Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
"Шерзаттың ісінен қуылдым" – адвокат Бағдат Амандосұлының мәлімдемесі

 

Шерзат Полаттың өліміне байланысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тараптың адвокаты Бағдат Амандосұлы істен шеттетілді. Бұл туралы ол өзі мәлімдеме жасап, процестен тыс кикілжіңдер мен "билік таласы" заңгерлік жұмысқа кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

Адвокаттың айтуынша, ол отбасының мүддесін қорғау үшін жұмыс істегенімен, кейбір тараптардың түсініксіз талаптарына тап болған.

– Біреулер “мен ғана сөйлеймін, мен ғана халыққа көрінемін, мен ғана сұхбат беремін, кім қарсы шықса – істен қуылады” деген көзқараспен әрекет етеді. Бұл маған жат. Сот – шоу емес. Ол – дәлелдерді таразылайтын, құқықтық баға берілетін орын, – деді Бағдат Амандосұлы.

Сот процесі мен оның төңірегіндегі жағдай қоғамның назарында қалып отыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама