Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Әлемді түгел мен көріп...
Әлемдi түгел мен көрiп,
Ешкiм менi бiлмесе.
Мұқтажым, нәпсiм жоқ болып,
Зияным жанға тимесе.

Мисыз мына көп жынды,
Осы биiн билесе.
Залымы жеңiп момынды,
Басылған нандай илесе.

Партия болып таласып,
Бiрiне-бiрiн шүйлесе.
Боқ жеген ауызын жаласып,
Ылыққан иттей күйлесе.

Түзеттiм деп өмiрiн,
Бұзғанын өзi түймесе.
Томаша етсем көмiрiн,
Өртенсiн деп күймесе.

Қиянат қылса иманын,
Арамнан тапса жиғанын.
Айламен төрге сыйғанын,
Ұлық деп бәрі қаласа.

Биiктi десе аласа,
Жалғанды шынға баласа.
Ұлыққа шағып момынын,
Тамтығын қоймай таласа.

Шынды бiреу жақтаса,
Жазасызды ақтаса.
Адалдықты мақтаса,
Арсылдап оны қамаса.

Кешегi уағда бүгiн жоқ,
Кейде жалын, кейде шоқ.
Балшық қора бұз да соқ,
Батпақта жүрген балаша.

Мiнезiн көрiп шошынсам,
Түзеймiн деп қосылсам.
Орнықты-ау деп отырсам,
Сырғанай берсе шанаша.

Қараса да көз ашып,
Көрмесе, менен адасып.
Қасында тұрсам жанасып,
Менi жоқ деп санаса.

Сайтанға иген мойынын,
Қулыққа толған қойынын,
Көп жындының ойынын,
Қылсам-ау сүйтiп тамаша!


You Might Also Like

Новости

Реклама