Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Түлкі мен торғай ертегісі
«Қатынас» білім саласы, көркем әдебиет. (ортаңғы топ)
(фланелеграфта) ертегіні көрсету.
«Түлкі мен торғай» ертегісі

Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: Өтілген ертегілерді еске түсіру, білетін ертегілердегі әрекеттерді қысқаша айтып өту, жаңа ертегінің мазмұнын тыңдауға қызығушылығын арттыру.
2.) Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, ойлау қабілетін, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру.
3) Тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, шындыққа, әділеттілікке тәрбиелеу, еңбекті бағалай білуге, сүюге,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, ойын ұйымдастыру, «кубизм» әдісі, «Венн диаграммасы» көрсетуі, талдау, топтастыру, түрлі пішіндермен ертегі кейіпкерлерінің сұлбасын құрастыру. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Ковралан тақта, ертегі кейіпкерлері бейнесі(түлкі, торғай, ит), таратпалы жүрекшелер.
Мақал - мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақтар.
Оқу іс - әрекетінің түрі: Дамыта оқыту технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі:
Ертегімді бастайын,
Қиялдап бір тастайын,
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Жас данышпандар болыпты,
«Ақбота» балабақша кентінде,
Ерте, ерте, ертегі,
Ертегі сыр шертеді,
Ертегіні жақсы айтқан бала
Мақсат – мұратына жетеді.
Балалардың қызығушылығын ояту арқылы, психологиялық дайындық.
«Сын тұрғысынан ойлау» бойынша:

«Миға шабуыл» стратегиясы;
Балалардан ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Түлкі туралы қандай ертегілерді білеміз?
Балалар бұрын естіген түлкі туралы хикаяларды атап береді. «Түлкі мен тырна», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен құмыра» ертегілері.
«Ойлан, тап» стратегиясы;
а) Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
б) Өзі айлакер, қу.
Жүрген жері айқайда шу.
(түлкі).
Мағынаны ашу.
Ертегінің тақырыбына көңіл аударамын. Ол түлкі мен торғай туралы екенін айтамын. Ковралан тақтаға кейіпкерлер арқылы мазмұнын әңгімелей отырып
айтылу ерекшелігіне көңіл бөлемін, автор сөзі, түлкі мен торғай сөзі қандай дауыс ырғағымен, қандай көңіл - күймен айтылатынына назар аударамын.
Ертегі айтылып болысымен түлкі мен торғайдың іс - әрекеттеріне құрылғанын айта отырып: Сұрақ - жауапқа жұмыстанамыз.
- Түлкі не істеді? Оның жасаған әрекеті қандай? Ал, торғайдың әрекеті туралы не айтар едіңдер? Досына солай етуге бола ма? Қайсысына аяушылық білдіруге болады? Ит қандай әрекет жасады? Нағыз дос деп нені айтуға болады? Сіздер қалай істер едіңіздер?
Балалар өз ойларын ортаға салады.
Балалардан ертегі мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын.
Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп, қонғайсың,
Шашқан нанды шоқысаң,
Сонда суықтан тоңбайсың.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қулығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.

«Венн диаграммасы» - стратегиясы.
Суретпен жұмыс, түлкі мен торғайды салыстыру арқылы, ортақ қасиеттері - мен, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын айтқызу.
«Кубизм»- стратегиясы.
Кубиктің әр қырларына тапсырмалар берілген. Кубикті тастау арқылы, тап - сырманы орындау.
1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
Алдайды, арбайды,
Қуланады, сұлуланады. (Түлкі)
2 - тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.
3 - тапсырма: Мақалды жалғастыр.
1) Еңбектің наны тәтті,.........................................
2) Досы көпті жау алмайды,...................................
4 - тапсырма: Жабайы жануарларды ата.
(түлкі, аю, арыстан, қасқыр, жолбарыс)
5 - тапсырма: Қимылын сал. (Түлкінің, иттің, торғайдың).
6 - тапсырма: Қарама - қарсы сөздерді тап.(Антоним).
Еңбекқор - (жалқау)
Батыр - (қорқақ)
Көп - (аз).
Үлкен - (кіші).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама