Photo: Bia Limova (https://www.pexels.com/@bia-limova-1908542654) / Pexels
- 20 мая 2026 05:30
- 23
Әли Оқапов: Әкем қайтыс болғанда өміріміз қауіпке ұшырады, сондықтан тегімді үш рет ауыстыруға мәжбүр болдым
Атақты әнші Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов өзінің жеке өміріндегі тың деректермен бөлісті. Ол сұхбаттарының бірінде әкесі қайтыс болғаннан кейін отбасының басынан кешкен қиындықтар мен тегін неге үш рет ауыстыруға мәжбүр болғанын баяндады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әли Оқаповтың айтуынша, алғашында ол Оқапов тегімен дүниеге келген. Кейін белгілі бір кезеңде Әли Тасқынұлы есімін қолданған.
Отбасылық қиындықтар мен тегін ауыстыру
Әншінің сөзінше, әкесі, белгілі әнші Тасқын Оқапов өмірден өткеннен кейін отбасы өте күрделі кезеңді бастан өткерген. Сол уақытта анасы, Роза Рымбаева, балалары Мәди мен Әлиді қорғау мақсатында олардың тегін Рымбаев деп өзгертуге шешім қабылдаған.
«Әкеміз қайтыс болғаннан кейін өмірімізде күрделі жағдайлар болды. Сол кезде анамыз бізді қорғау үшін Мәди екеуіміздің де фамилиямызды Рымбаев деп ауыстырды. Ол қандай жағдай болғанын айтқым келмейді. Оны жариялауға құқым жоқ», – деді Әли Оқапов.
Екі бала, екі фамилия
Уақыт өте келе жағдай тұрақталған соң, Әли Оқапов өзінің тегін қайтадан Оқаповқа өзгерткенін айтты. Ал оның бауыры Мәди Рымбаев сол Рымбаев фамилиясында қалып қойған. Осылайша, екі бауыры екі түрлі танымал фамилияны алып жүр.