Helios компаниясы Ақтөбеде оқ тиіп қаза тапқан кәсіпкердің кім екенін ресми түрде растады: Ақтөбе филиалының директоры Айболат Жисов көз жұмды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Helios компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасында ұжым Ақтөбе филиалы директоры Айболат Жисовтың өмірден өтуіне байланысты оның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты.

«Айболат Тұбасұлы мықты әрі талантты басшы, нағыз кәсіби маман, мейірімді, жанашыр және қуатты адам еді. Ісіне берілгендігі, өмірге деген құштарлығы мен адамдарға деген шынайы қарым-қатынасы әріптестерінің ерекше құрметіне бөленді. Оның өмірден өтуі — бүкіл Helios ұжымы үшін ауыр қаза. Ол туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады. Иманды болсын», — деп жазды компанияда.

Еске салайық, ер адам Ақтөбеде бірнеше күн бұрын атып кетілген болатын. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Кейін таңертең ерте өз үйінде танымал жанармай құю станциялары желісінің 49 жастағы директоры Айболат Жисов атып кетілген болуы мүмкін екені белгілі болды. Күдікті ұсталды.