Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Инновациялық технологиялар
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі
Куздеубаева Перизат Сайфуллақызы

Оқушыларға кәсіптік білім беруде оқытудың инновациялық технологияларын физика және математика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары.

“Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек”
(А. Байтұрсынов)

Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.

Ел тізгінін ұстар келешек жастарға жаңа заман талабымен үндесетін тәрбиемен қатар білім беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің басты міндеті.

Заман талабына сай маман даярлау жұмысы оңай еместігін ескерсек, ұрпағының ертеңін ойлаған ата - ана да баласының абыройлы ортада болып, жақсы жандармен араласқанын, оның сапалы білім алып, жан - жақты қабілетінің ашылғанын қалайды. Жақсы ұстаздан ұстанымы мықты шәкірт, білікті де білімді маман шығады. Сондықтан шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, өзін – өзі дамытып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл бола білу керек.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық - инновация - лық дамытудың 2003 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т. б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі кәсіптік білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама