Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Адамзаттан жасырылған мекендер: неліктен кіруге тыйым салынған?

Тынық мұхит аумағындағы көзден тасаланған, тіпті су құбыры да тартылмаған аралдан ағылшын барлау базасына дейінгі алқап – әуесқой саяхатшылардың өзі бас сұға алмайтын әлем картасындағы бес нүкте.

Әдетте тиым салынған дүниелер баршамыздың қызығушылығымызды оятып, әлемде одан өзге қызық жоқ іспетті, көріп-білуге ынтығамыз да тұрамыз. Осы заңдылық саяхатшыларды адам баласынан оқшауланған жерлердің  ынтызар етіп, бауырына тартуының себебінен қанық ететіндей.

Адамзатты қызықтыратын құпия жерлер қайда орналасқан? Онда не құпия, не сыр бар?

Свальбард провинциясындағы ұрықтардың дүниежүзілік қоймасы (Норвегия)

Көз алдыңызға елестетіңізші, әлемді қара түнек басып, сұрапыл апат орын алды: ғаламшар тұрғындарының барлығы мерт болып, қалалар қирап, тіршілік жойылудың аз-ақ алдында тұр.

Апаттан аман қалған жалғыз адамның басты әрі қасиетті борышы – әлемді бұрынғы қалпына келтіру. Голливудтық блогбастерлердің лебі есетін апокалиптикалықсюжетіміздің батыры қайда баруы керек?

Әрине, әлемдік азық-түлік дағдарысы жағдайында адамзаттың соңғы тірегі болатын, Свальбард провинциясындағы ұрықтардың дүниежүзілік қоймасына.

Ұрықтардың дүниежүзілік қоймасы Солтүстік полюстен 1300 км шалғайда жатқанСвальбард арктикалық архипелагындағы Шпицберген норвегиялық аралында орналасқан. Ол құмдақ таудың ішінде, 120 метр тереңдікте тұрғызылған. Қойма қатаң қорғалатындықтан, оны әлемдік ұрықтар банкі деуге де болады.

Қойма арнайы ғаламдық апат жағдайы үшін ұрықтар қорын жинау мақсатында 2008 жылдың ақпан айында ашылған.

Онда жабдықтардың тоқтауы, қаржыландырудың қысқартылуы, табиғат апаты орын алғанда жоғалу қаупі бар  дүниежүзінен жиналған ұрықтардың 250 миллион түрі сақтаулы.

Ұрықтардың барлық түрі ылғалдан қорғалуы үшін, арнайы төртқабатты пакеттерге салынып, қыздыру арқылы жапсырылған.

Ғалымдардың қойма орны ретінде тектен-тек Шпицбергенді таңдамаған. Бұл аралға тектоникалық белсенділік қаупі төнбейді. Оған қоса, теңіз деңгейінен 130 метр биіктікте орналасқан арал мәңгілік мұз құрсанып жатқандықтан, ұрықтардың дұрыс сақталуына ықпал етеді. 

Мұның барлығы ғаламдық жылыну орнап, мұздықтар ери бастаған күннің өзінде қойманың әрдайым құрғақ болып, ұрықтардың сенімді қорғалатынын аңғартады.

Шпицберген – ұрықтардың сақталуына өте жайлы жер, тіпті, зерттеушілердің болжамы бойынша, ондағы ұрықтар жүздеген жылдар бойы сақталып тұра алады.

Алайда Quora сайтының қолданушысы Наргис Ансаридің сөзіне сай: «Егер сіз аталған жобаға зерттеуші не өсімдік өсіру маманы ретінде қатыссаңыз ғана қоймаға кіре аласыз».

Ниихау Гавайи аралы

Гавайи архипелагының адамдар мекен ететін аралдарының ең кішісі – Ниихау аралы. Арал нағыз тропикалық жұмақ сынды: тербелген пальма ағаштары, сирек кездесетін жануарлар және мұнда ешқандай саяхатшыны кездестіре алмайсың.

Десе де, ол сырт көзге ғана шипажай ретінде көрінуі ықтимал. Аумағы небары 180 шаршы метрді құрайтын Тынық мұхит аралына аяқ басу мүмкін емес.

1863 жылы гавайилық король Камеамеа аралды дәулетті плантатор Робинсондар әулетіне сатқан. 1915 жылдан бері бөгде адамдарға аралға келуге тыйым салынған.

Аралдағытіршілік әдеттен тыс: оның 130-ға жуық тұрақты мекендеушілері – тұрғылықты гауайилықтар  баспана үшін ақша төлемейді және телефон, кәріз жүйесі, дүкендерсіз-ақ өмір кешуде.

Арал тұрғындары мініске атты пайдаланады не велосипедпен жүреді. Азық-түлікті Кауаи көрші аралынан баржамен тасиды. Арал күн көзінен қуат алатын батареялардың көмегімен электрмен жабдықталған.

«Ниихау аралының балалары аптасына бір ретКауаи аралына каноэмен жүзіп барады. Олар білім алатын мектеп сонда орналасқан», - дейді Quora сайтының қолданушысы Беннетт Макьюэн.

Өзінің шағын ғана аумағына қарамастан, аралдың тарихтан алған орны үлкен.

Дәл осы жерде 1941 жылы, Перл-Харбордағы шабуылдан кейін, ұшқышы бір апта бойына тұрғылықты халықты террорлаған жапондық ВМС жойғышы апат болған.

Ал 1944 жылы АҚШ президенті Франклин Рузвельт Ниихау аралын БҰҰ-ның штаб-пәтерінің болжамды орны ретінде қарастырған.

Макьюэеннің жазбасына сәйкес, бүгінгі күн арал әлі де бөгде адамдар үшін жабық. «Рұқсат етілмеген ұшақ қонуының алдын алу мақсатында жағалау күзеті аралды күні-түні күзетеді. Жергілікті тұрғындардың бірі қонаққа шақырғанда ғана аралға бару мүмкін болмақ».

Ұлыбританияның әскери-әуе күштерінің Менвит Хилл базасы

Егер Джеймс Бондтың құпия бункері болған болса, ол дәл осы жерде орналасар еді.

Йоркшир ағылшын графтығының солтүстігіндегі Ұлыбританияның әскери-әуе күштерінің Менвит Хилл базасы әлемдегі ең ірі электронды барлау орталығы есептелінеді. Ол Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі, Америка құрама штаттары үшін барлау мәліметтерін жинау мақсатында сигналдарды қабылдайды.

Аса құпия база қырғи қабақ соғыс уақытында КСРО сигналдарын қабылдау үшін  1954 жылы салынған.

Осы күні базаның қызметі көпшіліктен құпия ұсталады. Ел арасында базада халықаралық лаңкестік топтар мен есірткі сатушыларды бақыланатындығы айтылып жүр.

Америкалық спутниктермен жер үстіндегі байланыс станицясы осы жерден орын алған.

Сонымен қатар, құрамына Аустралия, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия және АҚШ кіретін, «Бес көз» атауымен танымал, дүниежүзілік ЭШЕЛОН тыңшылық жүйесімен базаның тығыз қарым-қатынас орнатқандығыжайлы мәліметтер де жоқ емес.

Джеймс Бонд пен Джон Ле Карренің жанкүйерлерінің өкінішіне орай, барлау орталығын ішінен көруге болмайды.

Quora сайтының қолданушысы Альберта Адамстың айтуынша: «База аумағына кіру мүмкіндігіне АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен ЭШЕЛОН қызметкерлері ғана ие».

Ватикан құпия мұрағаттары

Ватикан құпия мұрағаттары, сірә, бөгде адамдар кіре алмайтын әлемдегі ең жабық кітапхана болар. Мұнда VIII ғасырдан бері барлық рим папасының құжаттары сақталған.

1881 жылға дейін мұрағат Ваиканнан өзге мемелекеттердің өкілдері үшін жабық болған. Ал айрықша құпия құжаттар әлі күнге дейін құлыптаулы сақаталады.

Ватикан құпияларына дендемекке ниеттілерге рұқсат алу үшін ұзақ та күрделі рәсімнен өту қажет.

Мұрағатқа кіруге тек ғылыми қызметкер сұраным бере алады.  Сұранымда ғалымның жеке мәліметтері мен зерттеу жұмысының мақсаты көрсетілуі тиіс. Оған қоса, ғылыми-зерттеу институты не беделді тарихшы атынан ұсыныс хат болуы керек.

Рұқсат берілген күннің өзінде, мұрағатты (рим папасының меншігі болып саналады) түгелдей қарастыру мүмкін емес. Адамстың сөзінше, оның 85 километрлік стеллаждарында 35 мыңнан астам томдықтар сақтаулы.

51-аймақ, Невада штаты (АҚШ)

Вьетнамдағы соғыс кезінде ең алғаш рет Орталық барлау басқармасы құжаттарында қолданысқа енген «51-аймақ» термині мемлекеттік құпиялар қатаң құпияда сақталатын әскери база мен аэродром ұғымын білдіреді.

Аталмыш аймақта не болып жатқандығынан ОББ ешқандай нақты мәлімет бермейді. Ранвиждей Равидің айтуына қарағанда, аймақтың қызметі төңірегінде қауесет өріп жүрген көрінеді.

Бәлкім, онда өзге ғаламшарлықтардың жерге құлаған ұшу аппаратын бөлшектерге бөліп, зерттейтін болар. Бәлкім, лазерлік немесе адам миына кіріп те шықпайтын түрлі қарулар жасалынып жатқан шығар. Не де болса, аймақ құпиясын біле алмайтынымыз, біле алмай өтеріміз анық.

51-аймақта болып жатқан жағдайлардың бәрі қатаң құпияда ұсталады. Құпия орын аумағына кіруге мүлде тыйым салынған.  Десе де YouTube сайтындағы видеожазбалардан көпшіліктің бұл тыйымды бұзбақ болғанын көре аламыз.


You Might Also Like

Новости

Реклама