Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Айтыс өнерін құртқан дін мен трайбализм: Ақын Қуаныш Мақсұттың ащы шындығы

Белгілі айтыскер, ақын Қуаныш Мақсұт қазақ өнерінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ұлттық өнеріміздің бұрынғыдай жарқырамай жүрген себебін ашық айтты. Оның айтуынша, айтыс өнеріне дін мен трайбализм араласып, оның мәнін кетірген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтыстың құлдырауына діннің әсері

Әлеуметтік желіде тараған видеода айтыскер ақын Қуаныш Мақсұт: "Айтысты құртып, бітірген – дін. Кезінде айтыс өнеріне ақшаны төгіп, сол кезде діндарларды көптеп тартты. Діндарлардың жақсы болсын, жаман болсын, президент Назарбаевқа ықпалы болды. Сол кездері ақындардың 90 пайызы намаз оқып кеткені де рас. Біз солай айтысты құрттық", – деді.

Трайбализмнің зиянды әсері

Ақынның айтуынша, діннен кейін айтысқа трайбализм араласып, өнердің тамырына балта шапқан. "Бір айтыста мен айтқанмын, "неге Махамбетті Шығыс Қазақстан тойламайды, Құрманғазыны неге Қарағанды облысы тойламайды" деп. Қазір қарап отырсам, әрбір діни ағым өзінің айтысын жасап жүр", – деп қазақтың ерекше өнерінің құрып бара жатқанына ренішін білдірді.

Новости

Реклама