қате. Шиқан емделмесе асқынады, кейбір адам денеге жайылған шиқаннан өліп те кетеді. Әсіресе, бетке, үстіңгі ерінге, мұрынға шыққан шиқан өте қауіпті. Мәліметке қарағанда барлық шиқанның 1/3 асқынатын көрінеді. Қазір шиқанға қарсы күшті дәрі-дәрмек аз емес. Дегенмен істің кілті сақтықта. Шиқан білінісімен-ақ емделу керек.

Шиқанның үстіне сыздауды, қабынуды басатын ихтиолдық майды күніне 2 рет жағып, тану керек. Шиқан жарылғасын қуысындағы іріңі ағады. Шиқанның үстіне гипертониялық (10-20 проценті тұз) ерітіндіге малынған дәкені сығып, екі-үш қабаттап жауып тану керек. Жараның тез пісіп, жарылуына ихтиолмен бірге түрлі жылылықтарда көмектеседі.

Жалпы емге пенициллин, биомицин жатады. Пенициллин укол ретінде ендірілсе, биомицинді ішуге болады. Науқасқа поливитаминді қабылдау да пайдалы. Ұзаққа созылған шиқанда адамның өз қанын уколмен өзіне жіберу (аутогемотерапия) жақсы нәтиже береді. Әрине шиқанның қай түріне қандай ем пайдалы екенін дәрігер біледі.

Күбіртке

Күбіртке жиі кездесетін іріңді ауру. Кейбіреулер қолдағы кіші-гірім жараларға уақытында мән бермейді. Теріге түрлі себептермен түскен жарақаттарға микробтар үйір келеді. Микробтар жарылған, қажалған орынға түсіп көбейеді, тез уын жаяды. Сөйтіп тканьдарды қабындырады, іріңді жараға айналдырады.

Қазақ күбіртке деп тек тырнақ түбінің ісін, іріңдегенін айтады. Ал ғылымда күбіртке (панариций) деп саусақ тканінің іріңді жарасын айтады. Сондықтан жараны шыққан орнына қарай тері, теріасты, сіңір, сүйек және буын күбірткесі деп айырады.

Қолына күбіртке түскен адамның алдымен дәрігерге көрінгені жөн. Дәрігердің кеңесі бойынша марганцовканың 1-2 түйірін қосқан ыстықтау суда саусақты күніге 4-6 рет ұстап күбірткенің тез пісіп жарылуына көмектеседі, қолдың солқылдап ауырғанын да басады. Бұдан басқа емді дәрігер, кейде оның ұйғаруымен адамның өзі де жасауы мүмкін.

Қышыма қотыр

Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық  жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді.

Аналық кене тері астында тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді. Жазда көбейетін тері ауруларының тағы бірі – теміреткі. Мұны да адамдар негізінен ашық су көздеріне шомылуға барғанда жұқтырып жатады. Ал одан сақтану жолдары мынадай: әрбір шомылып болған сайын «душқа» түсу, жақсылап шайыну керек. Әсіресе қолды ұқыптап жуған жөн. Құмда жалаң аяқ жүрмеуге тырысыңыз. Ал теміреткіні адам алғашында аллергия деп қабылдауы мүмкін. Ол теріде қызарған, дөңгелек дақ сияқты пайда болады, қатты қышиды. Кейін әлгіндей дақтар көбейіп, бір-біріне қосылады, үлкейеді. Ол басқа да шығуы мүмкін. Мұндайда шаш түбінен сынғыш болады. Теміреткіден өз бетінше емделген дұрыс емес, дәрігерге көрінген жөн. Қотыр болып қалмаңыз Атының өзі үркітетін бұл қолайсыз ауруды қотыр кенесі таратады, ол жиі, жақын араласқанда ауру адамнан сауға жұғады. Жалпы жұрт пайдалануындағы жерлерде тазалық сақталмаса да қотыр кенесіне жайлы жағдай қалыптасады. Қотыр кенесі ағзаға түскеннен кейін эпидермитті зақымдайды. Дене қатты қышиды, ол әсіресе кешкі, түнгі мезгілде «құтырып» кетеді. Қотыр жұқтырған адам жедел түрде дәрігерге көрінген абзал. Өз бетінше емделуге болмайды, ол аурудың күшейіп кетуіне соқтыруы әбден мүмкін. Бұл екі арада оны өзгелерге жұқтыру қаупі де еселене түседі. Қотырды тек маман дәрігерлер ғана емдей алатыны естеріңізде болсын. Бұл дерт ата-анасында мүлде кездеспесе де, осы ауру жүре пайда болатын жандар да ұшырасады. Оған көп нәрселер, мысалы қоршаған орта, адам ағзасы тікелей әсер етеді. Бұл аурудың қысқы және жазғы түрлері бар. Қабыршақты теміреткі асқынған сәтте буындар ауырып, құрысып, сал болып қалу қаупі бар. Осы аурумен ауыратын науқастар жылына 1 рет диспансерлік тексеруден өткізіледі. Науқастар ауру асқын­ғанда көбіне ауруханаға жатады. Себебі дерттің дәрі-дәрмегі қолжетімді емес. Ал атопиялық дерматит диатезден бастау алады. Бала 3 айдан 3 жасқа дейін диатез болған жағдайда, әдетте тоқтауы керек. Не болса соны жеп, тамақтануына мән берілмесе, мұның соңы атопиялық дерматитке ұласады. Кейін тамақ жақпай қалатын, киім кисе, қышына беретін түрлі қоздырғыштар туындайды. Біршама жағдайларға ағза аллергия беретін болса, ол экземаға әкеледі. Жүйке жұқарғаннан пайда болып, қышыну процесі жүреді. Ал қышыған сайын, ауру өрши түседі. Аймен бірге жаңарып отыратын түрі де жеткілікті. Экзема симметриялы, егер бір қолда болса, міндетте түрде келесі қолға шығады. Тері күлдіреп, суланып жарылады, сонан соң қызылшақа жараға айналады.

Импетиго – терінің беткі қабаттарын зақымдайтын тері сырқаты. Жұқпаның біріншілік түрлері көбіне балаларда кездеседі, екіншілік түрлері ересек адамдарда жиі кездеседі.

Себептері. Бұл патологияның негізгі қоздырғыштары А тобының стафилококтары мен стрептококтары, немесе олардың қатар жүруі. Бұл аурудың қозуына жағдай жасайтын факторлар: ауаның жоғарғы температурасы және ылғалдылығы, жеке бас тазалығын сақтамау, иммунитеттің төмендеуі, ұсақ жарақаттар, сусамыр, қан айналымының бұзылысы, қышитын дерматоздар, антибиотиктермен емделу. Импетиго өте жұққыш келеді.

Белгілері. Негізгі белгілері – сулы бөртпелердің пайда болуы. Бөртпелер кейін жарылып, алтын - сары қабыршақ түзіледі.

Импетигоның булезді түрі болады. Бұнда ірі және қалың бөртпелер жарылып, мөлдір не лай сұйықтық шығады.  Бөртпелердің диаметрі 1-3 см,  жалпы қатты ауырады.  Импетиго көбіне адамның кеуде бөлігінде, бетте, тері қыртыстарында шоғырланады. Бөртпелер бірігіп, қан мен лимфа арқылы әр жерге жиналуы мүмкін.

Емі. Негізгі ем – жергілікті емдеу. Бұған бактерияға қарсы жақпамайлар, анилин бояғыштары, спиртті ерітінділер, дәрумендер жатады. Ауыр жағдайларда антибиотиктер тағайындалады.

Емделу кезінде жуынуға болмайды. Өйткені су мен ысқыш арқылы жұқпа таралуы мүмкін.  Күнделікті дәмнен тәттінің бәрі жойылады. Себебі қант микроағзалардың дамуына жағдай жасайды.

Асқынулары.  Асқынуы қауіп тудырмайды. Емнен кейін ешқандай шектеу қойылмайды. Алайда ем дұрыс жүргізілмесе, жұқпа тереңге енеді. Сөйтіп лимфа түйіндері мен тамырлары қабынады, тері мен терасты клетчаткасына жұқпа жұғады.

Алдын алу: жеке тазалықты сақтау, шағын жарақаттарды спиртті ерітінділермен өңдеу, дерматозды сауатты емдеу, қандағы қантты тексеріп тұру.   

Ұшық

Ұшық, герпес – адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру. Инфекция көзі – ауырған немесе вирус таратушы адам. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде шығады. Себебі бұл кезде организмнің ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап, гиповитаминоз дамығанда; әр түрлі жұқпалы аурулармен ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда да шығады. Ұшықтың 2 түрі бар; Олар жай ұшық және белдеме ұшық.   

Ораза ұстаудың да тері ауруларына пайдасы бар                      

Ауыз бекітудің тері ауруларымен күресуде пайдалы әсерлері бар. Ораза тұтқан кезде қандағы су мөлшері азаяды, яғни терідегі су құрамы да кемиді деген сөз. Бұл - терінің қуаттылығын арттырып, зиянды микробтар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі. Сондай-ақ, қышыма ауруының адам денесіне әрі қарай таралуын тоқтатып, терінің майлануы мен аллергиядан жазылуға да оң әсерін тигізеді. 

Күн сәулесінің теріге әсері

Адамның терісі қорғаныссыз болса теріге А және В ультра күлгін сәулелері әсер етеді. Бұл ультра күлгін сәулелері теріге зиян келтіреді. Біздің теріміз UVB сәулелерінің жартысын ғана өткізеді, себебі біздің теріміздің жоғарғы қабатында мүйізгек қабат және эпидермис болады. Сәулелер терінің жоғарғы қабатына зақым тигізеді, күннің күйдіруіне де алып келуі мүмкін. UVA сәулелерін мүйізгек қабат тоқтата алмайды, сәулелер эпидермиске дейін барады. UVA сәулелері аллергетикалық реакцияларға әкелуі мүмкін жәнеде сәулелер терімізге терең сіңіп зақым келтіреді. Сәулелер қартаю процесін тездетеді. UVA сәулелері теріге кіріп бос радикалдарды жібереді. Бос радикалдар терінің жасушалық ядросына кіріп кетіп оны зақымдайды. Организмнің қорғаныс қабаты оны таппай оны жоймаса онда олар тез бөлініп мелономия ауруына шалдығады. Соның барлығын болдырмас үшін Antihelios  XL қолдану керек. Ол екі қабатқа да қорғаныс береді. Терінің жоғарғы қабатында MEXORYL SX және MEXORYL XL ультра күлгін сәулелерді ұстап қалады. ANTIHELIOS XL құрамында пайдалы Сенна Алата өсімдігі бар. Сенна Алата теріге терең сіңіп бос радикалдарды жояды да теріміздің жасушаларын қорғап тұрады.

Жасанды тері әдісі туралы не білесіз?

Ғалымдардың айтуынша жасанды тері әдісі іске асырылып, оның дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіздігі дәлелденгені көпшіліктің  назарын аударып жүр. Жасанды теріні науқас адамдарға қазіргі уақытта пайдалануға болады. Тері трансплантациясын жасау үшін жасушалар сау адамның терісінен алынады. Тері- ең үлкен және ең тез жаңаратын ұлпа. Терінің терең қабатында фибробласттар деп аталатын жасушалар орналасқан. Олардың арқасында тері өсіп, жаңарады                                                                                                     

Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Терінің  күюі өртке, кейбір химиялық заттарға,  күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітіндісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана түрлі жақпамай жағып, таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ерітіндісімен жуылады.                                                                                                                

Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Тері  үсіген кезде теріде ақ дақтар пайда болады, тері еш нәрсені сезбейді. Мұрын құлақ, бет үсігенде жұмсақ матамен ептеп ысқылайды. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды,  өйткені қар түйіршектері үсіген теріні жарақаттап жіберуі мүмкін. Үсіген жердің сезімталдығы қалпына келмесе, тез арада дәрігерге қаралу қажет. Қолы немесе аяғы қатты үсіген адамды жылы бөлмеге жатқызып, үсіген жерді жылы затпен орап тастау керек. Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамга жылытатын сусындар ішкізу керек.

Күн өткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Ыстық күндері ұзақ серуенге шыққанда, ыстық орындарда ауыр қара жұмыс істегенде күн өтуі мүмкін. Күн өткенде бас айналады, ауырады, көз қарауытады, кейде есінен танып қалуы мүмкін. Күн өткен адамның беті кызарады, тынысалуы, жүректің соғуы жиіледі. Дене температурасы күрт көтеріліп, + 40°С жетуі мүмкін. Күн өткен адамды тез арада салқын жерге әкеліп, денесін қысып тұрған киімдерін шешеді. Басын жоғары жатқызып, маңдайына, жүрек тұсына салқын орамал қояды. Егер ауру адам тыныс ала алмаса, жасанды жолмен демалдыру шараларын жасау керек. Күн өтпеу үшін ыстықта бас киім киіп жүрген жөн.

Тері күтімі, гигиенасы                           

Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді.Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған жөн. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып, сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады.

Халықтық ем-домдар

Бет терісін күту. Адамның жас шамасына, ағзаны жай күйіне, сыртқы орта әсерлеріне байланысты тері әртүрлі болады, сондықтан да күтімі де әртүрлі болуы тиіс және бұл үш нәрседен-теріні тазалау, нәрлендіру және қорғау шараларынан тұрады. Тері майлануына қарай: бірқалыпты, құрғақ, майлы тері деп бөлінеді. Бірқалыпты тері құрғақ немесе майлы теріге қарағанда күтімді көп қажет етпейді. Таңертеңгі бет жуу терімен қатар бүкіл ағзаны сергітіп, ширатады және еңбекке қабілеттілікті арттырады. Мұндайда, әсіресе суық су пайдаланылады. Ыстық су теріні жақсы тазалайды, майын кетіреді, бірақ ұдайы ыстық сумен жуынған жағдайда қантамырлар кеңейіп, тері босап, болбырауы мүмкін, сондықтан бетті бөлме температурасы жылылығындай сумен немесе ыстық және салқын, сумен алма-кезек шайып жуыну керек. Бет жууға балалар сабынын, иіс сабындарды пайдалануға болады. Бетті жуып болған соң оны құрғата сүртіп, оған тері жұмсартқыш крем жағу ұсынылады.

Құрғақ тері жұқа, тегіс, нәзік келеді. Оған күн көзі, жел, аяз, су, сабын тез әсер етеді. Жас кезде құрғақ теріні тазартып, сұйық крем жақса жеткілікті. 25 жасқа дейін теріге нәр беретін майлы кремдерді пайдаланудың қажеті жоқ. Егер теріге сабын әсер етсе, онда сабын пайдалануды шектеу керек.

Ақжелкен. Ақжелкенді витаминді сұлулық деп атайды. Егер сіз өзіңіздің бағыңызда ақжелкенге шағын жүйекше бөлсеңіз өкінбейсіз. Бетті сергіту, әжімді кетіру үшін ақжелкен көгінің шырынын қолданады, онымен теріні таңертең және кешке ысып сылайды. Оны былай дайындайды: 1 ас қасық жапыраққа 1 стақан қайнап тұрған су құйып 20 минут духовкаға қояды.

Қалақайдан жасаған малма (примочка) мен ванна да өте пайдалы: 100 г құрғақ жапырақтардық ұнтағын 0,5  л су мен 0,5  шарап сіркесуының қоспасына 30 мин қайнатады. Електен өткізілген қайнатпаны күнде кешке  сабын қолданбай теріні ысуға қолданады.

Ал қабақ ісінген кезде, оны бәсеңдету үшін үгілген жас картоптың ботқасын дәке салфеткасына орап 15-20 мин басу керек. Содай-ақ түймедақ қайнатпасынан салқын малма басуға да болады.

Қияр маскасын саңылауы кеңейіп қажыған, солып бара жатқан теріге ұсынады. Ең оңайы, қабығын аршып, оны бетке басу. Қиярды үккішке үгіп, үгіндісін дәкеге салады да бетке басады немесе бір жұмыртқаның ағын көпіршітіп, оған екі қасық жас қияр шырынын құяды, араластырып, бетке басады.

Сәбіз маскасы. Сәбіз маскасы безеу басқан майлы теріге, қуқыл тартқан және солып бара жатқан теріге жақсы әсер етеді. Сәбіз және алманы үккішке үгіңіз. Егер ол өте шырынды болса толық қосыңыз. Ботқаны бетке жағыңыз. Оған үлкен алма қосса, одан да дымқылдана түседі.

Томат маскасы. Томат маскасы саңылаулары бар топырақ түстес майлы теріге жақсы әсер етеді. Бетке томаттың бөліктері мен жұмсағын басады.

Ақ және қызыл қарақат маскасы. Ақ және қызыл қарақат маскасы саңылауды тарылтады, әрі майлы теріге өте пайдалы. Бірнеше жидекті езіп, шырынына аздап картоп ұнын қосып, бетке жағу керек.

Қияр шырыны - тері тазартудың ең жақсы тәсілі. 100 гр. жас киярды ірі үккішке үгіп, оған 100 гр. лосьон құю керек. 8-10 тәулік қараңғы шкафқа қою керек. Содан соң оны дәкеден өткізіп, жабық флаконға құйып, мұздатқышта сақтау керек. Егер тері майлы болса, онда осы құраммен, бетті жуудың орнына, сылауға болады. Егер теріңіз құрғақ болса, қияр шырынына кез келген жұғымды крем қосу керек.

Орамжапырақ маскасы. Құрғақ тері үшін: ұсақтап туралған жапырақтарды сүтке пісіріп ботқа жасайды да 20 минут бетке жағады. Ал майлы тері үшін: ет тартқышқа тартқан жапырақтардың ботқасына жұмыртқаның қөпіршіген ағын қосып, бетке, мойынға жағады. Майлы саңылаулы тері болса, онда жуынардан 10-15 минут бұрын теріні ашытқан орамжапырақтың сөлімен ысу керек.

Қорытынды

Мен өз жұмыымда тері аурулары туралы, қалай пайда болатындығын және оны емдеу жолдарын зерттедім. Мен ең алдымен терінің  құрылысы  және қызметімен, содан соң тері ауруларымен және халықтық ем-домдармен таныстым.

Бұл ғылыми жұмыста мен тері ауруларының қалай пайда болатыны туралы кеңінен мәлімет келтірдім. Алайда тері ауруларын толық зерттедім деп айта алмаймын. Тері ауруларының сыртқы түрлері ұқсас болғанымен олардың пайда болу себептері әр түрлі.             

Қазіргі таңда тері ауруларының көбейіп отырғандығына, оның шығу себептеріне экологияның әсері бар екендігіне көз жеткіздім.     .

Алдағы уақытта мен әлі де тері ауруларымен танысып, зерттеп өзім қатарлы құрбыларыма, достарыма таныстырғым келеді. 

Ұсыныс

Мен осы ғылыми жұмыста Гулжамал апаймен бірге тері ауруларының түрлі микробтардан пайда болатындығын ескере отырып мынадай ұсыныс ұсынамын.

- Мектеп оқушыларымен бірге тері ауруларының қалай пайда болатындығы туралы қоғамдық шаралар мен семинарлар өткізіліп тұрса;

- Кішкентай балаларға тері ауруларының қалай пайда болатындығы туралы үгіт насихаттар жүргізілсе;

Пайдаланған  әдебиеттер:

1. Р.В.Тонкова, Т.Я.Черток, И.Н.Алферова «Основы медицинских знаний» МОСКВА «Просвещение» 1981 ж [17;37;64;214;240;297;306-бет]

2. В.А.Белоусов, А.Д.Певзнер «Балалар аурулары» Медицина баспасы-1974 ж білім баспасы 1992 ж аударған. [11;42;116;177;229-бет]

3. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» [191;192;196;197-бет]

4. «Биология пәні» журналы

5. «Денсаулық» атты Республикалық журналы Мәтіннің авторы Ж.Арман тері дәрігері [5-бет]

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама