Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары Нечаевка ауылының маңынан ер адам мен кәмелетке толмаған қыздың мәйіті табылуымен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz.

Екі күн бойы Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бірінші күні сүңгуірлер кәмелетке толмаған қыздың мәйітін судан тауып, шығарды. Келесі күні ер адамды іздеу жалғасып, оның мәйіті де табылып, жер бетіне көтерілді.

Операция барысында құтқарушылар Тобыл жағалауының шамамен 2,5 шаршы шақырымын жаяу тексерді. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып, оның көмегімен 12,05 гектар аумақ қаралды. Сүңгуірлер өзен түбінің 39 мың шаршы метрін тексерді.

Іздестіруге полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлады ТЖД.

Әлеуметтік желілерде қайтыс болғандар әке мен қыз болғаны айтылуда.