Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы
№1 орта мектебі 1 «Б» сынып оқушысы Әлкен Темірлан
Жетекшісі: Жандилдаева Жумагул Төлепбайқызы
Тақырыбы: Итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері

Мақсаты:
Итмұрын өсімдігі және оның пайдасы жайлы мағлұмат беру.
Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер-медицинада емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданатын өсімдіктер. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Оның біріне итмұрын өсімдігін жатқызуға болады. Сондықтан итмұрын өсімдігімен таныса отырып, оның өсу ортасынмен де танысу.
Міндеті:

1. Итмұрын өсімдігі жайлы негізгі түсінік беру
2. Шипалы итмұрынның пайдалану жолына қарай жіктеу
3. Өсімдікке биологиялық сипаттама беру
4. Химиялық құрамын анықтау

Өзектілігі:

Итмұрын өте пайдалы өсімдік екеніне көз жеткізу болды.

Күтілетін нәтиже:
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, шай, ұнтақ т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің бөлек іріктелуі туралы зерттеу. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алымыз. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенің зерттеу туралы және оны пайдалану жолдары туралы зерттеу. Оларды дәрілік өсімдіктер деп айту. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы өсімдіктерден алады. Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің кездесуі туралы.


Кіріспе
Итмұрын – раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.
Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.
Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушанжеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын
жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.


Жабайы раушан дейді екен,
Итмұрынды ел кейде.
Піседі екен жемісі,
Қараша айы келгенде.
Онда аскорбин қышқылы
Сенесің бе
Көп десе.
Елу есе-
Лимоннан,
Қарақаттан он есе.


Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.


Итмұрын
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.
Трилоджи
Итмұрын майы ерін бальзамы 7ml/0.24oz
• Ультра нәрлендіретін кремді ерін бальзамы
• Құрамында ерінді нығайтып, түзейтін, ылғалдандыратын расталған органикалық итмұрын майы бар
• Сергітіп, салқындататын бұрышты жалбыз майы қосылған
• Ерінді жұмсартып, жайландыратын жұмсартқыш какао майымен қаныққан
• Қоршаған ортаның зақымдайтын әсерінен ерінді қорғайды
• Тегіс, сауыққан көрінетін ерін ашады


Асқазанды шөппен емдеуге болады
Cырқаттанып қалған кездері міндетті түрде қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес.Мен асқазанды әртүрлі химиялық препараттармен улай бергеннен гөрі бір мезгіл әжелерімізден бері қарай келе жатқан, неше ғасыр тәжірибеден өткен рецептерге де мән берген дұрыс деп есептеймін.
Мысалы, өзім гастриттен дәл сол әжелер рецепті бойынша құлан-таза жазылдым. Оқырмандармен өзіме жасаған емді ұсынғым келеді. Бүгінде асқазан ауруымен ауыратындар көп екенін білгендіктен де, мүмкін бір дауасы тиіп қалар.Гастриттен емделуді бастамастан бұрын, алдымен бірінші кезекте барлық қара және жаңа піскен нан өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Тек кепкен түрдегі бидай нан мен 1-2 сортты ұннан пісірілген нанды ғана пайдалану керек. Булочка, тәтті нан-тоқаштарды аузыңызға алмаңыздар. Сол секілді ет, балық, саңырауқұлақ, томат соусы, қыша (горчица), ащы салаттар мен кофе, жаңа сығылған шырындар (ол асқазан сөлін тітіркендіреді), қуырылған ет, кептірілген жеміс, бұршақ, долана, аскөк пен петрушканы ас рационынан алып тастауға тура келеді. Сонда немен тамақтанамыз деген сауалдың тууы орынды. Тек қана қайнатылған және су буында дайындалған тағамдарды жеген абзал. Күніне 5-6 рет аз-аз порциядан жеңіздер. Итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішіңіздер, оны шай секілді демдеу керек. Ал күніге ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет.Осыларды әдетке айналдырғаннан кейін барып, шөппен емделуге кірісуге болады. Ақ сәмбі талдың (белая ива) 1 грамм қабығын, 2 грамм иіртамыр тамыры (корень аира), аққайың жапырағы, кәдімгі бүрген (калина), жаужапырақ пен қара қарақат жапырағы, 3 грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою қажет. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне үш мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті. Тек шыдамды болған жөн. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады дейді ғой.

Пайдаланылған әдебиет

1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 2 том;


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама