Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Атырауда бастауыш сынып мұғалімі пышақтап өлтірілді

Атырауда отбасылық жанжал кезінде 58 жастағы әйел қаза болды. Ол қаладағы мектеп-лицейлердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, педагог пен оның күйеуі арасында тұрмыстық жанжал шығып, нәтижесінде әйел пышақ жарақатынан көз жұмған. Қылмыс жасады деген күдік оның 62 жастағы күйеуіне тиді.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама құқық қорғау органдарына түнде шамамен сағат 03:30-да түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалдың отбасылық сипатта болғанын анықтады.

Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша кісі өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды.

Новости

Реклама